Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2016 ббк пікір жазғандар



бет24/28
Дата09.04.2018
өлшемі5,26 Mb.
#40093
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Артыкбаев Ж.О., «История Казахстана в 19 в.», 1992- 280с.

  2. Әбдуов М.І., Ер – елдің қорғаны. // Орталық Қазақстан. – 2005, №19-20.

  3. Адамбаев Б., Қазақтың шешендік сөздері:. Алматы: Ана тілі баспасы, 2006. – 160б.


Педагогика, тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері
Синтаксистік бірліктерді ірілендіріп оқыту технологиясының теориялық негіздері

ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті Cоветова Анар

Ғылыми жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Қ.Ш.Балабекова

Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін оқыту үрдісін қалай тиімді етіп ұйымдастыру керек деген мәселе—білім беру саласының басты мәселесі. Бұл мәселені шешудің жолдары ғалымдардың дәлелдеуінше, оқытудың жаңа технологиялары болып отыр. Осыған орай педагогикалық және оқыту технологияларының сипатына қысқаша тоқталамыз.

Адамзат қоғамының өмір сүру әрекетін зерттеу оқытудың өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ететін жаңа моделін жасауды қажет етеді. Модель бір-бірімен байланысты био-қоғамдық-техникалық жүйеден тұрады. Оның мақсаты — адамның қажеттілігін қамтамасыз ету, қабілеті мен ойлау мәдениетін дамыту. Адамның даму кеңістігін жасау үшін екі мәселені шешу қажет: 1) оқытудың мазмұны; 2) оқыту технологиясы. Мазмұн мен технологияның бірлігі оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасайды. Осыған орай ғалым-әдіскерлер оқу үрдісін технологияландыру, яғни оқытуды кепілді нәтиже беретін технологиялық әрекетке айналдыру мәселесін көтеруде [1,269.] Білім берудің сапасын арттыру мақсатында ғалым-әдіскерлер тарапынан бірнеше оқыту технологиялары мен әдістемелік жүйе ұсынылып, белгілі бір нәтижеге жетіп отырғанымызбен, күнделікті өмірінде сан алуан ақпаратпен қаруланып жатқан оқушыға оқу материалын қалай жеткізуге, яғни аз уақытта көп материалды игертуге бола ма , оған қай технология тиімді деген сұрақ туындайтыны заңдылық. Демек, оқушыға оқу материалын аз уақыттың ішінде игертетін, тек қана игертіп қоймай, одан іргелі білім мен дағды қалыптастыратын, олардың ойлау қабілетін, танымдық дамуын, оқуға деген қызығушылығын туғызатын технология қажет. Мұндай қажеттілік туғызып отырған технологиялардың ерекшелігі мен мүмкіншілігі қандай деген мәселеге қысқаша тоқтала кетуді жөн көрдік. Педагогикалық технология—педагогтің білім мен тәрбие беру мақсатына жетудегі бірізді әрекетінің жүйесі, педагогикалық жүйенің практикада іске асырылатын жобасы. Демек, бұл ұғымның «оқыту технологиясынан» аясы кең. Педагогикалық технология— кепілді нәтиже беретін ғылыми жоба.

«Технология» ұғымы педагогика ғылымына өндіріс аясынан енді. В.Даль: « Технология—наука техники.Техника искусство, знание, умения приемы работы и приложение их к делу»,- деп түсіндіреді. [2 ,40.] Оның алғашқы мағынасы өнімді өндіру үрдісінде шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту әдістерінің жиынтығы дегенді білдірген. Яғни технология—адамның басқаруымен техникалық құралдарды пайдалану арқылы өнім алу. Мұндағы ең маңызды мәселе —техникалық құралдар. Егер осы ұғымды педагогика тіліне аударсақ, онда адамның басқаруымен ең негізгі қызметті оқыту құралы атқаратын оқытудың тәсілі болып шығады. Мұндағы ең негізгі рөлді оқытудың материалдық құралдары атқарады да, оқытушы білім алушыларды ынталандыру, оқу әрекетін үйлестіру, ұйымдастру қызметінде көрінеді. Технология (өнер, шеберлік және ғылым)—шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін гректің сөзі. Яғни шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту дегенге саяды. Осы мағынаны негізге ала отырып В.П.Беспалько, Б,С.Блум, М.В.Кларин т.б. ғалымдар оны оқыту, білім беру үрдісіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, мынадай анықтамалар береді: «оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика—психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы, оқу үрдісін іске асырудың мазмұндық техникасы».

Демек, оқыту технологиясы— өзінің мәні жағынан тұтас дидактикалық жүйе. Ол оқу үрдісін ұйымдастыруды, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, басқару жүйесін, материалдық, психологиялық жағдайын, оқытудың тиімділігі мен нәтижесін бағалау межелерін өзгертуді талап етеді. Технология педагогикалық жүйенің процессуальды, әрекеттік жағын көрсетеді, белгілі бір философиялық, психологиялық тұжырымдарға сүйенеді. Оқыту технологиясы, ең алдымен, педагогикалық мақсат пен ұстанымдарды, білім мазмұнын іске асырудың амалы. Оның өзіне тән әдістер жүйесі, оны қамтамасыз ететін формалары, жабдықтары болады. Оған жоспарлылық (мақсатты айқындау, оқу-тәрбие үрдісін ғылыми негізде құру, материалды тиімді игертудің әдіс- тәсілдерін анықтау, оқытудың тиімділігін көтерудің жолдарын қарастыру), оқу үрдісін стандарттау, үйлестіру (жобалау, тексеру), жүйелілік, икемділік, нәтижелілік, кәсіби сапаларды қалыптастыруға бағыттылық сипаттар тән. Синтаксисті ірілендіріп оқытуға негіз болып отырған модуль-блоктік жүйе болғандықтан, модульдік технологияға кеңірек тоқталуды жөн көрдік.

Модульді технология даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені оқытудың модульді технологиясы оқушыны жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуге (мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға) үйретеді. Бұл жағдай оқушының оқу әрекетінде өзін-өзі жете түсінуіне, игерген білімінің деңгейін анықтауға, білімі мен іскерлігіндегі кемшін жерлерін байқауға мүмкіндік береді. Мұндай нәтижеге жетудің бірден-бір жолы – жекелей дамудың жолы мен әдіс-тәсілін таңдай білу. Жекелей оқыту мен саралап оқыту бір-бірінен ерекшеленеді. Даралап (жеке) оқыту саралап оқытудың мәнін, мақсатын, бағытын айқындайды. Даралап оқыту контексінде ''саралау'' ұғымы индивидтің жеке басының ерекшелігінен, сапалық қасиеттерінен шығады. ''Саралап оқыту '' ұғымы оқу жұмысын ұйымдастыру мен білім мазмұнын нақтылауда, білім алушылардың жас ерекшелігі мен ұлттық, жыныстық ерекшелігін ескерумен байланысты кең мағынада қолданылады. Даралап оқыту - студенттің оқу үдерісіндегі жеке қабілетін, жұмыс істеу мүмкіндігін есепке ала отырып, оның көрінуіне, дамуына жағдай жасау.

Қорыта келгенде, педагогикалық технология-дидактика да, тәрбие теориясы да әдістеме де емес. Педтехнологияның басты сипаты оған құрылған педагогикалық үрдістің алға қойған мақсатқа жетуге кепілдік беруі. Екінші бір ерекшелігі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінің алгоритмденуі, яғни құрылымдық өзгеріске ұшырауы. Мұндай ерекшелік дидактикада да, әдістеме ғылымында да көрсетілмейді. Оқытуға технологиялық тұрғыдан келудің мақсаты —оқу үрдісін құрылымдық жағынан қайта құру. Бұл әрекет оқытудың жалпы мақсаты мен білім берудің мазмұнын,оқытудың мақсаты мен пән мазмұнын, оқытудың мақсаты мен оқыту үрдісін (әр түрлі әдіс-тәсіл құрал-жабдықтар арқылы) бір-бірімен байланыстыра, біріктіре қарастыру. Мұндай нәтижеге жету үшін ғалым П.М.Эрдниев оқу материалын ірілендіріп ,блокпен беру технологиясын ұсынды. Ең алдымен П.М.Эрдниев оны әдістемелік жүйе ретінде қарастыра келе оның мәні мен маңызын былайша дәйектейді. « Укрупненная дидактическая единица - это клеточка учебного процесса, состоящая из логически различных элементов, обладающих в то же время информационной общностью. Укрупненная дидактическая единица (УДЕ) обладает качествами системности и целостности, устойчивостью к сохранению во времени и быстрым проявлением в памяти» [3 74.]

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру —мағыналық байланысқа негізделген және ақпаратты тұтас игеруге мүмкіндік жасайтын ұғым. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологисы арқылы оқыту қайталау сабағы емес, тілдік материалды бір сабақта басқаша құру, құрылымдық жағынан өзгерту арқылы жаңа, жүйелі, тұтас білім қалыптастыру.

Бір-бірімен байланысты бірліктерді бірге және бір уақыт кеңістігінде игерту материалды ірілендіріп беруде негізгі қызметті атқарады. Бұл технологияны П.М.Эрдниев логикалық жағынан әр түрлі , бірақ ақпараттық тұтастығы бар материалды жылдам және терең игерту үрдісі, жолы деп санады. Осыған орай бір-біріне жақын ұғымдар, мысалы, жай сөйлем, сөз тіркесі, құрмалас сөйлем (синтаксистік ұғымдар)туралы түсінік бір уақытта және тұтастықта беріледі. Яғни бір кеңістікте бір уақытта (белгілі бір кезеңде) жақындастырылып берілген оқу материалының мазмұны оқушылардың жеке-жеке игерген білімдерін тұтас жүйеге айналдырады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Т.С.Садықов, А.Е.Әбілқасымова. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2007.

2.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық. Алматы: Сөздік-словарь, 2005.-272.

3.Эрдниев П.М. Укрупнение дидактических единиц как технология обучения. –Москва. Просвещение, 1992.


Шетел тілін үйретуде инновациялық технологияны пайдалану әдістемесі

ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті Жалғасбаева Гулфайруз

Ғылыми жетекшісі: М.М. Снабекова

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту білім беру проблемаларын күрделендіріп отыр.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әртүрлі өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан-2030» стратегиясында сипатталған. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз қажет», - деп тұжырымдайды. Қазіргі таңда Білім беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелерінің бірі болуы өркениет дамуының білім беру сапасымен байланысында. «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа технологияларын енгізу мәселесі қарастырылған [1].

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қазіргі кезде көптеген реформалар жүруде және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген [2]. Сондықтан қазіргі жаһанданған өмірдің талабына, еліміздің әлеуметтік даму жағдайына сәйкес жеке тұлғаны бейімдеу мақсатында білім беруде инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану қажет етеді.

Осыған сәйкес қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютерлеу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру жолдарын қолдану бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр. Осы инновациялық технологияларды білім беруде қолдану, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, нарық саясатына жол ашылып, дүние жүзі мемлекеттерімен саяси, мәдени және экономика салаларында жан-жақты байланысқа түсуіне байланысты шетел тілінде қарым-қатынас жасау қазіргі заман талабының біріне айналып отыр. Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі жайлы көптеген педагог ғалымдар айтып өткен. Орыс ғалымы Л.В. Зенков «Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» –деп атап көрсеткен.

Осыған сай шет тілін үйретуде инновациялық технологияларды пайдаланудың да маңызы зор, өйткені Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 28.01.2011ж. Қазақстан халқына Жолдауында «... қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты .... 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деп айтып өткендей шет тілін жетік меңгерген тұлғалар санын арттыру қажет.

Сондықтан, білім алушылардың шетел тілін жетік білуін қамтамасыз ету, олардың халықаралық тілде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауын дамыту маңызды іс болып табылады. Өйткені қазіргі уақытта шет елмен қарым-қатынас Қазақстан Республикасын дамытуының бір жолы, бірақ оны жүзеге асыру үшін қазіргі уақытта қойылатын талаптарға білім алушылардың сай болуымен қамтамасыз етуіміз керек. Білім алушылар шетел тілінде сөйлеуде, тілді күнделікті өмірде еркін қолдануда қиналады. Сонымен бірге, білім алушылар шетел тілін жетік білетін, өзінің тіл біліктілігін жоғары деңгейде көрсете алатын, болатын қиындықтарды сыни тұрғыдан шеше алатын, коммуникативті қабілеті дамыған болу керек. Ал сол талаптарды жүзеге асыру үшін тіл үйретуде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жете аламыз. Шетел тілін үйретуде инновациялық технологияларды пайдаланатын болсақ білім алушыларды қазіргі заман талаптарына дайындауға болар еді. Өйткені, инновациялық технологиялардың кейбір элементтерін қолдана отырып, білім алушының шетел тілінде оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын дамытуға болады. Ал бұл тілдік дағдыларды қалыптастырып, дамыту, студенттің шет тілін жетік білуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды шетел тілін үйретуде пайдалану бұл шетел тілі сабағында білім алушылардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру жолы. Себебі, инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдері білім алушылардың өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуін қажет етеді, яғни білім алушыларды еңбекқор, шығармашыл, сыни тұрғыдан ойлай алатын, қиындықты жеңе және шеше білетін жаңа қоғамның талабына сай бәсекелі азамат дайындауға болады. Жоғарыда айтылған мәселелердің ең негізгісі-бұл білім алушылардың шетел тілін білуі, оқушының шетел тілінде еркін қарым-қатынас жасай алуы. Осыған орай шетел тілін үйретуде инновациялық технологияны пайдалану қажеттігі көрінеді, шетел тілін үйретуде инновациялық технологияны пайдалану әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу және практикалық түрде жүзеге асырып, тәжірибе сабақ барысында қолдану мақсатында инновациялық технологиялар жайлы көбірек іздендім.

Сондықтан шетел тілін үйретуде бірлестікте оқыту технологиясының әдістемесін ұйымдастыра отырып сабақ өту арқылы бұл инновациялық технологияның шетел тілінде пайдалану тиімділін анықтауды ұйғардық. Бірлестікте оқыту технологиясы шетелдік оқытушылар арасында ерекше қызығушылыққа ие және сабақтарда кеңінен қолдануда. Бұл технологияның негізгі идеясы – әртүрлі оқу жағдайларында оқушылардың бірлесе отырып оқуы. Бұл технологияны қолдана отырып шетел тілі сабағын өтудің тиімділігі - мұғалімнің тақырыпқа байланысты оқушылардың шетел тілінде қарым-қатынасқа оңай түсу жағдайын жасау және сабақта оқушылардың бірлесе отырып тілді уйренуге талпындыру болып табылады. Тәжірибеде анықталғандай оқушыларға бірлестікте оқу оңай және қызықты ғана емес, сонымен бірге тілдік біліктіліктерін көтеруде тиімді [3]. Бірлестікте оқыту - оқушылардың бірге тапсырманы орындауға негізделіп қана қоймаған, бұл технологияда оқушылар бірге оқиды, яғни оқушылардың бір-біріне көмектесу арқылы араларындағы үлгерімдік айырмашылықтар азаяды. Өйткені бірлестікте оқыту технологиясында оқушылар өздерінің қабілеттеріне байланысты оқуға мүмкіндіктері туады. Дәстүрлі сабақта қабілеті жақсы оқушы мұғалімнің түсіндіргенін тез үйрене отырып, жанындағы қабілеті төмен оқушыға өтілген таықырыпты толығымен түсінуге мүмкіндік бермейді. Ал, бірлестікте оқыту арқылы мұғалім оқушылардың әрқайсысына тақырыпты толық меңгеруге жағдай жасай алады. Е.С. Полат өз еңбегінде «Бірлестікте оқыту» технологиясын ұйымдастыру принциптерін баяндайды [4]:


  • мұғалім сабақ барысына дейін оқушыларды психологиялық және физиологилық ерекшеліктеріне байланысты бөледі, яғни күшті, орташа және төмен; қыз және ұл;

  • топқа бір тапсырма беріледі, бірақ оны орындауда оқушылардың рөлдері анықталады;

  • бір оқушының орындаған жұмысы емес жалпы топтың жұмысы бағаланады;

  • мұғалім жауап беретін оқушыны өзі таңдайды.

Мұғалім «Бірлестікте оқыту» технологиясын сабақта қолдану тиімділігі:

  • бейдәстүрлі сабағын ұйымдастыру мүмкіндігі;

  • оқушыларға оқу материалын түрлі деңгейде игерту;

  • оқушыларды шет тілінде қарым-қатынас жасай алуға қалыптастыру.

Тәжірибе барысында «Бірлестікте оқыту» технологиясын №15 мектеп-гимназиясында 8 «а» және 8 «ә» сыныптарында қолданылды және тәжірибе барысында технологияны жүзеге асыруда әр түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Шетел тілін үйретуде «Бірлестікте оқыту» технологиясын қолдануда түрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысал ретінде, сабақ барысында қолданылған «Бірлестікте оқытудың» бірнеше түрлі тапсырмасын пайдалану арқылы өтілген сабақтарымыз өте нәтижелі болды.

Оқу алдында көбінде қолданылатын әдіс ол - өтілетін тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын көтеру үшін сұрақты талқылау ұсынылған. Осы тапсырмаға қосымша келесі түрдегі жаттығуларды орындауға болады:

1. Circle of Speakers. Бұл әдісте оқушылар бірнеше тапсырма орындайды. Жаттығуды орындау кезеңдері:

a) Оқушылар екеуден, үшеуден және төртеуден топқа бөлініп, оқылатын мәтін тақырыбына байланысты өз ойларын топ арасында бір-бірімен бөліседі.

b) Оқушылар бірінші топта ой бөлісулерін аяқтағаннан кейін, өздерінің топтарынан бөлініп басқа топқа қосылады және басқа оқушылардың ойларын тыңдап, өзінің ойын қосады.

c) Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалім топтың нөмерін немесе атын және оқушыны атайды, ол оқушы өзі тыңдаған оқушылардың ойына қысқаша шолу жасай отырып, өз ойын айтады.

Circle of Speakers тапсырмасы жылдам орындалуы тиіс, бұл тапсырмаға 2-3 минуттай уақыт бөлуге болады. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың белсенді шетел тілінде ойлануын қажет етеді. С-тапсырмасын орындауда оқушылар бір-біріне түсінушілікпен қарау қасиеттері дамиды, өйткені мұғалім оқушыға топтар бойынша айтылған ойларды мазмұндап беруді сұрайтынын біле отырып әр қайсысы тақырып бойынша бір ой айтуға тырысады. Сонымен қатар топ оқушылары мәлімет беріп тұрған құрбылырын зейін қойып тыңдай отырып, айтылған ойды жеткізуде қиындық туған жағдайда көмектеседі. Осындай тапсырма түрі оқушылардың тақырыпқа байланысты қызығушылығын арттырады.

2. K-W-L .K-W-L жаттығуы әдеби емес мәтіндерді оқытуда пайдаланылады. K-W-L атауы ағылшын тілі әріптерінен құралған. Бұнда K әріпі ағылшын сөзі Know- дің бірінші әріпі, яғни ағылшынша “What students know about the topic?” сұрағынан алынған. W әріпі ағылшын Want сөзінің бірінші әріпі, for “What students want to know?” және L – Learn, for “What they learned from the reading?” мағынасын береді. Бұл әдісте оқушылар мәтінді іштен оқып тапсырманы орындайды және талқылайды. K-W-L әдісін жеке, топпен және жұппен жұмыс істей отырып орындауға болады.

Жаттығуды орындау кезеңдері:



  1. Бірінші К кезеңінде оқушылар жеке жұмыс орындай отырып оқылатын тақырып бойынша білетін мәліметтерін кестеге (кесте 1) жазып шығады. Келесі оқушылардың әрекеті ол топқа бірігіп жазылған мәліметтерін бір-бірімен бөлісе отырып, ортақ білетін мәліметтер тізімін жазады. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар K-W-L кестесін қолданады (кесте 1).

Кесте 1. K-W-L кестесі


What I KNOW

What I WANT to know

What I LEARNED

Remaining and New questions












b) Оқушылар W кезеңінде қандай мәлліметті білгісі келетіні жайлы K-W-L кестенің екінші бағанасына толтырады. Келесі оқушылардың әрекеті салыстыру болып табылады. Топпен жұмыс істеудің тиімділігі - білмейтін сұрақтарын салыстыруда топ арасында жауабын білетін оқушының болуы. Осылай оқушылар ортақ білмейтін сұрақтар тізімін жазады.

c) Мәтінді оқып болғаннан кейін L кезеңі орындалады. Бұл кезеңде оқушылар K-W-L кестесінің үшінші бағанасын толтырады және кестенің бірінші бағанасында болған сұрақтарға жауаптары да болады. Сонымен бірге топта талдау барысында оқушыларда тақырыпқа байланысты жаңа сұрақтар дайындалуы мүмкін, осыған байланысты төртінші бағана толтырылады.

K-W-L жаттығуы бірлестікте оқыту технологиясында қолданылғанымен жеке тұлғаның өз бетімен жұмыс істеу элементтері болуына байланысты өзіндік жұмыс тапсырмасы ретінде де қолдануға болады. Алғашқы K және W кезеңдерінен кейінгі L кезеңінде оқушы ары қарай туындаған сұрақтары бойынша жұмыс істеулеріне болады. K-W-L кестесін топпен жұмыс істеуде негіз ретінде алуға болады, яғни оқушыларға топ мақсаты ретінде кестені толтыру деп белгілеуге болады.



Инновациялық технологияны шетел тілін үйретуде пайдалануда пәнге байланыста және мұғалімнің қойған мақсатына байланысты дұрыс таңдауы, шетел тілін үйретуде айтарлықтай жетістіктерге жеткізеді. Сондықтан шетел тілін үйретуші мұғалімдер инновациялық технологияларды сабақта пайдаланар алдында қолдану жолдары мен әдіс-тәсілдерімен таныс болғаны абзал. Өйткені барлық инновациялық технологиялардың пайдалану аясы мен мақсаты әр түрлі болып келеді. Дегенмен, инновациялық технологияларды пайдаланып өткен сабақтардың көрсеткіштері әлде қайда жоғары.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан – 2030. –Алматы: Юрист. -2001, 104 б.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 28.02.2007

  3. Ермағанбет Б.Ғ. «Білім беру саласындағы (инновация) жаңалық, тәсілдерді тиімді пайдаланып, қолданудың бағыттары», http://www.61mektep.kz

  4. Полат Е.С. «Метод проектов на уроках иностранного языка» // Иностранные языки в школе, 2000, №2, 3-10 б.


Әдебиет пәнінде «диалогтік оқытуды» қолдану тиімділігі

Магистрант – Б.О. Кеңесова

п.ғ.к., профессор м.а. Б.Д. Жұмақаева

Бүгінде білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымын үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеп отыр.

Методология тұрғысынан келгенде, оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту үшін әрбір мұғалім сабақтың теориясы мен практикасын, оқыту әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар оқыту әдісінде болып отырған барлық жаңалықтар деңгейінде, солардың табиғатын методологиялық тұрғыдан игеруі тиіс. Білім үдерісі нәтижелі болуы үшін алдымен мұғалім оқушылардың өздігінен ойлап, белсенді білім алуына, сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға септігін тигізуі қажет. Кей жағдайда білім беру үрдісі барысында кездесетін мәселе, оқушылардың ойын ашық айтуға, ойларын нақты жеткізуде қиналатындығы байқалады. Мысалы, мұғалімнің қойған сұрақтарына, оқушы жаттанды түрде немесе оқулықтағы қысқаша мәтінмен жауап береді. Сол себепті күнделікті сабақ өту жүйесін дәстүрлі түрде өтуден алшақтауымыз қажет. Мысалы қазіргі күні көптеген әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап,сыни тұрғыдан ой білдіруіне мүмкіндік бар. Сондай мүмкіндікті туғызатын әдістің бірі «Диалогтік оқыту» модулі. Бұл модуль бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан түсінуді қажет етеді. Оқу барысында оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану қажет. Мысалы: рөлдік ойындар, үш қадамды сұхбат, кластер жасау, пікірлер топтамасы(постерлер) т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді [1].

Диалогтік оқытудың өзегін құрайтын сөздік әдістері: сұрақ-жауап, «зерттеушілік әңгіме», сұхбат, пікір алмасу, пікір сайысу т.т. Бұл әдістің негізгі мақсаты оқушылардың бір-бірімен ой бөлісуі арқылы білім игерудің ұжымдық, топтық формасы негізінде әлеуметтік, эмоциялық, танымдық қабілеттерді дамыту. Берілген тапсырма ауқымында оқушылар менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен үшін және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап іздейді. Берілген уақыт ішінде қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде жекелей ой қозғап, өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады.

Сондай-ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігіненжұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды. Оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі «төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып есептеледі. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралуына айналады және оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады. Білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейтед [2]. Мысал ретінде сабақ жоспарын ұсынатын болсақ:

Сабақтың тақырыбы: Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Ш.Уәлиханов өмірі мен ғылыми еңбектері туралы мағлұмат қалыптастыру, өз пікірлерін қорғай білуге, сыни тұрғыдан ойлануды дамыту.

Сабақтың әдісі: «Ой шақыру», «Мағынаны ажырату», «Ой-толғаныс» әдістері, «Кластер», «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі, рефлексия.

Сабақтың барысы:



  1. Мұғалім іс-әрекеті: Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жылы тілектер айту». Оқушыларды топқа бөлу 4 түрлі түстерді таңдау арқылыжүргізіледі. Түрлі түсті қағаздарда жазылған Т.Молдағалиевтің «Ш.Уәлиханов» өлеңінің 4 шумағын мәнерлеп оқу.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар сәлемдесіп, жылы тілектер айтады. 4 топқа бөлініп, өлеңді мәнерлеп оқиды. Топқа атау беріліп, топ мүшелері рөлдерін анықтайды.

  1. «Ой шақыру» кезеңінде бейне-роликтен үзінді көрсетіледі. Бейне ролик көріп, Ш.Уәлиханов туралы айтылған зиялы қауымның пікірін талдайды.

Бұл кезеңде оқушылардың ой-өрісін шыңдап, белгілі бір ойды еске түсіре отырып, ретсіз қағазға тізіп жазу әдісі қолданылады. Оқушылар «Ол туралы не білесіңдер?», «Қалай ойлайсыңдар?» деген сұрақтарды ортаға тастап, ойларын еске түсіре отырып, қағазға тізіп жазады.

  1. «Кластер» әдісі бойынша «Шоқан кім?» деген сұраққа жауап алынады.

Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық және ізденімпаздық қабілетімен бірге сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын бірден-бір әдістің бірі. Әдіс идеялар мен ақпараттардың байланысуын айқындауға арналған жазба тірек-сызба түрінде жүргізіледі.

  1. «Мағынаны ажырату» Топқа берілген тапсырмаларды орындау Ш.Уәлихановтың 1-топ – туған жері, өскен ортасы туралы; 2-топ- зерттеулері жөнінде; 3-топ- саяхаттарына қатысты; 4-топ- достары жайлы баяндайды.

Бұл кезеңде оқушылар берілген тапсырмаларды талдап, пікірлерін қорғайды, басқа топтардың орындаған тапсырмаларын бағалайды. Оқушылардың өздігіненізденіп, жауаптар табуға немесе мәселені зерттеуіне бағытталады.

  1. «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» тәсілі бойынша топтарға сұрақ дайындау, жауап беру. Топтар сұрақ дайындап, басқа топтардың сұрақтарына жауап береді. Бұл әдістің негізгі мақсаты - бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.

  2. «Ой-толғаныс» «Ш.Уәлиханов – ұлт мақтанышы» атты эссе жазу. Оқушылар тұжырымды ойларын жазады, дауыстап оқиды, формативті бағаланады.

Эссе жазу әдісі. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың ой-толғаныс кезеңінде пайдалану ұтымды. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.

  1. «Бес жолды өлең» Бес жолды өлең құрып, оқиды. Шығармашылық қабілетін дамытуға, мәнерлеп оқуға баулу.

  2. «Бағалау». Формативті, критериалды бағалау.

  3. Рефлексия. «2 жұлдыз, 1 тілек». Сабақта ұнаған 2 сәтті және бір ұсыныс-тілекті оқиды.

Диалогтік оқыту барысында оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүргізу дағдысы кең деңгейдежүргізілу керектігін үнемі назарда ұстау маңызды болып есептеледі. Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі – ұзтаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Сол себепті қазіргі оқытудың талаптарына сай келешек ұрпақты ізденімпаз, шағармашылығы мол, өздігінен еркін сөйлеуге, ойын ашық айта білетіндей дәрежеге жеткізуіміз қажет. Оқушыларға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп жеткізу үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету маңызды деп ойлаймыз. Осы әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты мәліметтерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әртүрлі жұмыс түрлері арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге болады. Диалогтік оқыту әдісі арқылы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында жағымды ахуал қалыптастыру, ұжым болып, топ болып өнімді жұмыс жасау мүмкіндігі артады.

Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу, сұраққа жауап беру, мәтінді сипаттау, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеттері біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Нейл Мерсер, А.Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу, яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зерттеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады [3].

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды [4].

Түйіндей келгенде, «Диалогтік оқыту» – тұлғаны дамыту мақсатында оқу мен оқыту үдерісі диалог формасына құралытан әдіс-тәсілдер жиынтығы. Ол топтық оқыту аясында қарастырылып, сапалы және табысты оқыту мақсаттарына қызмет етеді. Дәстүрлі оқытуда қолданылып жүрген диалогтың негізгі белгілері болғанымен, өзіндік ерекшеліктері байқалады. Тұлғаны дамыту үшін дәстүрлі сабақ үрдісінен гөрі, осындай жаңа тәсілдерді қолдану бүгінгі күні әлдеқайда тиімдірек болмақ.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет