Лекция: 15 сағат Практика (семинар): 12 сағат СӨЖ: 63 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау ( аб)


Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу



бет2/5
Дата10.11.2016
өлшемі2,75 Mb.
#1402
түріЛекция
1   2   3   4   5

3. Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу

процесіндегі рөлі


Курстың мақсаты – көркем сөз өнерінің бір саласы ретінде балалар әдебиетінің ерекшеліктерін таныту,студенттердің әдеби теориялық білімдерін шыңдау.

Аталған мақсаттан туындайтын міндеттер:



  • Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін таныту;

  • Ауыз әдебиетінің бай жанрымен,отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

  • Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен қаруландыру;

  • Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту;


4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Прекреквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра


Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы

№____күні






  1. “Шешендік өнерге үйрету әдістемесі”

  2. “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”

  3. «Мәтінге тілдік талдау»

  1. “Қазіргі балалар әдеби процесі”

“Филология және психология ”

№ хаттама ______2010ж.

5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны


Аудиториялық сабақтар


Аудиторидан тыс сабақтар


Қорытынды

бақылау


Лекция

Прак/ сем

СӨЖ




1

2

3

4

5

6

7

8




2

2

90

15

12

63

Емтихан







Барлығы:

90

15

12

63







  1. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет.

Семинарстудент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой-әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді сеңгеруі керек.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.


  1. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:




  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау және ұялы телефонды өшіріп қоюы керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастанған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті

Аудиториялық сабақтар


Аудиториядан тыс сабақ

Лекция

Прак/сем

СӨЖ

І тарау. Балалар ауыз әдебиеті-балалар әдебиетінің алтын қоры.



Халық даналығындағы ұтқыр ой мен тапқырлықтың үлгілері.

1

1

4

  1. 2

Мақал-мәтелдер, Жұмбақтар.

1

1

4

  1. 3

Ертегілер, аңыз - әңгімелер.

1

1

4

  1. 4

Батырлар жыры туралы түсінік.

1

1

4

  1. 5

Айтыс туралы жалпы түсінік.

1

1

5

ІІ тарау. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті.

  1. 6

М. Өтемісұлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

1


1

5

ІІІ тарау. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті.



Ұлттық балалар әдебиетінің жаңа үлгісі.










ІY тарау. ХХ ғ бас кезіндегі балалар әдебиеті.

  1. 8

ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай.

1

1

4

  1. 9

Балаларға арналған прозалық шығармалардың тақырыптары.

1

1

4

  1. 1

Аллегория, сатира туралы ұғымдарды кеңейту.

1

1

4

  1. 1

Білім, болашақты аңсау, армандау, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы мен шағын әңгімелер, өлеңдер.

1

1

4

Y тарау. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісіне байланысты шығармалар.

  1. 1

Қазан төңкерілісінен кейінгі балалар әдебиетінің төңкерілістік өзгерісті жырлауға бет бұруы.

1

1

4

ҮІ тарау. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы.

  1. 1

Соғыс және қоғамның рухани өмірі.

1

1

4

ҮІІ тарау. 1960-2000 жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері:

  1. 1

Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі.

1

1

4

ҮІІІ тарау. Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары:

15

Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері.

1

1

4




Барлығы:

15

12

63


9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

І тарау. Балалар ауыз әдебиеті-балалар әдебиетінің алтын қоры.Лекция №1

Лекцияның таќырыбы: Халық даналығындағы ұтқыр ой мен тапқырлықтың үлгілері.

Лекцияның жоспары:

1.Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік.

2.Тұрмыс –салт жырлары ,олардың түрлері,ерекшелігі

3.Жан-жануарға байланысты жырлар.



Лекция мақсаты:

Балаларды оқытуға, тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтау және адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын ұрығы- жыр, өлеңнің бірінші бастамасы « Бесік жыры» десек, қателеспегендігімізді түсіндіру.



Лекцияның мәтіні:

1.Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланың жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені “Адам-дүниені ұйымдастырушы, екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам –жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне балаларға осыны ұғындыру керек.” деген М.Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың балаға арнап айтқан өлең, жыр, ертегілерден басталады.

Бала өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған.

Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, туған- туысқандарының айтуы бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер-бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мейрам етеді. Сайып келгенде,осының бәрін балалар ауыз әдебиеті деп атауға болады.

Балалар ауыз әдебиетіне халықтық шығармаларымен бірге туып жасасып келе жатқан, бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың өмір тәжірбиесіене туған игі ісі, жемісі жатады.

Балалар ауыз әдебиеті-балалардың психологиясымен, олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен келіп шыққан игілік.Жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы балаға бесік жырын шығарған. Бөбектердің кішкентай саусақтарын қимылдатып, өз саусақтарымен өздері ойнап, уілдеп бірінші тіл қатқаны, мәз-мәйрам боп сықылдап күлгені ата-ананы шексіз қуанышқа бөлеген.

«Бесік жырынан » кейін- «тұсау кесу» жыры келеді. Мұнда жас нәрістенің қаз тұрып , апыл-тапыл басқаны «тәй-тәй» деген әнді әуенмен, жылы сөзбен , мазмұнды әсем ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді балаға тілек, мақсаттар қойыла бастады.

Бізге балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алынды.. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ даласында ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты халық ағарту жұмысымен шұғылданған педагогтар ең алдымен халық ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды. Олар балаларды оқытуға , тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтады.

Қазақта балалар ауыз әдебиетін бірінші жинаған және оны ең бірінші рет құрыстырып, «Қазақ хрестоматиясы», «Мактубат» атты кітаптарына енгізіп, 1879 жылы бастырып шығарған Ы б ы р а й А л т ы н с а р и н еді. Төрт бөлімене құрастырылған осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізілген. Ы.Алтынсарин тек балалар ауыз әдебиетін жинаушы болып қалған жоқ, сонымен қатар ол қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы болады.Осыдан соң-ақ қазақ халқының алдыңғы қатардағы оқыған азаматтары, педагогтары қазақ балалар ауыз әдебиетін жинаумен шұғылдана бастады.

Халық шығармаларының көркемдік принципі - жағымды кейіпкерлерді мейлінше дәріптер суреттеу мен қатар, жағымсыз кейіпкерлерді жиіркенішті , жексұрын етіп көрсетуге негізделген. Халық ауыз әдебиетіндегі көркемдік әдістің творчествалық күші өзіндік өзгешелігі міне осында. Адам өз ғасырының айнасы болғандықтан , ол өз заманының сипатын танытады. Біз осы негізге сүйеніп, балалар ауыз әдебиетіндегі эстетикалық идеалға көңіл аударамыз. Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар,- деп Пушкин айтқандай, қай жерде шындық болса, сол жерде поэзия бар,- дейді Беленский . Бұл екеуі бірін- бірі толықтыратын өзекті мәселе. Бірақ өмір бар жерде өтірікте , қиянат та болады ғой. Ал қиянат бар жерде нағыз халықтың поэзия болуы мүмкін емес. Беленский айтқандай , соған қоса шындық керек. Шындық бар жерде өмір дегенің гүл-гүл жайнап, көркемденіп , жанданып сала береді. Халықты қанаттандырып, рухтандырып, ерекше әсер етеі. Сондықтан поэзия халық үшін өмір шындығын суреттеумен ғана әсерлі , шынайы көрінеді. Ал шындықты аңсау халықтың эстетикалық идеалынан туған. Бұдан шығатын қорытынды эстетикалық ешқандай көркем шығарма тумайды. Өйткені, идеалсыз өнер өмірдің тек салқын , жансыз нұр сүлдесіне айналған болар еді.

Халықтың әдеті , салты, дәстүрі , ғұрпынан тыс фольклор болмайды. Сондықтан фольклордағы эстетикалық идеал халықтың салтымен , әдетімен , ғұрпымен , дәстүрімен кәсібімен тығыз байланысты дамытады да, әрқашан әр түрлі жағдайларға байланысты халықтың көңіл-күйін танытып отырады.

Күйіну- сүйіну үстіндегі эстетикалық идеал – ауыз әдебиетіне тән ең тамаша ерекшелік.

Балалар ауыз әдебиетінде эстетикалық мазмұн , эстетикалық идеал әр жақты , әр алуан мол болды. Соның өзі балалар санасының дамуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Өйткені, балалар ауыз әдебиетінде халықтың болашақтан үміт еткен эстетикалық идеалы өте күшті сезіледі. Әсіресе жыршының шығарманы суырып салып орындап отырған кезінде оқиғаның ақиқатына жетердегі адамның жан дүниесін тебірентіп эстетикалық әсері тым күшесісіп отырады. Ауыз әдебиетінің ең тамаша ерекшелігі оның осындай күйінше -сүйінше үстіндегі эстетикалық әсерінен байқалады.

Егер ауыз әдебиетінің осындай қасиеттерін кино немесе магнитафон , не кітап арқылы бермен болсақ , ол өзінің эстетикалық әсерін мүлде төмендетіп алған болған еді. Демек халық шығармаларындағы жақсы адам эстетикалық идеалдан туған еңбекқор шаруаның типтік образы екені көрінеді.

Халық шығармаларында типтік образдардың портретін суреттегенде аппақ етін –қарға , қызыл бетін қанға , оған ғашықтығын кеудесіндегі жанға балап айту бар. Осыдан келіп оның ер көңілділігі , ер болып туып , ел алдында халқы үшін қызмет ететіні бірге суреттеледі.

Эстетикалық тәрбие көркем өнер мен әдебиетінің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды балалардың толық түсініп , сол шығармалардан рақаттанып, рухани азық алдын көздейді. Бұдан шығатын қортынды эстетика адамның шындықты көркем түрде игеру заңдылығын білдіретін ғылым, соның жалпы заңдылығын көркем түрде танытатын ғылым . Эстетикалық идеал-халықтың арман мүддесін бейнелеп, шындықтың шексіз шыңына жетуге тырысатын көркемдіктің шырақтау шегі.

2.«Бесік жыры» және ондағы эстетикалық идеал.

Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын ұрығы- жыр, өлеңнің бірінші бастамасы « Бесік жыры» десек, қателеспеген болар едік. Бесік жырында қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі , халықтың шешендігі мен арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген .Оның сөз жүйесі мен ырғағы , мән – мағынасы аса ұқыпты. Ана сәбиді тербете отырып « бесік жырын» айтады. Ересектеу баласына бөбекті тербеттіреді , ал ересектеу бала анасынан үйренген өлеңді айта отырып тербетеді.

Бесік жырларында дүниеге жаңа келген жас нәрестенің балашағы ойлап , қолдан келер мүмкіндіктерін сонаң жолына бақыштауға тырысады. Халық тәрбиесі баланың жас басынан көпшіл , ынтымақшыл , сыйпаттап көрсете білетін өнегелі азамат болуын көздеген , баладан адамгершілік қасиетті талап еткен . Қолы ашық , алақаны жазық береке иесі болсын дегенді балаға жас басынан ұқтыруға тырысқан .Баланы күту , бағу , тәрбиелеу , әлпештеп ақ бесікке салу , оның мәңгілік қамқоршысы болу –ата анасының , борышы. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету,оны өздеріне бақыт санау жалпы халықтың салтқа , әдет – ғұмырна , эстетикалық идеалға айналға .

Бармақтарың майысып ,

Түрлі ою ойысып ,

Ұста болар ма екенсің.?

Бала халыққа әр жақты өнермен , білімімен, игілікті ісімен танылса деп арман еткен қауым :

Таңдайларың тақылдап ,

Сөйлегенде сөз бермей ,

Шешең болар ма екнсің?-

Деп бесікте жатқан жас нәрестенің болашағын ойлайды .Қай існе , қай өнерге болса да икемі бар , бір сырлы , сегіз қырлы азамат болуын көздейді.Әйтеуір қандай іс , қандай өнер болса да өзінің бейіміне, ықылас -әрекетіне қарап нәсіп ете юеруіне халық ертеден – ақ аңсаған .Сондықтан да өз сәбиін өнердің, еңбектің қандай түріне болса да баулы беруді , ынталандыра беруді мақсат еткен. «Бесік жырыны» мазмұнына тереңрек үңілсек , одан адамның бастан кешірген бар тағдыры көрінгендей болады . Бала тербете отырып , ана кейде өз басынан кешкен куанышын да , рахатында ,қоса жырлайды .Бала болашақтан куткен зор үмітке арман тілекке, біреуге тәуелді болмай ,ерікті түрде өмір сүруге жеткізетін осылар болар ма екен деп ,жас басынан баланың кұлағына құйып отырады:

Кең балағын түсіріп,

Ойға ,тауға жүрісіп,

Балуан болар ма екенсің?

Немесе:


Құрағыңды майырып.

Түнде жылқы қайырып.

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің?

Деген ананың асыл арманы эстетикалық идеалы - жалпы халықтық тілекпен үндесіп , өзектесіп жатады.

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп.

Батыр болар ма екенсің?

Мұнда жеке бастың пайдасына бола даңқ, атақ алу үшін емес « атасының баласы болу» үшін емес , адамның баласы болуын тілегендіктен айтылған халықтың асыл ойлары берілген. Өз отанын қорғайтын азамат болар ма екен деген тілектер қойған. Бала жұбатудан басталатын бірнеше тілек- мақсаттар асық болашақтан күткен арманына жетудің жалғасы боладыдеп мезгеген « Бесік жырының» әсем де жеңіл айтылуы , оның сазды әуенге қосылып , сондалық баппен шырқалуы баланың көңіл күйін ашып , оны мәз- майрам күлкіге шомылдырады. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бірдей шығуы бала тербеткен ананың да , бесікте жатқан баланың да жүректері бірге соққандай әсер береді.

«Бесік жыры» ғасырлар бойы ұзақ өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласумен қатар оған бала жұбату, тәрбиелеуде заманы қойған тілек, мақсаттарға қарай жаңа мазмұнда, жаңа түрде айтылатын шумақтар да қосыла берген.

Айналайын балдырған,

Қылығың мейір қалдырған

Күйші болар ма екенсің,

Өнердің отын жандырған, -

Деп, біздің қазіргі қойып отырған талаптарымыз да аналар сөзімен қоса жырланатыны бар. Қорыта айтқанда, «Бесік жыры» - мәңгілік қріс алып, одан әрі дами беретін балалар ауыз әдебиетіндегі халық ауыз әдебиетінің алтын ұрығы, жыр, өлеңнің бірәінші бастамасы.

Балаға үміт артарлық осындай тілек мақсаттардың қойылуының өзі де олардың ақыл-есін жетілдіріп, көңіл күйін оятып, болашаққа, алға қарай талпынтады: талпрыну талаптарға, ілгері қарай ұмтылуға, жігер қайратының шыңдалуына бастайды. Осының бәрі көркем шығармалардың күшін және әдемілігін жақсы сезіну арқылы жетілетін игі нәрсе. Екінші сөзбен айтқанда, көркемдікті, әдемілікті, жақсылықты түсіндіре берудегі эстетикалық тәрбиенің жемісі.

Бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісіне халық осындай зор мән берген. Өйтекні балаға жақсы тәрбие беру үшін оны ең алдымен бес жасқа келгенге дейін дұрыс тәрбиелей білу керектігі жайында А.С. Макаренко кезінде өте дұрыс айтқан . Халық бала тәрбиелеуде өздерінің асыл ойларын , мол тәжірибелерін көбіне өлеңге , әнге қосып айту арқылы баланың ой- ықыласын тез баурап алуға болатын әдіс- айлалар қолданғанын білеміз. Өйткені , әйткуір бірсебептер қатты ызаланып шырылдап жылаған бала жай сөзге еліге қоймайды , тербете отырып айтылған жақсы ән мен тәтті күй ғана оның көңілін жұбата алады . Бұл эстетикалық жылы ләззаттық зор әсері мен құдыретті күшімен туған көңіл күйін аулайтын жақсы тәрбиенің жемісі.

“Тұсау кесу ” жырындағы эстетика. Қазақ халқы тек бесікте жатқан балдырғандарды ғана қалай тәрбиелеу керектігіне көңіл бөліп қоймаған, олар сонымен қатар аяғын апыл-тапыл басып , қаз-қаз тұрған балаға қалай қарау керектігін өлеңге , әңге қосып айтып, оны да зор қуаныш көрген, “Тұсау кесу” жыры деп айтылатын халықтық өлеңде бұл жайында мынадай терең ой бар:

Қаз,қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Бұл балдырғандарға қойылған бір інші шарт, бір інші тілек десек, бала сол тілекті орындауды өзіне зор қуаныш көреді де, оған мәз болады. Оның қаз тұруы ата-ана тілекгін орындағандықтың алғашқы қадамы болып саналады. Өлеңде ешқандай бұйыру жоқ, тек қана тілек бар.Ол тілек әсем сазды өлеңмен айтылады.

Қаз,қаз,балам,қаз, балам

Тақымыңды жаз,балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Бір ден-бірге алға қарай жетектеп, өмірге баулып, үйретіп келеді.

Осының бәрі де баланың Жан жүйесіне әсер еткен эстетикалық тәрбиесінің жемісі.Өйткені жастайынан ән мен өлең арқылы көп нәрсені ұққан бала, есере келе өздері де көңіл күйін әнмен, өлеңмен білдіруге талаптанып, осыған әуестене бастайды.

3.Адам түгіл жануарлар да өз балаларын жақсы көреді .Қатерлі жаудан қорғай біледі .Олар да өз балалрын әлпештейді ,сүйеді .

Қой сүйеді балалсын “қоңырым” деп,

“”Ештеңені білмейтін момыным ”деп.

Сиыр сүеді балалсын “торпағым ”деп .

“”Қараңғыда бапаған қорқағым деп ”

Міне ,бұл балалар үшін қызықты өлең .Әрі ,қысқа әрі ықшам болған мен мазмұнға бай .Бұл халық даналығының қайнар бұлағынан шыққан бағалы еңбек .Мұнда жануарлар өз төлдерін иқалай сүіп қалай құрметтейтінін көрсету ғана емес,сонымен қатар ,мал шаруашылығымен таныстыру ,оны құрметтей және ардақтай және күте білуге шақыру бар.Әр түрлі малдардағы мінез-құлықтардың барлығымен таныстыру үшін де бұл өлеңнің маңызы зор .Халық шығармаларындағы балаларды тәрбиелеумен қатар,оларды шаруашылық жұмыстардың барлық түрімен таныстыруға ,соған үйретцуге де зор мән берген.

Бұл өлеңнің тағы бір өзгешелігі ерте заманда қазақ халқы өзінің көшіп –қонып жүруіне байланысты тек қана мал шаруашылығымен кәсіптік еткенін аңғартады.

Қазақтың науызға байланысты жырларын атап айтсақ мыналар.

Наурыз келді салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеміз

Наурыз біздің ұлттық мерекеміз .Наурыз халыққа жақсылықтың жаршысы ретінде қарасырылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақта балалар ауыз әдебиетін бір інші жинаған кім?

  2. Бесік жырындағы эстетикалық идеал.

3.Тұрмыс салт жырларының түрлерін ата.
Лекция № 2

Лекцияның таќырыбы: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

Лекцияның жоспары:

1.Мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін аңғарту.

2.Мақал –мәтелдердің тақырыптары.

3.Жұмбақтар: олардың мәні.Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін өзіндік ерекшеліктері.



Лекция мақсаты:

Қазақ мақалдарын мазмұны жағынан болсын тақырыбы жағынан болсын орасан көп дүние екендігін көрсету және жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі екендігін түсіндіру.



Лекцияның мәтіні:

1. Халық мақалдарының тақырыбы өте көп солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайына арналған.

Еңбек адамды мақсат – мұратқа жеткізіп абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. Еңбегі бардың өнбегі бар, Еңбек түбі мереке деп халық адал еңбекті ардақтады. Еңбек етпеген адамды жатып ішер жалқауды халық өзінің мақалы арқылы сынап шенейді. Бұған еңбегі аздың өнбегі аз, еріншектің ертеңі таусылмас деген мақалдар келтіруге болады. Еңбек мақалының тақырыбына арналған қай – қайсысы болса да, ақыл өсиет түрінде айтылады. Бейнетсіз рахат жоқ, Әрекет болмай берекет бол. Түлік төлден өседі дей отырып сол түліктерді өсіру үшін қажырлы еңбек керектігін ескертеді. Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас, Ат шаппайды, бап шабады. Мал жисаң қоныс тап, Бақпасаң мал кетеді деп ақыл айтады. Адал еңбекті сүйген халық мал басын өсіру үшін аянбай жұмыс істе, ерінбей еңбек ет, сонда ғана мал құралады дейді. Ал еңбек етпей, ұрлық немесе барымта жолымен мал жинап баюды көздеуші адамды халық қатты сынға алады, шенейді, Ұрыға мал қатаймас, ұрлық түбі –қорлық, деп сипаттайды. Халық мақалараның қоғамдық мәні бар тақырыптарын 1- ші оқу білім, тазалық тәрбие, мінез құлық, әдет ғұрып жайлары бұлар жөнінде халықтың ой, көз қарасы, шығарар қортындысы, айтар ақылы қандай екені байқалады. Жақсы нәрсені үлгі ету жаманнан жиеркеніш тауып бездіру, аталған тақырыптағы басты мәселесі оқу білім, ғылым жайын сөз қылғанда халық мақалыың, адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігінен басталады. Қазақ мақалдарына жоғарыда жасалған қысқаша шолу ауыз әдебиетінің бұл түрі мазмұны жағынан болсын тақырыбы жағынан болсын орасан көп дүние екендігін көрсетеді.



2. Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көп мағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір - дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлі біріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.

Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибрат білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады.

Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегеннен аттың сыртынан жүрме дегенде тура маған болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душар еткенін аңғартады.

Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға , әңгімелер жатады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама түрінде , әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады.

3. Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі - жұмбақтар. Ол барлық елдің ауыз әдебиетін е ортақ жанр. Жұмбақ түрін зерттеген ғылымдардың айтуынша, жұмбақ ертедегі адамдардың бүкіл коллективтің , еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілігі құру тәжірбиесінен туған. Жұмбақ заттың өзін айтпай оның түр-түсін , сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Ойға алған нәрсенең өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз. Жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М. Әуезов қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп былай деген: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кете тіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған. Бұл тарихи шындыққа негізделген пікір. Қазақтың көптеген ертегілерінде мазмұн болғанда немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білеміз. Бұған “Қарттың ұлына айтқан өсиеті”, “Қарт пен тапқыр жігіт”. Ерте заманда күйеу таңдаған қыздар : жұмбағымды шешкен жігітке ғана тиемін, - деп жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл – ойын сынау ретінде қолданған. Жұмбақ оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі.

Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүнеиесі, табиғат жайы, еңбік-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер – білім, техника т. б жұмбақтардың басты тақырыбы болуы мен қатар мазмұны да болады. Мысалы : білім техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз. “Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді” (хат). “Өзі жаңа, өзі тесік” (елгезер). Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен өлеңнің сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Мысалы : “Төсек астында төрт бауырсақ” (сиырдың емшегі). “Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді” (түйенің өркеші, ерні).

.Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері болады. Ең алдымен жұмбақтар тақырыпқа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиіс. Ол сонда жұмбақ болады. Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді, алыстаған бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Мысалы : жұмбаққа сиырды енгізгенде оның өзін айтумен бірге, мүйізін де, емшегін де, етін де бөлек жұмбақ етеді. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды пар лап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т. б жұбымен алысып жұмбаққа қосылады. Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен бірге, жұмбақтарда дыбыс үндестігі, дыбыс қайталанушылық сонымен айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. “Жаралғанда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адамның есімі) осы сияқты жұмбақтардан көреміз.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мақалдың өзіне тән ерекшеліктері қандай?

  2. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы.

  3. Халық жұмбақтарының тақырыбы неде?

Лекция № 3

Лекцияның таќырыбы: Ертегілер, аңыз - әңгімелер.

Лекцияның жоспары:

1.Ертегілерден көрінетін халықтың арман тілегі ,даналығы.

2.Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңіп шығатынына халықтың сенімі .

3.Халықтың арман қиялы.

Аңыз әнгімелер ,шешендік сөздер туралы ұғым.

4.Жиренше шешен,Алдар көсе,Қожанасыр басына құрған аңыздар.



Лекция мақсаты:

Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын ерекшелігін аңғарту және аңыз әңгімелер халық поэтикалық шығармасындағы бұрынғы болған оқиғалар мен нақты адам өмірі туралы мәліметтерден тұратын әңгіме екендігін түсіндіру.



Лекцияның мәтіні:

1. Халықтық ертегілер –халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениетімен салты , әдеті мен ғұрпы , шаруашылық кәсібінің түрлері , тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған .

Халық ертегісі ішінде балалардың сүйіп оқитын , олардың жас ерекшеліетеріне тән мұралар сондай көп . Халық ертегілерінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып , өмірдің неше алуан қияпатын танытады , сана- сезім , ақыл- ой қызметінің ерте дамуына , ерте қалыптасуына жәрдемдеседі . Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны , оның ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп халықтың даналық , тапқыр ой-пікірлері жинақталып , әрі көркем , әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде . Басталған жерден- ақ оқиғасы қызықты , ұшқыр қиялды болып келеді де , баланың ойын бірден қызықтырып , жетектеп әкетеді .

Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады . Ертек оқиғасындағы әр алуан толық кейіпкерлердің іс- әрекеттері , ол кейіпкерлердің тапқырлық , ерлік айлакерлік , ісі оңына келе беретін аңқаулық мінездері балаларды таң- тамашаға қалдырып, сүйсіндіріп отырады . Ертегілерден осындай тамаша ерекшеліктерді балалардың эстетикалық талғамдарын дамытуға зор әсер етеді.

2. Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны , әсіресе сүйіп тыңдайтыны , хайуанаттар жайындағы ертегілер . Табиғат жайында ең бай материалдар , кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағандар ертегілер арқылы берілген . « Бармақтай бала» , «Қотыр торғай» , « Мақта қыз бен мысық» , « Арыстан , қасқыр, түлкі, түйе , бөдене» , « Кім неден күшті» , « Түлкі мен тауық» т . б .

Хайуанаттар жайында айтылатын ертегі кейіпкерлерінің өзі қызық. Сол күлкілі , қызық кейіпкерлердің өмір сүру , өмірге икемді болу жолындағы қақтығыстары мен қарым- қатынастары , олардың айла- тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады.

Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі де қызық болып айтылады. Халықтың шығармалар ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертігілерді түгел дерлік балалар фольклорының мұрасы деп қараймыз.

Бұған « Түлкі мен тауық» деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып , тамақ іздеп келе жатып биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап , қақпанына түсіреиін деп ойлайды .

Тауық:

-Тауығым , биікте неге отырсың? Тілімді алсаң , жерге түс , дос болайық , осы жерде намаз оқып алайық , ойнап-күлейік ,- дейді .



Тауық :

Рас айтасың , түлкім , бесін намазының мезгілі болып қалды , анау жерде имам жатыр , оята ғой, -дейді.

Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса , бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады . Түлкі қаша жөнелді . Тауық оны намазға шақырады . « Байтал түгіл бас қайғы» , тазы түлкіні қуып жетіп , алқымынан алады. « Біреуге ор қазба , өз басыңа келер» деген . Апырмай , тауық қандай , түлкі қандай. Түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балалар үшін қандай қызық. Мұнда балаларға үлгі , өнеге боларлық терең ойлар айтылған . Айлалы азғынның қолына түсіп , мерт болудан сақтандырудың жолдары көзделген. Әсіресе қиын-қыстау кезеңде асып- саспауға , не нәрсені болса да алдымен ақылға салып шешуге үйретеді .Тапқырлыққа баулиды. Хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайық. Мұндағы тапқырлық күлкілер мен қызықты жеңіл түйіндер балаларды, мәз-мейрам етеді . Олардың эстетикалық талғамын күшейтіп , сөйлеу мәдениеттілігін арттырады .

Тұрмыс салт ертегілері өзінің тілі , айқын мазмұны мен еңбекші халықтың өмірін , қарапайым адамдарың тұрмыс тіршілігін сипаттауға және олардың үстем тапқа деген көзқарасын , күресін көрсетуге бағытталған . Қазақ ертегілерінің көбісі қиял- ғажайып , хайуанат жайында айтылады . Ал жер кәсібіне байланысты диқаншылық , бау-бақша жайындағы ертегілер қазақта мүлде аз . Соған қарағанда , « Ғажайып бақ» ертегісі беріректе қазақ халқы отырықшылық өмірге , диқаншылыққа араласа бастаған кезде шыққан болуға тиісті . «Ғажайып бақ» ертегісі балаларды адал ниетке , кіші пеиілділікке , адамгершілікке , эстетикалық идеалға , еңбекке баулуға бағытталған . Мұнда бұлдыр сағым жоқ, айқын , ашық айтылған жүйелі мақсаттар көрінеді . Үстем тап өкілдеріне қарағанда , еңбек адамдарының сансы, кісілігі , пейілі болуға , өнеге , үлгі етіп ұсынады. Ертегілерде сақталған халық даналықтарының осындай үлгілері балалар мен жас өспірімдерге өмір мектебіндей , өмір танытарлықтай болмақ.



3. Қазақ ертегілерінің аса бай , ең мол түрі –халықтың , тұрмыс-салтына байланысты туған шыншыл ертегілер. Бұған «Аяз би» ертегісі де жатады. «Аяз би» ертегісінің оқиғалары қиялдан гөрі, өмірге анағұрлым жақын. Шыншыл ертегілерден халық өміріне , оның тұрмыс тіршілгіне байланысты барлық жайларға жауап табуға болады. Оларда бүкіл қоғамға тән қасиеттерге дейін сөз болады. Байлық пен кедейлік , теңсіздік пен теңдік , зорлық пен оған қарсылық , жауыздық пен жақсылық , аярлық пен адалдық күресі –осылардың бәрі шыншыл ертегілердің тақырыптары . Бұл ертегілер ең алдымен баланы ақыл парасаттылыққа , сабырлы да төзімді болуға үйретеді . «Аяз би» ертегісінде халықтың сарын , халық мүддесін қорғайтын идея басым . Халық өз ортасынан шыққан еңбек адамдарының ісі мен әрекеттерін ардақтап отырады . Оларды үстем тап өкілдерінен әлдеқайда жоғары қояды.

Мадан хан өзінің қырық уәзірін дүниедегі адамның жаманын , құстың жаманын , шөптің жаманын тауып әкеліңдер деп жұмсағанда , уәзірлер құстың жаманы деп қырғауылды , шөптің жаманы деп шеңгелді , адамның жаманы деп қой бағып жүрген Аязды әкеледі. Өмір мен тікелей араласа жүріп , оны жете таныған , көрген білгені көп Аяз Мадан ханның ақылды деп жүрген қырық уәзірінің топастығын ашып береді . Қырғауылдың жаман құс емес екендігін , шеңгелдің де пайдалы шөп екенін дәлелдейді . Ханның өзі мініп жүрген мақтаулы атының сиырға шатыс екенін де әшкере етеді . Ақылымен бүкіл халықты таңдандырған Аяз бидің данышпандығы балаларды таң- тамаша етеді . Қиын –қыстау кездегі тапқырлық ой- адамды ажалдан да, қайыршылық халден де алып қалатыны қандай ғажап . Адамды үлкен ойға шомдыратын осы сияқты даналық сөздер балаларды елтең-селтең жеңілтік мінездерден арылтып , парасатты болуға үйретеді . Отанына , еліне еңбегі сіңген қадірменді кісілердің қатарына баулиды.



4. Аңыз әңгімелер- халық поэтикалық шығармасындағы бұрынғы болған оқиғалар мен нақты адам өмірі туралы мәліметтерден тұратын әңгіме.

Шешендік өнер қай қоғамда болса да ,халыққа халық көпшілікке әсер ететін ,оның сапасын ,сезімін баурап ,жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген ол өнер күні бүгінге дейін солүшіни қасиетін жойған жоқ.

Демек ,халық алдында баяндама жасап ,дәріс оқитн ғылым ,жазушы жалпы әрбір білімді ,мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысу артық емес.

Шешендік сөздердің дамуына үлес қосқан Бұхар,Алдар,Мұрат ,Дулат ,Шөже ,Махамбет,Шернияз ,Шом,Қазтуған сынды ақын жыраулардың шығармаларында кестелі сөз ,оралымды ой мол кездеседі.



  1. ХІ-ХІІІ ғ аралығындағы (Майқы би,Аяз би)

  2. ХІҮ-ХҮІ ғ ( Асан қайғы ,Жиренше шешен)

  3. ХҮІІІ ғ (Төле ,Қазыбек ,Әйтеке би.)

Қазақ аңыз әңгімелерін ,шешендік сөздерін жинап зеріттеушілер қазақтың ақын жазушылары М.Жұмабаев ,Ш.Уәлиханов,С.Сейфулин т.б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Халық ертегілерінің балалар арасында кең тарауы.

  2. Хайуанаттар жайындағы ертегінің кейіпкерлері.

  3. „Аяз би“ ертегісінің оқиға желісі.

  4. Аңыз әңгімелердің балалар әдебиетінде алатын орны.



Лекция № 4

Лекцияныњ таќырыбы: Батырлар жыры туралы түсінік.

Лекцияның жоспары:

  1. Жырдағы азаттық және бостандық идеясы,қаһармандық сипаты,елжандылық мәні.

  2. Жыр тақырыбының ел бірлігі ,елді сыртқы жаудан қорғау,халық қамын ойлаушы батырды армандау мүддесінен туғандығы. Сол арманның Қобланды ,Алпамыс бейнесі арқылы көрінуі. Тайбурылдың жырдағы орны,суреттеу шеберлігі.Гипербола туралы ұғым.Жырдағы ару бейнесі : Құртқа, Ақжүніс.Теңеу ұғымын дамыту.

Лекция мақсаты:

Батырлар жырының ауыз әдебиетінің ең асыл мұраларының бірі екендігі мен батырлық жырлардағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп,олардың жігер-қайратын шыңдап,ой-қиялын тасқындатып отыратынын түсіндіру.


Лекцияның мәтіні:

1. Ертегі өлең мақалдар мен мәтелдерден басқа халық шығармаларындағы ерлік істерін дәріптейтін батырлар жыры да бар . Халықтық шығармалардың ең көлемдісі ең көбі мазмұны көп жырланатын осы батырлар жыры.Батырлар жырының желісі ,онағы суреттелетін кейіпкерлер де ерте заманда болған оқиғаға жатады.

Батырлар жырының ауыз әдебиетінің ең асыл мұраларының бірі.Батырлар жырының оқиғасы қызық ,мазмұны терең тілі көркем болады.ондағы кейпкерлердің іс әрекеттері :қайтпас ер ,жауына мейлінше қатал өз еліне мейрімді ,ар-намысқа ұстамды өнегелі ісі бар адамдар болып суреттеледі.Сондықтан батырлық жырлардағы батырлар да ,аса қадірленіп ,сүйсініп оқиды.

Іріктеліп алынып ,балалардың оқуына лайықталып эпостық жырлар да басқа шығармалар сияқты жас азаматтарды батылдыққа ерлік іске табандылыққа ,әділеттілікке ақылды және ақжарқын болуға үйретеді Халық эпостарындағы батырлар образы патриоттық идеяның образы болғандытан ол балаларға күшті әсер қалдырады.

2. Эпостық жырларда оқиғаны еселеп,қайталап айту жағы да көп кездеседі.Мұндай ерекшелік оқиға желісін ұмытпауға,есте тезірек сақтауға,тіпті жаттап айтуға көп мүмкіндік береді.Ондағы тамаша теңеулермен тұрақты эпитеттердің мол болуы да балаларды әсерлендіріп жібереді.

Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған “Киргизская хрестоматия”- деген балалардың оқуына арналған кітабында “Қобыланды батыр” жырынан үзінді келтіріп,”Тайбурылдың шабысын” тектен-тек енгізбеген. Көшпелі қазақ ауылы баласының ұғымына жеңіл тиетін,кәсібіне,мал шаруашылығына қатысы бар өздеріне таныс жайларды көбірек айтуға жеңіл бөлінгендігі байқалады.

Батырлық жырлардағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп,олардың жігер-қайратын шыңдап,ой-қиялын тасқындатып отырады.Мысалға Қобыланды батырдың Қазан шахарына аттанғандағы Тайбурылдың шабысын алайық. Тайбурылдың шабысы өте әсерлі суреттелген. Ондағы әрбір гиперболалық өсірмелі теңеулер ат шабысын көз алдына келтіріп,Тайбурылдың тұлға-кескінін көріп отырғандай боласың. Тайбурылдың шабысын оқығанда,оны бәйгеге қосып,алда келуін тосып,тілеулес болған атбегілер сияқты қатты сүйсінгендіктен жүрегің алып-ұшып,делебе қозып отырады. Тайбурылдың шабысы үлкен кісілерге осындай әсер еткенде,ат құлағында ойнайтын,бәйгеге шабатын қазақ балаларына онан да күшті әсер қалдырып,олар Тайбурылдың үстінде өздері шауып бара жатқандай сезінеді.

Қобыландының алға қойған шартына бел байлаған Тайбурыл өзін баққан Құртқаны мерт етуге болмайтындай намысқа тырысады. Қобыландыны мұқатып,үш күн бұрын алда кеткен Қараманды басып озып, “ Қазанның сырлы қаласын намаздігер өткенде,намазшамға жеткенде көрсетермін көзіңе” – деп қырық күншілік жолды бір-ақ күнде қусырып тастайтынына сүйсінбей тұра алмайсың.Міне,бұл балалардың талабын,ойлау қабілеттілігін арттырып отыруға,әрнәрсеге бой ұрып қызығуға ұмтылдырады.

Алпамыс туралы жырда патриархалды-феодалдық қоғамның ыдырауын бейнелей отырып,халық бірлігінің қажеттілігі идеясы көрінеді.”Алпамыс” эпосы-өте көне батырлық жыр. Онды тек көненің тұрмыс-салт қатынастары ғана емес,көне мифтік ұсыныстар да бейнеленген.Оларда негізінен батырлардың өз тайпа мен руларын қорғауы,аңшы - мергендер туралы әңгімеленеді. “Алпамыстың” қазақша нұсқауларын оқып зерттеу,оның кейінірек кезеңде құрылғанын көрсетті.”Алпамыстың” қазақша нұсқауларының ішіндегі әдеби жазылғаны-С.Аққожаевтың нұсқасы.Ол Қоңырат руының байы Байбөрінің баласы болмаған деген тарихпен басталады. Өскен соң өзін “қубас” деп кемсітетін өгей ұлы Ұлтанды тәрбиелейді.Ренжіген Байбөрі мал-мүлкін үлестіріп,бәйбішесімен өз аулынан кетіп қалады.Көп жылғы күйзелістері сәттілікпен аяқталып,олардың Алпамыс атты баласы болады.Ол бес-алты жасында-ақ батыр боп шығады.Одан соң айдай сұлу Гүлбаршынға үйленеді.

Жырдың екінші бөлімі-батыр мен қалмақ руларының тарихы.Алпамыс әйелімен туған ауылына келіп,қалмақтың ханы Тайшын әкесінің үйірін айдап кеткенін естиді.Айдалған мал үйірінің артынан қуып,мыстан кемпірдің айласымен зынданға түсіп қалып,көп жылдар сонда азап шегеді.Одан босанып және қалмақтарды талқандап Алпамыс үйіне қайтып оралады.

Үшінші бөлімінде белгілі сюжетпен аяқталады “күйеуі өз әйелінің тойының үстіне келеді”. Алпамыс жоқта Ұлтан Алпамысты өлді деп сендіріп,батырдың мал-мүлкі мен отбасын әмеңгерлік салтымен өзі иемденбек болады. Бірақ Алпамыс Ұлтанды жазалайды.Эпос мерекелік салтанатпен аяқталады.”Алпамыс” жырындағы батырлық-патриоттық тақырып отбасылық-рулық тақырыппен сәйкес келеді.

Ақжүніс ,Құртқа ару бейнесінің батырларды батыл ержүрек еткен.

Балаларды тәрбиелеуде эпостық жырларда және Тайбурыл шабысы деп аталатын үзіндінің өзінде патриоттық мотивтер сондай күшті. Біріншіден,балаларды өз елін,өз жерін сүйетін намысына берік отаншыл етіп үйретсе,екіншіден отанына,еліне қастандық еткісі келген сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға баулитынын да ескеруге тиістіміз.

Бақылау сұрақтары:


  1. Батырлар жырының желісі ,онағы суреттелетін кейіпкерлер де ерте заманда болған оқиғаға жататындығын түсіндір.

  2. «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысы өзгелерге әсер етуі.

  3. «Алпамыс батыр» жырының оқиға желісі.


Лекция –5

Лекцияның тақырыбы: Айтыс туралы жалпы түсінік.

Лекция жоспары:

  1. Айтыстың түрлері.

  2. Айтыстың жанрлық ерекшелігі.

Лекция мақсаты:

Айтыс деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу,өлең сағысына,жарысына түсу мағынасында қолданылып келегендігі мен жанрлық ерекшелігін түсіндіру.



Лекция мәтіні:

1. . Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір саласы- айтыс өлеңдер.”Айтыс” деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу,өлең сағысына,жарысына түсу мағынасында қолданылып келеген.Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген,айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да,сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйылатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да,ұтқыр,логикалық ойда күшті болуы шарт.Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін,дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін,осал мінездерін соғырлым көп білсе,соғырлым тиімді.

Айтыстың күшті дамыған кезі ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған.Айтысқа қатысқандардың қай-қайсысы болмасын,өз руының әруағын көтеріп,туын жоғары ұстауға тырысқан.Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай,Шернияз,Қатаған,Орынбай,Шортанбай,Кемпірбай,Шөже,Балта,Жанақ,Түбек,Тоғжан,Ақсұлу,Тәбия,Майлықожа,Тезекбай,Әсет,Ырысжан,Бейбіт,Мұса,Манап қыз сияқтылар.

Әдебиеттік жағынан алғанда,айтыс өлеңдерін мазмұнына,тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады.Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне,әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтыстар.Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады.Көбінесе әзіл-оспаққа,күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан,тыңнан туған өткір ой,өзекті оқиға желісі,әсерлі сөз жүйесі бола бермейді.

Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі-бәдік айтысы.Екінші түрі “жар-жар”қыз бен жігіт айтысы,жұмбақ айтысы.



2. Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың,қатал заңның әділетсіз кескінін әшкерелесе,екіншіден,қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді.Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор.Жар-жар өзіне тән ертеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар.Жар-жар көбіне 7-8 буынды жыр үлгісіне,кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі,әдісі,негізінен психологиялық паралеллизм деуге болады.Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету,жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған.

Қыз бен жігіт айтысы,әдетте,екі жастың амандасуынан басталып,әзіл-оспақ,әдемі қалжың ретінде айтыла береді.Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды,ойын-сауыққа лайықты күлдіргі жайлар сөз болады.Айтыстың өлеңі ретінде шығарылған және жұртқа таныс,үйреншікті жаттамалар болғандықтан оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт пен қыздың қайсысы болса да орындай алады.

Айтысқа түскен қыз бен жігіт көңіл сырын,бір-бірін ұнатқандығында білдіріп отырады.Қорыта айтқанда,халықтың әдет-ғұрып ойын-сауық салтына байланысты туған алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады.Ол кейіннен үлкен тайтыстың шығуына негіз салған жанрдың бірінен саналады.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне,әдет-салтына байланысты туған айтыс өлеңінің тағы бір түрі-жұмбақ айтыс.Бұл айтыста ойын-сауық үстінде,көпшіліктің жиналған жерінде айтылған болған.

“Жұмбақ айтыс” бүкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиыны секілді,өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады.Сондықтан мұндай айтысқа түсу үшін ақынның өлеңі суырып салып айтуы жеткіліксіз.Бұған қоса ақын тапқыр,білгір және тез ойлап,шапшаң жауап беретін болуға тиіс.Сонда ғана ол өзімен айтысқа түсіп отырған ақынның сынау мақсатымен оқыстан берген жұмбағын дұрыс шеше алатын болады.Бұл үшін жұмбақты берушінің де,оны шешушінің әр нәрседен хабары,көп мәліметі болуы шарт.

Бақылау сұрақтары:

1. Айтыстың күшті дамыған кезі.



  1. Бәдік айтысы жайлы түсінік.

  2. Айтыстың түрлері.



Лекция № 6

ІІ тарау. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті.

Лекцияныњ таќырыбы: М.Өтемісұлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

Лекцияның жоспары:

1. ХІХ ғасырдағы қазақ елінің тарихи әлеуметтік жағдайларға сипаттама.

Ресейдің қазақ елін отарлауы,отаршылыққа қарсы бұқаралық күрес.

2. Кенесары Қасымов ,Исатай ,Махамбет бастаған көтеріліс.Махамбеттің патриоттық ,отты поэзиясы.

3.Дыбыс қайталау ,риторикалық сұрау ұғымдарының анықтамасы.

Лекция мақсаты:

ХІХ ғасырдағы балалар әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы және қазақ поэзиясының талантты өкілдері өздерінің шығармаларында халқының ой-армандары мен ынталарын жан-жақты және айқын бейнелерін түсіндіру.



Лекциянының мәтіні:

1. Бұл дәуірде дала өлкесін отарлау,түгел меңгеру ісін бұрынғыдан гөрі батыл жүргізе бастаған Ресей патшалығы қазақ елін билеу ісіне тікелей араласты.Қазақ тәртібін орнату жобаларын іске асыра бастады. Бұрынға атадан балаға ауысып келе жатқан хандық билік орнына сайланып қойылатын сұлтандар әкімшілігі орнатылды.Сырт формасы сайлау болғанымен ұлықтар келісімінсіз,олардың ұйғарымынсыз ешбір сұлтан әкімшілік ісіне өз бетінше кірісіп кете алмады.Өйткенмен де,бұрынғы тек тұқым қуған хандар иелігінен мұның кейбір өзгешеліктері де бар еді. Сұлтандыққа қарсы болған ақ сүйек,төре тұқымдары хан атағын әлі де сақтап қалу мақсатында бар амалдың бәрін жасады. Ел жұрт жер қысымын көріп,елде халық пен хан-патша арасындағы наразылық үдеді.

30-шы жылдары Ішкі Орда қазақтарының хан сұлтандары мен патша әкімшілігі қысымына қарсы күресі ашық айқасқа айналды.Көтерілістің туын Беріш руынан шыққан Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы сияқты өжет ерлер көтеріліп,халық кегін алу жолында оларға қарсы күрес бастады.

ХІХ ғасырдағы алғашқы 30-40 жылдарында да қазақ даласы патшаға,қасарысқан хан-сұлтандарға қарсылықтарын ұйымдасқан көтеріліс дәрежесіне көтере білді.1837-38 жылдардағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлдары бастаған жойқын жорықтары басталып,олар өздерінің тарихи міндеттерін атқарды.

2.ХІХ ғасырдағы балалар әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгеріленген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет.Заман сыры жан-жақты ашылып, қоғамдық, ұлттық сананың ояна бастағаны,әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып, қазақ ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады.Патшалық, аға сұлтандық өктемдіктерге жергілікті үстемдер озбырлығы қосылып,қалың ел,еңбекші бұқараның қасіреті молайып жатқан бұл кез поэзиямызда өзінің реалистік сипатын табады.Шыдамы таусылып, басқа амалы қалмаған шаруалардың қолына қару алып,патшаға,аға сұлтан тобына қарсы аттанғаны үлкен оптимистікпен жырланады.Қазақ поэзиясы бұрынғы бірыңғай сарыннан арыла бастайды,батыл істерді жақтайды.Бұрынғы кейбір жыраулар алланың рақымын тілеп “жақсы патша”, мейірімді хан-сұлтандарға ақылға шақырып,кем-кетік,жоқ-жітікке аяушылық жасап, мейірімді іс қылуға үндеп,әділет жолын меңзеп,адамгершілік ақылдар айтып, ағайыншылыққа баулу немесе алыстан тоят тілеп, басқа бір қиялы өмірді,жайлы өңірді, жағасы жаз,суы бал “жер ұйық”, күні нұрлы жанға рақат,малға жайлы “Жиделібайсын” сияқты мекенді арнмандаумен қанағаттанып келді.Бұл сарыннан жаңа дәуір поэзиясы түгел арылып кетпесе де, оның алдыңғы қатарлы өкілдері заманы ұсынған жаңа талаптарға сай, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы, батыл күрес идеяларын қолдап атой салып, “Ереуіл атқа ер салуға” үндеді.Осылайша Қазақ поэзиясында жаңа өршіл сарын пайда болды. Көтеріліске аттанған халықтардың қахарлы күші мен айбынды алып бейнелерін танытар жаңа пафосты ерлік идеядағы күресшіл поэзия бой көрсетті.

3.Қазақ поэзиясының талантты өкілдері өздерінің шығармаларында халқының ой-армандары мен ынталарын жан-жақты және айқын бейнеледі, халық қайғы-қасіретінің шежірешісі және оның қанаушыларға қарсы күресінің жаршысы болды.Осы саптың алдыңғы қатарында тұрғандардың бірі- Махамбет Өтемісұлы.

Махамбет ( Мұхамед) Өтемісұлы мұсылманша жақсы білім алған, орыс тілінен сауат ашқан, ежелгі қазақ поэзиясы мен халық ауыз әдебиетін егжей-тегжейлі білген.Ол өз өлеңдерінде халықтың ар-намысын оятып, қорлау мен қысымшылыққа шыдамай, күресуге шақырды.Қазақ поэзиясында азаттық тақырып (тематика) Махамбет Өтемісұлы шығармаларынан басталады.Шығармаларында қазақ поэзиясының үздік қасиеттерін, әсіресе, ежелгі жыраулар мұраларын қолдана отырып, халықтың ой-арманы, көңіл-күйі, талап-тілегін дөп баса білді.

Ақын халық көтерілісінің реалистік суретін көрсетіп, оның жеңілісін үлкен апат, ал халықтың бас қолбасшысы Исатайдың өлімін орны толмас қайғы ретінде қабылдады.Өзінің “Тарланым” өлеңінде Исатай бейнесін халық мүддесін бәрінен де жоғары қойған,үлкен азамат ретінде суреттейді.

Махамбет шығармалары қазақ лирикалық поэзиясын тағы да бір сатыға көтерді. Оның азаматтық бағыты жоғарлады, тұлғалық бастауы тереңдей түсті.



Бақылау сұрақтары:

  1. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы сияқты өжет ерлер көтеріліп,халық кегін алу жолында оларға қарсы күрес бастауы.

  2. Қазақ поэзиясында жаңа өршіл сарын пайда болуы.

  3. “Тарланым” өлеңінің мағынасы.

Лекция №7

ІІІ тарау. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті.

Лекцияның таќырыбы: Ұлттық балалр әдебиетінің жаңа үлгісі.

Лекцияның жоспары:

  1. ХІХ ғ . ІІ жартысындағы қазақ балалар әдебиетінің демократтық ,ағартушылық бағыты.

  2. Ш.Уәлиханов –қазақ ауыз әдебиетін жинап зеріттеуші.

  3. Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы.

  4. Ы.Алтынсарин -шағын әнгіме шебері.

  5. Табиғат лирикасы .Шығармаларындағы еңбек ,адамгершілік мәселелері.Әңгіме туралы түсінікті дамыту.

Лекция мақсаты:

Қазақ балалар әдебиеті мен балалар фольклорына жататын бай мұраларды жинап, іріктеп алу, бір жүйеге келтіру, бастыру жағы да осы ХІХ ғасырдан бастап қолға алынғандығы мен бірге Шоқан Уәлихановтың ағартушылық-халықшылдық көзқарасы мен Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі екендігін айып түсіндіру.



Лекциянының мәтіні:

1.Жазба әдебиеті дамыған қандай елді алсақ та оның негіді ауыз әдебиетімен тығыз байланысты, содан қоректене отырып жетілгеген білеміз. Бұл-жазу, сызудың шығуына , сауатылыққа және мәдениеттің үздік өсуіне байланысты іске асатын құбылыс. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы ерекшеліктерді, ондағы бастр-басты айырмашылықтарды белгілей келіп, В.Г. Белинский мынадай теориялық анықтамаларға тоқталған еді. “Ауыз әдебиетінде аты мәлім автор болмайды, неге десеңіз ауыз әдебиетінің авторы әрқашан да –халық. Халықтың немесе тайпаның әлі балаң дәуірдегіндегі оның ішкі және тысқы өмірлері табиғи қалпында айқын көрсетілетін өлең-жырларын шығарушылыр кім дер еді, оны ешкім білмейді.”.

Ал әдебиет ол басқаша. Әдебиеттің шығарушылысы халық емес, оның авторлары-халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ой-ақылы арқылы білдіретін жеке адамдар.

Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіліп-жетілуімен қатар, ХІХ ғасырдың жазушылары да балалар әдебиетінің өркендеуіне ат салысып, жетекші роль атқарады.

Егер біз фольклор балалар әдебиетінің алтин бесіді десек “Әліппе ” мен “Букварь” балалар кітабының, балалар жаба әдебиетінің негіді болды дер едік. ХІХ ғасырдан бастап-ақ қазақ балалар жаба әдебиеті өзінің тұрақты педагогикалық көз-қарасы анықталған және түрлі жанрларда жазылған әдебиет болып қалыптасты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап балаларға арналған жаңа типті орыс-қазақ мектептерінде оқытылатын “Букварь” (1892) , “Әліппе”, “Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1876) “Қазақ хрестоматиясы” (1879) шыға басталды. Мұның өзі жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына байланысты туған игілік еді. Қазақ балалары үшін ашылған мектептер, соншама аз болса да, қазақ халқының арасында олар орыс білімінің тарауына көмектесті. Балалар ендігі жерде Діни медреселерде оқымасын, олардың бастарын Діни уағыздарын мектептеріне тартылсын деген пікірлер туа бастады. Бұл кезде Діни медреселерде оқитын шәкірттерге ислам дінін дәріптейтін өлеңдерді, түсініксіз аяттарды хормен айтқызып, еріксіз жаттауға мәжбүр ететін:

Қайрауат-ау, қайрауат,

Баймұғамет салауат.

Елімізге сәулет бер,

Бай, мырзаға дәулет бер,

Молдамызға нәубет бер,

Молдеке, Бізе рұқсат бер,-

деп , молда алдана иіліп тәджім беретін. Мұның өзі бала миын жас кезінен діни сүрелермен уландырып, қай нәрседен болса да қорқып, бұқпантайлап өмір сүруге кіріптар етіп қоятын. Балалар үшін сол кездегі келелі тақырыптардың бірі хайуанаттар, жан-жануарлар жайында жазылған өлеңдер-жырлар болып табылады.

Осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылуыымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармаларымен қатар, Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтан,и И. И. Дмитриевтен, Ушинский хрестоматиясынан балаларға лайықты көптеген өлеңдер, әңгімелер аударып, өз хрестоматиясына енгізді. Ыбырай мен Абайдың орыс әдебиетінен аударған шығармалары қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізді.

Қазақ балалар әдебиеті мен балалар фольклорына жататын бай мұраларды жинап, іріктеп алу, бір жүйеге келтіру, бастыру жағы да осы ХІХ ғасырдан бастап қолға алынған еді. Осыған орай қазақ балалар әдебиеті педагогикалық принциптерді қолдануға тиіс өрелі ойлар өріс ала бастады.

Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт – санасына, талғам – талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым – қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең – аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.

Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “” “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.

Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.

Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой – сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А. Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. қарады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп. аталды. Оны Рессейде А. Н. Пыпын, В. В. Стасов, А. Н. Веселовский т. б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса – ақ болғаны, оны олар бір – бірінен ауысып алған деп. есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым – қатынас, сауда – саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп. дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.

ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстаннан жылына орта есеппен 3-3,5 миллион сомның малы сатылып отырды. Әсіресе алыпсатарлар тауарды ақшаға алып, оны ауылда тоқты-торымға, немесе келесі жылғы бұзауға қарыз беріп, халықтың қолындағы малын тегіннің аз-ақ алдында алып тонауға кірісті. Қазақ даласына ақша капиталының енуін, сауда-саттықтың күшеюін, адамдардың пиғылының ақшаға ауып, қайыр-садақа беру, имандылық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қадір-қасиеттің азаюын, патша өкіметінің отарлау саясаты кезіндегі ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен парақорлық, зорлық-зомбылықтың күн сайын күшейіп бара жатқанын көзімен көріп жаны ауырған Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты “Зар заман” ақындары “заманның азуы, ақсақалдық тәртіптің ыдырауы” деп жаңалыққа тосырқай қарады. “Сары орыстың бәрі орыс – кәпірлер билеген заман” деп түңілді. Осы тығырықтан шығудың жолын көрсете білген ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласынан шыққан прогресшіл-демократияшыл Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Ахмет сияқты ағартушы ойшылдар болды. Олар орыстың Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, Н.А.Некрасов, Н.Г.Герцен, Добролюбов сияқты демократ ұлдарының еңбектерін оқып-танысып, олардың халықшылдық идеяларынан қуат алды. Қараңғы қазақ елінің бақытқа жету жолы тек оқу-ағарту ісімен байланысты деп түсінді.

Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің “Өнер-білім бар жұрттар” деген өлеңінде тастан сарай салғызған, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, теңізде кеме жүздірген, өнер мен техниканы еркін меңгерген батыс, орыс халықтарының өнері мен ғылым-білімін үйрену керек деп қарады. Ал ұлы ойшыл ақын Абай өзінің өлеңдері мен философиялық қара сөздерінде “Өнер-білім орыста тұр. Орыстың тілі, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі” деп насихат айтты. Салтыков-Щедрин, Лев Николаевич Толстой сияқты орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымынан үйренуге шақырды. Ал Омбының кадет корпусында оқып орыс мәдениетімен тереңірек танысқан Шоқан Уәлиханов “Біздің келешегіміз орыс халқымен тығыз байланысты” деп есептеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет