Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет65/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сыздық Р.Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). Көптом-

дық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, - 2014 

2. Аманжолов С. Тіл және жазу. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 

баспасы, 2005. – 404 б.

3. Сыздық Р. «Байтұрсынов жазуы» және емле ереже тарихы // http://adebiportal.

kz/bayt-rsynov-zhazuy



69

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Жоба

Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды 

ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйым-

дас тыратын  әдістемелік  ұсынымдар  (бұдан  әрі–Ұсынымдар)  Қазақстан  Рес-

публикасы  Үкіметінің  1998  жылғы  21  сәуiрдегi  №368  қаулысымен  бекітілген 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика ко-

мис сияcы туралы Ережесінің 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Ұсынымдар ішкі мазмұнына орай бірнеше бөліктерге жіктеледі.

Сонымен қатар жергілікті жерлерде ономастикалық объектілерге, әкімшілік-

аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау 

кезінде елімізге белгілі аса танымал тарихи тұлғалар мен байырғы жер-су атаула-

рын беруді негізге алу қарастырылған. Сондай-ақ сыртқы жарнама мен көрнекі 

ақпарат  мәселесін  үнемі  бақылауда  ұстау,  жергілікті  жерлерде  үгіт-насихат 

жұмыстарын жүргізу мәселесі қамтылады.

Ономастикалық жұмыстың нормативтік құқықтық базасы  Қазақстан Рес пуб-

ликасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақ-

стан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Рес пуб ли-

ка сының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республи касының 

1993  жылғы  8  желтоқсандағы  Заңына,  Қазақстан  Республикасы  Үкіме тінің 

1998  жылғы  21  сәуірдегі  №  368  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республи-

касы  Үкіметінің  жанындағы  Республикалық  ономастика  комиссиясы  туралы 

ере же ге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 

қаулысымен бекітілген«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, 

порттарға, теміржол  вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стан-

саларына,  автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  және 

мем ле кет меншігіндегі басқа да объектілерге  атау беру, сондай-ақ оларды қайта 

атау, олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды 

тұл ғаларға,  мемлекет  қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есімін 

беру туралы» тәртібіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 

24ақпандағы  №  138  қаулысымен  бекітілген  Әкімшілік-аумақтық  бірліктерге, 

елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  кезінде  тиісті 

аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына негізделеді.

1.2. ОсыҰсынымдарда пайдаланылатын негізгі түсініктер:

1) ономастика–жалқы есімдерді, олардың қалыптасу және түрлену тарихын 

зерделейтін тіл білімі саласы;

Орайлы ұсыныс



70

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

2) топонимика–географиялық объектілердің атауларын, олардың  қалыптасу, 

өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика саласы;

3) оним– жалқы есім;

4) топоним–онимнің түрі, географиялық атаулар;

5) гидроним–топонимнің түрі, су объектілерінің атаулары;

6) ороним–топонимнің түрі, таудың, қыраттың, шоқының атаулары;

7) ойконим–топонимнің түрі, елді мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары;

8) астионим – топоним түрі, қала атаулары;

9) хороним–топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары;

10) транслитерация– бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөз-

дердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әріппе-әріп арқылы беру;

11) объектілер–Қазақстан Республикасының аумағындағы 

объектiлер,мемлекеттiк заңды тұлғалар, мемлекет қатысатын заңды

тұлғалар;

12) әкімшілік-аумақтық бірліктер – қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, елді ме-

кендер;

13)  әкімшілік-аумақтық  бірліктердің  құрамдас  бөліктері  –  шағын  аудандар, 

алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, орамдар, тұйық көшелер, саябақтар, 

скверлер, көпiрлер және басқа елді мекендердің бөлiктері;

14) физикалық-географиялық объектілер–қолданыстағы немесе пайда болған 

біршама тұрақты, белгілі бір жерде тұтас қалыптасқан жер сипатындағы: мате-

рик, мұхит, теңіз, шығанақ, бұғаз, арал, тау, өзен, көл, шөл, шөлейт және тағы да 

басқа табиғи объектілер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет