«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,93 Mb.
#27036
1   2   3

Таралуы. Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі,бірақ таралуы біркелкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлерінің басым көпшілігі Солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.

Классификациясы. Мүк тәрізділер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы (антоцеротовые или антоцеротопсиды) – (Anthocerotopsida), бауыр мүктер класы (поченочники или леченочные или) – Marschantiopsida или Hepaticopsida, нағыз мүктер класы (листостебельные) мхи, или мхи, или бриопсиды – Вryopsida или (Musci). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтан да біздер осы екі класқа тоқталуды жөн көрдік.



Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida. Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді.

Бауыр мүктер класы екі кластан тұрады : маршанциялар кластары (Maqchantiidae), юнгерманиялар кластармағы (Junqermannidae). Маршанциялар кластармағы екі қатардан тұрады : сферокарпалар қатары (Sphaerocarpales) және маршанциялар қатары (Marchantiales), ал юнгерманиялар кластармағы үш қатардан тұрады : метцгериялы қатары (Metzqeriales), гапломитриялықтары (Haplomitriales) және юнгерманиалар қатары (Junqermanniales).

Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция. Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12см болатын дихотомиялы бұтақталған, пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған. Жоғарғы эпидермистің ауа келіп тұратын тесігі устьицасы болады. Бұл төрт қатар болып орналасқан арнайы клеткалармен қоршалған, үлкен клетка аралық қуыстар. Устьицалардың астында ауа қуыстары болады. Төменгі эпидермистен бір клеткалы ризоидтар мен қызғыштау немесе көкшілдеу түсті қабықшалар кетеді. Оларды кейде редукцияға ұшыраған жапырақтарға жатқызады. Жоғарғы эпидермистің астында ассимиляциялық ұлпа орналасады. Ол бір ядролы хронпластары бар, вертикаль орналасқан, бағаналы паренхималық клеткалардың қатарынан тұрады. Оның астында клетка қабықшалары жұқа, хлорофилдері жоқ паренхималық клеткалардың қабаты жатады. Яғни маршанциялардың талломының құрылысы дорсивентральды болып келеді.

Талломының үстіңгі жағында ерекше бұтақшалар тіректер (подставки) пайда болады, ал олардың жоғарғы жағында жыныс органдары жетіледі. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктер тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Осы сәулелердің арасында, оның астыңғы жағынан аналық жыныс органы архегонийлері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша формалы болып келеді. Қалқаншаны жоғарғы жағындағы антериальды қуыстың ішіне антеридийлері еніп жатады. Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен сперматозоид қосылғаннан соң зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тірсекті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткалардан мейоздың нәтижесінде гаплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споралардың массасының (үйіндісінің) ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема (өскінше) жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.

Вегетативті көбеюі, линза формалы, түсі жасыл болып келетін өнім бүршіктері (выводковые почки) арқылы жүзеге асады. Олар талломның үстінде болатын ерекше кәрзіңкелердің ішінде, олардың түбінде төселіп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.

Маршанциялардың түрлері табиғатта кең таралған. Олар көп жағдайда ылғалы мол жерлерден : көлдер мен өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасынан кездестіруге болады. Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері Солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундраның үлкен кеңістігінде, батпақты және орманды жерлерінде, өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді.


Гаметофиті тік сабақтың өстен (каулидий) тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді өсінділер (филлидий) жауып тұрады. Оларды шартты түрде жапырақ және сабақ деп айтуға болады. Сабақтың төменгі жағынан көптеген ризоидтары пайда болады. Бүйірінен бұтақтанады. Өстің ұзындыққа өсуі үстіңгі пирамидальды клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Монопиальды немесе симподиальды болуы мен байланысты жыныстық көбею органдары және спороганы гаметофиттің жоғарғы жағында немесе бүйірлік бұтақшаларында орналасады. Нағыз мүктер класы үш кластармағынан тұрады: андреев мүктері кластармағы (андреевые или андреиды- Andreaeidae), шымтезек мүктері кластармағы (сорагновые или сфагниды Sphaqnidae), жасыл мүктер кластармағы (бриевые или брииды - Вryidae). Соңғы екі кластармағының өкілдерінің маңызы үлкен.

Шымтезек мүктер кластармағы – Sphaqnidae.

Бұл кластармағы бір қатардан (Sphaqnidae), бір тұқымдастан (Sphaqnaceae) тұрады. Оған жалғыз сфагнум (Sphaqnum) туысы жатады. Туысқа 300-ден астам түр жатады, оның 42-сі бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) территориясында кездеседі.

Шымтезек мүктерінің құрылысы біртектес болып келеді, сондықтан да оларды қатпаршақтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды. Сабағының құрылысы күрделі болмайды. Оның ортасын өткізгіштік және артық қор заттарын жинау қызыметін атқаратын өзек алып жатады. Өзектің клеткаларының қабықшасы жұқа болып келеді. Өзекті екі қабаттан тұратын қабық қаптап тұрады. Оның бірі арқаулық (мехникалық) қызымет атқаратын склеродермалар, ал екіншісі бойына су жинау қызыметін атқаратын гиалодермалар. Гиалодермаларды клеткалары үлкен, өлі клеткалар, олардың қабықшаларының дөңгелек тесіктері болады, солардың көмегімен іргелес жатқан клеткалардың қуыстары бір – бірімен және сыртқы ортамен қарым – қатынаста болады. Кейде бұл клеткалар спираль тәрізді қалыңдап жуандаған жолақтар түзеді. Жапырағы құрылысы және атқаратын қызметі жағынан бір – бірінен айқын айырмасы болатын бір қатар клеткалардан тұрады. Олардың біреулері тірі, хлорофилл дәндері болатын клеткалар, ал екіншілері -өлі, біршама ірі, үлкен клеткалар. Соңғыларының клетка қабықшалары спираль тәрізді жуандап қалыңдаған, өліктеген тесіктері құбалысы жағынан гиаладерманың су жинайтын клеткаларына ұқсас болып келеді, оларды гиалинді (гиалиновые) клеткалар деп атайды.

Гиалинді клеткалар өз бойына көп мөлшерде, тіпті өсімдіктің өз салмағынан 30-40 есе артық суды жинап және оны ұзақ уақыттар бойы ұстап тұра алады.

Гаметофиттері қосжынысты да және даражынысты да болып келеді. Антеридийлері сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында пайда болады. Олардың қасындағы жапырақтар қызғыштау түске боялған болып келеді. Архегонилері қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.

Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасының қосылуының нәтижесінде зигота түзіледі, ол диплоидты фаза – спорогонның бастамасы болып табылады. Спорогон аяқшадан (көтермеден) және қорапшадан тұрады. Аяқша өте қатты қысқарған, формасы бадана (луковица) тәрізді болып келеді. Бірақ ол споралар пісіп жетілер алдында гаметофиттің сабағының жоғарғы ұшының қатты ұзарып өсуінің нәтижесінде қорапшаны жоғары көтеріп шығады (жалған аяқша). Қорапшаның ортасында дөңгелек бағана (колонка) орналасады, ал оның үстінде күмбез тәрізді спорангилері мен спора түзетін ұлпалары жетіледі. Қорапшалардың қабырғалары берік, көпқабатты болып келеді. Оның сыртқы хлорофилл түзетін қабатында көптеген толық жетілмеген устьицалары болады.

Қорапшаның спора пісіп жетілген кезде ашылатын қақпақшасы болады, сол арқылы споралары сыртқа шашылады. Элатерасы болмайды. Осылайша жерге түскен споралардан алдымен жасыл түсті табақша (пластинка) тәрізді өскіншелер (протонемалар) пайда болады. Содан соң әрбір протонемада көптеген бүршіктер пайда болады, олардан келешегінде ересек гаметофиттер жетіледі.

Гаметофит осы өсімдіктің өмірлік циклында үнемі басым болып келеді (доминирует).

Шымтезек мүгінің (сфагнумның) құрылысы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді : протонемасы табақша тәрізді, өткізгіш шоғы мен ризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дифференцияланған.

Шымтезек мүктерінің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, қалың шым түзіп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады. Батпақты құрғату үшін арнайы агромелиоративтік шаралар қолданылады. Екіншіден ескі батпақтардың, шымтезектің кені (залежь) ретінде шаруашылықта маңызы үлкен болады. Шымтезек қабаттарының (пласты) қалыңдауы ең қолайлы жағдайлардың өзінде өте баяу жүреді. Қалыңдығы 1см болатын шымтезек қабатының түзілуіне шамамен 10жылдай уақыт қажет.

БОР – да шымтезектің қоры шамамен 160 млярд.т. жетеді, ол дүние жүзінің шымтезек қорының 60,8% түзеді деген сөз.

Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи - Вryidae). Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері, яғни олардың айқын басым болып келетін (доминат) немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра, батпақты жерлер және ормандардың кейбір типтері. Әрбір жердің (ортаның) өзіне тән түрлері болады. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өскінде, ал екіншілерінде – бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтануы айқын байқалмайды.

Жасыл мүктердің ең кең таралған өкілдерінің біріне көкек зығыры (политрих обыкновенный – Роiyirichит соттипе) жатады. Ол орманда, орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің шеттерінде өседі.

Гаметофитінің сабағы тік, бұтақталмаған, биіктігі 15см, кейде спанда биіктеу болып келеді. Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофиттің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады.

Жапырақтары сабаққа спиралдың бойымен орналасады. Олар ұштары үшкір болып тілімделген таспа тәрізді жапырақ тақтасынан және жарғақ тәрізді қынаптан

(влагалищеден) тұрады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда жапырақтың үстіңгі бетінде ассимиляциялық пластинкалар орналасады. Жүйкелері арқаулық (механикалық) және өткізгіш гистологиялық элменттерімен кеңейген.

Гаметофиттері дара жынысты. Архегонилері аналық гаметофиттің, ал антеридилері аталық гаметофиттің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтанғаннан соң зиготадан спорогон пайда болады. Ол ұзын аяқшадан және қорапшадан қорапша тік тұрады, немесе аздап көлбей орналасады.Ол призма тәрізді, төрт – бес қырлы, түсі тат секілді болып келетін киіз тәрізді қалпақшамен жабылған. Қалпақша архегонидің, қабырғаларының жыртылуының нәтижесінде пайда болады. Қорапша сауатшадан (урночки) және қақпақшадан тұрады. Оның төменгі бөлігі мойынға жіңішкерген. Сауытшаның қабырғаларында устьица болады, ішкі жағында бағанасы (колонка) жетіледі. Бағана қақпақшаның астында ұлғайып эпифрагманы түзеді. Ал эпифрагма дегеніміз қабырғалары жұқа болып келетін перде. Бағананың айналасында спорангилері орналасады. Олар ерекше жіп тәрізді өскіншілері арқылы бір жағынан бағананың қабырғаларына, ал екінші жағынан спорангилерге бекініп тұратын цилиндр тәрізді қапшықшалар. Қорапша спораның шашылуын қамтамасыз ететін ерекше перистом деп аталынатын тетігі (приспособление) болады.Ол сауытшаның (урночканың) шетінде орналасқан таға тәрізді клеткалардан тұратын тістердің қатары. Гигроскопиялық қозғалысқа қабілетті тістерімен эпифрагманың арасында тесіктері болады, солар арқылы ауа райы құрғақ уақытта споралары сыртқа шашылады.

Спорадан жасыл түсті тарамдалған жіпшелер секілді өскінше (протонема) жетіледі. Онда бүршіктер пайда болады, келешегінде осы бүршіктерден үлкен гаметофиттер түзіледі. Ал гаметофит дегеніміз бұл жерде сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік.
Бақылау сұрақтары :

1. Мүк тәрізділердің құрылысы мен өмірлік циклдары

2. Шымтезек мүктерінің құрылысы

3. Көкек зығырының өмірлік циклы

4. Риниофиттердің кәдімгілігі

5. Риниофиттердің классификациясы

6. Гаметофит түсінігі

7. Мүк тәрізділердің классификациясы

8. Жасыл мүктердің өкілдері
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары

Архегониялы өсімдіктердің классификациясы


Әдебиеттер

Негізгі

1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.

2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).

3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.

4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.

5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.

Ќосымша әдебиеттер

1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М.Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.

12-Дәріс. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы Cormobionta Archeqoniatae.

Жоспар:
1. Плаун тәрізділер бөлімі - Lycopodiophyta

2. Қырықбуын тәрізділер бөлімі - Equsetiophyta

3. Папоротник тәрізділер бөлімі - Polypodiophyta



Сабақтың мақсаты : Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялар тармағы : плаун тәрізділер, қырықбуын тәрізділер, папоротник тәрізділер өкілдерінің биологиялық ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру

Сабақтың мазмұны 1. Плаун тәрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақжапырақтылар линиясын түзеді. Қазіргі кездегі өкілдері көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштарда болған.

Құрылысы. Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны ұсақ, кейде тіптен қабыршақ тәрізді жапырақтары (микропиллия) қаптап жауып тұрады.Олар нашар дифференцияланған, 1-2 тарамдалмаған жүйкелері болады. Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген. Спорофиттің жер асты бөлігі тамырсабақ түрінде берілген, одан көптеген қосалқы (придаточные) тамырлары кетеді. Жерасты және жербеті өстері жоғарғы ұштары арқылы бұтақтанады. Өстің жоғарғы ұшында спорангилері жиналып масақ түзеді, сиректеу олар сабақта спора жетілетін зона түзеді. Спорангилерді жекелей алып қарар болсақ, олар жапырақтардың (спорофиллдердің) үстіңгі жағында орналасады.Споралардың мөлшері (размері) бірдей немесе әрқилы болып келеді. Басқаша айтқанда тең споралы да және әртүрлі споралы да түрлері болады.

Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2-20мм – ден аспайды, сапротрафты қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.

Классификациясы. Бұл бөлім екі кластан тұрады : плаундар класы (Lycopodiopsida) және полушниктер класы (Isoetopsida).

Плаундар класы – Lycopodiopsida.

Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады. Плаундар класына мынадай үш қатар жатады : астероксилондар қатары (Asteroxylales), плаундар қатары (Licopodiales), протолепидодендрондар қатары (Protolepidodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан ()Drepanophycaceae) және осы кластың қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасынан (Licopodiaceae) тұрады.

Плаундардың спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырының камбиі болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спораларының мөлшері бірдей. Гаметофиттері қосжынысты, 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кезде флорада кластың екі туысы бар. Оның ең көбі және кең таралғаны плаун (Lycopodium). Плаундардың шаруашылықта маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дәрі алынады. Плаундардың спорасы ертеден медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді (тоңбайды). Оларды жас баланың тақымына себетін ұнтақ (детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған заттың қабырғаларын жылтырату және олардың сырт формасын әдемі көрсету мақсатында пайдаланады.

Шоқпарбас плаун . Қылқанжапырақты ормандарда кең таралған өсімдік. Спорофиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады. Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұратын бұтақтарымен төмен қарай кететін қосалқы тамырлары болады. Сабағы мен тамырларының төбелік тармақталған бұтақтары болады. Өткізгіш шоқтары сабақтың ортасында орналасады. Орталық цилиндр сабақтың аз ғана бөлігін алып жатады. Қабық қабатының жалпақ аонасына жапырақтың іздері өтіп жатады. Камбиі жоқ. Сабағы мен жапырағының сыртын эпидермис қабаты қаптап тұрады, онда устьица тегіс, ұзын болып келетін жіңішке жіпшемен аяқталады.

Вертикаль бағытта тік көтеріліп тұратын сабақтарының ұшына да біршама ұзын аяқшаның (көтерменің) үстінде екіден (сиректеу 3-5 тен) спора түзетін масақтары орналасады.

Масақтың формасы цилиндр тәрізді, оның өсі болады. Өсті айнала спорофилдері, басқаша айтқанда ұштары үшкір, әрі жоғары қарай қайырылған қабыршақ тәрізді үш бұрышты жапырақтары орналасады. Спорофилдің үстінде қысқа аяқшасы бар бүйрек тәрізді спорангиі орналасады. Оның ішінде споралар жетіледі. Споралары бірдей ұсақ, формасы тераэдр тәрізді болып келеді. Спородермасы (спора қабықшасы) екі қабаттан тұрады : сыртқы экзиннен және ішкі интиннен. Спорангилері көлденең жарықшақтары арқылы қақырап ашылады. Споралары жерге шашылып, бірнеше сантиметрлік тереңдікте жайлап (12-15 жылдың ішінде) өсіп гаметофитке айналады. Формасы жағынан гаметофит пияздың баданасына (луковицы) ұқсайды, кейіндеу ұлғайып өсіп оның диаметрі 2см- ге дейін жетіледі. Бұл жағдайда оның формасы өзгеріп астау тәрізді (блюдцевидный) қалыпқа келеді. Гаметофит түссіз болып келеді, ризоидтары болады. Эпидермистің астында жатқан клеткалары саңырауқұлақтың мицелиімен симбиозда болады. Кейбір түрлерінің гаметофиті топырақтың бетінде жатады, бұл жағдайда оның клеткаларында хлоропласттар пайда болады. Антеридийлері мен архегонийлері гаметофиттің үстіңгі бетінде орналасады және паренхималық ұлпаға (тканьға) еніп жатады. Сперматозоидтары көп, екі талшықты болады. Ұрықтануы сумен байланысты. Зигота тыныштық қалпына көшпей – ақ бірден өсіп спорофиттің ұрығын береді. Ол алғашқы кезде гаметофиттің ұлпасына еніп жатады және оның есебінен қоректенеді. Бірақ көп ұзамай ұрықтан тамыр кетіп, жерге енеді, содан соң барып спорофиттің ұзақ уақыттар бойы дербес өмір сүруі басталады.

Полушниктер класы – ISOETOPSIDA. Спорофиттері, сабақтары екінші рет қалыңдайтын (жуандайтын) ағаштар, және аздап та болса екінші рет қалыңдау қабілетін жоғалтпаған көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Ағаш тәрізді түрлері түгелдей жойылып кеткен. Жапырағының жоғарғы сабаққа қарай иілген жерінде кішкентай өсіндісі – тілшесі болады.

Спораларының мөлшері (размері) әртүрлі. Гаметофиттері дара жынысты, бірнеше аптаның ішінде пісіп жетіледі. Полушниктер класына әртүрлі споралы плаун тәрізділер жатады. Полушниктер класы мынадай үш қатардан тұрады : селагинеллалар қатары (Selaqinellas), лепидодендрондар қатары (Lepidodendrales), полушниктер қатары (Isoetales).

Ең көп және кең таралған туысына селагинелла (Selaqinella) жатады. Оның аздаған түрлері ғана дәрілік және сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланылады. Селаготектес селагинелла (селаганелла селаговидная – Selaqinela selaqinoides). Ол бұрынғы одақтас республикалардың территориясының европалық бөлігіндегі таулардың ылғалды субальпа белдеуіндегі шалғындарда аздап кездеседі. Спорофитінің сыртқы құрылысы плаунның спорофитіне ұқсас. Сабағының ортасында өткізгіш шоғы орналасады. Ол паренхималық клеткалардан тұратын жіпшелерге ілініп тұрады. Сабағының эпидермисінде устьица аппараттары болмайды. Жапырақтары формасы және мөлшері жағынан бірдей, тілшелері келешегінде түсіп қалып отырады. Мезофиллдің клеткаларында 1-2 пластинка тәрізді храмотофорасы болады. Эпидермистің клеткаларында да храмотофоралары болады. Устьица аппараттары жапырақтың астыңғы бетінде орналасады. Спора түзетін масақтары сабақтарының жоғарғы ұштарында орналасады. Спорофилдерінің вегетативтік жапырақтарынан айқын айырмашылықтары болады. Спорофилдерінің тілшелері болады, бірақ олар ешуақытта түсіп қалмайды. Әрбір масақтың спорофилдерінің қолтығында қысқа аяқшаларда мега және микроспорангилері орналасады. Мегаспорангиінде төрт мегаспора, ал микроспорангиінде көптеген микроспоралар қолайлы жағдайларда өседі. Микроспораның ішінде аталық гаметофит жетіледі. Ол бір вегетативтік клеткадан және бір редукцияға көп ұшыраған антеридийден тұрады. Соңғысының ішінде екі талшығы бар сперматозоидтар жетіледі. Аналық гаметофитте түгелдей дерлік мегаспораның ішінде жетіледі. Гаметофит ұлғая келе мегаспораның қабықшасын жарып шығады. Үш сәулелі жарықшақ арқылы гаметофиттің денесінің бір бөлігі созылып сыртқа шығады, онда архегонилері мен ризоидтары пайда болады. Ұрықтануы сумен байланысты. Зиготадан ұрық пайда болады. Сонымен селагинелланың әртүрлі споралылығы оның гаметофиттері дара жыныстығын және редукцияға көп ұшырағандығын айқындайды. Бұл ерекшелігі өсімдіктердің эволюциясында үлкен роль атқарады.

Бұл бөлімнің ағаш тәрізді түгелдей жойылып кеткен, ал қазіргі кезде флорада тек шөптесін түрлері ғана сақталған.

Құрылысы. Спорофиттің негізгі ерекшелігі ол бүйірінен бұтақтанады және бүйірлік бұтақтары сабаққа топтасып орналасады. Буындары мен буын аралықтары айқын көрінеді. Буын аралықтарының түп жағында қыстырма (интеркалярлық) меристема орналасады. Жапырақтары редукцияға көп ұшыраған.

Олар мөлшері орташа жапырақтан бір ғана орталық жүйкесі бар ұсақ жапырақшаға дейін кішірейген. Хлоропластарында пиреноидтары болмайды. Спорангилері спорангиофороларында түрі өзгерген бүйірлік өркендерінде орналасады. Қырықбуын тәрізділер тең және әртүрлі споралы болып келеді. Сонымен бірге бұларда гетеротализм айқын байқалады. Ол дегеніміз мөлшері жағынан бірдей споралардан әртүрлі жынысты гаметофиттер пайда болады деген сөз. Спородермасында интиннен және экзиннен басқа тағы да перина деп аталынатын сыртқы қабаты болады. Ол экзинге бекінген екі спираль тәрізді бұралған лентадан – элатерден тұрады. Элатерлері екі түрлі қызмет атқарады : споралардың шашылуын және споралардың топтасып жинақталуын қамтамасыз етеді. Бұл аталық және аналық гаметофиттердің бір жерде қатар өсуіне мүмкіндік береді.

Гаметофиттері ұсақ, мөлшері (размері) бірнеше миллиметрден аспайтын жасыл түсті, дара немесе қос жынысты өскіншелер.

Ұрықтануы сумен байланысты болады. Ұрық тыныштық кезеңін басынан өткізбейді.

Классификациясы. Бұл бөлім төрт кластан тұрады : гиенилер класы (Hyeniopsida), сынажапырақтылар класы (Sphenophyllopsida), каламиттер класы (Calamitopsida), қырықбуындар класы (Equisetopsida). Алғашқы үш кластың өкілдері түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Қырықбуындар класының өкілдері жер шарының екі бөлігінің де қазіргі кездегі флорасында кездеседі.

Қырықбуындар класы – Қырықбуындар жер шарының Австралиядан басқа жерлерінің барлығында кездеседі. Класс бір ғана қырықбуын (Equisetum) туысынан тұрады. Түрлерінің жалпы саны 30-35 –тей болады, бұрынғы одақтас республикалардың территориясында олардың 13- ші, ал Қазақстанда 8-і кездеседі. Олар негізінен ылғалы мол жерлерде өседі. Сыртқы құрылысы жағынан қырықбуындар өзі ағаш тәрізді тегі калламеттерге жақын, бірақ мөлшері жағынан көп кіші. Қырықбуындардың жер беті сабағы бір жылдық, тек аздаған түрлерінде ғана көпжылдық, мәңгі жасыл болып келеді. Бір түрлері жем – шөптік өсімдіктер ретінде аса құнды болып келеді (бұтақты қырықбуын – хвощ ветвистый –Е. ramosissimum, теңбіл қырықбуын – хвощ пятнистый – Е varieqatum, қыстық қырықбуын – хвощ зимующий – Е. һiemale). Бірақта көптеген түрлері эпидермисінің клеткаларының қабықшалары кремнеземнен тұратын оюлы безектермен (инкрустированы) қапталған. Бұл кремнеземнен тұратын оюлы безектер өсімдіктің жем – шөп ретіндегі құндылығын көп төмендетеді (тіптен жоққа шығарады). Көптеген түрлері жайылымдар мен егіс алқаптарының, әсіресе қышқыл топырақтарда (дала қырықбуыны – хвощ полевой –Е. arvense) күресуге бой беруі аса қиын арам шөптер болып келеді. Кейбір түрлері үй жануарларына улы болып келеді (батпақ қырықбуыны – хвощ болотный –Е. palustre, еменді орман қырықбуыны – хвощ дубравный –Е.palustre, еменді орман қырықбуыны – хвощ дубравный – Е palustre, еменді орман қырықбуыны – хвощ дубравный – Е.nemerosum). Қырықбуынды дәрілік өсімдіктер ретінде медицинада кеңінен қолданады. Сабақтары наждакты қағаздың орнына пайдаланылады.

Қырықбуындардың қазіргі кезде кең таралған өкілдерінің бірі дала қырықбуыны (хвощ полевой). Бұл көпжылдық шөптесін өсімдік. Арам шөп ретінде егістікте және тыңайған жерлерде (залеждерде) өседі. Оның 1метр тереңдікке дейін топыраққа еніп жататын жер асты бөлігі – тамырсабағы болады. Тамырсабақтың буындарында жапырақта қынапшасы (влагалищесі) топтасып орналасады. Сонымен қатар осы буыннан төмен қарай қосалқы тамырлары (придоточные корни) кетеді. Тамырының анатомиялық құрылысы алғашқы қалпында сақталады, ал қабығында үлкен ауа қуыстары болады. Жер бетіндегі сабақтары екі түрлі болады : ерте көктемде пайда болатын, спора түзетін және кейіндеу (жазда) пайда болып, күздің соңына дейін өсуін тоқтатпайтын спора түзбейтін сабақ.

Қырықбуынның басқа түрлерінің жер бетіндегі сабақтары бірдей болады. Спора түзбейтін сабақтары (стерильный побег) әдетте топтасып бұтақтанады. Олардың түсі жасыл және қырлы болып келеді, буындарында түтікке (трубкаға) біріккен қара түсті жапырақтың қынапшалары (влагалищелері) орналасады. Олардың тіс – тіс болып иректелген ұштарында ақ түсті жолағы (белые кайма) болады. Иректелген тістері редукцияға ұшыраған жапырақ тақталары болып саналады. Жапырақтарының редукцияға ұшырауына байланысты фотосинтез процессі жасыл түсті сабақтарында жүреді.

Спора түзетін сабақтары біршама жуан, түсі қоңырлау, хлорофилсіз, бұтақталмаған, биіктігі –15-30см – дей болып келеді. Олардың да буындары 8-9 иректелген тістері бар,түтік тәрізді болып келетін қынапшаларымен (влагалищелермен) жабылып тұрады. Спора түзетін масақтары сабақтың ұштарында жетіледі. Споралары түзілгеннен кейін сабақ солып қурайды. Спорофилдері (спорангифоры) алты бұрышты қалқаншадан және оны масақтың өсіне бекітіп тұратын аяқшадан, қалқаншаның астыңғы бетінің шетінде орналасқан, қапшық тәрізді спорангилерден тұрады. Спораларының үлкендігі бірдей болады. Элатералары спираль тәрізді бұралған ленталардан тұрады. Олардың ұштары қасықтың сабы секілді жалпайған болып келеді. Топырақта спорадан хлорофилл дәндері бар гаметофиттер жетіледі. Гаметофиттер тармақталған жақтаулары бар, физиологиялық жағынан бір – бірінен айырмашылықтары бар пластинкалар. Аталық гаметофиттерінде антеридийлері пайда болады, ал олардың ішінде көп талшықтары бар спермотазоидтар жетіледі. Ұрықтануы сумен байланысты. Спорофиттің ұрығы тыныштық кезеңін басынан өткізбейді. Сонымен бұл түрдің морфологиялық тең споралылығы, физиологиялық әртүрлі споралылығымен алмасып отырады.

Бақылау сұрақтары :

1. Плаун тәрізділердің биологиялық ерекшеліктері

2. Плаун тәрізділердің сапрофиі мен гаметофитінің негізгі ерекшеліктері


  1. Түйрегіш басты плаунның өмірлік циклінде спорофитімен гаметофитінің ара салмағы.

  2. Плаун мен селагинелланың спорофиті мен гаметофитінің құрылыс принциптерінің айырмашылығы

  3. Қырықбуындардың негізгі белгілері

  4. Дала қырықбуынының өмірлік циклі

  5. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы

  6. Еркек папоротниктің өмірлік циклі

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары

Архегониялы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері (диспут)
Әдебиеттер

Негізгі

1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.

2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).

3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.

4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.

5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.

Ќосымша әдебиеттер

1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М.Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.


13-Дәріс. Папоротниктер класы.

1.Жалпы қасиеттері.

2. Классификациясы.

3. Даму циклі.

Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған. Егерде риниофиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, псилот тәрізділер, плаун тәрізділер және қырықбуын тәрізділер қазіргі кездегі флорада аздаған ғана түрлерімен белгілі. Ал папоротник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әлі де жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Сондықтан да оларды вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады : фотосинтездік және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі.

Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді.

Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі деңгейден өзгермей, қалып қойған, сондықтан да, спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанымен, папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.

Маңызы. Папоротник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе тропикалық, субтропикалық және Солтүстік жалпақ жапырақты ормандардың негізгі компоненттерінің бірі. Олар ашық және жабық грунттарда, сәндік бақтар өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер, сонымен бірге дәрі – дәрмек алуға таптырмайтын шикізат.

Классификациясы. Бөлім 7кластан тұрады : аневрофитопсидтер (Aneurophytopsida), археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida), зигоптеридопсидтер (Zyqopteridopsida немесе Coenopteridopsida), офиоглосопсидтер немесе ужовниктер (Оphioqlossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida), полиподиопсидтер (Роlypodiopsida). Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы.

Полиподиопсидтер класына 270туыс, 10000- дай түр жатады. Өмірлік формасы алуан түрлі : ағаш тәрізді, лианалар, шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық ормандарда) көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыржай және слқын климатты зоналарда). Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін өсімдіктер. Қалғандары (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер.


Дәріс 6. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі.

1. Жалпы қасиеттері.

2. Классификациясы.

3. Даму циклі.



Сабақтың мақсаты : Студенттерді ашық тұқымдылардың құрылықта

таралуы, құрылысы, өмірлік циклінің ерекшеліктері, ұрықтану жолдары

түсініктерін үйрену.

Сабақтың мазмұны 1. Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.

Құрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бұтақтанады,сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалыңдайды.Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрады. Сүзгілі (електі) түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас, ал екіншілерінде олар ұсақ, тұтас, қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді (қылқан -хвоя) болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлерінен басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық тұқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың тұқымбүрі (семязачатки), немесе тұқымбүршігі (семяпочки) болады. Тұқымбүрі дегеніміздің өзі метаспорангий, ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументтен қапталған. Тұқымбүрлері метаспорофилдерінде ашық орналасады, олардан ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады.

Дәннің пайда болуы ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке (артықшылыққа) ие болуын және құрлықта басым болуын қамтамасыз етті.

Ашық тұқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда,мысал ретінде кәдімгі қарағайды (сосна обыкновенная ) аламыз. Ол спорофитінің биіктігі 50м –дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жетілген,онда бүйірлік бұтақтары топтасып орналасады. Сабақтары моноподиальды бұтақтанып өседі. Ұзарған бұтақтарының сыртын қоңырлау – қызғыш түсті, қабыршақты жұқа (чешуевидный) жапырақтары жауып тұрады. Осы жапырақтардың қолтығында қатты қысқарған өркендер пайда болады, оларда екі – екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орналасады. Ине тәрізді дапырақтың, немесе қылқанның (хвоя) көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау дөңес болып келеді, оның ортасында өткізгіш шоғы орналасады.

Қарағай шамамен 30-40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорофилдері жиналып бір – бірінен айқын – айырмасы бар, бір өсімдіктер болатын екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (стробилдері, шишки) топтасып, ал аналық бүрлері жалғыздан орналасады.

2.Ұрықтануы. Тозаң аталық бүршіктерден (стобилдерден) тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцеллус пен интегументтің арасын толтырып тұратын қоймалжың, сұйықтың тамшысы оңай ұстайды. Бұл тамшы микропиле арқылы, сыртқа шығып тұрады. Кебе келе тамшы тозаңды тұқымбүрінің ішіндегі нуцелуске қарай тартады. Тозаңданған соң, микропиле жабылады. Осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықшалары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын метаспорангидің ішінде жалғастырады. Тозаңның экзинасы жарылады да, интинмен қоршалған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцеллустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын және сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.

Ашық тұқымдылардың папоротник тәрізділерге қарағанда бірқатар прогрессивтік белгілері бар : гаметофиттері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофиттерінде пайда болады және соның есебінен өмір сүреді ұрықтануы сумен мүлдем байланыссыз, спорофиттің ұрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан жақсы қорғалған. Ашық тұқымдылардың дәндерінің ерекшелігі, олардың табиғатының екі жақтылығында қоректік ұлпа эндосперм гаметофитке (п) жатады, ұрық жаңа спорофиттің (2п) бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен (спермордермамен) нуцеллус аналық спорофиттің (2п) ұлпасынан пайда болады.



3. Классификациясы. Ашық тұқымдылар 6 класқа бөлінеді. Ол кластар мыналар :

1 класс-тұқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсидтер (Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae).

2 класс-саговниктер немесе цикадопсидтер (Cycadopsida)

3 класс-бенетиттер немесе бенеттитопсидтер (Вennettitopsida)

4 класс-гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsida)

5 класс-гинкголар немесе гинкгопсидтер (Ginkqoopsida)

6 класс-қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер (Pinopsida).

4.Тұқымды папоротниктер класы – Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae.

Тұқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланыстырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің құрылыстары жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылады. Олардың аса кең таралған туыстарына мыналар жатады : климматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonia), глоссоптерис (Glossopteris).

Саговниктер класы – Cycadopsida.

Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас, ланцет болып келеді. Сабағы (діңі) жақсы жетілген өзектен, қабықтан және онша үлкен болмайтын сүрек қабатынан тұрады. Тұқымбүрі жапырақ тәрізді немесе азды – көпті метаморфозаға ұшыраған мегаспорофилдерінде орналасады. Әдетте тұқымбүрлері жалғыздан орналасады немесе топтасып (шишка) түзеді. Саговниктер эволюцияның үлкен жапырақты тармағы болып табылады. Саговниктер класы бір қатардан тұрады, онда бір тұқымдас бар.

Саговниктер тамаша сәндік өсімдіктер, оларды оранжерияларда және ашық грунтта өсіреді.
Бақылау сұрақтары :

1. Ашық тұқымдылар тұқымбүрінің құрылысы

2. Ашық тұқымдылардың ұрықтануы

3. Ашық тұқымдылардың тұқымдануы

4. Тұқымының орналасуы

5. Ашық тұқымдылардың дәндерінің құрылысы

6. Ашық тұқымдылардың классификациясы

7. Тұқымды папоротниктер класы

8. Саговниктер кластары

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары

Ашық тұқымдылардың өмірлік циклі, кәдімгі қарағай мысалында.

Әдебиеттер

Негізгі

1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.

2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).

3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.

4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.

5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.

Ќосымша әдебиеттер

1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М.Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
14-Дәріс. Жабық тұқымдылар бөлімі. ( 1 сағат)

1.Негізгі ерекшеліктері.

2. Классификациясы.

3.Көбею жолдары.



Сабақтың мақсаты : Студенттерді жабық тұқымды өсімдіктердің

биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, гүлдің шығу тегі, гүлді

өсімдіктер жүйесінің тарихымен таныстыру.

Сабақтың мазмұны 1. Түрлерінің саны 250 мыңнан 350 мыңға дейін болады. Бұл жер бетіндегі қалыптасқан қазіргі жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жайында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.

Құрылысы. Спорофиттердің өмірлік формасы – ағаштар, лианалар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. (бір,екі, көп жылдық)вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысы олардың гистологиялық элементтерінің алуан түрлілігі мен ерекшеленеді. Жабық тұқымдылардың өмірінің ұзақтығы әрқилы 2-3 аптадан бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жылдың қолайсыз мезгілдерін басынан өткізуге мүмкіндік беретін түрі өзгерген жер асты вегетативтік органдары, түйнектері, баданалары, тамырсабақтылары болады.

Көбеюі. Спорофитте гүлдер пайда болады, оларда микро мегаспоралар жетіледі. Споралы спорофиттерінің ішінде өсіп гаметофиттерге айналады. Аталық гаметофит тозаң екі клеткадан, ал аналық гаметофит ұрық қабы, сегіз клеткадан тұрады. Жыныстық процесстің нәтижесінде тұқым бүрінен дән, гүл түйінінен (жатынан) жеміс пайда болады. Гүлдің құрылысы микро және мегаспорогенез, аталық және аналық гаметофиттердің түзілуі, тозаңдануы мен ұрықтануы.

2. Гүлдің шығу тегі. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүлдің пайда болуының үш түрлі теориясы белгілі. Олардың ішінде ең белгілілерінің бірі Р. Веттштейіннің псевдант (грекше Pseudos) жалған anthos – гүл теориясы. Р. Веттштейіннің тұжырымдауы бойынша ең қарапайым гүлге ие болғандар бір жағында өсімдіктер (Monochlamydeal). Оларға шамшат гүлділер, қайың гүлділер, тал гүлділер жатады. Бұл тұқымдастылардың гүлдері ашық тұқымдылардың стробилдері (бүршіктері шишка) секілді аталық және аналық болып бөлінеді. Әсіресе бір жабынды өсімдіктердің гүлдері ашық тұқымдылардың ішіндегі қылшаның (эфедра) шоғырланған стробилдеріне (соцветия) ұқсас.

Р. Ветштейіннің пікірі бойынша барлық ең қарапайым жабық тұқымдылардың құрылысы қарапайым және бір ғана гүлсерігінен тұрады, немесе гүлсерігі көп жағдайда дара жынысты болады.



3. Стробилярлық теория – (стробиляр – қарағай, шыршаның бүршіктері - шишкалары), немесе эванттық (грекшесі – толық anthons -гүл) басқаша айтқанда толық жетілген гүл деген мағына. Бұл гүлдің пайда болуы туралы гипотезаның авторлары Н. Арбер және Д. Паркине теориясының пайда болуын 1907 жылы мезозойлық қосжынысты. Гүлдер стробилдері бар ашық тұқымдылардың ерекше бір тобының бенетиттердің табылуы себеп болады.

Сырт кескіні мен, тік бұтақталмаған діндерімен, жапырақтарымен бенетиттер пальмаға, көбірек ашық тұқымды саговниктерге ұқсас болған. Бірақ саговниктердің стробилдері дара жынысты. Мөлшері әртүрлі болып келетін бенетиттердің стробилдерінің жақсы жетілгені конус тәрізді өсі болады, оған әртүрлі жапыраққа ұқсас органдары орналасады. Төменнен жоғары қарай жабындық жапырақшалары “гүлсерігі” микроспрофильдері және аналығы (гинецей) орналасады. Микроспорангилері бірігіп біршама күрделірек құрылым микроспаринги түзеді. Аналығы (гинецей) тек микроспорофильдері түсіп қалған (протерандрия) стробильдерінде ғана байқалады. Тұқымбүрі аяқшаның ұшында орналасады және интегументері болады. Екі тұқым жарнағы бар ұрығы жақсы сақталған болады. Эндоспермдерінің болмауы ашық тұқымдыларда мүлдем кездеспейтін құбылыс. Бинетиттердің кейбір ерекшеліктері стробилдерінің қосжынысты болуы, жекелеген бөліктерінің орнласу ерекшелігі өсінің формасы, олардың көп жемістері мен жынысының жақындығы болған деген жорамал айтуға мәжбүр етті. Стробилярлық теория бойынша жабық тұқымдылардың гүліне бенетиттердің стробилдеріне де бастама берген, бізге дейін жетпеген, мезозойдың алғашқы кезеңдерінде өмір сүрген архайлық қосжынысты стробилі бар ашық тұқымды өсімдіктер болған. Мұндай стробилді К. Арбер және Д. Пазкине проангостробил деп атаған. Ол өстен жабынды микроспрофилдерден және мегаспрофилдерден тұрған. Прантостробил жабық тұқымдылардың гүліне барлық бөліктерінің құрылысы мен әсіресе микро және мегаспрофилдермен біршама айырмашылығы болған.



4. Көп ғасырлар бойындағы жабық тұқымдылардың классификациясының тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Утилитарлық систематиканың кезеңі. Классификацияның ең ескі кезеңі бұл кезеңдерде белгілі өсімдіктерді олардың шаруашылығындағы маңызына қарай топтастырған: тамаққа пайдаланатын улы, дәрілік тоқымалық т.бұл ең ұзақ кезең болған.

Жасанды системаның кезеңі. Бұл кезеңдегі классификацияның басты принципі ұсақ өсімдіктер негізінен бірғана морфологиялық белгілеріне қарай бөлу. Кезеңнің ең жоғарғы жетістігі ботаникамен зоологияны белгілі – бір жүйеге келтірген реформатор К. Линнейдің системасы. К. Линней бар – жоғы 24 класқа бөлген. Автор бұл жерде гүлдегі аталықтардың санын, олардың бірігуін, ұзындығын негізге алған. Соңғы класқа гүлдері жоқ өсімдіктерді жатқызған. Бұл құпия некелілер класы. К. Линнейдің системасының басты кемшілігі әрбір класқа түрлерді топтастырғанда, олардың тек бір ғана белгісін негізге алған. Бір класқа жататын түрлер әдетте нағыз туыстың жақындығымен топтастырылмаған. Гүлдердің құрылысының бір кездейсоқ сәйкестіктер аталықтарының саны шешуші роль атқарады.

К. Линнейдің ситемасы жасанды системалар ішінде прогрессивті болғанымен ол өсімдіктер дүниесінің эволюциясын көрсетпейді.

Табиғи системаның кезеңі алғашқы табиғи системаны 1789 жылы А. Жюссье жариялаған. Ол өсімдіктерді 1-2 белгісі бойынша емес, көптеген жиынтығы белгілерін ескере отырып топтастырған. Ол өсімдіктердің бірнеше органдарының белгілерін топтастырған. Органикалық дүниенің эволюциялық системасын құру принципі. Ч. Дарвиннің “түрлердің шығу тегі” атты еңбегі жарық көргеннен соң қалыптасты. Бұл еңбегінде Ч. Дарвин әртүрлі материалдар негізінде эволюцияның өзін және оны қорғаушы күшін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Т. Дарвиннің эволюциялық бағытта дамуына ескі әдет –ғұрыптармен және метафизикалық кезеңнің қалдықтарымен күресуде маңызы зор.

Филогенетикалық системаның кезеңі Ч. Дарвиннің еңбегінен кейін ғылымда жаңа кезең басталады. Жүз жылға созылған бұл кезеңде жалпы биологиялық масштабтағы эволюциялық морфологияның және жекелеген ғылымның деңгейіндегі осы маңызды мәселелер зерттелді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде ондаған филогенетикалық системалар құрылды. Филогенетикалық системаны құрастыруда Б.О.Р. ғылымдарының орны ерекше. Н. И. Кузнецов, Б. М. Козополянский, Н.А. Буш, А.А. Гроссгейм, А.Д. Тахтаджанның системалары жиі қолданылады. Қорыта айтқанда жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөледі.

Жабық тұқымдылардың классификациясы – жабық тұқымдылар қос жарнақты (Dicotyledoneae) және дара жарнақты (Monocotyledoneal) кластарына бөлінеді. бұл кластардың бір – бірінен ажырататын көрнекті белгілерін келтіреміз.

Қос жарнақтылар. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамырларының формасы көп жағдайда кіндік тамыр. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды. Сабақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш шоқтары ашық көлденең кесіндісінде шеңбердің бойымен орналасады, немесе барлығында бірдей өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жәй және күрделі жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.

Дара жарнақтылар. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша біршама ертерек өледі, қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз. Тамыр системасы шашақ тамыр. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыранқы орналасады. Жапырақтары жай, паралель немесе дара тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.

Жабық тұқымдылар. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Вегетатив органдары көптеген әртүрлі гистологиялық элементтерден тұрады. Арнайы маманданған вегетативтік органдары бар түйнектері, баданалары, тамыр сабақтары. Тұқым бүрін жеміс жапырақшалары жауып тұрады.

Гаметофит. Аналық гаметофиті сегіз клеткадан тұратын ұрық - қабық. Аталық гаметофиті тозаң, вегетативтік және генеративтік клеткалардан тұрады. Аналық гаметофиті эндосперм және екі немесе оданда көбірек архегониялар. Аталық гаметофиті тозаң бірнеше проталиальды, антеридиальды және вегетативтік клеткалардан тұрады.

Ұрықтануы. Қосарланып ұрықтанады, спермияның бірі жұмыртқа клеткасымен, ал екіншісі – екінші реттік ядромен қосылады. Бірақ рет ұрықтанады – спермияның бірі архегонияның бірінің ішіндегі жұмыртқа клеткасымен қосылады.

Тұқымы. Тұқымы тез пайда болады 3-4 аптадан бір вегетативті кезеңге дейін созылады. Эндоспермі триплоидты (3п). Ұрықтың 1-2 тұқым жарнағы болады. Тұқым жемістің ішінде болады. Тұқымның пайда болуы өте жай жүреді (1,5 –2жыл) тозаңдану мен ұрықтанудың арасы 13 айға созылады. Эндоспермі гаплоидты (п). Ұрықтың тұқым жарнағы көп жағдайда екіден көп болады. Тұқым тунымдық қабыршақтың үстінде ашық жатады.


Бақылау сұрақтары :

1. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі

2. Гүлдің шығу тегі

3. Эванттық теория

4. Жабық тұқымдылар мен жалаңаш тұқымдылардың айырмашылығы

5. Жабық тұқымдылардың классификациясы

6. Жабық тұқымдылар өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары

Жабық тұқымдылардың шаруашылықтағы маңыздары (дөңгелек стол)

Әдебиеттер

Негізгі

1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.

2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).

3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.

4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.

5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.

Ќосымша әдебиеттер



1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М.Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет