1. Тіл туралы түсінік



бет6/10
Дата08.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#20837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

13.Лексика

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК


Тілдегі сөздердің барлық жиынтығы тілдің сөздік құрамына немесе лексикасына жатады. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Оған кірме сөздер де, терминдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреулері одан шығып қалып жатады.

Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын лексикология деп атайды. Лексика сөзі грек тілінің lexis - «сөз» және logos - «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Әрбір тілдің лексикасында сөздер көп әрі сан түрлі болатыны белгілі. Лексикадағы сөздер заттар мен құбылыстардың атауын, түр-түсін, саны мен сапасын, мөлшері мен шамасын, көлемін, мезгілін, қимылын т.б. мағыналарын білдіреді.

Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның езгеруі, ауысуы)



Сөз және мағына

Тіл-тілдегі сөздер дыбыстар тіркесінен тұрады. Дыбыстар тіркесі белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық жағы оның сыртқы бейнесі болса, мағынасы - ішкі мазмұны. Бұған қарап барлық сөздерде мағына болады деуге де болмайды. Тілде мағынасынан айырылған сөздер де кездеседі. Шылау, көмекші сөздердің нақты мағыналары жоқ, тек атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша мағына ұстейді.



Сөз мағынасы- белгілі бірзат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.

14.Антоним сөздер.



Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер дейміз. Мысалы: жақсы - жаман, ескі жаңа, бар-жоқ.

Мүнда да кемінде екі сөз қатысып, мағыналары бір-біріне қарсы мәндес болуы керек. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, кейі қапа, кейі ырза. Барша жүртты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде лай, кейде тірі, кейде өлі(1. Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде муләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ.Мүстафин). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсенбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретініңіз қалмаған, мырза (А. Оразалин).

Осындағы сараң мырза, қапа ырза, қайғы шат, тұнық — лай, тірі —өлі, паң —мүләйім, жұмсақ қатты, береген сараң, әлділер әлсіздер, әділет қиянат, түймедей түйедей дегендер жағымсыздық пен

үнамдылыктың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артык, бірі кем емес, нақ бірдей, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады.

Антоним сөздер көбінесе бұрынғы халық ақындарының шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы:
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,

Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.


Куәлі істі куә табар,

Куәсіз істі күмән табар.
Арлы арына қараса,

Арсыз жеңдім дейді.
Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктерде, зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кездеседі.


  1. Кестедегі сөздерге қарама – қарсы мағыналы сөздер қойып жаз.




биік

аласа

үлкен

кіші

жақсы




ауыр




жұмсақ




қымбат




ерте




аз







  1. Зат есім антонимдерін бір бағынаға сын есім антонимдерін екінші бағынаға жаз.

Таза-лас, аласа-биік, ақ-қара, кең-тар, дос-дұшпан, ащы-түщі, арлы-арсыз, өтірік-шын.

15.Синонимдер.



Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздерді синонимдер деп атайды.

Синонимдердің негізгі белгілері

1. Сөздердің дыбысталуы әр алуан болуы тиіс.

2. Сөздер бір мағына төңірегінде болуы шарт.

3. Бір сөз табына ғана қатысты болуы керек.

4. Сөйлемде сөзді синонимдес сөзімен ауыстырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы тиіс (ел, халық, халайық, жұрт, көпшілік, қауым, әлеумет): Жиылған ел (жұрт, қауым, әлеумет, көпшілік, халық, халайық) төраға сөзін ұйып тыңдады. Осындағы ел, жұрт, қауым, әлеумет, көпшілік, халық, халайық- сөз табында зат есім, кім? деген сұраққа жауап береді, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарып тұр.

Тілдегі синонимдес сөздер лексиканың белгілі бір арнасына қарай қолданылады.

Синонимдер кем дегенде екі сөзден болады. Одан да көп сөзден болуы да мүмкін.

Синонимдер негізінен үш сөз табынан жасалады. Мысалы:


Зат есім

Сын есім

Етістік есім

кескін

қайғылы

айту

пішін

уайымды

жеткізу

бейне

мұңды

сөйлеу

мүсін

қасіретті капалы

хабарлау

1. Мына төмендегі сөйлемдерде автор синонимдерді қандай мақсатпен жұмсап отырғанын айтып беріңдер.

1. Елді, бейбіт жұртты тыныш ет (І. Жансүгіров).

2. Қаладан қашық тұратын ауылга бәрі қат, бәрі зәру (Ә. Нүрпейісов).

3. Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамак. мырс етсе, ол тарқылдап күледі (Ғ. Мүстафин).

4. Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (3. Қабдолов).

5. Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты (Б. Майлин).

6. Гүлшат апай ақтарылмады, шешіліп сыр шашпады (Т Әлімқүлов).

7. Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж. Жүмақанов).

8. Абай қаза тапты. Үлы кеуденің ыстық демі тоқтады.



9. Шөл даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үгілді. Сонау бір шақта тасты тақыр жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар қүлады. Өмірден Абай кетті (М. Әуезов).


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет