БөЖ. Кейс №1 126-группа Жоспар



бет6/6
Дата29.10.2022
өлшемі331,61 Kb.
#155631
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӨЖ (копия)
сро6орыс, Презентация (8), оям (копия), презентация семинар, 6 срооооо, 6срспппп, пед 5срсп, сро5 пед, оям бож3, оям бож2, Лекция №1

Типологиялық лингвистика

Лингвистикалық типология – бір қатар тілдерде байқалатын негізгі, елеулі сипаттарды, нышандарды топтастырумен және заңдылықтар шығарумен айналысатын тіл білімінің бөлімі; тілдердің типтері туралы және тілдік құрылымның типтері туралы ілім. Оның тіл білімінің басқа бөлімдерінің арасында дербестігін анықтайтын өз пәні, әдісі, бөлімі мен тарихы бар. Тіл білімі, лингвистика (лат. lingua - тіл) - әлем тілдерінің шығуын, даму заңдарын, құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы ішкі заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Тіл білімінің қай бағыты болса да қарастыратын нысаны адам және оның тілі. Адамзаттың сөйлеу тілі тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адам үшін, адамның өмірі үшін, қоғам үшін қызмет етеді. Тіл білімі қолданыстағы тілдерді қарастырады, зерттейді, күнделікті қолданыстағы тілдер бойынша тұжырым жасайды.Тіл білімінің тарихын түбегейлі түсіну үшін лингвистикалық ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білген орынды. Салғастырмалы тіл білімі жалпы тіл білімінен бөлініп шығады, ол тек туыс тілдерді ғана емес, сондай-ақ, туыс емес тілдерді де салғастырады. Салғастырудың нәтижесінде әртүрлі тілдер құрылымындағы ортақ сәйкестіктерді анықтау мүмкіншілігі артады. Салғастырмалы тіл білімінің жеке сала ретінде қалыптасуында, оның зерттеу әдістері мен мақсат, міндеттерін айқындауда В.Д.Аракин, (1973), Дж.Буранов, (1983), В.Н.Ярцева, (1960,1981,1986), У.К.Юсупов, (1983) т.б.ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады.Салғастырмалы лингвистикада көбіне екі, кейде одан да көп тілдер салғастырылып, одан шыққан қорытынды бір топ кешенді теориялық және лингводидактикалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Салғастырмалы (контрастивті) лингвистика өзінің зерттеу әдіс-тәсілдері бар тіл білімінің негізгі бағытының бірі. Тілдер арасындағы ұқсастықтар, сәйкестіктер мен айырмашылықтарды қарастырып, салғастырады. Лексикалық және фразеологиялық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды да салғастырмалы лингвистика қарастырады. Салғастырмалы талдаудың негізгі кез келген тілдің бірліктері болуы мүмкін: фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, грамматикалық. Салғастырмалы тіл біліміқұбылыстар тіпті мәтінге дейін. Салғастырмалы зерттеулер тілдің барлық деңгейлері (фонетика, лексика, грамматика) бойынша жүргізіледі. Контрастивті зерттеулер тек екі тілді ғана емес үш тіпті одан да көп тілдерді қамтуы мүмкін.Салыстырмалы тіл білімі -тілдерді шыққан тегіндегі жакындығына, типологиялык құрылымына тәуелсіз зерттейтін тіл білімінін саласы. Салыстырмалы тіл білімінің мақсаты - салыстырылатын тілдердін арасындағы ұқсастықты, айырмашылықты айқындау.Қазіргі тіл біліміндегі тілдерді типологиялық жіктеудің тағы бір саласы - лингвистикалық типология. Ол тілдердің арасындағы туыстық-генетикалық қатынастардың сипатына қарамастан тілдердің құрылымдық және функционалдық қасиеттерін салғастырмалы зерттеп, қарастыру болып табылады. «Лингвистикалық типология» – ғылыми пән. Типологиялық тіл білімі жалпы тіл білімінен бөлініп шығады. Ол туыстық тегіне байланыссыз, тілдердің құрылымдық және функционалдық қасиеттерін салғастырып зерттейді. Типологиялық мәлеметтер көптеген сферада қолдануына қарамастан, тіл білімі үшін лингвистикалық типология – тікелей тіл теориясымен байланысты.

Назар аударғаныңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет