Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет19/26
Дата19.04.2018
өлшемі4,49 Mb.
#40225
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: құрылыс материалдарынан көпір құрастыруды;

игереді: құрылыс материалдарының көлемі, түсі, пішінін ажыратуды;

меңгереді: құрылыс материалдарын кеңістікте құрып, орналастыра білуді.

18 технологиялық карта



Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен жұмыс.

Тақырыбы: Құс.

Мақсаты: балаларға қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуге, умаждалған қағазды белгілінген жерге дұрысорналастыра алуға үйрету, ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, бұтақтың суреті бар қағаздар және үлгі суреттер.

Сөздікжұмыс: қағазды умаждау, үй құстары, түз құстары.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Педагог балалардан: «Қандай құстарды білесіңдер, аттарын атаңдаршы», - деп сауал тастайды. Дидак- тикалық ойын: «Бұл қандай құс?»

Балалар үй құстары мен түз құстарын атап айтады.




Педагог суреттерді көрсетеді: бала­лар үй құстарын және түз құстарынатап айтады. Үлгі суретті де көрсетіп,қандай құс екенін сұрайды.

- Осындай құсты жасағыларың келсе, жасап

көрейік.

Ойында

белсенділік

көрсетеді.

Жасағылары

келетінін айта­

ды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларға бұтақтардың суретісалынған қағаздар таратылады, оғанқұсты қалай жасау керектігін педагогтүсіндіреді:

- Қоңыр түсті, немесе басқа баланыңқалауы бойынша таңдап алғанқағаздың үлкен бөлігін алып, оныалақан арасына салып умаждаймыз;

- Қағазды қайта жазып екі рет умаждаймыз, бұл - дайын болған құстыңдене бөлігі, оны алдарыңдағы қағазғажелімдейміз;

- Енді екінші қағазды алып, оны даумаждаймыз, бұл құстың басы. Оныңбір шетінен саусақпен созып тұмсығыншығарып аламыз да, дене бөлігіне

біріктіріп желімдейміз.

- Артқы жақ бөлігінен созып

құйрығын шығарамыз;

- Көзі, тұмсығын және қанаттарын фломастермен немесе қарындашпен сызып бейнелейміз, сонда бұтақта қонып отырған құс пайда болады. Педагог балалардың шығармашылықпен және өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасайды.

Құстың дене

бөлігін бөлек

жасап, басын бір

бөлек қағазды

умаждау

арқылы жасап

алып, оларды

белгіленген

орындарға

желімдейді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Ең жақсы жасалған құстар таңдалып,көрме тақтасына қойылады, сапасына қарай, қағазды умаждауда сәттішыққан жұмыстар мадақталады.

Қандай құс

әдемі болғанын

балалар өздері

таңдайды.

Күтілетін нәтижелер: біледі: құсты жасаудың ерекшелігін;

игереді: үй құстары мен дала құстарын ажыратуды;

меңгереді: қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуді.

19 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қажетсіз заттармен құрастыру.

Тақырыбы: Сылдырмақ.

Мақсаты: дыбыс, музыка, дауыс туралы мағлұматберу, музыкалық аспаптар жайлы білімдерін бекіту. Музыкалық аспапты жасауда музыканың «сипатына» жуан-жіңішке дыбыстарды дұрыс ажырата алуға үйрету, қалдың материалдарымен ұқыпты жұмыс жасай алуға баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бос бөтелкелер, түймелер, дәндер, түрлі түсті қағаздар, желім, қылқалам т.б.

Сөздік жұмыс: «сылдырмақ», дыбыс, музыка аспаптары.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға сусын, шырындардыңбөтелкесінен жасалған екі «музыкалық аспаптарды» көрсетіп, үлгіге талдау жа­сайды. Оны «Сылдырмақ» деп атайтынын

айтып, оның дыбысына назар аудартады.

-Не себептен екі түрлі дыбыс шығады деп

ойлайсыңдар?

Балалар

аспаптарды

қарап көреді,

дыбыстарын

ажыратады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

«Осындай аспаптарды жасау үшін бізге әрқайсымызға бөтелкелер қажет бола­ды», -деп, әр балаға таратып береді.

- Аспап жасау үшін бізге екі түрлі заттар:

біреуі ұсақ түймелер, екіншісі әртүрлі

дәндер керек.

- Өздеріңнің қалауларың бойынша

түймені немесе дөндерді алып, бөтелкенің

ішіне салып, оның қақпағын жауып

қойыңдар.

- Ал енді түрлі түсті қағаздардан

әртүрлі пішіндер қиып алып, аспапты

безендіреміз.

- Дайын болған аспаппен музыка ойнап, дыбыс шығарып көреміз.

Барлық балалардың аспаптарының дайын болуын және қандай дыбыс шығаратынын өздеріне таңдату қажет.

Балаларөздеріне

берілген

бөтелкелерге

түймелерді не­

месе дәндерді

салып,бөтелкенің

қақпағынжауып, оныңдыбысын

шығарып ойнап көреді.

Әркім өзінше безендіреді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог барлық аспаптарды балалардыңқолдарына беріп, өздері кезекпен не­месе шағын топтармен бірлесіп ойнап,қарапайым «оркестр» құрастырады.

Кімнің аспабы

жақсы дыбыс

шығаратынына

қарап, безенді-

рулеріне мән

беріп жақсы

жұмыстартаңдалады.

Каталог: uploads -> doc -> 102d
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
102d -> Білімділік- оқушылардың шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы білімдерін қорытындылау; Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ділмар шешендіктеріне байланысты әңгіме, аңыздарды талдата оқыту
102d -> Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы
102d -> Құрақсу ауылы «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мдшо» кмм тарих пәні мұғалімі Сарқытова Б. С
102d -> Сабақтың түрі: ертегі әлемінде Әдіс тәсілдері : әңгіме, түсіндіру, сұрақ жауап, ойын, практикалық
102d -> Сабақ тақырыбы Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет