Емтихан сұрақтары Геохимияның зерттеу пәніне сипаттама беріңіз. Геохимия



бет8/21
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#197935
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Геохимия емт.сұрақтары (1)

Атмосфераның құрлысы.
Атмосфераның құрылысы күрделі. Ол бірнеше қабаттардан тұрады,
қабаттардың тығыздықтары биіктегенен сайын азаяды:
1. Тропосфера – ең төменгі қабат, оның құрамына 84% атмосфералық ауа
кіреді. Бұл қабатта барлық метеорологиялық үрдістер пайда болады (бұлттар,
тұман, жел, қар).
2. Стратосфера – биіктігі 55 мк. 25-30 км биіктігінде зиянды күлгін
сәулелерден қорғайтын озон қабаты орналасқан.
3. Мезосфера – төменгі температурамен және ауаның вертикальді
қозғалысымен сипатталады.
4. Ионосфера.
5. Протоносфера- протондардан тұрады, биіктеген сайын протондардың
концентрациясы азаяды.
6. Жердің радиациялық қабаты- протон мен электрондардан тұрады.
Радиациялық қабат үш зоналардан тұрады:
1. ішкі зона – үлкен энергиялық протондардан тұрады.
2. орташа зона – аз энергиялық протон мен электрондардан тұрады.
3. сыртқы зона – аз энергиялық электрондардан тұрады.

Атмосфераның құрамына кірген және шыққан химиялық элементтер.


Геологиялық уақыт аралығында атмосферадан шыққан химиялық элементтер:
1. оттек-сутектің суға дейін тотыққанда және тағы басқа тотығу – тотықсыздану үрдістерде.
2. көмір қышқыл газы – көмір, мұнай пайда болғанда атмосферадан кетеді.
3. азот - азоттың оксидтері пайда болғанда, азотбекітетін бактериялар
өмір суру нәтижесінде шығады.
4. сутек және гелий – жердің гравитациялық өрісінен кетуіне байланысты
болады.
Атмосфераға кіретін химиялық элементтер:
1. Магманың кристалдану нәтижесінде пайда болған газдар (хлорсутек,
фторсутек, күкірсутек, көмір қышқыл газы, күкірт окисдтері, азот оксидтері).
2. Су буларының фотохимиялық ыдырауында және фотосинтезде пайда
болатын оттегі.
3. Уран мен торий радиоактивтік ыдырау нәтижесінде пайда болатын
гелий.
4. Калийдің радиоактивтік ыдырау нәтижесінде пайда болатын аргон.

  1. Гидросфераның геохимиясына сипаттама беріңіз.

Гидросфера жердің атмосфералық қабаты мен литосфералық қабатының аралғын қамтитын, бүкіл мұхиттарды, теңіздерді және құрлықтар өңіріндегі ірілі-ұсақты су алаптары мен мұздақтарды біріктіреді.
Гидросфера жер бетінің 70,8% құрайды. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3
Гидросфераның массалық үлесі 98,3% әлемдік мұхит өңіріне шоғырланған, оның 1,6% құрлықтарды мұздықтар түрінде дараланады. Шөгінді жыныстардың басым көпшілігі гидросферамен литосфераның жапсырында қалыптасады.

  1. Биосфераның геохимиясына сипаттама беріңіз.

Биосфера ілімін орыс ғалымы Вернадский құрастырған.
Вернадский бойынша биосфера барлық тірі ағзаларды және табиғаттың тірі емес элементтерін қамтитын жердің сыртқы қабаты.
Қазіргі уақытта беретін анықтамасы. Биосферабарша тіршілікті, яғни бүкіл ағзалар жиынтығын біріктіретін Жердің сыртқы қабаттар бірлестігі. Ол жердің атмосферасының төменгі бөлігін құрайтын тропосферадан, гидросферадан және литосфераның беткі бөлігіне тиісті 2-3 км тау жыныстары қимасынан тұрады.
Жалпы биомасса мен өнімділігіне қарай биосфераның пайда болуы – 180- 200 млн жыл.
«Биосфера» терминінің авторы Жан-Батист Ламарк, ол 1803 ж гидробиология кітабінда алғашқы рет сол терминді қолданған. Содан сон бұл термин ұмытылды. Ғылымға биосфера терминін 1914 ж Вернадский енгізді. Оның кітабы «Биосфера» 1926 ж шыққан және көп тілдерге аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет