Қазақстанда мектеп пен педагогикалық ойдың дамуы (ХХ ғ. басына дейін)тақырыбы бойынша прагмакәсіби тапсырмалар


Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов. А.Құнанбаев, Ы.Атынсарин, Ш.Құдайбергенов, М.Копеев, С.Торайғыров және т.б. еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары мен педагогикалық көзқарастарын анықтау және талда



бет5/5
Дата29.10.2022
өлшемі5,47 Mb.
#155636
1   2   3   4   5
Байланысты:
сро5 пед
сро6орыс, Презентация (8), оям (копия), БӨЖ (копия), презентация семинар, 6 срооооо, 6срспппп, пед 5срсп, оям бож3, оям бож2, Лекция №1

Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов. А.Құнанбаев, Ы.Атынсарин, Ш.Құдайбергенов, М.Копеев, С.Торайғыров және т.б. еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары мен педагогикалық көзқарастарын анықтау және талдау жасау.

  • Қазақ ағартушыларының (Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев) саяси көзқарастары. Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов,Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылдары..Олардың поэтикалық шығармалары мен этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалык ой-пікірлерге толы.Абай Құнанбаев тәрбие мэселесіне үлкен көңіл бөлді. Ол адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келіп, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» - деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді.Ш.Уәлиханов сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін материалисттік көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұкымнан шыкқандар ақылды, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалисттік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдейді.¥лы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ пайдаң еліңе, халқыңа тисін», - деген гуманисттік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүние жүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен қабысып жатыр.

Қазақ педагогикасының дамуы мен қалыптасуындаА.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С.Меңдешев, М.Дулатов М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов және т.б.қызметтері мен педагогикалық ойларын негіздеу.

  • Ахмет Байтұрсынов “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек”, — деген ұлы талабын өзі нақты іске асырды.
  • Міржақып Дулатұлының өзге жұрт өрге ұмтылса, қазақ өзді – өзін аңдуды бұрынғыдан да арттырып жібергеніне налиды. Ол өзгенің өнер – білім, кәсіптің жаңа түріне ие болып жатқанда қазақ даудың, бәле – жаланың жаңа түрін тапты дейді. Бұған Ақмола, Семей облыстарында сенімсіз адамдар бес жылға аударылатынын біліп алып, қит етсе астыртын шағынып, бірін – бірі айдату баланың ойынындай болып кеткеніне мысалдар келтіреді.
  • Ж.Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық “Абай” атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: “…қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді” – деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алды.

НАЗАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет