Емтихан сұрақтары Геохимияның зерттеу пәніне сипаттама беріңіз. Геохимия



бет4/21
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#197935
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Геохимия емт.сұрақтары (1)

Эндогендік геологиялық үрдістер - жер қабатының ішінде жүреді. Олар көзге көрінетін айнымалы рельефтерді жасайды және таулар, мұхит шұнғыма , вулкандық конустердің пайда болуына әкеледі. Маңызды ролді бұл үрдістерде тектоникалық қозғалыстар атқарады. Олар тез және ақырынқозғалыста болады. Ақырын қозғалыста жер беті бір қалыпты көтеріледі немесе батады. Тез қозғалыстарда жер бетінің блоктары көтеріліп
нәтижесінде ойылған және жарылған жерлер пайда болады.
Экзогендік геологиялық үрдістер жер бетін және теңіз табанының тегіс
болуына әкеледі. Жыл сайын жер беті 0,09 мм төмендейді.

Жер қабатында магманың болуы мен қозғалысы және олардан магматикалық


тау жыныстарының пайда болу үрдістерін – магматизм немесе магматикалық
үрдістер деп атайды.
Жер қабатында және мантиянын үстіңгі қабатында пайда болатын газдармен қаныққан табиғи жалынды сұйық силикат балқымасын магма деп атайды.
Магманың құрамы бір текті болмайды, ол еріген негізгі кендердің құрамына
тәуелді болады.
Магманың химиялық құрамы. Магманың негізгі компоненті SiO2, оның
мөлшері 40-75% құрайды. Құрамына Al2O3, Fe2O3, FeO, MgО, CaO, Na2O, K2O,
TiO2, H2O. Сонымен магма көп компоненті жүйе. Сілтілік магматикалық кендер қорғасын, мырыш, ниобий уран; негіздік магматикалық кендер титан, ванадий; қышқыл магматикалық кендер берилий, цирконий, гафний, қалайы вольфрам элементтерінен тұрады.
Магматизм екі түрде болады;
- интрузивтік
- эффрузивтік.
Интрузивті магматизмде магма жер бетіне шыға алмай, жер қабаттарындағы қуыстарда, жарықтарда қатып, тереңдік магмалық заттарды (интрузияларды) құрайды.
Эффрузивтік магматизмде магма жер бетіне шығып, күйіп, қатады. Қатуы
тез болады.
Магматизм көп уақыт тұрақты болатын, термодинамикалық тепе-теңдігі бұзылған кезде пайда болады. Тау кендерінде заттың радиоактивті ыдырауы, физико-химиялық үрдістер,
тереңдік жылы ағындар әсер еткенде тепе-теңдік бұзылады. Жер қабатының 90% магматикалық кендерден тұрады.

  1. Постмагматикалық үрдістердің геохимиясына сипаттама беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет