«Әлемдік мәдениет тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет2/6
Дата30.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#2885
1   2   3   4   5   6

МЕНТАЛИТЕТ, д і л (лат. menta - жан құрылымы) — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. М. жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда М. - өзгеше ойлау типі. М. - табиғат және әлеум. жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық. М. терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р.Эмерсан (1856) енгізді. М. қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дөуірдің филос., діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін мета ұғым болып табылады.

МОДЕРНИЗМ (франц. moderne ең жаңа, қазіргі) — XIX ғ.-дың соңы XX ғ.-дың ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан филос.-эстетикалық қозғалыс М. өнерде болып символизм (П. Верлен, А. Рембо, С. Малларме, О. Уайльд, В. Соловьев, А. Блок); эмпрессионизм (Г. Тракль, Ф.Кафка, Э. Мунк, А. Шенберг) және акмеизм (А. Ахматова, А. Гумилев, О. Мандельштам) арқылы көрініс тапты. М. реализмге қарсы қойылады. Бұл ретте М. өмір болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге ұмтылады. Модернистер үшін өмір шындығы ұғымы - аллюзиялар, реминисценциялар. Мұнда негізгі ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе интермәтінге айналатын «мәтін» болып табылады. НЕОМИФОЛОГИЯЛЫҚ САНА, жаңа мифологиял ы қ - XX ғ. мәдени ментальдылықтың бір бағыты. Ғасыр басындағы символизмнен басталып постмодернизммен аяқталады. Н. XIX ғ. позитивистік санаға жауап ретінде пайда болды. Н. мәні - мәдениеттегі классикалық және архаикалық мифтерді зерттеуге көп көңіл бөлуінде. Сол сияқты мифол. сюжеттер мен мотивтер көркем шығармаларда кеңінен қолданыла бастайды. Осының бір мысалы У. Фолкнердің «Улисс» романы. У. Фолкпер қосымша фон ретінде Одиссей туралы және соған ұқсас мифтерді қолданады. XIX ғ-дың 20 жылдарынан, яғни әдебиетте модернизмнің гүлденген кезінен бастап, әрбір көркем мәтін тікелей немесе жанама түрде мифті қолдану негізінде құрылған. М.Булгаков «Мастер мен Маргарита», Т.Манның, Г.Гессенің, У.Фолкнердің, Ф.Кафканың, Дж.Апдайктың шығармаларында мифті жиі қолданылады.

НОМАДОЛОГИЯ - қазіргі постструктурализмдегі ең жаңа бағыт. Бұл бағыттың қалыптасуы Ж.Делез бен Ф.Гваттариге байланысты. Н-ның басты ұстанымдары олар жұмысының екінші томында баяндалған. 1972 жылы шыққан бірінші том «Анти-Эдип« деп аталған еді. Екінші томды қалыптастыру барысында Делез бен Гваттари оған кіріспе ретінде «Ризома» деген жеке кітапша шығарды. Ризома постмодернистік сананың бейнесі, ол - орталығы жоқ және кеңістікте жайылған ау сияқты құрылым. Егер тереңде орныққан тамыр отырықшы мәдениетке тән болса, жер үстінде сусыған ризома көшпенділер мәдениетін бейнелейді. Себебі, көшпенділер кеңістікті бөлмей, кеңістікте бөлінеді. Н-дың бір-біріне қарсы қоятын екі ғылыми нұсқасы — компарс пен диспарс. Компарста ғылым объектісі өзгеріске түседі. Диспарс - көшпенділер ғылымының қағидасы - еш нәрсені өзгертпей, түтас күйінде қабылдайды. Ол бір-біріне материя мен форманы емес, материал мен қуатты қарсы қояды.

ОЙЫН, ойын теориясы - дәлелдәйегі нәтижесінде емес, процестің өзінде болатын, қимыл-әрекет түрі. О-ның мәдениет пен оның жекелеген формаларының пайда болуы және жұмыс істеуінің негізі ретіндегі теориясы XX ғ. X. Ортегаи-Гассет, И.Хейзинга, Е. Финк, Г. Гадамер және басқа мәдениеттанушылардың әр түрлі концепцияларынан пайда болды. Голанд ғалымы И. Хейзинга ежелгіден қазіргі кезеңге дейінгі мәдени шығарм.-ты ойын деп қарастырады. Ол Канттан басталып, Шиллер т.б. жалғастырған өнер генезисін спонтанды, ешқандай да мақсаттан тәуелсіз, мүддесі жоқ қызмет ретінде О-нан тарата пайымдау дәстүріне сүйенеді. Мәдени даму барысында қоғам пайда ұғымын меңгерген мәдениеттің еркін рухы жоғалып, ойын элементі екінші қатарға жылжиды. Ортегаи-Гассет көпшілік мәдениеті негізі - О-ға элитарлық мәдениетті қарсы қояды. Шығарм.-тың еркін рухы, қиял ұшқырлығы, сырттай бақылаушылық шын өнердің О. өлшемдеріне үндес сипаттары. Финк мәдениеттің пайда болуын О-мен байланыстырылады, себебі О. болмаса адам баласы өсімдік тектес болар еді. Адам үшін О. бәрін де қамтитындықтан О. адамды табиғаттан жоғары дәрежеге көтереді де, мәдениет феномені пайда болады. Га-дамер тарих пен мәдениетті тіл стихиясындағы ерекше О. ретінде талдады: бүл ретте адам өзі қиялынан тудыратын рольден гөрі басқаша рольде болады.

ПАРАДИГМА - үлгі немесе модель. Қазіргі философиялық ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Т.Кун енгізген ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер,қүндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы мағынасын білдіреді. Жалпы мойындалған П-ның қалыптасуы ғылымның жетілгенінің белгісі болып табылады. П-лардың ауысуы ғылыми төңкерістің көрінісі - бұрынғы беделдердің, үлгілердің, методологиялардың, теориялардың, дүниетанымдардың дүние-әлем бейнелерінің қирауы.

ПАССИОНАРЛЫҚ (лат. - құштарлық, сезімдік) - қимыл-әрекетті аңсаған құштарлық, жекелеген адамдарда да, топтарда да болуы мүмкін шектен тыс күш-қуатқа қабілеттілік. П. - Гумилевтің этногенез («Этногенез және Жер биосферасы») теориясында негізгі термин болып табылады. Ол этностың пайда болу негізінде П. яғни ағзаның биосферадан сіңірген өте мол биохимиялық қуаты жатқан табиғи процесс деп қарастырады. П.тұқым қуалайтын биологиялық сапа ретінде қарастырылады; адам психикасында бейсана деңгейінде болады. Пассионарлар өздерінің бар екендігімен қалыпты ахуал жағдайды бұзады, ойткені олар кеше алмайды. Айнала қоршаған ортаға қарсыласу қажеттігі оларды біреуге және келесі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Бұл ретте пассионарлар өз П-мен қалың көпшілікті ұйытады (психикалық тұрғыдан «жұқтырасың). Қолайлы жағдай туғанда жаңа этнос, мәдениет, өркениеттің негізіне айналатын алғашқы бірігулер осылайша пайда болады. П. көсемдер мен қаһармандарға ғана тән артықшылық емес, керісінше «пассионарлардың көпшілігі тобырдың, топтық нақ ішінде болады» - деп жазды өз еңбегінде Л. Гумилев.

ПОСТМОДЕРНИЗМ - дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» ұғымының нақты бір қатаң анықтамасы жоқ. П. термині 1917 ж. бастап қолданысқа енгенмен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 ж. басталды. XX ғ. архитектурадағы стиль атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеумет.-экономикалық, технологиялық және саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Франц. философ, П.Ж. Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің негізінде П. термин-ұғым статусына ие болды. Ол П. туралы пікір-таласты философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдігін жоққа шығарып, орталықсыздандыру принципін орнықтырды. Философияда П. онтология мүмкіндіктерінің сарқылғандығын түсіну ретінде қалыптасады. П-тік эстетиканың принциптері лабиринт пен ризома болып табылады. П. - Батыста индустриалдық қоғамның ор-нына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне айналды.

ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ - структурализмнің екінші толқыны, структурализмді сынаумен байланысты және оның алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. П-нің өкілдері - Ж. Деррида, Делез, Бодрийар, Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко т.б. П. басты міндеттерінің бірі - логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі тіл билігін және билік тілін айқындау. Деррида метафизиканы деконструкция арқылы, яғни мәтіндегі жүйеден тыс, маргиналдық элементтердің маңыздылығын көрсету арқылы жеңуге болады деп санайды. Ғылыми айналымға, осыған дейін тек тұрмыстық тілде қолданылған, сөздер мен ұғымдар енгізіледі, бірақ оларға бұрынғы мән-мағынаны толықтыратын және шектейтін жаңа мазмұн беріледі. Мәтін интерпретациясы - бұл мөтінге тікелей қатысы жоқ нәрсені түсіну. П. үшін адамды сипаттайтын негізгі катего-рия тілек болып табылады.

ПСИХОАНАЛИЗ - XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым 3. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған қүмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бүл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін элементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығарм. қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығарм. фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды.

СИМУЛАКРУМ (лат. simulare - жалған, өтірік, жасанды) - бұл термин түрлі мағынада қолданылады. Платон философиясында С. - көшірменің көшірмесі, бейнелегеннің бейнесі деген мағынада қолданылады. С. - ойдан шығарылған, қолдан жасалған, яғни нақты шындықтағы затқа «үш қайнаса сорпасы қосылмайтындай» бөлек нәрсе деп анықталады. Бұл С.-ның репрезентативті моделі, яғни көшірмеде көшірме жасалған зат идеясының өзінің референт ретінде болуын талап ететін модель. С.-ның екінші мағынасын, немесе репрезентативті емес моделін Ж. Бодрийар, Ж. Делез және Ж.Дерриданың еңбектерінде кездестіреміз.

СИНКРЕТИЗМ (грек. synkretismos - біріктіру) - «жігі ашылмаған», «біте қайнасқан» деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болмасын құбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дол сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелінбеген, дербестелінбегендігін байқаймыз. С.-нің мәнін миф., мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект-объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған өлемнен бөліп-жарып қарамауы т.б. С. көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным-сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі - архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер «алғашқы қауымдық С.» деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында қоғамдық өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен, бір-бірімен етене тығыз байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүниетанымындағы С. көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анимизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады. Қазірде бұл терминмен эстетика, өнертану, мәдениеттану саласында әр түрлі өнер түрлерінің элементтерінің бірлестігі айқындалады.

СТРУКТУРАЛИЗМ (лат. structura — құрылым, байланыс, рет) — XX ғасырдың 20 ж-нан бастап гуманитарлық білімдер (лингвистика, әдебиеттану, тарих, этнография және т.б.) саласында қалыптасып келе жатқан бағыт. Бұл бағыттың ерекшелігі оның құрылымдық тәсілді, модельдеуді, семиотика элементтерін пайдалануында жатыр. С.-ның зерттеу нысанасы - белгілер жүйесінен құрастырылған мәдениет (тіл, ғылым, өнер, мифология, салт-дәстүр, мода, жарнама және т.б.). Бұл бағыттың С. деп аталу себебі де оның мәдениеттің түрлі салаларындағы құрылымдарды тауып және суреттеу мақсатымен тікелей байланысты. СУБЛИМАЦИЯ (лат. sublimo - көкке көтеру, биіктету, жоғары қою) — мәдениеттануға психологиядан 3.Фрейд еңбектерінің ықпалының нәтижесінде енген термин. Психологияда С. деп инстинктивті энергия түрлерінің қоғам мен жеке тұлғаның қажеттіліктеріне жарамды процеске айналуы арқылы қақтығысты, жанжалды болдырмайтын психологиялық қалқан механизмін айтады. Психоанализ бойынша, С.-ның түр көріністерін либидоның (жыныстық энергия, жыныстық қозудың) шығармашылық процессіне айналуынан; өткір тілділіктен; шиеленіскен жағдайды әзіл-сықақпен, ойын-күлкімен бәсеңсітуден және т.б. байқауға болады. 3.Фрейд діни жөн-жоралардың, медени институттардың пайда болуын қалыптасуын және дамуын С арқылы қарастырып, талдайды. С термин ғылыми айналымға 1900 ж. 3.Фрейд енгізгенімен де, оған дейін де С. идеясының болғандығын байқауға болады.

ТАБУ (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу») - алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын. Т.-да екі ұғым - киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Т. белгілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қолданылады. Т. туралы терең теориялық ізденістер аз болғандықтан оның қолданыс аясы анықтала қойған жоқ. Дегенмен де Т.-ді діни-моральдық тыйым салу түрлерінен ажырата білген дұрыс, өйткені аталған соңғылары адамзат мәдениетінде кейінірек пайда болған күрделі қүрылымды ұғымдар. Т.-ланған әрекеттер мен заттар туралы Дж. Фрейзердің («Золотая ветвь») шығармасынан көптеген мысалдар табуға болады. Фрейзер дін мен сиқырды (магияны) бір-біріне қарама-қарсы қойып, Т.-ды магияның теріс пішіні ретінде түсіндіреді. Т. туралы психоталдаудан көп мәлімет жинақтауға болады. 3.Фрейд өзінің «Тотем және табу» атты еңбегінде Т.-дан көсемге деген екіұшты (амбивалентті) қатынасты: бір жағынан, көсемді қастерлеп, табынуды, екінші жағынан, іштей қызғану, жек көруді, бейсаналы түрде ұнатпауды байқаймыз дейді. Әлеуметтік антропология тұрғысынан (Малиновский, Радклифф-Браун және т.б.) Т.-ды әлеуметтік бақылау мен қадағалау рөлін атқаратын құрал деп қарастырады. Т. қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрлері бар. Т.-ды бұзған адам қатты жазаланатын болғандықтан оны еш нәрсеге, еш жағдайға қарамай орындауға тырысатын болған. Қазақ мәдениетіндегі кездесетін ата-ене, қайынаға, қайын, қайын сіңілілердің атын атамау, отты, ошақты аттамау, белгілі киелі жануар түрлерін қорғау т.б. Т.-лар қазақ халқының көне тотемистік, анимистік көзқарастарынан сыр тартады. Қазақ мәдениетіндегі тыйым салу жан-жоралғылары туралы Ш. Уәлихановтың шығармаларынан көп мағлүмат алынады.

ТЕКСТОЛОГИЯ (лат. textum— мата, киім, байланыс, өрме, грек. logos - ілім) - филология, әдебиеттану, тарих және мәдениеттануға көмекші пән. Ол жазба мұраларының ең көнелерін жинақтап, басын біріктіріп, жариялаумен, әдебиет пен фольклорды зерттеумен айналысады. Т. көне мәтіндерді атрибуциялау, яғни олардың қай тарихи дөуірге тиесілі екендігін және қай авторға тиеселі екендігін анықтау ісімен қатар сол мәтіндердің мазмұнын талдап талқылайды.

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ (ағылш. tolerancе - тезімділік, көнбістік) - басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғүрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.Т. - адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Т. - қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.

ФАУСТЫҚ МӘДЕНИЕТ - неміс мәдениеттанушысы О. Шпенглер енгізген ұғым. Оның «Еуропаның ақыры» («Закат Европы») атты шығармасында мәдениеттің бірінен кейін бірі келіп отыратын екі түрлі құрылымы жайында сөз болады. Оларды О.Шпенглер апполондық және фаустық деп атайды. Қазіргі заманда өзінің рухани-шығармашылық мүмкіншілігін сарп етіп, өлі өркениеттілік күйіне өтіп бара жатқан батыстық мәдениетті О.Шпенглер Ф.м. деп анықтайды. Өйткені европалық мәдениеттің берілген шекараны мойындамай, қол жеткізген нәтижесіне көңілі толмай, таңсық әлемді шексіз игеруді мақсат тұтқан рухы Гетенің шығармасындағы жаны тыныштық таппай безілдеген Фаусты еске салады. Сондықтан да О.Шпенглер европалық мәдениеттің рухани рәмізі ретінде Фауст бейнесін алып, оны Ф.м. деп айтады. Ф.м. түсіну үшін оның апполондық мәдениеттен айырмашылығын анықтау керек. Антикалық «апполондық мәдениеттен» Ф.м. өзінің шексіз шалғайға, түпсіз түңғиыққа талпынысымен, экспансивтілігімен (жаңа территорияларды жаулау ықыласымен), әлемді қайта құруға қүштар шығармашылық рухымен, табиғатқа өктемдік жасауға бейімділігімен ерекшеленеді. Билік және реттілік - Ф.м.-тің мақсаты. Білім арқылы әлемнің сырын ашуға болатын болса, «білім-күш» деп, оны өктемдік ету құралы мақсатында дамыту ісі еуропалықтардың ашқан жаңалығы.

6.3.2 Қысқаша дәрістер

Дәріс сабақтардың тезистері
Мәдениет ұғымы және оның мәні.

Қазақ тіліне бұл терминін арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюлық) деп анықтауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) бұл сөздің ағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерда мәдениет сөзі «білім беру», «даму», қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі замандағы сөздіктерде мәдениетке төендегідей анықтамалар берідген: а) мәдениет – белгілі б3р халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.); б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі ( сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) агро-мәдениет ( дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).

Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғартуға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғаш рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер- анамен, оны өңдеп- баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау- бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие.

Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктері «жетілдіру», оның ішінде ақыл- ойды, ақыл- ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл- ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдық қана емес екндігі айқындалып, ендігіні жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер –махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді.


Мәдениет адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет және дін.

Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес икемдігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер – махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді. Адма өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адам бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігіне емес, оның Құдайға-ғаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.

Канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюеннің айтуы бойынша, мәселенің түп-төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан көрінеді.

М. Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процесін тіклей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да, дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. Ол 60-жылдардың басында-ақ адамзат тарихындағы мәдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын. Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз – тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, теледидар және т.б. «Мәселенің бәрі – ақпарат құралдарында!» - бұл Маклюэннің осы аттас еңбегінде айтылған негізгі тезисі.

Шындығында, тіл – бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлейміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көптүрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген «социолекттілерге» бөліп-бөліп жібереді. Осы «социолекттілерді» М. Бахтин «әлеуметтік-идеологиялық тіл», «айтылған сөз» деп, Р. Барт «жазу типі» деп атайды.

Адамның бірде-бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйкені ой принципті түрде тамамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адамның рухани әлемінде өзіндік өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым-қатынас барысында тілді бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көп дауыстылықтан, көп мағыналықтан тұрады. Сөз ендігі жерде, тек бір нәрсені білдіріп қана қоймайды, сөздің өзіндік «иісі» тіпті өзіндік «дәмі» де бар.

Адамдар қарым-қатынасының әмбе-баб құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашан да адамдар сұқпатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Белгілілік шығармашылық және ол шығармашылықтың мазмұнын тікелей қарым-қатынас сұқпат негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

Жалпы, ұғыну мәселесі ХХ ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек те болады. Осы мәселеге сонау Ф. Шлейермахерден, В. Дильтейден бастап М. Хайдеггер, Х.Г.Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көз-қарастарды қарастырып өткен жөн. В. Дильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В. Дильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминалогия бойынша, «рухани ғылымдардың» өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру деп білді. Сондықтан да ол өзінің негізгі еңбегін тікелей рухани ғылымдармен жартылыстану ғылымдарының қарама-қайшылығына негіздеп, «Рухани ғылымдарға кіріспе» (1883) деп атады.

Рухани ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының ерекшелігі олардың зерттеу объектілерінің өзгешелігімен ғана байланысты емес, сонымен қатар ол ғылымдарының таным тәсілімен де, тәжірибе үлгісімен де байланысты. Табиғаттың белгілі бір мақсаты жоқ және ешқандай мағыналық құрылымы жоқ болып келеді. Жаратылыстану ғылымдарында табиғат – таным объектісі ретінде ақыл-ойды және еркі бар адамға қарама-қарсы тұр, өйткені, адам үшін табиғат қашан да «сыртқы әлем», «сыртқы» тәжірибенің материалы. Ал енді гуманитарлық ілімдер, немесе «рух туралы ілімдерде» адамның өзі таным субъектісі бола тұра өзін-өзі яғни адамды зерттейді. Сондықтан, бұл жерде объекті мен субъектінің бір болуын біріне-бірінің дәл келуін байқаймыз. Осы тұста В. Дильдей өзінің шығармаларының орталық мәселесін – адамның, субъектінің өзін-өзі түсіну, өзін-өзі танымдық объекті ету мүмкіндігі туралы жайды көтереді. Бір сөзбен айтатын болсақ, жалпы, гуманитарлық ілімдердің болымыстық мүмкіншілігн зертейді.

Адамды түсіну үшін оның дүние танымын, көз-қарасын, идеалдарын яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге-көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі.

Жаратылыстану ғылымдары зерттейтін пәніне көзімен көріп, қолымен ұстап «сыртқы» әлемнен сыртқы тәжірибе арқылы жететін болса, рухани ғылымдарға бұған қарама-қарсы тәсілмен әрекет ету керек. Рухани әлемді тек «эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субъектінің орнына өзіңді қойып, соған айналу арқылы – бір сөзбен айтсақ, ұғыну арқылы танимыз. Жаратылыстану немесе нақты ғылымдар өз фактілерін өздері түсіндіретін болса, ал рухани ғылмдарды түсіну, ұғыну керек. Оларды суреттеп, мазмұндап беру мүмкін емес, оларды түсіну керек. Әркім өз санасынан өткізіп, өз жеке басымен сезіну керек.

М.Бахтин таным объектісі – шындықты екі қатарда қарастыруға болады дейді: Табиғаттың таным субъектісінен тысқары жатқан объективті процестерінің қатары және адам туралы, немесе таным субъектісі туралы қатарға бөлуге болады. Олардың біріншісі «әлем туралы ой» болатын болса, екіншісі – «әлемдегі ой» болып табылады. Біріншісін тануда түсіндіру қажет, ал соңғысында түсіну қажет. «Түсіндіруге бір сана, бір субъект қатынасты, ал түсіну үшін ең кемінде, екі сана қажет. Объектіге деген сұқпаттық қатынас болуы мүмкін емес, сондықтан түсіндіруге сұқпатқа орын жоқ. Ал ұғыну, түсіну қандай да бір мөлшерде сұқпатты қажет етеді».

Гуманитарлық ілімдердің негізгі тәсілі – түсінудің, ұғынудың сұқпаттылығы қазіргі герменевтикада өзінің жалғасын тауып отыр. Алдымызда жатқан, бізге берілген тексті түсінудің, ұғынудың қажеттілігі бізге, интерпретаторға, талдаушыға, осы текст сұрақ қояды дегенді білдіреді. Сондықтан ұғыну интерпретаторға қойылған сұрақпен тікелей байланыста жүріп отырады. Тексті түсіну, әлгі қойылған сұрақты түсіну.

Гуманитарлық танымның объектісі – текст (жазбаша текст болсын, ауызша текст болсын). Мұндағы текст деп отырғанымыз өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір түрі, өзіңді «ойлай білетін субстанция» ретінде табу жолы. Тіпті Құдайдың өзі де алғашқыда өзін сөз арқылы табады. «Бастапқыда сөз болған ... » Адамның өзін-өзі табу, өзін-өзі басқаға жеткізу құралы ретінде іс-әрекетті, қылықты да айтуға болады. Іс-әрекет, қылық та өзіндік текст ретінде түсіндіріле алады. «Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол өз уақытының сұқпатық контексі арқылы ғана түсіндіріледі».

Текст (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреуге бағышталған әрі сол бағышталғандығыен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дұниесімен қатар өзіндік көзқарасы, дүниетаным шеңбері бар. Әлемде бірдей ойлайтын, бірдей түсіп, бірдей ұғынатын екі адамды кездестіре алмайсыз. Әлем дегеніміх әрқашан түрлі дауыстар, түрлі тсініктер, түрлі сана-сезімдер полифониясы.

Х.Г.Гадамер ұғыну мәселесіне келгенде текст, немесе сұрақ көкжиегінің басымдылығына көңіл аударуды талап етеді. Тексті түсіну. Сұрақты түсіну дегеніміз зертттеуші мен зерттелушінің көзқарасының біріне-бірінің қосылуын, бірігуін білдіреді. Ал М.Бахтин үшін бірігудің міндетті еместігін көреміз, ең бастысы – тәуелсіз екі көзқарас шеңберінің кездесуі, сұхбаты болса болғаны. Зерттеуші өзінің ізденіс объектісінің қарайтын айнасы, айнадағы бейнесі болып қалай, текстінің жаңа мәнін туғызатын белсенді қатынасушысы, шығармашыл бастамасы болу керек. «Жекелеген жалғыз сөйлем, сөз, ой болуы мүмкін емес. Оның алдында да артында да көптеген сөйлемдер, сөздер, ойлар, қоршауы тұр.

Бірде-бір сөйлем не соңғы не алғашқы бола алмайды. Ол - әрқашан бір тізбектің байланысатын бір бөлігі ретінде ғана қарастырылуы мүмкін.

Үлкен уақытта барлық мәдениеттер бір- бірімен коян- қолтық араласа, бірін-бірі айқындай, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Мәдениетті талқылау, түсіну принципті түрде ашық, аяқталмаған,тәмәмдалған процесс Сондықтан да гуманитарлық ілімдер, әсіресе мәдениеттанудың өзі табанды түрде аяқталмаған. Оның таным ақпараты да үйеленіп, тиянақты жетілмеген, сондықтан болар, оның терминдерінің жылжымалылығы, таным- тәсілінің қатаң сақталынбауы, нақтылықтың аздығы және т.с.с...

Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ісденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады.

Фрейдтің және т.б. концепциялары соның куәсі. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтаушысы деп бір ауыздан қолдап отыр». Бүгінде тіл негізгі коммуникативті құрал ғана емес, адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феоменология, экзистенциялизм, антикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.с.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарым- қатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін мететіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60 жылдар аралығында қарым- қатынас, коммуникация мәселесін жан-жақты зерттелген бірден- бір сала – осы лингвистика.


Мәдениеттің түрлері: дін, өнер, мораль, ғылым, құқық, саясат

Мәдениет-әрбір халықтың ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап, електеп өткізіп жинақталған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері арқылы өзін әлемге паш етіп отырады.

Мәдениеттің түрлері: дін, құқық, өнер, саясат, ғылым, мораль.

Адамның мәдени қызметтерінің барлық түрлерінің ішінде діннің маңызы орасан зор.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет