Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қол еңбегі



бет22/26
Дата19.04.2018
өлшемі4,49 Mb.
#40225
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қол еңбегі.

Тақырыбы: Ағаштар.

Мақсаты: балаларға шаршы қағаздарды қиғаш және тең екі бөлікке бүктеуді үйрету. Олардың қолданылуы ту­ралы түсінік беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, саусақтарының икемділіктерін арттыру, ағаштар туралы білімдерін толықтыру, ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз түрлері, түсті қағаз, желім, қайшы, бұйымның үлгісі, ағаштар суреттері.

Сөздік жұмыс: қарағай, қайың, терек, қағаз фабрикасы, ұсақ жаңқалар.



Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ойын. Балалар, бізге орманнан кірпі қонаққа келді. Ол бізге әртүрлі қағаз бөлшектерін әкеліпті. Кірпі сендерге осы қағаздардан не жасауға болатынын, оны қалай жа­сау керектігін айтқысы келіп түр. Кірпінің әңгімесі:

- Мен тұратын жерде әртүрліағаштың түрлері өседі: қарағай, қайың, терек, шырша, үйеңкі,

жеміс ағаштары т.б. Сендер қағаздыағаштан жасайтынын білесіңдерме? Бұрын адамдар қайыңныңқабығына, саздан жасалған

тақтайшаларға жазу жазған. Алқағаз ерте заманда болмаған. Оныңесесіне қазір қағаздың түрлері өтекөп. Ал қағазды қалай жасайды?Оны ағаштан жасайды. Алдымен

ағашты орманнан кесіп алады, сосын бір бұтағын екіншісіне байлайды, осындай үлкен байланғанағаштарды өзенге жібереді де,

қағаз фабрикасына дейін апаратын болған. Ол жерде оны суданшығарып, арнайы машиналармен кеседі, одан ұсақ жаңқалар

шығады. Осы жаңқаларды үлкеныдысқа салып, желіммен суға араластырып, қою ақмасса болғанғадейін ұзақ қайнатады. Осы массаны ыдысқа құйып суытады. Келесі станоктарда тегістейді, кеседі, буыптүйеді. Оны баспаларға жібереді.Міне, қағаз біздің қолымызғажеткенше осындай ұзақ жолдарданөтеді.

Балалар кірпімен амандасады.

Барлығы кірпінің

әңгімесін қызыға

тыңдайды.

Жазғы дала,

жазғы таң, Жасыл

шалғын, жасылмаң.

Ақ бұлаққа мөп-мөлдір

Күн күлімдеп төкті

нұр.

Қолымыздыкөтереміз,

тербетеміз - бұл

ормандағы ағаштар.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларға қағазды ұстап көруді,умаждауды, жыртуды, сытырлатуды ұсыну. Қандай қағаз қаттысытырлайтынын, қайсысы тез жыртылып қалатынын ажыратқызу.

-Балалар, кірпі қайда мекендейдібілесіңдер ме?

-Ал, орман туралы сендер небілесіңдер?

-Олай болса алдымыздағықағаздарды алып, кірпі мен оныңдостарына өз қолымызбен орман

жасап берейік.

  • Орманды жасау үшін бізге түрлі түсті қағаз бен қайшы, желім керек болады, егер бөріңнің алдыңда жұмысқа керек заттар болса - онда жұмысқа кірісейік.

Ағаштардың жасалу ретін түсіндіру.

Қос бүктеу тәсілімен ағаштарды жасыл түсті қағаздан және діңдерін қоңыр түсті қағаздан бүктеу арқылы жасау жолдарын көрсету.

  • Үлкен жасыл шаршыны қиғаштап бүктейміз.

Бұрыштарын ішке қарай бүктейміз. Бұл - ағаштың жоғарғы бөлігі. Кішкентай қоңыр шаршыны төртке бүктеп екі шетін желімдейміз.

Бұл - ағаштың бұтағы. Ағаштың жоғарғы бөлігі мен бұтағын бір-біріне желімдейміз. Жеміс ағаштарын, шырша және теректі бүктеп жасаймыз.

- Орманда

- Орманда көптеген

ағаштар болады,

сол ағаштардың

арасында көптеген

жан-жануарлар

мекендейді.

- Балалар қол соғып келіседі. Қағазды қос бүктеу, шеттерін бүктеу т.б.

Балалар тапсырманы педагогтің көрсетуімен орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың жұмысына жұмбақ шешу арқылы қорытындыжасау. Балалардың жасаған

жұмыстарынан кірпіге орман жасалынады.

Балалар жасаған

ағаштарынан орман

құрастырады,

оның ішіне аңдар,

құстарды орналастырып мазмұн береді.

Күтілетін нәтиже:

біледі: қағазды қиғашынан бүктей білуді үйренеді, бөліктерді бір-біріне ұқыпты жапсыруды;

игереді: қағаздың қалай жасалатыны және адам өміріне керек қажеттіліктер туралы түсініктерді;

меңгереді: бүктеу әдіс-тәсілдері арқылы ағаштың жасалу ретін және оны қағаздан жасауды.

27 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.

Тақырыбы: Желкенді қайық.

Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдаланып, қайықты құрастыра білуге үйрету және оны кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, саусақ бұлшық еттерін дамыту, бастаған ісін соңына дейін аяқтап, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары, ұсақ ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: суда жүзетін, аспанда ұшатын, жерде жүретін.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалардан әуеде ұшатын,

жерде жүретін жәнесуда жүзетін көлік

түрлері туралы сұрайды. Балаларға

қайықтың суретін көрсете отырып,

оның құрылымына талдау жасалады.

Балалар көліктүрлерін атайды, қайықты

жасаудың жолдарын ойланады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог алдымен қайықтың судажүзетін бөлігін қандай құрылыс материалдарынан жасайтынын түсіндіреді:

(Көгілдір түсті қағаздар таратып,

құрылысты осының үстіне орналастыруды ұсынады).

- Екі жалпаң кірпіш және оған бір

үшбұрышты түйістіріп орналастырамыз;

- Осы кірпіштердің үстіне екі жағына

екі кірпіш, артқы бөлігіне бір кірпіш

қоямыз;

- Қайықтың алдыңғы бөлігі сүйір,

үшкір болып келетіндіктен оған

үшбұрышты пайдаланамыз;

- Енді екі жағына екі жіңішке

текшелерді (брусоктар) қою арқылы оның ескегін жасаймыз.

Қайыққа кімді отырғызғысы келетінін балалардың өздеріне ойлануға ұсыныс жасау.

Балалардың құрылысты қалай құрастырғанына басшылың жасалады.

Балалар құрылысматери­алдарын үлгіге

және педагогтің

көрсетуіне

қарай отырып

құрастырады.

Қайық дайын

болғанда алдарындағы ұсақ ойыншықтардан

таңдап алып, оны суда қайықпен жүзгізеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың құрастырған қайықтарын қарап шығып, олардың сапасына талдау жасалады.

Балаларөздерінің

қайықтарын қалай

жасағанын айтып береді.

Каталог: uploads -> doc -> 102d
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
102d -> Білімділік- оқушылардың шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы білімдерін қорытындылау; Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ділмар шешендіктеріне байланысты әңгіме, аңыздарды талдата оқыту
102d -> Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы
102d -> Құрақсу ауылы «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мдшо» кмм тарих пәні мұғалімі Сарқытова Б. С
102d -> Сабақтың түрі: ертегі әлемінде Әдіс тәсілдері : әңгіме, түсіндіру, сұрақ жауап, ойын, практикалық
102d -> Сабақ тақырыбы Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет