3деңгейлі смк құжаты поәк оәКҚ 042-14 01. 20. 01/03-2012 поәК



бет3/3
Дата13.08.2017
өлшемі0,5 Mb.
#23643
1   2   3

Су режимі

Су өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқарады және бірқалыпты өсуі мен дамуының алмастырылмайтын факторы саналады. Су протоплазма мен жасуша сөлінің (шырынының) құрамына енеді, қоректік ерітінділердің жылжуына мүмкіндік жасайды, барлық физиологиялық және биохимиялық үдерістерге қатысады.

Ағаштың әр бөлігіндегі судың мөлшері бірдей емес. Жапырақтарда және бұтақтарда су жалпы массасының 50-75%-ға тең болса, тамырда – 60-85%, жемістің жұмсағында – 85% және одан да артық болады. Судың мол мөлшерін өсімдік жапырақ бетімен транспирацияға (булануға) жұмсайды. Мысалы, алмұрттың биіктігі 1 м жас ағашы тәулігіне 6 л жуық су буландырса, ересек, биіктігі 16 м ағашы – 273 л жуық.

Жеміс ағаштарының, әсіресе, жидектілердің суға деген талабы астық дақылдары мен салыстырғанда, 2 есе жоғары және булану пәрменділігіне байланысты 650-700 мм жылдық жауын- шашынға тең. Жеміс өсімдіктері 1 кг құрғақ зат қалыптастыруға 200-ден 500 кг дейін су шығындайды. Жемісі мол ағаштар жемісі төмендермен салыстырғанды суды молырақ талап етеді.

Ағашты жеміс өсімдіктері жидектілерге қарағанда суға азырақ қажет етеді. Тамыржүйесі топыраққа неғұрлым тереңірек бойласа, соғұрлым жеміс ағаштары құрғақшылыққа төзімді келеді.

Жеміс ағаштары және жидек өсімдіктері үшін топырақтың оңтайлы су сыиымдылығы болып ТЕТСС- ның 75-80% -ы саналады.

Жеміс ағаштарын отырғызғанда су режимі топырақты күтіп- баптаумен, сондай-ақ бақ қорғағыш ағаштар, жел қайтарғыш (бұрғыш) құрылғылар, тоған, су қоймаларын жасаумен және суландыру жүйесін қолданумен реттелінеді. Ылғал артық болғанда кәріздер (дренаж) қолданылады. Дұрыс ауыспалы егіс, органикалық тыңайтқыштар енгізу де су режимін жақсартады.

Қыс түсер алдында, Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығының міндетті тәсілі деп қарастырылатын, бақ топырағын сумен жақсы және тереңдетіп суландыратын дымқылдық суармалауды қарастыру керек.



Қоректену режимі

Өсімдіктердің жақсы дамуы, жемістенуі, тіршіліктерінің ұзақтығы, зиянкестерге, ауруларға және өсу ортасының қолайсызжағдайларына төзімділігі топырақтың құнарлылығына және тыңайтқыштардың жүйесіне байланысты (тәуелді) болады.

Жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты өсуі және дамуы үшін топырақта қоректік заттардың: азоттың, фосфордың, калийдің, кальцийдің, күкірттің, магнийдің, темірдің, сондай-ақ бордың, мырыштың, молибденнің және т.б.микрозаттардың жеткілікті мөлшері болуға тиіс.

Мысалы, азот жеткіліксіз болғанда өркендер мен тамырлардың өсуі кемиді немесе тоқтайды,гүлдеу мен жеміс байлау әлсізденеді, жапырақтары ерте түседі. Азот артық болғанда, өсуі тым күшейеді, гүлдену нашарлайды және жемістің пісу кезеңі ұзарады, реңі түсссізденеді және жемістерінің сақталу мерзімі қысқарады. Фосфор жеткіліксіз болғанда жапырақтарда көгілдір және қызғылт дақтар пайда болады, өркендержің өсуі, тамырлардың бұтақтануы және жемістік өркендердің қалыптасуы әлсірейді. Калий тапшы болғанда сүңгектің, өркендердің, бұтақтаының жуандауы кешеуілдейді, жапырақтары құрғайды, жемісі ұсақталады және пісіп – жетілуі баяулайды. Кальций тапшы болғанда сабақ беріктігі нашарлайды, өркеннің ұшы сынғыш келеді, гүлсабағы солады, шайыр ауруы пайда болады, жемісі шашылғыш келеді. Темір жеткіліксіз болса, хлораздан зардап шегеді.

Танаптық дақылдармен салымтырғанда, жеміс дақылдары калийді 4 есе көп, ал фосфорды 2-3 есе кем пайдаланады. Жеміс дақылдары топырақтан азотты, фосфорды және калийді 3,7: 1,0:3,4 қатынасымен алып шығады. Өнімнің бір өлшем массасына қоректік заттардың ең мол мөлшерін жидек дақылдары сіңіреді, ең азын – шекілдеуіктілер.

Тыңайтқыштың оңтайлы мөлшері отырғылардың түртегіне байланысты болады. Ағаштары тығыз отырғызылған қарқынды бақтарды әр гектардан 80-100 т өнім жинағанда жылда топырақтан 80-100 кг азот, 120-150 кг калий және 25-40 кг фосфор алынып шығады. Осыған қарап және тыңайтқышты пайдалану коэфициенттін (60-80 % азот,50-65% калий және 15-30 % фосфор) ескеріп, әртүрлі өнімділікті жеміс отырғыларына минералды тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшесін дәлірек есептеуге болады. Тез пісетін және жоғары өнімді қарқынды түртектердің тыңайтқышқа ықыласы жоғары болатынын ескерген жөн.



Дәріс

ОРАМЖАПЫРАҚТАР ТОБЫНЫҢ КӨКӨНІСТЕРІ

Түрлері мен түршелері, олардың таралуы. Көкөністердің бұл тобына ақ қауданды , қызыл қауданды, савой , брюссель, түсті, брокколи, кольраби, жапырақты және қытай орамжапырақтары біріктірілген. Сондай – ақ, мал азықтық және сәндік орамжапырақтар да өсірілді.

Ең кеңірек таралғаны – ақ қауд анды орамжапырақ. Бұл оның жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға ал уан түрлі пайдалануына байланысты. Ши кі , пісірілген, қуырылған , тұздалған және маринадталған күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы Ерте пісетін сұрыптары жыл бойы балаң (жас) күйінде пайдалануға мүмкіндік береді. Орамжапыраққа емдік қасиет те тән. Оның даңқы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ескілікті емдік кіт аптарда , сонымен қатар тыс Еуропа және Азия елдерінде орамжапырақпен емдеуге болатын бауырдың және буындардың жара, құрқұлақ және т.б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Орамжапырақтардың көптеген емдік қасиеттерін қазір ғылым дәлелдеп отыр. Медицина академиясының қоректерндіру институты бір адамға жылына 34 кг орамжапырақ жеуге ұсынады.

Орамжапырақтың шырыны өте пайдалы. Қазір дәрі дәрмек өнеркәсібі жас өсімдіктен ақ сары және қоңыр түсті құрғақ шырынды ұнтақ дайындауда. Ол асқазан және ұлтабар жараларын , атеросклероз және басқа да ауруларды емдеуге қолданылады.

Түсті , броккли, брюссель, савой орамжапырақтары өте аз тараған, сонымен бірге олар аз қауданды орамжапыраққа қарағанда дәмді қасиеттері жоғарырақ, сіңімді ақуыз бен дәрумені көбірек, өздеріне назардың әсіресе,әуесқой – бақшашылардың молырақ аударғанын қажет етеді.

Биологиялық сипаттамасы. Орамжапырақ - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарьн және қауданын (кольрабидікі жеміс сабақ), екінші жылы гүл өркендсрін, бұршаққындарьн және тұқымдарын қалыптастырады. Түсті, пекин жене брокколи түрлері-біржылдықтар. Сабақтың қаудан ішіндегі бөлігін ішкі (өзек), оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см)сұрьштар жеңіл, құрғақ құмды жерлерге, ал үзын зігіріктілері
(25 см асатьшдар) ылғалды шым тезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатьш топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.

Қаудан - өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әртүрлі - шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады; тығыздығы бойынша -өте тығыз, борпылдақ және өте борпылдақ. Сұрпына және өсу жағдайына байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болуы мүмкін. Түсті орамжапырақта үстіңгі ашық бүршік өзінің дамуын ірі гүл шоғырымен – шоқпарбаспен аяқтайды. Ол тамаққа пайдаланатын, бірнеше қысқа гүл сабақтарынан тұрады.

Орамжапырақ - суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-1 жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады.

Орамжапырақ 5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ оңтайлы жылылық 15-18° С. Оның жақсы шынықтырылған; көндіккен көшеттері еткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3 °С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның - 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда әлсірейді, есінді кезеңі үзарады, енімі төмендейді. Ал кейбіреулері тіпті, қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.

"Орамжапырақ - жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе, көшеттік кезінде келеңкелеуді кетермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы етеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда, өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің ұзатығы 9 сағат болғанда, өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады. Кешет 4-5 жапырағын ұзақ кұнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады. Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруғе болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті.

Ақ қауданды орамжапырақ. Вгassica оіегасеа саріtala alba L .. Қазіргі кезде орамжапырақ әлемде 800 мың га жерге өсіріледі . ТМД елдері оны өсіруде бірінші орында: жылдағы егіс көлемі 250 мыңдай га. Ерте пісетін сұрыптарының орташа өнімділігі 100-200 ц/ға, кеш пісетіндерінікі - 300-400 ц/га. Бір қауданның массасы 16 кг дейін болады. Қазақстанда орамжапырақты 15 мың га артық жерге өсіреді. Негізгі егістіктері Алматы, Оңтұстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазақстанның солтүстігінде орамжапырақ 3,4 мың ға жерде өсіріледі. Шаруашылық тұрғыдан алғанда етістіктің 65 % үй маңайындағы шаруашылықтада орналасқан. Ең жоғары өнімділік шаруа қожалықтарында және үй маңайындағы жерлерде. Қазақстанда ең жоғ арғы өнімділкті Алматы және Шығыс Қазақстан Обыстарында (260-275 ц/ ға) жинауда.

СҰРЫПТАРЫ. Ерте пісетіндер. Ерте пісетін сұрыптарды жазда балаң күйінде пайдаланады.

Номер первый Грибовский -147 . Көкөніс Селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ - да шығарылған. Кең тараған , өнімді сұрып. Қауданы кішкентай , домалақ, тығыздығы орташа, массасы 1-1,5 кг, жарылуға бейімді және орамжапырақ шыбынымен қатты зақымданады.

Руиновка. Беларусс картоп шаруашылығы және жеміс көкөніс шаруашылығы селекциясы ҒЗИ-да шығарылған. Қауданы домалақ жайпақ тығыз. Жоғары өнімді, ашытуға пайдаланылатын сұрып.

Ерте пісетін орамжапырақтың агротехпикасы

Ерте пісетін орамжапырақты жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек. Ең жақсы алғы дақылдар - қияр,тамыржемістілер, қызанақ, ерте пісетін картоп. Ерте пісетін орамжапырақты теқ көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай: аймақтың оңтүстік аудандарында көшеттерді ашық жерге, мамырдың бірінші онкүндігінде, солтүстігінде - мамырдың орта кезінде отырғызады. Отырғызуды кешеуілдету оның өнімділігін кемітеді және өнім жинау мерзімін кейінге шегереді, бұл ерте пісетін орамжапырақ технологиясының экономикалық тиімділігін төмендетеді.

Орамжапырақты зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін химиялық және биологиялық тәсілдерді қолданады, агротехникалық шаралар (ауыспалы егісті сақтау, жоғары сапалы көшеттер өсіру, төзімді сұрыптарды қолдану) жүргізіледі.

Орташа және кеш пісетін орамжапырақ сұрыптарының агротехникасы.

Орташа және кеш пісетін орамжапыратың сұрыптарын жер асты сулары жақын орналасқан топырақтарда, көшетпен және көшетсіз өсіреді.

Көшетпен өсіру. Орташа мерзімде және кеш пісетін орамжапырақтарды оцпаң телімдерде орналастырады, ең дұрысы - өзен және су жайылмасы. Отырғызуға 35-40 күндік көшеттерді пайдаланады. Олардың отырғызу мерзімін дұрыс таңдау өте маңызды.

Орташа мерзімде пісетін орамжапырақтың көшеттерін ерте пісетін орамжапырақты отырғызғаннан соң, мамырда, тек маусымның бірінші аптасынан кешіктірмей отырғызу керек.

Көшетсіз өсіру. Орамжапырақты көшетсіз өсіру көшет тәсілімен салыстырғанда тиімдірек болып келеді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ деректерінде көшетпен есірген орамжапырақтың гектарлық өнімділігі 386 ц болған, ал көшетсізінікі - 397 ц. Аз шығынға байланысты 1 ц өнімнің өзіндік құны 20 % төмендеген.

Көшетсіз өсірілген орамжапырақ суыққа шыдамды, 4-5 °С уақытша ызғарларға күйзеліссіз шыдайды. Өсу үдерісі кезінде топыраққа терең бойлайтын қуатты тамыр жүйесін дамытады, бұл осімдіктің қорекпен жөне сумен қамтамасыздануын жақсартады. Бұл суару арасындағы ұзақ үзілістерге және жаздың жоғары температурасына шыдауға мүмкіндік береді. Көшетсіз өсіргенде өсу даму кезеңі 13-15 тәулікке қысқарады.



Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы. Тұқым шаруашылығының бірінші жылдағы негізгі міндеті - сау аналықтарды алу. Олардың сапасына жоғары талаптар қойылады. Аналық егістіктің бір гектарынан 50% аспайтын өсімдіктерді таңдап алады. Сондықтан, келесі жылы бір гектарға отырғызу үшін 2 гектар аналық егісі қажет.

Қызыл қауданды орамжапырақ. Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra L. Табиғаты және шығу орталығы бойынша ақ қауданды орамжапыраққа ұқсас. Одан қызыл көң реңмен және жапырақтың, қауданның кішірек көлемімен ерекшеленеді.

Қызыл қауданды орамжапырақтың күлгін түсі вакуоль шырынының құрамындағы антоцианға байланысты. Ал, оған Р дәрумендік белсенділік тән-адам және жануар ағзасына игілікті әсер етеді, қан тұтікшелерінің серпімділігін кетерін, олардың өткізгіштігін бірқалыпқа келтіреді. Қызыл қауданды орамжапырақты салат дайындауға пайдаланады. Ашытуға жарамайды.



Түсті орамжапырақ Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra Бір жылдық өсімдік, отырғызылған жылы гүлдегіш сабақтарын тұқымдарын қалыптастырады. Орамжапырақ өсімдіктердің ішінде тағамдық және дәмдік қасиеттері бойынша бірінші орында тұр. Құрамында жеңіл сіңетін ақуыздар, қанттар, минералды тұздар, дәрумендер бар. Тамаққа ақ, қысқа, жуан, тығыз шоғырланған гүл сабақтары пайдаланылады, олар ұзын сағақта орналасқан қуатты жапырақ дегелегі қалыптасқаннан кейін пайда болады.

СҰРЫПТАРЫ.

Гарантия. К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының көкөніс тәжірибе стансасында шетелдік үлгіден шығарылған. Ерте піседі (88-100 тәулік). Жұмыр гүлді, домалақша өте тығыз, ақ немесе сәл ақ сары түсті. Жапырақтары толық жаппайды.



Мовир 74. БОӨШҒЗИ-ның Мәскеу бөлімшесінің сұрпы. Ерте піседі
(90-100 тәулік). Жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ, домалақша жақсы.

Ранняя грибовская 1355. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған Ерте піседі (90-100 тәулік) жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ ұзақ


уақыт бойы жарылмайды. Өнімділігі жоғары.

Түсті жапырақты өсіріп жеткізу. Өнімді қоңыр күзде жинағанда кейбір өсімдіктер тауарлы жұмыргүлін қалыптастырып үлгермейді, сондықтан оларды булыжайларда немесе жертөлерде өсіріп жетілдіреді. Кейбір шаруашылықтарда өсіріп жетілдіру үшін күзде себеді.

Брокколи. Brassica cauliflora (Mill). Брокколи немесе қояншөп
орамжапырағы, түсті орамжапырақтың түршесі болып табылады
және олар біріне-бірі көп жағынан ұқсас. Брокколидің борпапаң
жұмыргүліне шоғырланған жекелеген жасыл өркендерін тағамға
пайдаланады. Брокколи - пайдалы дақыл. Алғашқы негізгі жұмыргүлдерін кесіп алған соң бүйір жапырақтарының қолтық бүршіктерінен қосымша жұмыргүл қалыптастыратын, жаңадан гүлді өркендері пайда болады. Жаңа жұмыргүлдің түзілуі күзгі суыққа дейін жалғасады.

Өсіруге Грин Спраутинг сұрыпы ұсынылады. Көшетті ашық
жерге отырғызғаннан 40-50 тәулік өткен соң пісіп жетіледі
Өнімділігі жоғары, өнімділігі бойынша Грибовская 1355 сұрпынан 1,5-2 есе асып түседі. Алғашқы жұмыргүлдерінің салма 600 г жетеді. Өнім беретін сабақтарының түсі жасыл және күлгін жасыл.

Савой орамжапырағы. Brassica saeouda Lizg. Бұл қауданды
орамжапырақтың ерекше түрі; жапырақтары көпіршікті (кеңірдекті), қауданы борпылдақ, сырты ақшыл жасыл, іші ақшыл сары
түсті. Сақталғыштығы ұзақ емес. Ақ қауданды орамжапыраққа
қарағанда аязға төзімді. Қоректіліғі және дәмдік қасиеттері бойынша ақ қауданды орамжапырақтан асып түседі, одан жұмсақтау, ақуыздарға, минералды заттарға және дәрумендерге бай.
Бәліштің, голубцының ішіне салады, бұқтырып пісіреді, тұздық
ретінде пайдаланады. Тұздауға және ұзақ сақтауға жарамсыз.

Кольраби. Brassica olearacea var. gonguloides L. Ол қаудан
емес, өте күшті жан-жақты өскен, кейіннен тамаққа пайдаланылатын сабақ жеміс қалыптастырады. Дәмі зіғіріктің дәміне ұқсас,
бірақ нәзіктеу, тәттірек және шырынды келеді. Шикі, бұқтырылған, пісірілген күйінде, фарш ретінде қолданады, сорпа пісіреді.
С дәруменінің көптігінен оны «солтүстік апельсині» деп атайды.

Пекин орамжапырағы. Brassica pekinensis (Lour). Бір жылдық өсімдік. Түр ішінде жапырақты, жартылай қауданды (жоғары үшы ашық қаудандар) және кәдімгі қауданды түрлері болады. Негізінен салат жасауға пайдаланылады, сонымен бірге пісіруде және түздауға да жарайды.Ең жақсы сұрпы Хибинская 5
Қытай орамжапырағы. Brassica chinensis Jusl. Бір және жылдық, диаметрі 20-40 см өсімдік. Жапырақтары түксіз, және өте жуан, астыңғы жағы дөңес сағақта орналасқан, қауда қалыптастырмайды. Аязға ,ауруға төзімді. Тек ашық жерде өсіреі Салат дайындауға пайдаланылады. Юбилейная 2170 сұрпы өсіріледі. Өнімділігі 350 ц/га дейін.

Жапырақты орамжапырақ - екі жылдық өсімдік, бірінші
жылы биіктігі 150 см дейін жететін сабағы болады. Жапырақтры ірі, лиралы-қауырсынды немесе бүтін, жайпақ және бұйралы
қасиеттері тік қиықты. Сабағы мен жапырақтары жасыл немесе
күлгін түсті. Жас өсімдіктері өте жиі қылшық-түкті болады.

Дәріс

Көкөніс дақылдарының көбеюі

Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейеді. Көкеніс шаруашылығында тұқымдық тәсілден басқа, өсіндімен де көбейеді. Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым және өсінді жолымен көбейтуге өарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін сақтап, әр өсімдіктің және бүкіл егістіктің өсіп – дамуына жақсы жағдай жасалу бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура келеді.



Тұқымның көбеюі

Тұқым – ағзаның сұрыптық тұқым қуалаушылық белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тұқым ұрықтанған бүршігінің ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Іссанада көбінесе тұқым деп, жатынның ұлғаюынан пайда болған құрғақ жемісті айтады.

Көкеніс дақылдарының тұқымдары өзара мөлшерлері (көлемі), пәшіндері, түстері, иістері бойынша ажыратылады. Тұқымдардың көлемі (массасы) бойынша В.И.Эдельштейн көкеніс дақылдарын 1 грамдағы тұқым санына байланысты бес топқа бөледі: өте ірілер, тұқым саны 10 – нан аспайтындар – бұршақбас, үрме бұршақ, асбұршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сұрыптары, қантты жүгері; ірілер (11 – 100 дана) – қарбыздың ұсақ дәнді сұрыптары, қауын, қияр, қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан; орташалар (150 – 300 дана) – қызанақ, орамжапырақ, тарна, пияз, бұрыш, баялды, ботташық, аскөк; ұсақтар (600 – 1000 дана) – сәбіз, ақжелек, шомыр, ақсүттіген; өте ұсақтар (1000 - асатындар) – қымыздық, қызылшөп, балдыркөк.

Ұсақ дәнді дақылдар үшін топырақты себер алдында өте мұқият өңдеу, тегістеу және тұқым сепкішті себу тереңдігіне дәлірек реттеу қажет. Ұсақ тұқымдарды топыраққа терең сіңіруге болмайды.

Тұқымның егістік (себу) және сұрыптық сапасын ажыратады. Себу сапасына: тазалығы, өнгіштігі, көктеу (өну) энергиясы, өміршеңдігі (тіршілікке қабілеттілігі), өсу күші, дымқылдылығы, аурулармен және зиянкестермен залалдануы, себуге жарамдылығы, егістік өнгіштігі, тіршілігінің ұзақтығы жатады.

Себу сапасы бойынша тұқымдар екі класқа бөлінеді. Тұқымның сұрыптық сапасын олардың сұрыптық тазалығы, яғни аталған сұрыпқа жататындығы бойынша анықтайды. Көкеніс дақылдары элита, 1 және 2 сұрыптың тұқымы болып үш санатқа (категорияға) бөлінеді.



Тіршілігінің ұзақтығы. Шаруашылық жағдайда ботташықтың, балдыркөктің тұқымдары өнгіштігін 1 – 2 жыл ғана сақтайды; аскөк, ақжелкен, рауғаш, қымыздық, бұрыш – 2-3; сәбіз, ақ сүтіген, саумалдық – 3-5; орамжапырақ, қызылша, қояншөп, қызанақ – 4-5; бұршақбас, асбұршақ, жүгері, - 5-6; асқабақ тұқымдастары – 6-8 жыл.

Тұқымдардың өңгіштігін сақтауы, оны сақтаған кездегі температура мен ылғалдылыққа тікелей тәуелді. Тұқымдар тыныштық күйде болсадағы тыныс алуын жалғастырады. Тыныс алу үдерісі тұқым қабығының астындағы және тұқымның жан – жағындағы ауа қабатындағыоттектің есебінен жүреді. Тұқымның тыныс алуы өте әлсіз, бірақ температура жоғарылаған сайын ол, әсіресе, тұқымның дымқылдылығы артса күшейе түседі.

Көкеніс дақылдарының тұқымдарының сақталуына қолайлы температура – 0-5 С; тұрақты 14-18 С жылылықтада тұқымдар жақсы сақталады. Құрғақ тұқымдар төмен (-180 С) және салыстырмалы түрдегі жоғары (80-85 С) температураға шыдайды, бөрткендері - 2-10 С температурада опат болады және ұзақ уақыт 60-65 С қыздырғанды көтере алмайды.

Тұқымның сақталуына дымқылдылықтың тигізетін әсері басымырақ болады. Сақтаған кезде дымқылдылық белгіленген шектен аспауы қажет; көкеніс дақылдарының басым бөлігінде ол 13-тен 15%, орамжапырақ және бұқшақ тұқымдастарда - 9- дан 11% дейің. Дымқылдылығы жоғары тұқымдар нашар сақталады және өнгіштігін тез жоғалтады.

Өнгіштікті жоғалтуда маңызы рөлді тек тұқымдардың дымқылдылығы ғана емес, сонымен бірге ауа дымқылдылығы да атқарады. Жоғары дымқылдылықты, әсіресе, жылумен біріксе,тұқымның тез бұзылуын әкеледі. Сондықтан сақтау орны ауасының салыстырмалы дымқылдылығы саплы тұқымның дымқылдылығынан 2% төмен болуы керек. Су буларын, көмір қышқыл газын сыртқа шығару және тұқымды оттекпен қамтамасыз ету үшін қойманы жүйелі түрде желдетіп тұру қажет. Әр түр мен сұрыпқа тән тұқым түсі, оның күйі мен балаңдылығының дәлелі. Түссіз және бозарған (өңсіз) түс тұқымының толық піспеген кезеңінде, дымқылды ауа райында жиналғанын немесе оларды күн көзінде кептіргенін білдіреді.

Асқабақтың және қиярдың жаңа тұқымдары дерлік ақ, ескі тұқымдары сарғаяды, олардың өңі күңгірт немесе кір – қожалақ болады. Кейбір көкеніс дақылдарының (шалғам, шалқан, орамжапырақ) тұқымдары барлық жағдайларда да өздеріне тән түстерін жоғалтпайды.

Кейбір көкеніс дақылдарын (сәбіз, ақжелкен, балдыркөк) ұзақ уақыт сақтағанда оларға тән иістің азаюы, тіпті, біржола жоғалуы мүмкін, бұл тұқымның жасы мен сапасының айрықша белгісі. Себуге көкеніс дақылдарының егісі үшін өткен жылғы өнімнің тұқымын қолданады, бұлар ең жоғары өнгіштікке ие.

Көкеніс шаруашылығында кең түрде гетерозисты будандар қолданыс табуда. Өсімдіктегі гетерозисі – бірінші ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, өнімділігі мен жетілгіштігі жағынан, ең жақсы ата – аналарының бірінен асып түсу құбылысы. Мысалы, қиярдың Успех 221, Гибрид 220 аталуы будандары үлгі қалыптағы (стандарттағы) сұрыптардан өнімділігі бойынша 30-40% артық болады., ал жеміс салуының бірінші онкүндігінде тауарлы көк түйнегі (көк қияр) 2-3 есе артық. Пияздың Каба және Испанский 313 сұрыптарын будандастырып алынған гетерозисті буданы, өнімділігі жағынан Каба сұрпынан (52%) жоғары болған.



Өсінді жолмен көбейту

Көкеніс шаруашылығында өсінділік көбеюдің мынадай тәсілдерін қолданады.



Баданамен (жуашықпен) көбейту. Түбіртегінде ұрық жұрнағы болатын пиязды, сарымсақты, шалот пиязын өсіргенде қолданады. Мұндай баданаларды отырғызғанда, әр бүршіктен жаңа бадана қалыптасады. Сарымсақтың және көп қат – қабатты пияздың сабақтанғыш формалары қалыптастыратын ауалық пиязшықтары да көбейту үшін қолданылады.

Тамырсабақпен көбейту. Бұл тәсілді көп жылдық көкеніс дақылдарын – қояншөпті, рауғашты, ақжелкекті өсіргенде қолданады. Қояншөп пен рауғаш ты, ақжелкекті өсіргенде өолданады. Қояншөп пен рауғаш өздерінің топырақ үстілік мүшелерін, тамырсабақтың жоғарғы жағында орналасқан өсу бүршігінен дамытады. Сондықтан бұл дақылдардың тамырсабақтарын бөлгенде әр бөлікте өсу бүршігінің және қоректік заттары бар тамырсабақ бөлігінің болғанын қадағалайды. Неғұрлым бөлік ірі және өсу бүршігі көбірек болса, солғұрлым топырақ үстілік мүшелер тез және жақсы өсіп - дамиды. Тамырсабақты бөліктеу өсіп – даму аяқталғаннан кейін, қоңыр күзде немесе көктемде жүргізіледі.

Қалемшелермен көбейту. Көптеген көкеніс дақылдарының – орамжапырақ, қызанақ, қияр, қауын және т.б. топыраққа сабақтарының бір бөлігін тамырландыру арқылы өсе алатын мүмкіншіліктері бар. Бұл тәсілді көбінесе, селекциялық жұмыста қолданады. Бір – екі жапырақты сабақ бөлігін кесіп алып, құм салынған жәшікке тамырландырады. Жақсы дамыған тамыр жүйесі бар өсімдікті тұрақты өсірілетін жерге отырғызады.

Тамыр жемістерін бөліп көбейту. Тамыр жемістерін ұзыныннан тіліп, егістікке отырғызады. Тамыр жемісінің әр бөлігінде тамыр, ал жоғарғы бүршігінен сабақ пайда болады да, олардан гүлдер мен тұқым қалыптасады. Бұл тәсіл тұқым шаруашылығында қолданылады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет