Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАНАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет44/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   679
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАНАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Нөкешова Д.Ө. (Ақтөбе)

Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпараттық технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Жалпы педагогика, жеке әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт: оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.


Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттың прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық тарихи, саяси әлеуметтік экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам алға қарай дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары, білімге, тілді үйренуге деген құлшыныстары арта түсуде. Білім беруде ақпараттандыру, пәндерді технологиялық ғылыми теориялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. Кез келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениеттің деңгейіне байланысты.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді.
Интернет желісі мен электронды поштаның өсіп, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.
Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең: Электронды оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, интернет желісі арқылы сабақ өткізу. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады:
1.Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру.
2.Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Білім беру үрдісінде белгілі бір қатып қалған әдіс тәсілдермен жұмыс істеу мүмкін емес, білім беру жүйесі үздіксіз жаңаруларды қажет етеді. Тек соңғы жылдары ғылым саласында білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. Мамандығым тарихшы болғандықтан, педагогикалық инновацияны тарих сабағында жүзеге асыруда көптеген әдіс тәсілдерді қолдауды алдыма мақсат етіп қойдым.
1.Интернет желісін пайдаланып (флипчарт сабақ).
Оқыту әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, интерактивті.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, актив студионы пайдалану. Мұндай сабақта тірек сызбаны, деректі фильмдерден, кинолардан үзінділерді пайдалануға болады, жекелеген адамдардың, заттардың (паравоз, тігін машинасы т.б.) дыбыстары алынады. Ол ғаламтор арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: 8-сыныпта Англия тақырыбын өткенде тақтаның жалпы қорынан Англия картасы, эмблемасы алынады.
Жаңа сабақты түсіндіргенде интерактивті тақтаның жалпы қорынан дауыстарға барып тігін машинасы, паравоз, бу кемесінің дыбысын алуға болады. Қаламның көмегімен жылжыту арқылы сәйкестендіруге болады.
9-сыныпта “Ұлыбритания” тақырыбын өткенде деректі фильмдерден (“ІІ дүние жүзілік соғыс немесе У. Черчилль туралы “cоғысты жеңген адам” т.б) үзінділер көрсетуге болады. Қазақстан мен Ұлыбританияның қазіргі кездегі достығы, Лондон олимпиадасындағы жеңімпаздар, олар туралы деректі фильмдердегі үзінді көрсету оқушылардың бойында патриоттық сезім мен Отанды құрметтеу, сүюмен бірге спортқа деген құлшынысын оятады.
2.Модификациялық инновация – қолда бар мәліметті дамыту, оның түрін өзгертумен айналысу. Мысалы: әкімшілік – территориялық бөліністерді өткен кезде тірек – сызбаларды пайдалану. Құқық негіздері пәнінен «Мемлекеттің функцияларын», «Құқық бұзушылық», т.б. тірек – сызбаларды пайдалануға болады. Бұл өте тиімді. Суреттерді пайдалану арқылы сабақты түсіндіру.
3. Комбинаторлық инновация-бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Әр түрлі пікір –талас ойындарын сабаққа енгізу оқушының дүниетанымын кеңейтіп, саяси көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Мысалы: Қазақстан тарихынан «Жәңгір хан», «Әмір Темір» тақырыбына пікір-талас өткізуге болады.Бірінші топ қайраткерлердің игілікті істерін жақтаса, екінші топ көлеңкелі жақтарын талқыға салады.
«Кеңестік дәуірдегі Қазақстан» , «Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары» атты пікір –талас өткізгенде 70 жыл ішінде болған оң өзгерістер мен жағымсыз жақтар сыналады.
З. Модульдік инновация – жеке дара тақырыптарды блок түрінде байланыстыру. Қазақстан тарихы пәнінен «Ежелгі көшпенділер», «ХІІІ-ХVI ғасырлардағы Қазақстанның мемлекеттері», «Алтын Ордадан бөлініп шыққан мемлекеттер» тақырыбын өткенде мемлекеттің тарихи шеңбері, негізін қалаушылар, астанасы, территориясы, шаруашылық, саяси тарихын салыстырып, оларға талдау жүргізіп, жаңалықтар енгізіп отырамын. Тарих сабағында сергіту, тест құрастыру, реферат жазу, т.б. тапсырмалар беремін. Қоғамда болып жатқан құбылыстарды оқушымен бірлесе отырып талдау – өте маңызды. Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде жаңалықтарға шолу жасалынады.
Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өту үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет – оқытуды компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру қажет:

  • Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьтерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда моделдеуге үйрету.

  • Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек;

  • Білімді топтық түрде бере отырып оқытуды даралауды күшейтіп, оқушының білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады

  • Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда пайдалану керек

  • Оқытуды компьютерлендіруді оқушы өз бетімен ойлап, шығармашылық белсенділік танытып дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп ойластырған жөн

  • Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық- психогиялық талапқа сай ана тілінде электронды оқулықтар жасалып жатыр. Ондағы теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері, анықтамалықтар, т.б. білім сапасын арттыруға көмектеседі

  • Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы- сабақ. Оқушылардың таным белсенділігімен қызығушылығының, оқуға деген қабілетінің төмендеуінің негізгі себептері- сабақтың бір сарынды деңгейде өтуі. Оқытушы әдістемесінде күнделікті ізденістің болмауынан оқытудың қызығушылығы жойылады, сондықтан оқытушы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің бірі- «компьютер арқылы пәндік сабақтар» өткізуі қажет

  • «Адам мен қоғам» пәнінен «Демократия» тақырыбында компьютерді пайдалану арқылы сабақ өткізуге болады. Мақсаты – оқушыға демократиялық ұғымын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы және демократиялық қоғам жөніндеашып айту. Отанды сүюге, ұлтжандылыққа, саясатқа араласуға тәрбиелей отырып, компьютермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

  • Монитордан сабақтың тақырыбы, сабақ жоспары, игерілген білімді бекіту үшін тест, тапсырмалар , сөздікпен жұмыс, тірек-сызба беріледі. Оқушының айтуы бойынша тетіктің сол жағын басқанда гипермәтін беріледі. Оқытушы дәрісті баяндап, оқушылар комьютерден гипермәтінді оқып, қажет мәліметтерді жазып алады. Мысалы: бірінші сұрақ демократиялық ұғымымен белгілерін ашқанда Демократия дегеніміз не, оның принциптері қандай? деген сұрақтарға жауап алуға болады. Демократияның тікелей және өкілетті категорияларына сипаттама беріледі. Демократияның бес белгісі туралы айтылады

  • Екінші сұрақта деморатия теориялары- антикалық, классикалық, алуан түрлілік теориялары, олардың негізін салушылар жөнінде толық түсіндіріледі.

  • Үшінші сұрақта Қазақстан Республикасының мемлекетінің құрылым сипаттарына, демократиялық , зайырлы , әлеуметтік, құқықтық мемлекет түрлеріне сипаттама беріледі.

  • Демократиялық мемелекетті басқармада халық билігінің қамтамасыз етілуі, зайырлы – Қазақстанда діни мекемелер мен дін ұсталық мемлекеттен бөлек екендігін білдіреді. Жастардың арасында іріткі салушы, уағыздаушы діни секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы ауызша айтылады.

  • Құқықтық мемлекет – заңды, әділеттілікті қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету түсіндіріледі. Әлеуметтік мемлекет сұрағында халықтың әл- ауқатын арттыру басты нысана құрылады. Президент Жолдауына оқушымен бірлесе отырып, талдау жасалынады.

  • Терминдерді есте сақтау үшін сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Қазіргі кезеңде оқу ақпаратының кең тараған формасы- интернет жүйесі арқылы ақпарат алу. Электронды пошта арқылы әлемдегі қоры бар кітапханалардан қажетті мәліметтерді алуға болады.

  • Электронды оқулықтар- ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты дайындаудың негізі- модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық тақырыпта кеңінен беріліп түсіндіріледі, географиялық иллюстрациялық, әр түрлі суреттер арқылы теориялық білім толықтырылады.

  • Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз заманға сай өз кәсібін жетік білетін, ұлттық құндылықтарды меңгеріп, өз ісінде жаңа технологияны пайдаланатын, іс-әрекетінде әлемдік компьютерлік жүйенің ақпараттық мүмкіндіктерін қолдана алатын адам болуы керек. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық боламыз.

  • Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну қажет болады, келесі бір жағдайда пәндік саладағы білімді таңдау маңызды рөл атқарады, ал үшінші бір жағдайда оқытудың психологиялық ұстанымдарын ескеру басты рөл атқарады.

  • Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

  3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

  4. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзгеше оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Компьютер көрнекі-бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым-қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдер бар» деп көрсетеді Нокс Дж.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет