Орфография және пунктуация мәселелері



бет7/8
Дата08.06.2018
өлшемі0,6 Mb.
#41648
1   2   3   4   5   6   7   8

Фонетикалық заңдар тілдің дыбыстық материясының қызметі мен дамуының заңдылықтары. Олар дыбыстық бірліктердің тұрақтылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу процесінде болып отыратын құбылыстарды, аллофондық түрленулерді (варианттарды), дыбыстардың сөз құрамындағы позициялық алмасуларын тілдің дыбыстық материясының қызметіндегі заңдылыктар арқылы түсіндіруге болады. Аллофондық түрленулер көрші дыбыстардың әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.


  • Мысалы, қазақ тіліндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі (ерінбеу-ерімбеу, сөзшең-сөшшең). Тіл дыбыстарының даму заңдылықтарына сай дыбыстардың қалыптасқан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялық өзгерістердің тарихи тұрақтануынын нәтижесі болып табылады.

  • Мысалы: соқ – согым – сойу, семіз – семір, көз – көр, сөз – сөйле. «Фонетикалык заңдар» ұғымын тіл біліміне жас грамматиктер енгізген. Олар Фонетикалық заңдарды бір тілдің диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын әр түрлі кезеңіндегі (синхрондық күйіндегі) дыбыстардың үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы деп есептеген. Фонетикалық өзгерістер тұрақты зандылықтар нәтижесінде болып отырады. Бірқатар фонетикалық өзгерістердің себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай — маңлай, көңіл – кеуіл, шоқ – чоқ, Шідерті – Шідерлі, Өлеңті – Өлеңді, Бұқтырма – Бүқтарма). Фонетикалық заңдардың барлық тілдерге тән түрлері де, тек белгілі бір туыс тілдерге тән түрлері де болады.

«Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары – сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі» [1, 7] – десек, сол тіл өзге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Ондай сөздер халықтың «қара қазанында» (айту машығы, артикуляциясы деген мағынада) қайта қорытылып, азды-көпті дыбыстық өзгерістерге ұшырап тұрады. Дыбыстық өзгерістер әр түрлі болуы мүмкін. Кірме сөздің құрамындағы кей жат дыбыстар төл дыбыстармен алмастырылып, кейбір дыбыстар, ара-тұра буындар аласталып, керісінше, енді бір дыбыстар мен буындар жамалып айтылуы заңды. Сөйтіп сөз сапалық та, сандық та өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер төл сөздерде де болып жатады.

Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндай өзгерістердің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, эпитеза, редукция, абсорбция, синкопа, гаплология, эпентеза, метатеза, апакопа, элизия т.б. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

Протеза (грек. prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін, тілдің табиғатымен үйлестіру үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лоқ-лоқ, лүп-лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дыбыстардын басталмайды [3, 103].

Ы: лаж, лай, лас, лашын, лау («Ылау деп, үй деп дікілдеп» Абай), рас, рақат, разы, рай, рақмет, рақым, радио, разъезд, ранг, рапсодия, рация.



І: леген, лекер, леп, рәсуа, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регресс, редукция, рельс, республика, Ресей.

Ұ: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.

Ү: Рүстем, үрөл (роль).

Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, өз алдына буын болып тұрады. Протезаны ескермеу өлеңге үлкен нұқсан болар еді.  

Күрс етті кеп тау шыңын

Жібергендей ылақтырып.

Құйды бір кез жаңбырын,

Ашуы оның шарт сынып. [4, 39]

Жел қарғиды қарағайдан секіріп,

Соның ілебі бұтақтардың дірілі.

Тынып бір сәт жатты ұйықтап кекілік,

Тек құлақта бұлақтардың гүрілі. [4, 41]

Суаттың суы мол емес,

Суылдай берер құрақтар.

Ойыны бейне төбелес,

Алысады ылақтар. [4, 34]

Сырбай Мәуленовтің бұл өлең шумақтарындағы протеза жақсы қолданылған. Ылақтырып, ілебі, ылақтар деген сөздер айтылу барысында лебі, лақытырып, лақтар деген сөздерге бір күш, ауырлық түсіріп тұрғандай айтылады.

Эпентеза (гр. tpenthesis – қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), көпене (копна), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы [3, 103].

Ай сәулесі көрінеді кестедей

Нәзік саусақ біздің қыздар тоқыған.

Алтын атырап күмбез болып көшкендей

Жарқ-жұрқ еткен тырактордың отынан. [4, 41]

Орыс тілінен енген трактор деген сөздегі дауыссыз дыбыстардың арасына ы дауысты дыбысы қыстырылып тұр. Негізінен өзге тілдегі кей сөздерді қазақ тіліне ұқсатып баламалап айту қазақ халқына тән қасиет. Бұл мысал соның айғағы болса керек.

Редукция (лат. reductio – қайта оралу, кейін ысыру) бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі. Редукцияға ұшырайтын да қысаң дауыстылар.

Қазақ тіл білімінде әдетте, редукцияға орны (орын-ы), ерні (ерін-і), мұрны (мұрын-ы), қарны (қарын-ы) сияқты сөздердің құрамындағы қысаң дауыстылардың түсіп қалуын жатқызады [2, 361].  

Қос қанатын дүр сілкіп,

Жан-жағына қаранып.

Садақ мойнын иілтіп,

Сылаң қағып таранып. [4, 46] 

Сырбай Мәуленовтің «Аққу» өлеңінде мойынын деген сөздің ы дауысты дыбысының көмескеленуі арқылы мойнын деп редукцияға түсіп тұр. Сөздердің арасында тек оқылу барысында дауыс ырғағының өзгеруі байқалады.

Диэреза (гр. diairesis – ажырау, бөліну) – айтуға ыңғайлы болу үшін жеке дыбысты немесе буынды ығыстыру, шығарып тастау.

Орфография бойынша сс, лл, мм, тт, ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда түбірдегі соңғы дауыссыз түсіріліп жазылады: прогреске, класқа, металы, грамы, текстер, тресіне, поезға т.б.

Қазбек, сан таулардан асқақ қарап,

Шатырың құдіретті жайып қанат.

Жарқырап тұр жүзінен нұр төгіліп,

Бұлттан да әрі асып монастырың. [4, 238]

Бұл өлең жолдарында монастырь деген сөзге –ың қосымшасы жалғанғанда түбірдегі соңғы ь жіңішкелік белгісі түсіріліп монастырың деп жазылған. Сөздердің арасында аса айырмашылық байқалмайды.

Апокопа (гр. apokope – шолтию) – сөздің соңындағы дыбыстың түсіп қалуы. Орыс тілінен енген: алимент (алименты), газет (газета), консерв (консервы), минут (минута), пар (пара), секунд (секунда), шахмат (шахматы), шпал (шпалы) сияқты сөздердің соңындағы екпінсіз дауысты түсіп қалған [3, 104].

Бардың сен жауған оққа да,

Бардың сен жауған отқа да.

Палуандай белді буып ап,

Түстің сен жиын, топқа да. [4, 40]

Құп болып барлық айтқаның,

Естің сен қызыл желдей боп.

Алған бір беттен қайтпадың,

Тасыған мұзды селдей боп. [4, 41]

Күрс етті кеп тау шыңын

Жібергендей лақтырып.

Құйды бір кез жаңбырын,

Ашуы оның шырт сынып. [4, 39]

Қоңыраулы өзен,

Қоңыр кеш,

Көк шымылдық ашылған.

Мөлдір кеш, нәзік со бір кеш,

Бардай-ақ сыры жасырған. [4, 48]

Құзардан құламалы аттан салып,

Со бір су құз қайнардан жатқан ағып,

Кей кезде көкпеңбек боп мөлдірейді,

Құйылған көк шыныдай тақталанып. [4, 49]

Мұндай құбылыс батыс тілдерінде жиі кездеседі. Орыс тіліндегі чтобы-ның орнына чтоб деу де осыған жатады. Аз да болса, қазақ тілінде де апокопа ұшырасатындығы жоғардағы өлең жолдарындағы ап (алып), боп (болып), кеп (келіп), со (сол) сөздері дәлел болса керек.

Метатеза (гр. metathesis – орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы.

Қазақ тілінде қатар келген пк, пқ дыбыстары кп, қп түрде орындарын ауыстырып айтылады:

тепкі текпі

тепкішек текпішек

түпкір түкпір

әпке әкпе

әпкел әкпел

әпкіш әкпіш

Бұлар осылай айтуда да, жазуда да жарысып жүреді. Ал өкпе (өпке), қақпа (қапқа), қақпан (қапқан) осылай қалыптасқан. Әдеби тілдегі лағынет, нағылет те метатезаның ісі.

Жақпарлы құздар жаңғырып,

Дауылмен бірге дауыстап.

Көзіңнің жауын алдырып,

Әдейі қашып алыстап; [4, 45]

 

Түн қанаты түскенінде судырлап,



Жатсаң жерге құлақ қойып тың тыңдап,

Үн толқыны шыңға соғып шыңылдап,

Қайта айналып тіл қатқандай сыбырлап,

Түн қанаты түскенінде судырлап. [4, 42]
Жел еседі делебесі қозғандай,

Бұлт бетіне бір өлеңді жазғандай,

Келіншек тау көк орманын көтеріп,

Көрінеді маған қолын созғандай. [4, 43]

Бұл өлең жолдарында жақпарлы, судырлап, делебесі деген сөздер жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты пайда болған сөздер. Батыста солай қолданылса солтүстікте көбіне қатпарлы, саудырап, делбезесі деген сөздер қолданылып, метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналатындығы байқалып тұр.

Эпитеза протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңында қосылуы.

Мысалы: қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте), тұпа-тұра (тұп-тура), немесе сазай (саза), тақтай (тақта), мүлдем (мүлде).

 Шығуына шексіз-шетсіз егіннің



Мол болғаны қандай жақсы жеріңнің.

Ұша берсең, ұшы-қиыры көрінбес

Кең болғаны қандай жақсы көгіңнің! [4, 43]

Ұшы-қиыры деген сөз бен ұш-қиыр деген сөздің арасында мағыналық ерекшелік онша сезілмейді, тек оқылу барысында интонациялық өзгеріс анық байқалады.

Элизия (лат. elisio – ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы.

  • Мысалы: қарала (қара ала), сарала (сары ала), торала (торы ала), алалмады (ала алмады), айталмады (айта алмады), жоғаріл (жоғары іл), жақсөнер (жақсы өнер), жақсөлөң (жақсы өлең), жыйырмалты (жиырма алты), екайғыр (екі айғыр), мынадам (мына адам), алешкі (ала ешкі). Мұны контактілі элизия дейміз. Ал осы уақытқа дейін редукция түрінде танып келген орны (орын-ы), ерні (ерін-і), мұрны (мұрын-ы), қарны (қарын-ы) сияқты құбылысты контактісіз элизия дейміз. Өйткені екінші буындағы (орын, ерін, мұрын) дауыстының түсуі тек қосымшаның басындағы дауыстымен байланысты болып келеді [3, 105].

Көк жүзінде дөңгелеген кептердей,

Сүттей аппақ жарқырайды жазғы ай.

Аспан беті ашық жатқан дәптердей,

Ал жұлдыздар соған түсен жазудай. [4, 42]

Не деп қана айта аларсың құс тілін,

Күннің көзі шашқанында ұшқынын,

Көктем келіп қуғанында құс күнін,

Бүкіл дала өзгерткенде түс-түгін,

Не деп қана айта аларсың құс тілін. [4, 42]

Көбіне элизия айтылу барысында дауыс ырғағы арқылы жасалатындығына көз жеткіздік. Осы өлең жолдарындағы жазғы ай, айта аларсың деген сөздер оқылу немесе айтылу барысында жазғай, айталарсың деп ы, а дауысты дыбыстарының түсіріліп қалуы арқылы жасалады.

Гаплология (гр. haploos – жеке, жай – логия) – сөз ішіндегі біркелкі (ұқсас) буындардың бірінің түсіп қалуы.

Мысалы: балдар (ба-ла-лар), арластыр (а-ра-лас-тыр), минералогия (минералология), трагикомедия (трагикокомедия).

Әуені жаңғырығып алты қырдан,

Ұшқандай қанат байлап ән тұғырдан.

Жоңғардың қақпасының қоңыр желі

Көтеріп әкеткендей қолтығыңнан. [4, 44]

Ұмытпан Сыр жағасын,

Жаста өскен мекенім.

Бір кеудемде ағасың

Торғайменен екеуің. [4,46]

Әкеткендей деген сөз алып кеткендей деген сөздің, ұмытпан деген сөз ұмытпайм деген сөздің гаплологиялық өзгеріске түсуі арқылы жасалған. Сөздердің аражігі бір-бірінен алшақтамаған.

Сырбай Мәуленовтің жыр жолдарында тек қана жоғарда көрсетілген троп түрлері ғана емес, өзге сөз ішіндегі дыбыстар мен буындардың түсіп қалуын әр қырынан қарастыратын түрлері де кездеседі. 

1. Метатезаға ұшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде


Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөзге айналған: уақ

Ш мен қ дыбыстарының орын алмасуынан балшық (балшақ, а/ы


Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы байқалады: үшпақ -

Метатезалық варианттардың барлығы бірдей мағыналық немесе стильдік тұрғыдан айқын


Айналсоқта-айналқоста жыпқыл-жықпыл
Алпарыс-арпалыс кежеге-кегеже*
әлеуетті -әулетті кәпкір-кәкпір
әпке-әкпе күбжеңде-күжбеңде
әпкел-әкпел күдері-көдіре
әпкіш-әкпіш құптан-қүтпан
бастығырыл-бастырығыл қақсит-қасқит
бопса-боспа* қыруар-қырауыр
былжыра-жылбыра мегзе-мезге
дария-дайра* моқал-молақ*
долана -донала* нысап-ынсап
дорба-добра* сыпатта-ыспатта
дөрекі-дөкір шуалшын-шылаушын
жалаңаш-жаңалаш шыбжалақта-шыжбалақта
жалау-аужал шыбжыңда-шыжбыңда
Әдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңарының біріне артықшылық беріп..
Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1 Сыздықова Р. Сөз сазы (Сөзді дұрыс айту нормалары). Алматы, 1983.

2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 2-басылымы. Алматы, 1987.

3 Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1993.

4 Мәуленов С. Өлеңдер, поэмалар, балладалар, аудармалар. Алматы, 2010.
№6 дәріс. Қазақ орфографиясының негізі принциптері: морфологиялық, фонетикалық, тарихи-дәстүрлік ұстаным.

Дәріс мақсаты: Орфография жайында түсінік беру, қазақ орфографиясының негізгі принциптерін сипаттау. 

Сұрақтар:

1. Орфография туралы түсінік

2. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері.

3. Кейбір емле ережелері.

Орфография (грек. орфо – дұрыс, графо – жазамын) - дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.

Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.

Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі-бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады. 

Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі немесе одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (латын prinzipium - негіз, бастау) негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет.

Көптеген т-ң емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. принциптер (Р.Сыздықова). Ал С.Мырзабеков бұған қоса дифференциалдаушы принципті қосады. 

Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады. 

Фонематикалық принципке дыбыстың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмей, негізгі фонематикалық түрі (мәні) сақталып жазылуы жатады.

Фонетикалық принципі бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар айтылуынша жазылады. 

Тарихи-дәстүрлі принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.

Қазақ емлесінің кейбір мәселелері жайында.

Орфографияның ережелері мынадай мәселелерді қамтиды: 

1. Кейбір дыбыстың жазылуы 

2. Түбір сөздің және қосымшалардың жазылуы

3. Сөздің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы

4. Шылаулар мен одағайлардың жазылуы

5. Бас әріптің қолданылуы 

6. Сөздерді тасымалдау

Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген дыбыстар дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптер мен дауыссыз х, у дыбысын таңбалайтын әріптің емлесі. 

Ә әріпі орфографиялық ереже бойынша сөздің екінші, үшінші, соңғы буындарда жазылмайды, бірақ алдындағы буындағы жіңішке дауыстының әсерімен келесі буындағы жуан а дыбысы ә болып жіңішке айтылатын сәттерде қай әріпті жазу қиындық келтіреді. Мысалы, тәкаппар, кітап сияқты сөздерді тәкәббар, кітәп деп те айтамыз. Әдетте орфография нормалары мен орфоэпия нормалары барлық сәттерде бір-біріне сай түсе бермейді. 
Сөз ортасында не соңында келген екі дауыссыздың арасына қысаң ы, і дауыстыларын салмай шұғыл айтылуы мен араларына ы, і дыбыстарын қатыстырып және соларды анық қосып айту жазуға да әсерін тигізеді. Мысалы, жарқ-жұрқ етті дегендегі жарқ пен шамның сәулесі жарық екен дегендегі жарық сөзінің айтылуы бірдей емес. Сондықтан жазылуы да екі түрлі. Осы сияқты жапырақ, қоңырау, құбылыс, үкімет деген сөздердің орталарындағы дауыссыздар кілт, шұғыл айтылмайтындықтан араларына ы, і әріптерді қойып жазылады. Тек жазылуы қалыптасып кеткен, яғни сахна сөзінде ы, і жазылмайды. 

Сөздің соңғы буынындағы екі дауыссыздың арасындағы ы, і әріптерінің жазылуы немесе түсуі бір граммат-қ құбылысқа байланысты. Көптеген тілдерде сөз тұлғасы өзгергеннен кейін дауысты дыбыстың сусып түсіп қалу құбылысы бар қазақ тілінде де соңғы буындырында қысаңдары бар бірқатар сөздерді тәуелдегенде, олардың соңғы қысаң дыбыстар сусып түсіп кетеді: халық+ы – халқы. Бұл заңдылықтың ы, і дыбыстарының үнді р, л дыбыстары мен қатаң қ, к дыбыстарының аралығында келген жағдайда ғана байқалады. Ал қалған жағдайларда түрде олар сақталып жазылады: жұлын+ы, ойын+ы. 

Р дыбысынан басталатын бірқатар сөздердің басында ы, і әріптері жазылады да, бірқатарында жазылмайды. Бұл сөздердің саны аса көп емес, сондықтан сөздіктен қарап жазуға болады. Егер сөз басында р дыбысынан кейін ы, і дауыстыларынан басқа дауыстылар келсе, ы, і әріптері жазылмайды. Ал р дыбысынан кейін ы, і дыбыстары келсе, олар сөз басында да жазылады: ырым, іріту. Ій, ый дыбыстарынан жалаң и мен сол сияқты үу, ұу дыбыстарынан жалаң у таңбасымен беру оқыту ісінде, мыс, сөздерді буынға бөлуде қиындық келтіретіні айтылып жүр. Тіл табиғатына қарасақ, қиын, қуыс, қиық деген сөздер дұрысында қы-йын, құ-уыс болып буындалуы керек, ал қазір жазылуына қарап шартты түрде қи-ын, қу-ыс деп буындап, соған қарай тасымалдап жүрміз.

Дауыссыздардың ішінде х әріпінің қазақ сөздерінде негізінен араб, парсы тілінен енген сөздерде жазылуына өте ұқыпты қарау керек. Не морфологиялық не фонетикалық принципке сай келмесе де, бірсыпыра сөздерде х әрпі жазылып, дәстүрге айналып кетті: хат, хабар, мұхит, сахна.

Ерекше есте болатын жағдай – араб, парсы тілдерінен енген көптеген сөздерде х әрпін жазудан сақ болу қажет.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Қазақ орфогрфиясының негізгі принциптері қандай?

2. Қазақ емлесі қандай мәселелерді қамтиды?

3. Қандай сөздердің жазылуы қиындық келтіреді?

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2005.

2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.

3. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000

4. Р. Сыздықова. Емле және тыныс белгілері. Алматы: Рауан, 1996.

5. С.Мырзабеков. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991.


7 дәріс.

Орфографиялық сөздіктерге шолу. Қабылданған емле ережелері тарихына қысқаша шолу. «Қазақ тілі орфографиялық сөздіктерінің» өңделіп, толықтырылып басылған басылымдары.

Дәріс мақсаты: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» соңғы басылымындағы өзгерістермен таныстыру.



Сұрақтар:
1. Қазақ тілінің соңғы орфографиялық сөздігі, ондағы өзгерістер мен толықтырулар.
2. Интернационалдық терминдердің қазақша баламалары 
3. Бірге жазылатын сөздерге байланысты өзгерістер

4. Жалқы есімдерге байланысты өзгерістер


1. Орфографиялық сөздікте 1983 жылы ресми түрде бекітілген «Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелерінің» ең соңғы редакцияланған нұсқасы негізге алынды. Орфографиялық ережелердің аталмыш редакцияланған нұсқасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік терминология комиссиясында бекітілді (2006 ж.), сондықтан ол жазу нормаларын заңдастыруда басшылыққа алынатын нормативті құжат деп есептеледі. 


1. Сөздіктің сөзтізбесіне лексикалық, стильдік мағынасы жаңа едәуір сөз қосылды: Мысалы: сүтсірне (сыр), үкіметбасы, елорда, телім (участок), жасуша, дернәсіл (биол), айқұлақ (электронды мекенжайдағы таңба), тутұғыр, үлдір (пленка), хауыз, лаңкес (террорист), оқылым, оралман, тұсаукесер т.б. 
2. Бұрын сөздікке енбеген, бірақ әдеби тілдің сөздік қорында бар қылауыш (кисть), қылсап (тіс щеткасы), алпауыт (олигарх), пайшерік (көмекші, қызметші), қылкүпек (мал ауруы), буылдық (өс), т.б. сөздерге сөздікте орын берілді.

3. Соңғы сыңарлары –аралық, -нама, -тану, -хана, -жай, сондай-ақ бірінші сыңары әсіре-, көп- тәрізді бейдерек мағынадағы сөздермен келген атаулардың қатарына едәуір сөз қосылды: ғарышаралық, заңнама, жұлдызнама, емдәмтану, зертхана, жағажай, әсіреұлтшыл, көпдеңгейлі, көпбалалы, мұражай, әсіремемлекетшіл т.б.

4. Бұрын қолданылып келген кірме сөздердің қазақша баламалары берілді: Пайыз (процент), шәкіл (шкала), автодоғару (автопарковка), төлқұжат (паспорт), қолтабақ ( поднос), айлақ (порт), тақта (плита), емдәм (диета), түржинақ (ассортимент), ақуыз (белок), дәкетаңғыш (бинт), мойынтақ (галстук), әлеует (потенциал), күнпарақ (календарь), дәйексөз (цитата). Әдеби норма ретінде қазақша баламасы пайдаланылатын болғандықтан, олардың шеттілдік нұсқасы Сөздіктен алынып тасталды.
5. Бұрын бөлек жазылып келген ботаника, зоология терминдерінің бірінші сыңары түс атауларымен келетін немесе бір сыңары қой, сиыр, түйе, қоян, ат, аю, бөрі, ағаш, шөп, от, тікен, гүл, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт сияқты жалпы атаулар болып келетін өсімдік, аң-құс атаулары бірге жазылады. Мысалы: ақбидай, көкпияз, қараторғай, қызылқайың, ақтиін, ақшабақ, қараләйлек, сужылан, суықторғай, таскене, тасторғай, майсораң, майзығыр, қойбүлдірген, аюбалдырған, т.б.

6. Ауызекі тіл арқылы игерілген кірме сөздердің жазылуы көрсетілді: Мәйкі, бәнкі, соды, пәлте, кепкі, кәлөш, стансы, штангі, шұрып, шопыр, мәшине т.б. 


7. Тірек сөзінің тіркесімдік қабілеті төмен болғандықтан, бірге жазылатын тіркесті сөздердің жазылуы көрсетілді: Қолорамал, беторамал, асқасық, шайқасық, қолсағат, қолайна, желдиірмен будиірмен т.б. 
8. Алдыңғы сыңары бір сөзімен, сондай-ақ –ым, -ім жұрнағымен келген ұлттық өлшем атаулары бірге жазылды: Біркөш, біруыс, бірсалым, аспісірім, көзкөрім, етасым, атшаптырым т.б. 

9. -лық, -лік, -шылық, -шілік, -лы, -лі жұрнақтары арқылы бірге жазылатын сөздердің қатары көбейді: Бұғышаруашылық, малшаруашылық, жантүршігерлік, жатжерлік, адамсүйгіштік, ашатұяқты, сүтқоректі, көпшілікқолды, ауырдәулетті т.б. 

10. Соңғы жылдары қолданыс жиілігі артып отырған, бас әріппен жазылатын кейбір жалқы есімдердің емлесі көрсетілді: Алла, Құдай, Хақ, Құран, Тәурат, Інжіл, Елбасы, Наурыз, Қаршағыз т.б.

11. Әдебиеттер мен мектеп оқулықтарында жиі кездесетін, жазылуы қиын кейбір ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары, сондай-ақ тұрақты эпитетпен, титулмен, құрметті атақпен келген жалқы есімдердің емлесі көрсетілді: Ер Төстік, Қожанасыр, Әз Жәнібек, Қаздауысты Қазыбек би, Бабатүкті Шашты Әзіз т.б. 

12. Бұрын бөлек жазылып келген бірқатар тіркес біріккен сөз ретінде қосылып жазылды: Қолбала, қансонар, бойжету, ержету, бойұру, т.б. 
13. Бір жаңа ұғымды білдіретін атау сөз іспеттес бірсыпыра тіркестер де біріккен сөз түрінде тұлғаланды: Ойтүрткі, ойтолғақ, алмаағаш, кестежіп, аяқмәшине, бормәшине, ішбүлгін, тастабақ, ауызүй, басқосу, т.б. 
14. Құрал-жабдықтардың қазақша аттары техникалық атаулар ретінде қосылып жазылды: Ақаутапқы, әуетозаңдатқыш, бензоқұйғыш, дәнсепкіш, жылутартқыш, т.б.

15. Ерғашты (болу),жолсоқты (болып шаршау), пышақкесті (тыйылу), қағазбасты (болу), жүрекжарды (хабар) сияқты сөздер бұрын бейнелі тіркес ретінде бөлек жазылып келсе, енді біріккен сөз ретінде қосылып жазылуы ұсынылды. 


Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Қазақ орфографиясының соңғы ережелері қашан бектілді? 

2. Сөздіктің сөзтізбесіне қандай жаңа сөздер қосылды?

3. Қандай сөздер бірге жазылатын болды?

4. Қандай жалқы есімдердің жазылуында өзгерістер бар?

Ұсынылған әдебиеттер: 

1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2005.

2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.

3. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000

4. Р. Сыздықова. Емле және тыныс белгілері. Алматы: Рауан, 1996.

5. С.Мырзабеков. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991.



№8 дәріс. Дауысты дыбыстардың жазылуы. Кейбір дауыссыздардың жазылуы. Әріптер емлесі.

Дәріс мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесімен таныстыру.
Сұрақтар:

1. Дауысты дыбыстардың жазылуы: а, е, о, ө, ұ, ү, ы, і әріптерінің емлесі, «у» әрпінің қызметі.

2. Ы, і, «йы», «йі» дыбыстарына біткен етістіктерге қосымшалардың жалғануы.

3. Кейбір дауыссыздардың жазылуы: б, г, в, д, ф, х, ч, ц, щ, һ т.б. әріптердің емлесі.

4. Қос дауыссыздар емлесі. Ь,ъ таңбаларының жазылу емлесі.

1. а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың, ал е, и, у, ю, я әр-рі йо, ый, ій, ұу, үу, йұу, йүу, йа деген қосынды дауыстылардың да (мыс: қи, ки, қиын, су, шумақ, аю, якорь), кірме сөздерде жалаң дауыстылардың да таңбасы ретінде (мыс. слет, кино, бюджет, отряд) жұмсалады.

2. а, е, ы, і әріптері сөз-ң барлық буындарында жазылады. Мыс: ал, қала, шағала, ер, ересек, ыс, қатысты, іс, білімді.

ЕСКЕРТУ: а) Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбыстарының ортасында келген а дыбысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады, бірақ а әрпі жазылады. Мыс: шай, жай т.б.

ә) Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын ә дыбысының орнына аәрпі жазылады: ләззат (айтылуы ләззәт), рәсуа (рәсуә), Фәрида (Фәридә), тәкаппар (тәкәппар).

3. и әрпі мынандай орындарда жазылады:

а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и дыбысының және қазақ тілінде қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и әрпі қолданылады. Мыс: иіс, иін, имек, ине, Иманбай, тиін, тиын;

ә) я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады. Мыс: тақия, дария, Әсия, қию, жаю.


ЕСКЕРТУ: қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде (оларға қосымша жалғанғанда) жазылады. Мыс: сыйлық, сыйлау, тыю, тыйым.
б) йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің –и жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мыс: байы+й+ды - байиды (байыйды, баиды емес) мойы+й+ды - мойиды (мойыйды, мойды емес)

в) и дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың –у жұрнағы –ю түрінде, көсемшенің –а жұрнағы –я түрінде жазылады. Мыс: и –ию (иу емес), ки-кию (киу емес), жи-жияды (жиады емес).

4. у әрпі мынандай орындарда жазылады:

а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының сондай-ақ, ұу, үу дыбыс тіркесінің және дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. Мыс: су, гуіл, у, руль, уәде, тулады.

ә) ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың у жұр-ғы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады, Мыс: оқы-оқу, тоқы-тоқу, суы-суу.

б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың у жұрнағы жалғанғанда, оның түбірі өзгертілмей жазылады. Мыс: сау-сауу, бу-буу, ау-ауу, жу-жуу.

5. ю әрпі мынандай орындарда жазылады:

а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+ұ+у, й+ү+у дыбыстарының орнына қолданылады. Мыс: аю, ою


ә) орыс тілінен енген сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін де жазылады. Мыс: бюджет, полюс, люкс.
ЕСКЕРТУ: айуан, айуанат, хайуан, хайуанат деген сөздер осындай таңбалағандай жазылады.

2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы.

6. ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады. Мыс: жаңа, аң, таң, ағартушы.
7. ф, ц, ч, щ орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мыс: физика, кафе, кофе, чек, очерк.

ЕСКЕРТУ: щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген сөздерде ғана жазылады. Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде және одағайларда жазылады: Фәрида, Фәтима, саф, фәни.

8. й әрпі қысаң ы, і дыбыстарынан басқа (тый, сый сөздерін қоспағанда) дауысты дыбыстардан кейін жазылады: ой, ай, кей, құй, магний, калий.

9. х әрпі мынандай орындарда қолданылады: 

а) орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мыс: химия, хлор.

ә) араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалпы, жалқы есімдерде жазылады: хал, хат, халық, тарих.

10. һ дыбысы естілген орындарда жазылады. Мыс: қаһарман, қаһарлы, еһе, Гауһар.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Дауысты дыбыс әріптерінің жазылуын сипатта
2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің жазылуын сипатта
Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2005.

2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.

3. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000

4. С.Мырзабеков. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991.

5. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002.


№9 дәріс. Түбір сөздердің жазылу емлесі. Қосымшалардың жазылуы.

Дәріс мақсаты: Түбір сөздердің жазылу ережелеріне, қосымшалардың жазылу ережелеріне тоқталу.

Сұрақтар: 



1. Түбір сөздердің жазылу емлесі. Көп буынды түбір сөздердің жазылуы, орыс тілінен енген, орыс тілі арқылы енген сөздердің, термин сөздердің жазылуы. Араб, парсы, татар, өзбек т.б. тілдерден енген сөздердің емлесі.

2. Қосымшалардың жазылуы: қосымшалардың негізінен буын үндестігі бойынша жалғанатындығы, фамилия жасайтын қосымшалардың –ев / -ева, -ина жазылуы және олардан кейін жазылатын қосымшалардың емлесі. Кейбір қосымшалардың жазылу емлесі.


1. Түбір сөздердің жазылуы.

1. Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай, негізгі тұлғалары сақталып жазылады. Мыс: ала ат (алат емес), барып па екен(барыппекен емес).

2. Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы негізінен орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады: вагон, кредит, банк.

Ескерту: сс, лл, мм, кк, тт сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады: металл- металдар, грамм–грамы, Донбасс – Донбастан. Соңғы дауысты дыбысын түсіріп қалыптасқан газет, минут, гранат, цифр, координат сияқты он шақты сөзден басқа кірме сөздерде соңғы а дыбысы түсірілмей қолданылады және солай жазылады: оптика, кантата, капсула, тирада.

3. араб, парсы тілдерінен енген сөздер негізінен қазақша дыбысталып өзгерген күйінде жазылады. Мыс: әділ, амал, пейіл.

Кірме араб сөздерінің ішінде екі-үш түрлі мағынаны білдіру үшін, тұлғасын сәл өзгертіп қалыптастырғандары сол екі-үш вариантта жазылады. Мыс: үкімет-өкімет, хабар және ақпар, қазына – қазине, қазір - әзір, ғылым - ілім.

Араб, парсы тілдерінен енген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат қоюына байланысты сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: Хасан, Хасен, Зәуре, Зура, Зухра, Бәтима, Фәтима, Пәтима, Қали, Ғали, Әли, Әлі, Жүсіп, Түсіп, Омар, Ғұмар т.б.

1. Сөздер жазылуда айтылуы ескерілмей, түбірін сақтап жазылады: ақ лақ (ағ лак емес), ала ат (алат емес), келе алмайды (келе алмайды емес), қашса (қашша емес), ушсақ (ұшшаң емес), көк ешкі (көгешкі емес), ашсын (ашшын емес), айтып бол (айтып пол емес).

2. Орыс тілінен кірген сөздердің тілде қалыптасқан қалпында жазылатындары бар: самауыр, бәтеңке, минөт, газет, сиса, теңге, бәтес, сот т. б.

3. Араб, парсы тілдерінен кірген сөздер тілде өзгеріп қалыптасқан қалпында жазылады: Фатима, Бәтима, Патима, Ғали, Әли, К,али, Әлі т. б.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Тасымал, дұрыс тасымалдау жолдары.

2. Тасымалданбайтын сөздер.

3. Түбір сөздердің жазылуы.



2. Қосымшалардың жазылуы.

1. Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын үндестігі бойынша, я жуан, я жіңішке болып жалғанады: мұғалім-ге, пленум-да.

Ескерту: Күнә, кінә, шүбә, іңкәр, күмән, Күләш, Күләй сияқты соңғы буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады, тек барыс, жатыс, шығыс жалғауы мен етістік тудыратын –ла жұрнағы жуан айтылып, жуан жалғанады, мысалы, күнәсіз, күнәлі (бірақ күнәға, кінәлау), куәсі, куәлік (бірақ куәға), Күләштің (бірақ Күләшқа).

2. Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, лк, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне және ог, уг дыбыстарына біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады: митингіде, полкке, пункттерді, педагогтік, округке.

Ескерту: Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздер мен соңғы буынында ё, э дыбыстары бар сөздерге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады: рульдер, ролі, актерге, дуэті.

3. –ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Әділбаевқа (бай – жуан), Әділбековке (бек – жіңішке) 


4. ауыл, дауыс сияқты бірен-саран сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, айтылу ыңғайына қарай соңғы буындағы ы, і әріптері түсіріліп те, түсірілмей жазыла береді. 

5. п, х дыбыстарына аяқталған кірме сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: принцип – принципі, альманах-альманахы.

6. нд, мп, кт, нг, нк, мб, ск, фт сияқты дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар ы, і дәнекері арқылы қосылады: шрифт-і-ге, штамп-ы-лау, ромб-ы-ныңі.

7. ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздер түбір күйінде еш өзгеріссіз жазылады да, оларға қосымша жалғанғанда түбірдегі соңғы дауыссыз түсіріліп жазылады: трест - треске, ведомость – ведомосқа.


8. Бас әріптерден қысқарған сөздер тек қана дауыссыз дыбыстардан тұрса, оларға қосымшалар соңғы әрпінің жуан я жіңішке айтылуына қарай үндесіп, я жуан, я жіңішке болып жалғанып, дефис арқылы жазылады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа. Ал араларында немесе соңында дауысты дыбыс әріптер тұрса, қосымша сол дыбысқа үндесіп, жуан не жіңішке болып дефис арқылы жазылады. Мысалы: ЮНЕСКО-ның, НАТО-ға, БҰҰ-ның.
9. Тырнақшаға алынған сөздерге жалғанатын қосымшалар тырнақшаның ішіне жазылады. Мысалы: «Абай жолын» оқыдым.
Қосымшалардың емлесі.

Қосымшалар түбір сөздің соңынан келіп, сөзбен бірге жазылады: аспанда, үйге, әлемді, сәнмен, қаладан ауылда т. б.

Қосымшалар сөзге үндестік заңы бойынша сөздің соңғы буыны мен дыбысына үндесе жалғанады: кітап + та, қағаз + ды, әлем + де, қызмет + кер, жұмыс + шы, бетеге-боз + ды, бетбұрыс + қа т. б.

Ескерту: 1) Бірлі-жарым сөздің алдынан қосылатын қосымшалар бар: ма + қрұм, на + разы, бей + шара, би + саясат т. б.

2) Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: а) үнемі жіңішке түрде жалғанып, жіңішке жазылатын қосымшалар: -нікі, -дікі, -тікі; қаланікі, аспаптікі, қолдікі; -би, -бей: бисаясат, бейшара; -мен, -бен, -пен: қаламмен, кітаппен, қызбен; -гер, -кер: дауагер, даугер, қызметкер; -еке, -ке: Асеке, Жұмеке; б) үнемі жуан түрде жалғанып, жуан жазылатын қосымшалар: -дар: діндар; -тал: сезімтал, өсімтал; -тай: әкетай, көкетай; -тар: кіріптар; -паз: өнерпаз, әсемпаз;

3.      Сөз қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталып, оларға дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда, бұл дыбыстар ұянданып, ғ, г, б әріптерімен жазылады: қазық + ы — қазығы, тілек + і — тілегі, мектеп + і —
мектебі, сабақ + ы — сабағы, күрек + і — күрегі, себеп + і — себебі т. б.

4. Тырнақшамен жазылатын сөздерге, атауларға қосымша тырнақшаның ішінде жазылады: М.Әуезовтың «Абай  жолында»  даналық  сөздер  үлгісі  өте  мол.  С. Мұқановтың «Ботагөзін» оқы. Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлкесін» талдадық.

5. Бас әріптен қысқарған сөздерге қосымша дефис арқылы жазылады: ҚазМПУ-діқ студенттері, ҚазМУ-де оқимыз т. б. АКДІ-тық азаматы.

6. Цифрмен жазылған сан атауларына қосымша дефис арқылы жазылады: 60-тарда (алпыстарда), 7-8-де, 10-нан (оннан) астам, 100-деген (жүздеген).

7. Реттік сан есім цифрмен жазылса, одан соң дефис қойылады, цифрдан кейінгі дефис реттік сан есімнің -ншы/-нші, -ыншы/-інші жұрнағын білдіреді. Мысалы 10-үй (оныншы үй), 10 үй (он үй), 35-пәтер (отыз бесінші пәтер), 35 пәтер (отыз бес пәтер).

Орыс тілінен кірген сөздерге қосымшаның жазылуы. Орыс тілінен кірген сөздерге қосымша негізінде сөздің соңғы буынының әуеніне қарай, буын үндестігі бойынша жалғанады: олимпиада + лық, планета + лық, президент + ке, радист + ке, режиссер + лік т. б.

Сонымен бірге қазақ тілінің заңдылығына сай келе бермйтін жағдайлар да өте көп, олар: жіңішкелік белгіге, сөздің бірнеше дауыссыз дыбыстардың тіркесіне аяқталуына, қазақ тілінде сөздің соңында қолданылмайтын дыбыстарға сөздің аяқталуына байланысты т. б. орыс тілінің ерекшелігінен туатын жағдайлармен байланысты сөзге қосымшаның өзіндік ерекшеліктері бар.

 

Жіңішкелік (ь) белгіге аяқталған сөзге қосымшаның жазылуы.

Сөз жіңішкелік (ь) белгіге аяқталып, оған дауыссыздан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгі сөзде жазылады: гастроль-ға, секретарь-ды, монастырь-дан, лагерь-де, спираль-дық т. б.

Сөз жіңішкелік белгіге аяқталып, оған дауыстыдан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік (ь) белгі сөзде жазылмайды: модель-і — моделі, секретарь + ы — секретары т. б.

Шылау сөздердің емлесі.

1.      Шылау сөздер өзі тіркесетін сөзінен соң келіп  тіркесіп, олардан бөлек жазылады: сен үшін, бұдан соң, Асан да, Сәуле мен Сайран, Дәулет пен Самал, үйге дейін, күзге таман, жүз шақты, мық қаралы, үшке шейін


т. б.

Бір топ шылаулар дефис арқылы жазылады: ақ, ау, ай, мыс, міс, ды, ді, сынды: жақсы-ақ, қалқам-ау, айна-лайын-ау, айтыпты-мыс, білген-ді, айтқан-ды, Аман-гелді-сынды батыр т. б.

Кейбір шылаулар тұлғасын өзгертіп, түбірмен бірге жазылатын кездері де бар, олар түбір мен қосымшаның ортасына түскенде, кейде түбірден сон да, түбірмен бірге жазылады. Мұндай шылауларға сұрау шылауы ма/ме және соқ шылауы жатады: келесің бе? келемісің? барасың ба? барамысық?, білесің бе? (білемісіқ?, барғасын) (барған соң, келгесін) келген соң.

 

№10 дәріс. Бөлек жазылатын сөздер: күрделі терминдердің, күрделі етістіктердің, кейбір бірнеше компоненттен құралған сөздердің емлесі.



Бірге жазылатын сөздердің емлесі: біріккен сөздер емлесі, ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге ие кейбір атаулардың бірге жазылуы.

Дәріс мақсаты: Бөлек жазылатын сөздермен таныстыру. Бірге жазылатын сөздердің емлесіне тоқталу.

Сұрақтар: 

1. Бөлек жазылатын сөздер: күрделі терминдердің, күрделі етістіктердің, кейбір бірнеше компоненттен құралған сөздердің емлесі.

1. Күрделі атаулардың жазылуы.

2. Сөз тіркестерінің жазылуы.

3. Күрделі сөздердің жазылуы.

2. Бірге жазылатын сөздердің емлесі: біріккен сөздер емлесі, ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге ие кейбір атаулардың бірге жазылуы.

1. Есімдіктердің бірге жазылуы.

2. Ботаникалық, зоологиялық терминдердің бірге жазылуы.

3. Географиялық атаулардың бірге жазылуы.

4. Кісі аттарының бірге жазылуы.

1. Бөлек жазылатын сөздер.

1. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, мекеме, ұйым) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мыс: Қазақстан Республикасы, Ғылым академиясы.


2. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін кімге, неге арналғанын немен жұмыс істейтінін және өзге заттардың ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады. Мыс: ат қора, қой қора, ұл бала.
Ескерту: Анықтаушы, анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық, кірсабын, ішкиім, кіреберіс, шығаберіс, қолайна, қолара, т.б. 
3. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мыс: он бір, жүз он жеті, жетпіс төрт.

4. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мыс: жаза бр, жазып отыра бер, баж етті.

5. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады: қызмет ету, жұмыс қылу.

6. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мыс: ат салысты, қырғи қабақ болу.

Ескерту: а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі –ты,-ті, -ды, -ді қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе –па, -пе, -ба, -бе қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу),баукеспе (ұры).
ә) О баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады: ақсақал, атқамінер, ойтолғақ, ойтүрткі, көзқарас.
б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады: ержүрек, ержүректік, ақниет, дүниеқоңыз, ақкөңіл, жанпида, алақол т.б. 

1. Күрделі атаулардың (мемлекет, облыс, аудан, мекеме, ұйым, ірі уақиға аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Қазақстан республикасы, Президент кабинеті, Қазақстан республикасының Президенті, Орта Азия, Кіші Азия, Америка Құрама Штаттары.

2. Сөз тіркестері, идиомалық, фразалық тіркестердің әр сездері бөлек жазылады: үлкен бөлме, ит өлген жер, тонның ішкі бауындай, адым жер, қозы көш жер т. б.

3. Күрделі зат есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі сан есімдер, күрделі етістіктер, құранды етістіктер, күрделі үстеулер мен шылаулар бөлек жазылады: асықты жілік, қызыл ала, он бес, кіріп шық, қызмет қыл, ертеден қара кешке, сондықтан да т. б.

Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

Тіркесті сөздер әр түрлі сөз табынан жасалады.

Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: бала бақша, нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?

Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: сары ала, көк бурыл, күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?

Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?

Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?

Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?

Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Күрделі атаулар қалай жазылады?

2. Сөз тіркестері қалай жазылады?

3. Күрделі сөздер қалай жазылады?

2. Бірге жазылатын сөздердің емлесі.

1. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей бірге жазылады. Мыс: әркім, әрдайым, әлдеқашан, кейбір, бірсыпыра, бірқыдыру.

Ескерту: Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады: бір кезде, еш адам, қай заман, әр күні.

2. Екі кейде үш түбірден құралған аң, құс, жан-жануарлар, құрт-құмырсқа атаулары түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады: қосаяқ, бірқазан, тасбақа, құрбақа.

1) Бірінші сыңары ақ, қара, сұр, ала, боз деген түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік аттары және қой, сиыр, бота, ат, қоян, аю, бөрі немесе ит, құм, су, бал деген жалпы атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айырылған сөздер тіркесі болып келген терминдер қосылып жазылады:алақоржын, қарақұйрық, аққайың, қотырқайың, итбүлдірген, убидайық, балқоға.

Ескерту: Ақ, қара, қоңыр, қызыл сияқты сын есімдер, аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қызыл бұрыш.

2) Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер немесе әр түрлі есім сөздер, екінші сыңары ағаш, шөп, гүл, тікен, құс, балық, тауық, жидек, жеміс сияқты жалпы атаулар болып келетін тіркестер қосылып жазылады: қараторғай, қарағаш, қарабидай, қызылбалық, қаракүйе, сарағаш, сужапырақ т.б.

3. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер немесе бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авио, екінші сыңары қазақ сөздері болып келген сөздер бірге жазылады. Мыс: халықаралық, абайтану, шешенсымақ, аэрошана, изосызық.

Ескерту: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады. 

4. Екі кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар негізінен түбірі сақталып бірге жазылады. Мыс: Досжан, Мергенбай. 


Алдыңғы сыңары дауысты дыбысқа аяқталып, екіншісі дауыстыдан басталатын кейбір жалқы есімдердегі қатар келетін екі дауыстының бірі түсіріліп жазылады: Қожахмет, Сарөзек, Сарарқа, Сарағаш.
Ескерту: а) Адам аттарының ішінде бек, хан, мырза, әлі, сияқты сөздермен жасалған есімдердің сыңарлары да әрдайым бірігіп жазылады: Құлмамбет, Бекмұхамбет. Соңғы кездерде байқалғандай жалқы есімдердің сыңарларын ажыратып жазу (Мырза Әлі, Бек Мұхамбет) тәжірибесі дұрыс емес. 

ә) екі түбірден құралған бірқатар кісі аттары түбір тұлғалары өзгеріп біріккен түрінде жазылады. Мысалы: Дәметкен, Ұлмекен, Ұлбосын.


б) екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары екі түбірдің үндесу ыңғайына қараай да жазылады: алдыңғы түбір қатаң дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Мысалы: Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сйітқұл, Аққыз; алдыңғы түбір дауысты дыбыс пен ұяң, үндіге аяқталғанда, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылса, ғ, г әріптері жазылады. Мысалы: Амангелді, Нұргелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенғұл, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз. Ал қатаң түрде айтылса, қ, к әріптері жазылады. Мысалы: Әбілқайыр, Әбдіқадыр, Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;

в) Қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден жасалаған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, олардың не алдынан, не ортасынан ы, і әріптерінің бірі жазылады: Ысқақ (Сқақ емес), Ырза (Рза емес), Ырсалды (Рсалды емес), Сымахан, Сыланов.

Біріккен сөздер бірге жазылады: 1) Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтамай, бір-бірімен жымдасып кеткен кіріккен сөздер бірге жазылады: бүгін (бүл күн), биыл (бұл йыл) (жыл), әкет (алып кет), апар (алып бар), білезік (білек жүзігі), әкел (алып кел), сөйтіп (солай етіп), күндіз (күннің жүзі), қайны (қайын іні), кекілдірік (кекілге ілдірік) т. б.

Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтап біріккен сөздер бірге жазылады: қоянжел, жыланкөз, көкдәрі, қылтамақ, түйетабан, ұлтабар, шоқайна, қонақжай т. б. Біріккен сөздердің бұл тобына түрлі саладағы сөздер жатады: а) ғылымның түрлі салаларына байланысты терминдер: көпбұрыш, шикізат, оттегі, келіссөз, сутегі; ә) жан-жануар, өсімдік атаулары: алақұрт, ақшұнақ, қосаяқ; б) құрал-сайман, ойын, тұрмыстық, жабдық атаулары: шаңсорғыш, еттартқыш, төсек жапқыш, беташар, ақсүйек т. б.; в) бірінші кейде  2-сыңары еш, әр, кей, әлде, бір, қай, қайсы сөздерінен болған біріккен сөздер: ешкім, әркім, әлдеқалай, кейбір, қайсыбір т. б.; г) екінші сыңары аралық, тану, сымақ сөздері болатын біріккен сездер: халықаралық, өлкетану, батырсымақ; д) бірінші сыңары авто, авиа, агро, фото, электро, радио, кино, гидро, танс, инфра, ультра, изо, гипер сөздері болған біріккен сөздер: автошеберхана, авиомектеп, агроөнеркәсіп, фотокөрме, электрометр, радиоөнер, киноактер, гидрофизика, трансформатор, инфракүлгін, ультрадыбыс, изосызық, гипержазықтық.

Біріккен сөзден жасалған кісі аттары, жер-су, тау атаулары, қалалардың аттары, жалпы географиялық атаулар бірге жазылады: Ақтоқты, Ботагөз, Бауыржан, Ақмола, Жезқазган, Екібастуз, Алатау, Алакөл, Сабын-дыкөл т. б.

Ескерту: 1) Кейбір кісі аттарының қүрамындағы сыңарлар айтылуда өзгеріп қалыптасқан қалпында жазы-лады: Ботагөз, Дәметкен, Торайгыр, К,ожахмет т. б. 2) Екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кісі аттарының бірінші сыңары дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға аяқталғанда, қ, к дыбыстары айтылуда ұяңдаса ғ, г әріптерімен жазылады: Қарагөз, Нұргелді, Нұрқожа, Нурғиса, Айғыз. Егер мұндай сөздердің екінші сыңарындағы қ, к дыбыстары айтылуда қатаң қалпын сақтаса, онда қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Әбілқасым, Әбілқайыр, Нұрикамал, Әбдіқадыр, Құсниқамар т. б.; 3) Кісі аттары екі дауыссыздың тіркесінен басталмайды. Мұндай кісі аттарында екі дауыссыздың алдынан, не екеуінің арасынан ы, і әріптері қосылып жазылады: Ысқақ, Ысмайл, Сымайыл, Сымақұл, Ырзабай, Ырзыхан т. б. 4) Ұлы, қызы сөздері кісі аттарымен біріге жазылады: Асқарулы, Ахметұлы, Бауыржанұлы, Досанқызы, Құрманқызы, Шонақызы т. б.



Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Бөлек және бірге жазылатын сөздер, дефис арқылы жазылу жағдайлары.

1. Бөлек жазылатын сөзді аықтаңыз. А. Әруақытта

2. Бірге жазылатын сөзді табыңыз. С. Бір(неше)

3. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз. С. Қыз(келіншек)

4. Бірге жазылатын сөзді табыңыз. С. Бет(ашар)

5. Келіс(сөз), шаң(сорғыш) – қандай тұлғада жазылатынын көрсетіңіз. В. Бірікке сөз тұлғасында

6. Есімдік пен зат есімнің тіркесіп келге қатарын белгілеңіз. (емлесі). А. Әр адам

7. Қате жазылға сөздерді көрсетіңіз. С. Шешен сымақ

9. Қос сөздің белгісі қойылатын жерді белгілеңіз. В. Алды артына

10.Дефис белгісі қойылуға тиісті қатарды белгілеңіз. А. Ол көретін ді

11. Сөз тіркесінің дұрыс жазылу емлесін көрсетіңіз. А. Қазақстан Республикасы

12. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсетіңіз. Д. Дүние(жүзілік), бүкіл(халықтық)

13. Қосарлама қос сөзді табыңыз. Д. Алды-артына

14. Шылауы бар сөйлемді белгілеңіз. А. Амангелі сынды ерді ардақта

15. Қате жазылған сөзді табыңыз. С. Күздікүні

16. KZT6200605014 (126888) – 016 Е. Ала(жіп)

17. Қай сөзде «көк» сөзі бірге жазылатынын көрсетіңіз. Д. Көк(құтан)

18. Қай сөзде «көк» сөзі бөлек жазылатынын көрсетіңіз. Е. Көк(аспан)

19. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. В. Дүниеқор

20. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. В.Әлдекім

21. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. Е. Бозжан

22. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. С. Бүсрігүні

23. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. Д. Есенәлі

24. Бірге жазылатын сөзді табыңыз. Е. Көк(құтан), көк(жиек), қол(өнер)

25. Қай сөзде «ала» сөзінің бөлек жазылатынын көрсетіңіз. В. Ала(бөтен)

26. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз. С. Кең маңдай

27. Қай сөз бөлек жазылатынын табыңыз. В. Қызыліңір

28. Қай сөйлемде «ма» бөлек жазылатынын көрсетіңіз. А. Ол жақсы бала (ма)

29. «Еш» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз. Д. Әлде(кім)

30. «Қай» сөзінің бөлек жазылатын түрін көрсетіңіз. С. Қай(бір)

31. «Әр» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз. Е. Әр(кім)

32. Дефиссіз бөлек жазылатын шылауларды көрсетіңіз. С. Үшін, себепті, жуық

33. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз. Д. Өз ара ақылдасу, қонақ асы

34. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз. Д. Қара қыпшақ, қалам ақы

35. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз. В. Күн бағыс, түие тауық

36. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз. В. Сөз жұмбақ, алты бақан

37. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз. Халық аралық, мұра жай

38. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз. А. Су тегі, қалам ақы

39. Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз. С. Әскер басы, теле хабар

40. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз. А. Астық жинау, бел омыртқа

41. Бөлек жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз. А. Шала сауатты, мақтау қағаз

42. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз. В. 6200605045 (126919) – 043

43. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз. Д. Сан ет, ортан қол

44. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз. В. Мойын жіп, жүз шамалы

45. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз. С. Қара жаяу, бас ию

46. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз. В. Ақан сері, қол қою

47. Қате жазылған сөзді табыңыз. А. Ата меке

48. Идиомалық, фразалық тіркестердің жазылуыкөрретіңіз. С. Бөлек

49. «Сұраймысың» деген сөздегі шылауды белгілеңіз. В. Ма

50. Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөз. В. Биыл

2. 2-3 түбірден құралған ботаникалық, зоологиялық терминдер қалай жазылады?

3. 2-3 түбірден құралған географиялық таулар қалай жазылады?

4. 2-3 түбірден құралған кісі аттары қалай жазылады?

Әдебиет: 

1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2005.

2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.

3. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000

4. С.Мырзабеков. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991.

5. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002.



№11 дәріс. Дефис арқылы жазылатын сөздер: қос сөздердің дефис арқылы жазылуы, термин мәнді күрделі анықтауыштардың дефис арқылы жасалуы.

Қысқарған сөздердің жазылуы т.б.

Шылаулардың жазылуы: шылаулардың негізінен бөлек жазылатындығы, дефис арқылы жазылатын шылаулар, бірге жазылатын шылаулар, кейбір шылаулардың қосылып жазылатындығы. Одағайлардың жазылуы т.б.

1. Дефис арқылы жазылатын сөздер:

Қос сөздердің емлесі.

Қос сөздер дефис арқылы жазылады: сауыт-сайман, қыз-келіншек, бетпе-бет, үлкен-кіші, қызылды-жасылды, келе-келе, айта-айта, сәлем сауқат т. б.



1)    Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер.

Бұл қос сөздердің бірінші және екінші сыңары да түрленуі мүмкін. Бірінші сыңарына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, ды, -ді, -да, -де, -шы, -ші дәнекерлері және шығыс септік жалғауы қосылады. Ондайда дефис дәнекерлерден соң қойылады: көзбе-көз, ауызба-ауыз, жылдан-жылға, қараптан-қарап.

Екінші сыңарына шығыс, көмектес, барыс септік жалғаулары немесе -лап, -леп жұрнақтары жалғанғанда: бір-бірден, екі-екіден, бір-бірлеп.

Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздердің кейде екі сыңарына да септік жалғаулары (шығыс және барыс) жалғанғанда: жылдан-жылға, қолдан-қолға, бостан-босқа.

Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздің екі сыңарына бір жалғау жалғанғанда (олар бірде біреуіне, енді бірде екіншісіне жалғануы мүмкін): бір-бірімен – бірімен-бірі.

Бір етістіктің болымды және болымсыз түрлерінің қосарлануынан да қос сөз жасалады: келер-келместен, шығар-шықпастан.

2)    Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі арқылы жасалған қос сөздер: ертелі-кеш, жақсы-жаман, күні-түні.

3)    Екі сыңары да мағыналы қос сөздер. Олар көбінесе жинақтау мәнін білдіреді: ата-ана, мал-жан, ыдыс-аяқ, үй-жай.

4)    Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары түсініксіз қос сөздер: киім-кешек, жол-жөнекей, жүн-жұрқа.

Плеоназмдардың көпшілігі дефис арқылы жасалады:: ел-жұрт, дау-жанжал, күш-қайрат, хал-ахуал.

Екі компоненті бір-бірімен мағыналас ала-бөле, желе-жортып, қырып-жою деген сияқты етістіктер де плеонастық қатар түзіп, дефис арқылы жазылады. Бұлардың екінші сыңары әр түрлі тұлғада өзгеріп отырады. Ондай жағдайда да дефиспен жазыла береді.

Ал тұлғасы осыларға ұқсас, бірақ бірі  негізгі, екіншісі көмекші етістік болып келетін, яғни тең мағыналы емес айта сала, келе сала, көре тұра, кіре бере деген сөз тіркестері дефиссіз жазылады.

Тең мағыналы немесе қарама-қарсы мағыналы екі сөзден жасалған термин мәнді күрделі анықтауыштар дефис арқылы жазылады: оқу-ағарту, әкімшілік-басқару жұмыстары, салыстырмалы-тарихи әдіс, ғылыми-көпшілік әдебиет.

Екі сөзден тұратын мамандық, ғылыми дәреже атауының арасына дефис қойлылады: премьер-министр, акушер-гинеколог, хирург-кардиолог.

Күрделі өлшем атаулары дефис арқылы жазылады: тонна-километр, киловатт-сағат.

Екінші сыңары біріншісін айқындайтын қосалқы мүшелі күрделі атаулар дефис арқылы таңбаланады: кафе-бар, вагон-ресторан.

Араб халықтарының есімдерімен келетін әл, эль, аш, ар, аз, эд, бен сияқты элементтерден соң дефис қойылады және олар өздері кіші әріппен және өзінің алдындағы сөзден бөлек  жазылады: Әбу Насыр әл-Фараби.

Түркі, парсы тілдеріндегі оглы, заде, бей сияқты элементтер де сөздің соңына дефис арқылы жалғанып жазылады: Махмут Бульбул-оглы.

Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен арасына дефис қойылады: 7-сынып, 15-үй. Айды, жылды көрсететін цифр мен ай атын білдіретін сөз және жылы деген сөздердің арасына дефис қойылмайды: 2014 жылдың 10 тамызы.  

Дефис арқылы жазылатын екі сөзден құралған фамилиялардың екеуі де бас әріппен жазылады.

Ал сызықша мен дефисті бір-бірінен қалай ажырата аламыз? Қай жерде сызықша, қай жерде дефис қою керек?



Айналамдағы моральдық басып-жаншуларға қынжыламын (Динар Нахыпбек).

Осы мысалдағы тыныс белгісінің дұрыстығын тексеру үшін сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тауып аламыз, яғни, (мен) қынжыламын. Содан кейін сызықша не дефис екені беймәлім тыныс белгісінің екі жағында тұрған сөздерге бастауыш пен баяндауықша қатысты сұрақ қоямыз: жаншуларға (неге?) қынжыламын. Басып деген сөздің ешқандай жеке қызметі жоқ екенін байқаймыз, яғни қос сөздің сыңары ғана. Демек, бұл сөйлем Айналамдағы моральдық басып-жаншуларға қынжыламын болып жазылуы керек.

Ал сызықшаның орнына қателесіп дефис қойып қоймау үшін, дефистің екі жағында тұрған екі сөзге бір сұрақ қойып көріңіз. Егер екеуі бірігіп бір сұраққа жауап берсе – онда дефис болғаны. Ал қалай айналдырсаң да, бір сұраққа жауап бергізе алмай қойсаң – ойланып көр – мүмкін ол сызықша болуы керек шығар.

2. Қысқарған сөздердің жазылуы.

Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әр түрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т. б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т. б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т. б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т. б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40 , т. б.

6. Әр түрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т. б.

Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар медколледж, сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т. б.

Тапсырмалар:


  1. Дұрыс жазылған тіркес сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  2. Емлеге сай жазылмаған тіркес сөзді көрсетіңіз.

  3. Емлеге сай жазылмаған қысқарған сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  4. Емлеге сай жазылмаған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  5. Емлеге сай жазылған тіркес сөзді көрсетіңіз.

  6. Емлеге сай жазылған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  7. Зат есімнен жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  8. Кейбір қысқарған сөздердің қосымшасы қалай жазылатынын көрсетіңіз.

  9. Күрделі атаулардың бас әріптерінен қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  10. Сан есімнен жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  11. Сын есімнен жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  12. Сын есімнен жасалған тіркесті сөзді көрсетіңіз.

  13. Тіркес сөздер қалай жазылатынын табыңыз.

  14. Тіркесті сөз қатарын көрсетіңіз.

  15. Тіркесті сөздер қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  16. Төрт сөздің тіркесуінен жасалған күрделі сөзді көрсетіңіз.

  17. Қосымшасы дұрыс жалғанған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  18. Қосымшасы дұрыс жалғанған қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  19. Қысқарған сөз жасауға лайық қатарды белгілеңіз.

  20. Қысқарған сөз жасауға лайық қатарды белгілеңіз.

  21. Қысқарған сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  22. Қысқарған сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  23. Қысқарған сөзді көрсетіңіз.

  24. Қысқарған сөздер қалай жасалатынын белгілнңіз.

  25. Үстеуден жасалған тіркесті сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

3. Шылау сөздердің емлесі. Шылау толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.

Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.



Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:

1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.

2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін. Мысалы, орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман оралды.

3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу.

4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досымен қатар, оқумен қабат.

Септеулік шылау түрлерінің кестесі



 

Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Шығыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Көмектес септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Сайын, үшін, арқылы, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды, туралы, жайында, жөнінде, жайлы, шақты, шамалы, қаралы.

Шейін, дейін, таман, тарта, жуық, қарай, салым, таяу.

Соң, әрі, кейін, бұрын, бері, гөрі

Қатар, бірге, қабат, қоса.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет