БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты 3 АҒымдағы жағдайды талдау 10



бет10/18
Дата28.01.2018
өлшемі3,44 Mb.
#34804
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Мемлекеттік қызметтер. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының қабыдануына байланысты, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау мен олардың сапасы жақсарды.

ҚР Президентінің 19.03.2010 жылғы №954 Жарлығына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүргізілуде.

Мәселен, 2012 жылы жергілікті атқарушы органдар 2011 жылы көрсеткен 80 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бағалау жүргізіліп, оның жалпы нәтижесі 52,84 балды құрады (өңірлер арасында 7-орын).


Ал 2013 жылы жергілікті атқарушы органдар 2012 жылы көрсеткен 80 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бағалау жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызмет 33,17 балға бағаланды (өңірлер арасында 16-орын).

Көрсеткіштің төмендеуі ХҚКО ЫАЖ мен Е-әкімдіктің өзара іс-қимылындағы интеграциялау қателіктерінің себептеріне байланысты болды: Оның нәтижесінде, іс жүзінде қағаз тасымалдағышта мерзімінде орындалған қызметтердің электронды нұсқада белгіленген мерзімдерді бұзумен көрсетілгені көп мөлшерде тіркелді.



2014 жылы жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғаларға көрсететін 127 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2013 жылдағы бағалау жүргізілді. Бағалаудың қорытынды нәтижесі 28,17 балды құрады (өңірлер арасында 12-орын).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау нәтижесінде мына өлшемдер: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау» бойынша төмен көрсеткіштер алынды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту» өлшемі бойынша бағалау нәтижесінің жалпы балы ықтимал 25-тің ішінде 7,14-ті құрады. Бағалау кезінде бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес регламенттерді әзірлеу және бекіту жөніндегі әкімдіктің жұмысы есепке алынды («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы 13 бабының 1 тармағы бойынша).

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау» өлшемі бойынша белгіленген мерзімдерді 252 бұзушылық анықталып, қорытындысында бағалау нәтижесінің жалпы балы ықтимал 25-тің ішінде 0,97-ні құрады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткішін жақсарту мақсатында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі бағалау нәтижелерінің көрсеткіштерін 2014 жылы жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, «ҰАТ» АҚ мамандарымен бірге ХҚКО ЫАЖ мен «Е-әкімдік» АЖ-нің мониторингі күн сайын жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Е-әкімдік» АЖ, ХҚКО ЫАЖ, «Е-собес», «Еңбек нарығы» және «Әлеуметтік көмек» электрондыө жүйелері бойынша тексеру және оқыту мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерінде көшпелі кеңестер тұрақты өткізіліп тұрады.

Интеграциялық қателер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне және «ҰАТ» АҚ-на жазбаша сұраулар жолдануда.

Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуының алдын алу және «электронды үкімет» порталы арқылы және ХҚКО-на келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштерді өңдеудің уақытылылығы проблемалық мәселелер болып қалуда.

Заңды іске асыру шеңберінде «Сандж зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры елдің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуде.

Мониторингтің негізгі мақсаты көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасына, қолжетімділігіне және көрсету рәсімдеріне қанағаттану деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі проблемалық мәселелерді айқындау болып табылады.



Зерттеулер нәтижесінде 2013 жылы халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 54% құрады. 2014 жылы халықтың қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің 76%-ға дейін, 2015 жылы 78%-ға дейін артуы күтілуде.

ҚР Үкіметінің 27.05.2013 жылғы №553 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 49 түрі электронды форматта көрсетілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша жұмыс ҚР Үкіметінің 23.09.2013 жылғы № 991 қаулысымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдар көрсететіндердің қатарынан электронды форматқа көшірілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санын 2014 жылы – 3,7%-ға, 2015 жылы – 10%-ға арттыру жоспарлануда.

ҚР Президентінің 31.01.2012 жылғы №261 Жарлығын, ҚР Премьер-Министрі Орынбасарының 19.03.2012 жылғы №17-42/05-244 (2.1.-тармақ) хаттамасымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар және неғұрлым талап етілетін рұқсат ету құжаттарын электрондық форматқа көшіру немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) дамыту аясында 2012 және 2013 жылдары рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін қалған рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және енгізуді жүргізу жоспарлануда.

Гендерлік даму. Маңғыстау облысында неғұрлым даярлығы бар, қоғам мен мемлекет өмірінің түрлі салаларында қызмет атқаратын әйелдер қатарынан оларды шешім қабылдау деңгейіне жылжыту бойынша жұмыс жалғасуда.

Бүгінге Маңғыстау облысында 12 белсенді гендерлік ҮЕҰ бар. Әйелдер бастамаларын жылжыту жөніндегі 2016 жылға дейінгі жоспар әзірленді. Мысалға, облыста 6834 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 1948-ін әйелдер басқарады. Мемлекеттік қызмете 2693 адам бар, оның шамамен 60%-ы немесе 1630-ы – әйелдер. 23 облыстық басқарма мен департаменттің 7-еуін әйел басқарады. Жеті саяси мемлекеттік қызметшілердің екеуі әйел. Өңірде сайланған 115 депутаттың 20-сы әйелдер. 31500-ден асатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 8850 немесе 28,5% әйел басшы болып табылады.

Қазақстандағы гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мақсатында, 2011 жылдан бері облыста «Әйелдер көшбасшылығы мектебі» ҚҰ жұмыс істейді. Бірлестік жұмысының бағыттарының бірі жергілікті атқарушы орган мен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты сұхбаттасуға ықпал ету болып табылады. Көрсетілген ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Әйелдер көшбасшылығы мектебінің қызметін үйлестіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-ағарту жұмысы» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруда.

Өткен жылы әр үшінші микрокредит ауылда бизнеспен айналысатын әйелге берілді. Осылайша, екі міндет бірден шешілуде. Біріншіден, ол – ауылдағы әйелді әлеуметтендіру, оның өзіне деген сенімділігі, ал екншіден – ауыл шаруашылығын дамыту. «

Бизнеске әйелдерді тарту, үйде бизнес ұйымдастыру мақсатында, «Облыстық микрокредит ұйымы» ЖШС мен «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» ЗТБ-нің аудандық бөлімдерінің өкілдері, Халықаралық отбасы күніне бағышталған «Отан отбасынан басталады» атты қайырымдылық акциясының аясында көшпелі семинар-тренингтер өткізеді, оның аясында микрокредиттеу, әйелдердің өзін-өзін жұмыспен қамтуын ұйымдастыру, ауылда әйел бизнесін дамыту мәселелері талқыланады.

«Жастар жетістіктері» ҚБ 2013 жылғы наурызда Қарақия ауданының Құрық ауылында «Ерсай» компаниясының қолдауымен «Ажар» әйелдерді қолдау орталығын ашты, онда өз бизнесін бастауға ниет білдірген әйелдерге заңгерлік және экономикалық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетіледі, сондай-ақ өзара қарым-қатынас мәдениетін көтеруге бағытталған әр түрлі семинарлар, тренигтер өткізіледі.

Қазақстандағы Отбасы күнін, Халықаралық отбасы күнін, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күнін мерекелеуге орай әр түрлі қайырымдылық акциялары, "дөңгелек үстелдер» басындағы кездесулер, семинар-тренингтер мен т.б. өткізіледі.

Халықаралық ауыл әйелдері күнінің қарсаңында аудандар мен қалаларда «Ақниет» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акция аясында әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі аудандық және қалалық комиссиялардың мүшелері отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалар қылмысының алдын алу мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтер өткізеді. «Әжелер кеңесінің» мүшелері жас отбасылармен, отбасылық бұзақылармен әңмілесу өткізеді. Сондай-ақ, девиантты мніез-құлықты балар – басты назарда. Бүгінге аудандар мен қалаларда 46 «Әжелер кеңесі» жұмыс істейді.



Мықты тұстары:

облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрылымдау, штат санын оңтайландыру;

мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту;

әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды форматқа көшіру.



Әлсіз тұстары:

мемлекеттік қызмет персоналының кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі;

іріктеу және конкурстық рәсімдерден өту кезінде кадрларды бағалау жүйесінің жеткіліксіздігі;

ынталандыру және карьералық өсу жүйесінің жетік болмауы;

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер сапасын мониторингілеу және бағалау жүйесін тұжырымдаудың жетіспеушілігі.

Қатерлер:

мемлекеттік қызметтің жоғары тартымдылығының жетіспеушілігі, еңбекақының төмен деңгейі, жеткіліксіз әлеуметтік қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметшілерге қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы (нормаға келмейтін жұмыс күні, демалыс күндеріндегі ақы төленбейтін жұмыс, заңсыз жұмыстан шығару және т.б.):

халық пен азаматтық қоғам институттарын стратегиялық құжаттарды әзірлеуге тарту және облысты басқару және дамыту бойынша шешімдерді қабылдау кезінде пікірлерді есепке алу деңгейінің төмендігі;



Мүмкіндіктер:

жаңа кадрлық технологияларды енгізу;

әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді Үкіметтің веб-ресурстары мен облыс әкімінің порталы арқылы беру үдерісінің қолжетімілігі мен тиімділігін арттыру.
2.3. Орта мерзімді перспективадағы аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, шектейтін факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

Өңір экономикасының құрылымы әлі де көміртегі шикізаттың өндірісіне негізделген. Облыстық экономикалық кеңістігінің сапасы негізінен Ақтау урбандалу аймағында жақсарып келеді: халықтың тығыздығы, жолдардың тығыздығы және елді мекендердің байланыстылығы өсуде. Тұтастай алғанда, өңірдің кеңістіктік-құрылымдық дамуының әркелкілігі азаймауда. Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында оң динамика байқалып, өңірдің ірі корпорацияларының әлеуметтік әріптестігі және мемлекеттің коммерциялық емес ұйымдарымен әріптестігі дамуда.

Өңір дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы, негізгі проблемаларды, тәуекелдерді, шектейтін факторларды, бәсекелестік артықшылықтарды және мүмкіндіктерді айқындайтын SWOT талдауда көрінеді.

Мықты тұстары:

Маңғыстау облысы пайдалы қазбаларға бай, олардың незізгісі – мұнай мен газ. Сонай-ақ, облыстың жер қойнауы фосфорит, көмір, марганец, түрлі тұздар, ұлутас, минералдық сулар қорларына да бай;

облыс орташа республикалық деңгейден асып түсетін халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі бойынша 4-орынды алады;

облыста қолайлы бизнес-орта құрылуда «Ақтау теңіз порты» қызметінің нәтижесінде өңірде инвестициялық ахуал жақсаруда;

өңірді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі, кейіннен қайта өңдеу және экспортқа бағдарланған өнім шығару арқылы көмірсутегі шикізатын өндіруді арттыру болып табылады;

құрылыс индустриясындағы оң өсу қарқындары;

өңдеуші өнеркәсіптің бірқатар салаларының – машина жасаудың, металлургияның, құрылыс саласының мұнай-газ секторына бағдарланған, қосылған құны жоғары өнім өндіру бойынша дамуға оң беталысы;

қолайлы герографиялық орналасуы және облыс аумағы арқылы «Оңтүстік-Солтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің өтуі салдарынан айтарлықтай транзиттік әлеуетінің болуы;

тарихи мұрасы, сондай-ақ тартымды көркем демалыс аймақтары бар болғандықтан, өңір айтарлықтай туристік-рекреативтік әлеуетке ие;

облыс бойынша халық иимиграциясының жоғары деңгейі байқалады, келушілердің көпшілігі Қазақстанның өзге өңірлерінен жұмыс және лайықты еңбекақы іздеп келгендіктен, бұл – экономиканың орнықты оң дамуын көрсетеді.



Әлсіз тұстары:

аса құрғақ қатал континентті климат. Аумағының көпшілік бөлігін құба топырақтарда бұталы өсімдіктер аралас өскен жусанды-сортаңды шөл алып жатыр, олардың бетінде ішінара өсімдік өте сирек өсетін сорлар, тақыр тәріздес сортаңдар мен құмдар тараған, бұл ауыр шаруашылғын жүргізуге қолайсыз.

өзендердің жоқтығынан облыста су ресурстарының тапшылығы байқалады;

туризм объектілерінің ескіруі, кейбір стационарлық кәсіпорындарының жұмыс істемеуі немесе қайта құру кезеңінде, көптеген демалу орындарының инфрақұрылымының жоқтығы, онда күнделікті демалушыларға қажетті жағдай жасалмауы;

облыс аумағына арақатынастаоблыс халқының салыстырмалы аз саны (облыстар мен республкалық маңызы бар қалалар тізімінде 16-орын) мен еңбек ресурстарының жетіспеушілігі байқалады;

облыста білікті еңбек ресурстарының тапшылығы байқалады және біліктілігі төмен оралмандардың көптеп келуінің есебінен әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі орын алуда;

ауылдардық жердегі жұмыссыздық деңгейі орташа облыстық деңгейден асып түседі;

облыс экономикасының шикізатқа, дәлірек айтқанда мұнай-газ өнеркәсібіне тәуелділігінің жоғары болуы;

өңірдің өңдеуші өнеркәсібі салаларының көпшілігі үшін шикізат базасының әлсіздігі;

облыста ішкі тұтыну нарқы көлемінің шектеулі болуы және өндірілген өнімді сыртқы нарыққа шығару логистикасының әлсіз дамуы;

облыстың көліктік объектілерінің инфрақұрылымының әлсіз дамуы, бірқатар аумақтың инфрақұрылымының төмен деңгейде қамтамасыз етілуі, Түпқараған ауданында, Қарақия ауданының шекаралық аумақтарында теміржол жоқ;

көптеген автокөліктік транзиттік жолдардың ішкі және халықаралық стандарттарға сай болмауы.

әлеуметтік инфрақұрылым дамуының әлсіздігі және бұл сапаға инвестицияның төмен болуы;

аудандардың деңгейінде үкіметтік емес секторлардың төмен даму деңгейі.



Қатерлер:

кен орындарында экологиялық жағдайдың нашарлауы. Техногенді факторлар әсерінен жер және табиғат ресурстарының тозуы;

білікті кадрлар тапшылығынан еңбек өнімділігінің төмендеуі;

облысқа әлеуметтік инфрақұрылымының төмен болғандықтан тұрғындар иммиграциясы деңгейінің жоғары болуы;

ауылдық жерлерде тұрғындардың кедейшілік деңгейі жоғары, кірісі күн көріс мөлшерінен төмен тұрғындар - 32,4%;

облыстың экономикасы шикізат шығаруға бағытталғанына байланысты мұнайгаз ресурстарының азайуы салдарынан экономикалық кризис қауіп төнуі;

«Оңтүстік-Солтүстік» ХКД және ТРАСЕКА қазақстандық жер үлесінің жай дамуына байланысты транзиттік әлеуеттің (бәсекеге қабілетті) бәсекестік қабілетінің жоғалуы;

облыста көлік және байланыс инфрақұрылымы дамуының жетіспеушілігінен инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі, және Солтүстік Каспий жобасының 2-ші кезеңін жүзеге асырудың шегерілуіне байланысты шетелдік инвесторлардың кете бастауы;

азық-түлік тауарларының, шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты азық-түлік қауіпі;

инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қанағатсыздық жағдайынан өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

АЭС құрылысы жобасының шегерілуіне байланысты электр қуатының тапшылығының болуы.

Бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіндіктер:

қордағы шикізат ресурстарын пайдаланып мұнай саласы, құрылыс индустриасын туризм сияқты кластерлерді дамыту мүмкіндігі;

көлік және логистика, туризм және машина жасау металлургия, мұнай химиясы, құрылыс индустриясы саясында жобаларды жүзеге асыру есебінен ЖҚҚ ұлғайта отырып ЖӨӨ құрылымын ұйымдастыру;

облыс қалаларын урбанизациялау перспективалары;

тұрғындар санын көбейтуге және облысқа білікті мамандарын тарту үшін қолайлы жағдай жасау;

экономиканың басым және төменгі салаларында жаңа өндірістерді дамыту арқылы жұмыспен қамту санын ұлғайту;

өңірдің транзиттік, жүк және адам тасымалдау ағымын жандандыру арқылы кіріс көлемін неғұрлым ұлғайту;

облысты стратегиялық көліктік - логистикалық және «Север Юг» МТК ТРАСЕКА қызмет көрсету өндірістік бөлімшесі ретінде дамыту;

өңдеу өнеркәсіп салаларында өндірістік логистика және трансұлттық өндіріс негізінде болашағы бар өндіріс құру;

«МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» ЖШС негізінде АЭС салу;

ауыл шаруашылық өндірісін дамыту, соның ішінде жылыжай өсімдік шаруашылығын және мал азығын өндіру;

шаруашылық инфрақұрылымын дамыту (сауда – дайындау, өңдеу, көлік, қаржы);

әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға, экологиялық жағдайды жақсартуға мемлекеттік және жеке инвестициялар әлеуметтік серіктесін тарту.
2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Маңғыстау облысында 2010 жылдың аяғында 14 өңірлік бағдарлама іске асырылып жатты.



Өңірлік бағдарламалардың және олардың іске асырылуы туралы есептерінің мазмұнын талдау негізінде бағдарлама әкімшілерімен аталған бағдарламалардың жоспарланған шараларының орындалу дәрежесін сипаттайтын қысқаша талдау жасалды.

  1. Маңғыстау облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Облыс ауылдарының әлеуметтік экономикалық дамуының оң нәтижелері. Дегенмен, ауыл өмірінің деңгейі қала өмірінің деңгейіне қарағанда недәуір төмен. Осыған орай аймақты дамыту бағдарламасы шеңберінде жергілікті ауылдарды дамыту іс шараларын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

  1. Маңғыстау облысында ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.

Бағдарлама мақсаттарының аясының тарлығын ескере отырып, бағдарламаның орындалмаған міндеттерін денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық жоспары шеңберінде қарастыру қажет.

  1. «Маңғыстау облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасы.

Бағдарламада қарастырылған іс шаралардың барлығы жүзеге асырылуда, бірақ қоршаған ортаны қорғау мәселесі Аумақтарды дамыту бағдарламасында әрі қарай шешімін табуды талап етеді.

  1. Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болғандықтан Аймақты дамыту бағдарламасында осы мақсаттар мен міндеттерді қарастыру қажет.

  1. 2006-2010 жылдарға арналған Маңғыстау облысы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде әзірше өзекті болып отыр. Ұсыныстар: аймақтық даму бағдарламасында алдын алу шараларын қарастыру.

  1. Жерді тиімді пайдалану жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.

Соңғы жылдарда жергілікті бюджет қаражатын оптимизацияға байланысты бағдарламаның көптеген іс шаралары жүзеге асырылмаған. Сондықтан оны Аумақтарды дамыту бағдарламасына міндетті түрде енгізу қажет. Іс шаралар қаражат бөлінбегендіктен іске асырылмаған.

  1. Маңғыстау облысында туристік саланы дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Туризмнің дамуы облыстың бәсекелес басымдықтары болуымен байланысты, Кендерлі демалыс аймағын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, Аумақтарды дамыту бағдарламасында туристік саланы дамыту іс шарасын міндетті түрде қарастыру қажет.

  1. «Нұрлы көш» көші-қон бағдарламасына қатысушыларға әрекет жасаудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Осы бағдарламаның аясында 2010-2011 жылдары бір екі жаңа ауылдық елді мекен Батыр ауылы (Мұнайлы ауданы) мен Аппақ ауылын (Қарақия ауданы) дамыту басталып, онда келіп жатқан оралмандар орналастырылды. Облысқа оралмандардың көп келуіне байланысты бұл іс шаралар өзекті болып қала береді. Тиісті салалық бағдарламалар мен Аумақтарды дамыту бағдарламасының аясында мәселені шешу қажет.

  1. Жастар саясаты және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.

Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі іс шаралар Аумақтарды дамыту бағдарламасына енгізу қажет.

  1. Маңғыстау облысын ақпараттандырудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Бүгінгі таңда бағдарлама қаралған көлемде жүзеге асырылмаған, 2011 жылдың аяғына дейін іс шараны аяқтау жоспарлануда. Негізгі іс шаралар Маңғыстау облысы инфотелебайланыс инфрақұрылысын құру және қамтамасыз ету бойынша кешенді шешім қабылдау шеңберінде жасалған және ол қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу процесі жүруде. Салалық бағдарламаны әзірлеуге байланысты Аймақты дамыту бағдарламасында қарастыру қажет.

  1. Денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Нәресте өлімі, туберкулез ауруының неғұрлым жоғарғы көрсеткішіне байланысты, емдеу сапасының төмендігінен тиісті міндеттерді Аймақты дамыту бағдарламасына енгізу қажет.

  1. Маңғыстау облысының елді мекендерін газдандырудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Қазіргі уақытта облыстың барлық ауылдары табиғи газбен қамтамасыз етілген, бірақ сумен қамтамасыз етуді жақсарту және инженерлік инфрақұрылымдық жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс шараларды жалғастыру қажет.

Инфрақұрылымды жетілдіру үшін өңірлік даму бағдарламасында шаралар қарастыру қажет.



13. Маңғыстау облысын агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Елбасы алға қойған басым міндеттерге сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған міндеттер мен мақсаттарды Аумақтарды дамыту бағдарламасына міндетті түрде енгізу.



  1. Маңғыстау облысында құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарын өнеркәсіптік дамытудың 2006-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Облыста құрылыс индустриясының дамуына қажетті мүмкіндіктер болғандықтан, экономиканы диверсификациялау мақсатында, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдар өнеркәсібін дамыту жөніндегі міндеттер өзекті болып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 шілдедегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін пайдалану жөнінде Іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет