16-16-сабақ
|
8-сынып Қазақ тілі Күні: 29.09.15ж.
|
Сабақ тақырыбы
|
Диктант «Ұстаз»
|
Жалпы мақсаттар
|
Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.
Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.
Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.
|
Оқыту нәтижелері
|
Топта белсенділік көрсетуге тырысады;
Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;
пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.
|
Негізгі идеялар
|
Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.
Жамбыл – жүз жасаған ақын.
Ол Сүйінбайдың шәкірті болған.
|
Дереккөздер,сілтемелер
|
«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 5-9 сыныптар С.С.Бралина
2011ж .
|
Ынтымақтастық атмосфера тудыру
|
Мұғалім жазбалары
|
Еркін әңгімелесу.
Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?
Ауа- райы қалай?
Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?
|
Тұсаукесер
|
Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.
Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.
Қазақ жазушылары
|
Мағынаны тану
|
Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Ұстаз
Мен Жамбылды бірінші рет қырғыз елінде көрдім. Керімсаз жайлауында бір үлкен ас болды. Оған арғы жағынан қырғыз, бергі тұстан қазақ ат құрғатпай келіп жатты. Асқа әнші, балуан, сайыскер, ақындар жиналды. Менің бұл жолғы ойым Жамбылмен жүз көрісу.
Көгорай шалғынға қатарласа тігілген көп киіз үйлер. Сол үйдің орта шеніндегі бірінде Жамбыл бар десті. Қырғыздың ақыны Қалмырза да менің алдымда сол үйге түскен екен. Үйдің іші толған адам. Босағада бас сұғар жер жоқ. Үйден домбыраның үні шығады. Қыз, бозбала, ақсақалдар да осы үйді төңіректеп жүр. Мен үйге өлеңдетіп кіріп бардым.
(86 сөз)
|
|
Жазу кезеңі
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.
|
Қосымша тапсырмалар
|
Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.
|
Ой толғаныс
|
Жамбылдың пірі кім болған?
|
|
Қайталау ережелері
Шешендік сөздерден 6 сөйлем жазып,сөйлем мүшесіне талдау
|
Бағалау
|
Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету
|