Курс – 3 Семестр – 6


Пән бойынша дәрістердің конспектісі



бет5/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,25 Mb.
#26741
1   2   3   4   5   6   7

Пән бойынша дәрістердің конспектісі.



Тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ – ҒЫЛЫМ
ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласына жатады.Дегенмен ол- өз алдына дербес ғылым.Өйткеніоның өз бетінше зерттейтін обьектісі, мазмұны, ұғымдар жүйесі мен зерттеу әдістері, дәлелдеу тәсілдері бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар болып табылады.Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан териялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылай айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2)мазмұны (нені оқыту керек?); 4)құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);5)оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.

Әдістеменің міндеттері мыналар: 1)бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөлікетрінің бір-бірімен ұштасу мен бір ізділігін анықтау, оқу материалдарын класқа бөлу; 2)оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді (мұғалім мен оқушының күшін, уақытын үнемдеу) және тиімді әдістері мен тәсілдерін(оқылатын материалдардың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының4 психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.

Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі-оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерцдің жолдары, шарттары туралы ғылым.




Тақырыбы:. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы

Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты обьектісі оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді.Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылысының негізінде белгіленеді.

Әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.

Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі –оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады.

Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі.Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.


Тақырыбы: Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері

Зертеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зертелетін құбылыстардың , процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады.

Зертеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зертелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселелерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады.

Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы да зерттеудің барлық әдістері-анализ, синтез, индукция, абстракталау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың жәрдемімен жүргізіледі.

Әдістемелік зерттеудің логикасы. Бұл-бірі екіншісінен туындайтын өзара кезеңдердің құрылымы.


Тақырыбы: Мектеп тәжірибесі мен әдітемелік мұра –қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясын жасаудың қайнар бұлағы

Озат тәжірибені зерттеу мен жинақтау әдістеме ұсынған тәсілдер мен олардың қорытындыларының іс жүзінде тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді.Өйткені тәжірибе әдістемедегі заңдылықтарды орнықтыру үшін ең қажетті жағдайлардың бірі, оның қайнар көзіболып табылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылымға айналдыруда көрнекті әдіскер ғалымдарымыздың еңбектерін айрықша атап өтуге болады. Олар: Қажым Басымов, Әлішер Сәдуақасов, Ғали Бегалиев, Шамғали Сарыбаев, Сейіл Жиенбаев т.б. Бұлар қалдырған мұралар әдістеме дәрісінің алтын қорына қосылған. Студенттер әдістеменің белгілі бір мәселесімен шұғылданғанда осы әдістемелік мұраларды аттап өте алмайды.

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының құрамы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының құрамына мыналар кіреді:



    1. Қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері мен оның әдістемесі. Бұл бөлімде мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаттары мен міндеттері, мазмұны мен көлемі, қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің пән мұғалімдері үшін маңызы баяндалады. Әдістеменің теориялық негізі, жалпы дидактикалық және әдістемелік принциптер, олардың қазақ тілін оқытуға қолданылуы, оқытудың әдістері, сабақ, оның құрылысы,түрлері,т.б. қамтылған.

    2. Арнаулы бөлім. Мұнда қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі жеке-жеке тақырыптарға бөлініп, ортақ заңдылықтары баяндалады. Мысалы, лексмканың әдістемесі. Мектепте лексикадан берілетін білім көлемі, оқушылардың сөздігін байытуға бағытталған алуан түрлі жұмыстар, тіл ұстартр, сөздік жұмыстары, лексикалық талдаулар, т.б. Сол сияқты грамматмканың әдістемесі, ол өз ішінде морфологияның әдістемесі және синтаксистің әдістемесі болып бөлінеді де, әр бөлімдегі негізгі тақырыптар тағы да әдістемелік тұрғыда сараланады.

Бұл бөлімде қазақ тілі пәнінен кластан тыс жұмыстардың әдістемесі мұғалімнің әдістемелік жұмыстарымен танысу, қазақ тілі кабинеті, оның ұйымдасуы, атқаратын қызметі, т.б сөз болады.

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Қазақ тілін оқытудың мақсаттары үш топқа біріктіріледі.

1.Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдік қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажет екендігін түсіндіру;оқушының ана тіліненжақсы білім алуына иүикіндік туғызу;

2.Тәрбиелік мақсаттары: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқарасын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу;

3.Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру ; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету;

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұдмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тақырыбы: Мектептегі қазақ тілі пәнінің мазмұны

Оқушы мектепте тілді оқу нәтижесінде тілдің өзі туралы, оның грамматикалық құрылымы мен сөздік құрамы жөнінде, тілдің дамуы , жетілуі заңдары мен тарихы жөнінде мағлұматтардың белгілі бір жиынтығын білуге тиіс.

Қазақ тілі пәнінің мазмұнына білім, дағды және іскерлік енеді.Бұлар оқулық пен юағдарламада айқын көрсетілген.

Ұғымдар –дүниенің ойлаудағы сәулелену формаларының бірі, ұғымдардың пайда болуы- абстракт ойлаудың нәтижесі.

Жалпы ұғым- жекелеген заттар не құбылыстар емес, біртектес заттар мен құбылыстардың тұтас бөлігі.

Жекелік ұғымдар –нақты тілдік обьектілер жөніндегі ұғымдар болады.Мысалы, дауысты дыбыс, меңгеру, сөз тудырушы жұрнақтар.

Түсініктер- тілдік обьектілердің сезім бейнелері. Бұл суреттердің жасалуына байланысты түсініктер ес және елес түсініктер болып бөлінеді. Ес обьектіні тікелей қабылдау алқылы немесе сәйкес көрнекілік арқылы пайда болады.Елес түсінігі- объектіні тікелей емес қабылдаудан туған бейне болады. Елес арқылы оқушы сол сипатталған заттың бейнесін елестететін болады.


Тақырыбы: Қазақ тілі және пәнаралық байланыс

Қазақ тілі басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шет тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнкмі түзетіп отыруға жол ашады.



Тақырыбы: Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті

1)тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.

2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ ( мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету).

Орыс тілі- шет тілі


    1. Орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды меңгеруде ана тілі сабақтарында оқушылардың алған білімдері тірек болады.

2.Термин ортақтығы бар, фонетика, алфавит, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, орфоэпия.

Тарих

  1. Тәрбиелік, танымдық; 2) терминдер; 3) тарихи даталар;

Жаратылыстану пәндері

а) Зоология; анатомия; 1) танымдық, 2) терминдер, 3) тәрбиелік.



Математика-физика

1)Танымдық. 2. Терминдер.




Тақырыбы: Орта мектепке арналған қазақ тілі бағдарламалары

Орта мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасы – оқушылардың мектепте оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің мазмұны мен көлемін, дағдыларын белгілейтін мемлекеттік негізгі құжат.

Бағдарламаны орындау - әрбір мұғалімнің міндеті.Осы мақсатқа оның бүкіл оқу бойындағы жұмысы, барлық күш- жүгері бағындырылуы тиіс.Бағдарламаға сүйене отырып, мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі қалаған ең тиімдіідістемелік тәсілдерді сұрыптайды, класта және үйде орындалатын жаттығулар жүйесін жасайды, оларға материал сайлап алады.Сондықтан бағдарламаны танысып, білмейінше мұғалім қазақ тілінен жұмыс жүргізе алмайды.

Тақырыбы:Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Оқыту әдістемесі дегеніміз белгілі бір пәнді оқып үйрену кезінде мұғалімнің оқушы әрекетін ұйымдастыру тәсілі.Оқыту әдісінің қай-қайсысы болсын, мұғалім мен оқушылардың өзара байланысын көздейді. Зерттеушілер И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдістерін былайша топтайды:

1.Түсіндірмелі –иллфстрациялы әдіс. Мұғалім білімді даяр күйінде береді, ережелер айтылады, мысалдар арқылы көрсетіп дәлелдейді, мұғалім білімді мысалдардан шығаруды мақсат етпейді.

2.Проблемалық мазмұндау. Мұғалім проблеманы сипаттап, оны шешу жолына бағыт береді, құбылысты балалар өз бетімен талдап шешеді.

3.Ішінара іздену әдісі.Мұғалім проблеманы сипаттайды да, оны дәлелдеп шешуге оқушыларды да қатыстырады.


Тақырыбы:Оқыту принциптері

Қазақ тілісабағын жаңа бағдарламаны басшылыққа ала отырып жүргізуде мынадай жалпы дидактикалық принциптер қолданылады:

1 Ғылымдық принцип

2)Жүйелілік принципі

3)Сабақтастық

4)Перспективті

5)Саналылық

6)Белсенділік

7)Түсініктілік

8)Беріктігі

9)Теорияның практикамен, өмірімен байланыстығы

Мұғалімнің сөзі. Мұғалімнің сөзі – сабақта жаңа материалды түсіндіру мақсатымен , оқушылардың түсінбеген жерлеріне түсінік беру мақсатымен, бағдарламаның белгілі бір бөлігі бойынша мағлұмат шеңберін кеңейту мақсатымен жүргізіледі.

Әңгіме. Қазақ тілі сабағында кеңінен қолданылады.Ол мазмұны мен түрі жағынан сан алуан болады да, жаңа материалды түсіндіру , өтенді бекіту, білімді тексеру сабақтарының бәрінде де қолданылады.



Грамматикалық талдау. Грамматикалық талдауда оқушылар тексььен белгілі бір грамматикалық құбылыстарды табады, оларды нақты белгілеріне қарап түр-түрге ьөліп толық грамматикалық сипатттама береді.

Мазмұны жағынан: морфологиялық талдау, оның ішінде: сөз құрамына және сөз таптарына талдау; синтаксистік талдау;



Көлемі жағынан толық талдау, ішінара талдау болуы мүмкін.

Орындалу тәсілі жағынан: ауызша талдау, жазбаша талдау. Орындалу тұрғысына қарай класта талдау, үйде талдау болып бөлінеді.


Тақырыбы: Оқулықпен және оқу құралдарымен жұмыс жүргізу

Оқулық дегеніміз-белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын, оқу мақсатына арналған кітап.Оқулық оқылуға тиісті білімнің көлемі мен жүйесін белгілейді. Оқулық оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, белгілі бір білім саласына қызығушылықты нығайтуға елеулі әсер етеді.

Қазақ тілінен білім беру мен дағдыға төселдіріп, іскерлікке үйретудің бірден бір көзі болып табылатын оқулық пен оқу құралдарыноқыту процесінде де, оның кластағы және үйдегі жұмысында да шешуші орын алады.


Тақырыбы: Қазақ тілі бойынша оқу жұмысын ұйымдастыру

Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі- класс сабақтары. Ал қосымша түрлері : а) (факультативті сабақтар) сол пәнге ерекше қызыққан оқушылармен тереңдете жүргізіледі); ә)кластан тыс жұмыстар (бастысы- үйірме, көпшілік жұмыстар); б)өздігінен шұғылдану (өздігінен білім алу, оқу, экскурсия).




Тақырыбы: Морфологияны оқыту әдітемесі

Сөз таптарын оқытқанда кездесетін қиыншылықтар: 1) оқушылар сөз таптары мен сөйлем мүшелері ұғымдарын шатастырады; 2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады; 3) аттас формаларды ажырата алмау.


6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.






Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы.


Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және тану жолдары

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдармен байланыстылығы.


1-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.

4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы: Ана тілі, әдістемесі . 1999.

5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

6. Балақаев м. Тіл мәдениеті және мектепте, қазақ тілін оқыту. Алматы. Мектеп, 1982.

7. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы ,1995.

8. Зельманова Л.М. Наглядность в преподовании русского языка. М., 1984.




2

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму жолдары

.Әдістеме ғылымының қалыптасу тарихы.

2.Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуындағы Қазақ әдістемеші ғалымдарының



2- апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.


3

Қазақ тілінің бағдарламасы


1. Бағдарламаның құрлымы мен түрлері .

2.Бағдарламаның даму жолдары




3-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




4

Қазақ тілі оқулықтары .

1.Оқулық теориясы .

2.Қазақ тілі оқулықтарының даму жолдары .




4-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




5

Оқу -әдістемелік кешен.


1. Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары;

2. Қосымша оқу құралдары және олардың қолданылу жолдары.




5-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




6

Қазақ тілі сабақтары.


1. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері;

2. Қазақ тілі сабақтарының құрылымы.

3. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін


6-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




7

Диктант жүргізу

Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар.

2. Диктантты жүргізу әдістемесі.

3. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары.


7-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




8

Қайталау сабақтары.


1.Қайталауды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктерін талдау.

2.Жинақтай қайталау.

3.Күнделікті қайталау.


8-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




9

Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі.


1.Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізудің әдіс –тәсілдер жүйесі , олардың мақсаты мен міндеттері.

2.Қазақ тілінен үйірме ұйымдастырудың маңызы .

3.Қазақ тілінен олимпиада жүргізу.

4.Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептердегі «Арнаулы курстар» жүргізу әдістемесі



9-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




10

Жай сөйлемді оқыту әдістемесі


Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі; жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік

10-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




11

Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.


Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А. Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау.


11-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




12

Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі


1. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары.

2. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

3. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.


12-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




13

Орфографияны оқыту әдістемесі

Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары.

Орфографиялық жұмыстың мазмұны.

Орфографиялық іскерлік пен дағдылары қалыптастырудың психологиялық


13-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




14

Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі


Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы.

Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.

«Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау.

Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері.

Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру.


14-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.




15

Тіл дамыту жұмыстары

Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы.

Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.

«Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау.

Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері.

Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру.


15-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.





Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет