-Кейбір амалдар мен әрекеттерді оқушылар өз бетімен орындайды; -Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады; -Оқушылардың шығармашылық белсенділігі дамиды; -Не істеу керектігін мұғалім айтып тұрады ал оқушы дереу орындайды (барлық тапсырманы мезгілінде орындаған оқушы үлгермеушілерге көмектеседі); -Топ оқушыларынан толықтай жауап алу; -Мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушылардың білім деңгейін анықтай алады; -Үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі болады; -Дарынды оқушыға өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіншілік болады; -Мұғалім тапсырма дұрыстығын сол мезетте тексере алады. Сабақты зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындата отырып өткізу арқылы оқушы бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға мүмкіншілік артады: -Білім,білік дағдыларын арттыру; -Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру; -Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;