Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет40/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76

3. СҮРЛЕМДІК ДАҚЫЛДАР

СҮРЛЕМ САПАСЫ ЖӘНЕ ЖИНАУ МЕН СҮРЛЕМДІК МАССАНЫ САЛУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАПСЫРМА

  1. Сүрлем сапасына қойылатын талаптармен, дақылдарды жинау және сүрлемдік массаны салы үрдісімен (процесімен) танысу.

  2. Сүрлем дайындалатын өсімдіктер мен шикізатқа қойылатын талаптар.

Сүрлемнің 1-3 кластарына салынатын өсімдік түрлеріне байланысты жоғары талаптар қойылады: протеин 14-8%-тен, жалпы құрғақ заттардың үлесі 30-12%-тен, каротин 60-30 мг/кг-нан, жалпы қышқыддағы сүт қышқылының үлесі 40-50%-тен төмен, ал жалпы құрғақ заттағы күлдің үлесі 10-17%-тен, РН мөлшері 3,8-4,5-тан, май қышқылы 0,1-0,3-тен артық болмауға тиіс. Жақсы сүрлемге жемістердің сүйкімді иісі, ашытылған көкөністердің иістері тән.

1-3 класты сүрлем алу үшін жоғары сапалы шикізат болғаны жөн, өсімдіктер жеңіл сүрленетін болуға тиіс, жеткілікті мөлшерде қант болуы керек, басқаша айтқанда сүрлену процесівде қажетгі мөлщерде сүт қышқылы түзілуге тиіс, ал ол сутегі иондарының концентрациясын қолайлы мөлшерге-РН 4,0-4,2-қа жеткізеді.



Мал азықтық дақылдарды жинау мен сүрлемге салудың технологиялық үрдістеріне төмендегідей негізгі талаптар қойылады: ұзын сабақты дақылдардың шабу биіктігі 12 см, пгөптесіндерде 5-7 см; массаның ұсақталып кесілуі өсімдіктердің ыжадцылшына байланысты - 70% және одан төмен болғавда бөліктердің ұзыңдығы 30 мм-ге дейін, 71-75% болғанда-40 мм-ге дейін, 75% жөне одан жоғарыда-50 мм-ге дейін және жүгерінің қамырланып пісу кезеңіңце-15 мм-ге дейін реттеледі.

Күн сайын салынатын тығыздалған сүрлем қабатының қалыңцығы 0,8 м-ден төмен болмауға тиіс, сыйымдылықты толтыруға кететін уақыт 3-5 төуліктен аспағаны жөн, қоймаға салынған сүрлемдік массаның температурасы 37°С-дан асырылмайды, тығыздалған шикізаттың көлемдік массасы (тығыздығы) жасыл балаусаның ылғаддылығы 70% жөне одан төмен болғанда-650-700 кг/м3, ылғалдылығы 70% -тен жоғары болғавда — 700-800 кг/м3,



ЖҮГЕРІ - КУКУРУЗА - 2ЕА МАҮ8 ТАПСЫРМА

  1. Өсімдік қүрылысының ерекшеліктерін (тамыр жүйесін, сабақ, жапырақ, гүл шогыры, масақшалар, собық жене дөңдердің) оқып-үйрену.

  1. Дәңдері бойышпа жүгерінің түр тармақтарын анықтау.

  2. Даму кезендерін оқьш-үйрену.

  3. Маңызды будандарды сипатгау.

  4. Суарылмайтын жерлерде жүгеріні астыққа жөне сүрлемге өсіру ехнологаясын жасау (аймақтың топырақ-климат ерекшеліктерін ескере отырьш).

  1. Суармалы жерлерде жүгеріні сүрлемге өсірудің перменді технологаясын жасау (топырақ-климат жағдайына қарай).

  2. Жүгеріні сүрлемге собықтарымен өсірудің технологиясын жасау (жылу тапшылығы бар өңірде астық технологиясы).

Жүгері біржылдық,бір үйлі, мөдени өсімдік, қоңырбастар (Роасеае) тұқымдасыа, тары төрізділер (Рапісосіае) тұқымдас тармағына, маистар (таусісеае) трибасына жатады. Маистар трибасы 8 туыстықты біріктіреді, соның ішівде (2еа еисһіаепе) туыстығы, оның жүгерімен көп ұқсастығы бар және онымен жеңіл будандасады. 2еа туыстығының жалгаз ақ түрі бар — тау$, оның үстіне бұл туыстықтың жабайы түрлеріжоқ.

Жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, Ф.М. Куперманның (1959) сипатгауында бес түрлі- ұрықтық, пшокотильді, немесе буйір, ұрықтық эпикотильді, түйін және сүйеніш тамырлар ажыратылады.Жүгерінің дөні ене бастағанда өуелі 30-40 см тереңдіке тез бойлайтын бір үрықтық тамыр түзеді, көпшілік сорттары мен будандарында2-3 тәулікген соң-ақ 2-ден 7-ге дейін бүйір тамырлары түзіледі, бірқатар сорттарында олар түзілмейді.



Гипокодильді бүйір тамырлары бүтақтанады жөне ұрықтық тамырлармен бірігіп бірінші дөрежелі тамырлар жүйесін қалыптастырады, олар бірінші қабаттың тамырлары деп есептеледі. Бұл тамырдар көктегеннен кейінгі алғашқы 2-3 аптада өсімдікті су және қоректік заттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады, ал соңынан мүндай рөлі не төмендейді, немесе мүдде тоқтайды.

Эпикотильді тамыршалар өсімдіктің эпикатильді бөлігінен пайда болады, ұзындығы тұқымның топыраққа сіңірілу тереңцігіне байланысты өзгереді және өте терең сіңірілгенде (10-15 см) дамиды. Бұл тамыршалар тамырлардың екінші қабатын қүрайды, алайда өсімдіктердің қоректенуінде олардың рөлі шамалы. Тамырлардың ушінші қабаты негізгі жөне өсімдіктер тіршілігіңдегі барынша маңызды-түйін тамырлары, олар сабақтың алғашқы 3-5 жерасты түйіндерінен дамиды және олардың біріншісі топырақ бетінен 3-4 см теревдікте орналасады. Түйін тамырлар жан-жағына 1 м-ге дейін тарайды соңынан 2-2,5 м-ге топыраққа бойлайды, бірақ олардың негізгі массасы 30 см топырақ қабатында щоғырланған. Жүгерінің өскіні мен тамыршалары 46-суретте берілген.

Сүйеніш тамырлар сабақтың топыраққа жақын орналасқан 2-3 түйіндерінен тарайды. Бұл тамырлардың диаметрі түйін тамырларға қарағанда үлкен, қалың қорғаныш тканьмен қапталған, хлорофиль түзеді және жасылданады. Қолайлы жағдайларда негізгі қызметінен басқа-өсімдіктерді жапырылып қалмаудан сақтау-өсімдіктердің қоректенуінде рөл атқарады (тамырлардың 4-ші қабаты). Егін көгі шыққаннан кейін алғашқы 45-50 күнде жер үсті массасы баяу өседі, есесіне тамыр жүйесі пөрменді өседі де жер үсті массасынан бірнеше есе асып түседі.

Жүгерінің сабағы цилиндр пішінді сорт, будан жөне өсіру ерекшеліктеріне қарай 0,5 м-ден 7 м дейін биіктікке жетеді. Қазақстанда пайдалануға рүқсат етілген ерте жөне ортадан ерте пісетін будандарының биіктігі 2,0-2,5 м дейін. Түйін және түйін аралықтарының саны будандар мен сорттарына қарай 8-40 аралығанда, теменгі түйін (буын) аралықтары барынша қысқа, ал жоғарғылары-барынша үзын.

Олардың 3-10 жер асты, 6-30 және одан жоғары жер үсті буынаралықтары болады. Төменгі буынаралықтары барынша қысқа, ал жоғарғылары барынша ұзын.

Ұрықтық сабақтардың буындарға дифференциясы ұрықтық жапырақтар пайда болғаннан кейін жүреді.

Пісу мерзімі әртүрлі будандар мен сорттардың биіктігіңдегі айырмашылық буындар саны мен буынаралықтарының ұзындығына байланысты өзгереді деп қорытындылауға болады, ал будан (сорт) шеңберінде өр буынаралығының өсуіне өсер ететін жағдайларға байланысты. Буынаралықтардың өсуі интерколярлық есу есебінен төменгі буынаралықтан басталып бірте-бірте жоғарғыларына ауысады.

Сабақтың барынша нөрменді өсуі сіпсебастың жоғарғы жапырақ қынабынан шығарда жөне гудденудің бас кезінде байқалады, жылы өрі ыжалды кундері төулігіне 10-20 см дейін ұзындық қосады, гүлдену кезеңінің аяқталуымән жүгерінің бойлап өсуі тоқталады. Сабақтың буынаралықтары жапырақ қынабымен жабылған, олардың қолтығывда бір-бірден қолтық өркен қалыптасады да сабақта оның пайда болған орнында шамалы ойық түзіледі.



Жүгерінің өскіні: 1-бірінші урықтык жапырақ; 2-колеоптиле (қынаптық жапырақ); 3-қосалқы тамырлар; 4-мезокотиль; 5-колеориза (тамыр қынабы); 6-біріншілік тамырлар; 7-екіншілік тамырлар.



Әдетте ерте пісетін будандарда теменгі және жер-асты буывдарынан үзын өркендер дамвды, ал олардың қалыптасуы сорттық ерекшеліктер мен өсіру жағдайларына қарай өзгереді, бірқатар орташа мерзімде жөне кеш пісетін сорттар мен будандарда олар түзілмейді.

Қолтық өркевдерден, 2-4 жоғарғыларынан басқасынан, жүгері собығы дамиды, ал ол түр өзгерісіне үшыраған бүйір сабақ болып табылады. Сабақ жапырағы қанша болса, сонша собық түзіле алады, алайда аудандастыршгған будандарда 5-10 буынаралықтарындағы жапырақ қолтығынан ғана түзіледі. Жүгерінің сабағы жасыл күйін ұзақ уақыт сақтайды. Ол сыртынан эпидермиспен қапталған, одан кейін сабақтың діңі орналасқан, ол бір-біріне жабыса орналасқан түтікті-талшықты шоқтардан түрады жөне сабақтың қатты қабырғасын қүрайды. Сабақтың өзегі борпас паренхима клеткаларынан тұрады, олардың бойынан өткізгіш шоқтар өтеді де олардан бүйір өркендер мен жапырақ түзіледі.



Жүгерінің жапырағы, басқа астық тұқымдастардағы сияқты төменгі жөне орта түйін аралығын тығыз жауып тұратын жапырақ қынабынан жөне енді өрі ұзын жапырақ тақтасы мен кішірек келген тілшеден құралған. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы өртүрлі будандар жапырақтар санының өртүрлілігімен де ерекшеленеді жөне олардың саны 8-ден 30-40-қа дейін өзгереді. Осы заманғы жүйелеу бойынша пісу мерзіміне қарай жүгері будандары 7 топқа бөлінеді (74-кесте).

74-кестс Будандарды пісу топтарына және олардың жылу




режимше қоятын

талаптарына қарай жүйелеу

Будандардың пісу топтары

Пісу тобыны ң нөмірі

Жапырақ саны

Белсенді температура жиынтығы, град.

ФАО

бірлік


Қазақстанда себу-сүттене пісу кезеңінің ұзақтыға, тәулік

Өре ерте пісетін

1

11 дейін

2100

100-149

95-105

Ерте пісетін

2

12-14

2200

150-199

105-110

Ортадан ерте пісетін

3

15-16

2400

200-299

115-120

Орташа мерзімде пісетін

4

17-18

2600

300-399

120-130

Ортадан кеш пісетін

5

19-20

2800

400-499

130-140

Кеш пісетін

6

21-23

2900-3000

500-599

140-145

Өте кеш пісетін

7

>23

>3000

>6ОО




Жапырақтарының саны бойынша өрбір келесі топ адцыңғысынан 2-3 жапыраққа жөне 200°С белсенді жиынтық температураға ажырасады.

Солтүстік Қазақстанда жапырақтар саны 15-16 болатын ортадан ерте және жапырақтар саны 12-14 болатын ерте пісетін будандар аудандастырылған.



Дүниежүзілік тәжірибеде жүгері будандарын пісу мерзіміне байланысты топтау соңғы жылдары ФАО (БҮҮ азық-түлік жөне а.ш. жөніндегі халықаралық комиссия) бекіткен жүйелеу қолданылады, мүнда ете ерте пісетін будандар үшін 100-ден 149 бірлікке дейін, ерте пісетіндерге 150-199, 3-топта 200-299 ж.б. (74-кесте) қарастырылған. Будандарды пісу мерзіміне байланысты бүлай бөлу оларды нақты сипаттауға мүмкіндік береді, өйткені топтар арасындағы айырмашылық 200° өсіп-жетілу кезеңінің 8-10 тәулігіне сөйкес келеді, ал ФАО бірліктері-белсенді жиынтық температура мен өсіп-жетілу кезеңін айтарлықтай нақты анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан нақты жағдайда биоклиматтық көрсеткіштерді ескеріп барынша жоғары мүмкін өнім (астық, сүрлем) алуды қамтамасыз ететін будандарды тандап алуға болады.

Осыған орай, жылу ресурстарына байланысты әртүрлі еддерде жүгері будандарының түқымдарын ФАО-ның мынадай жүйелеу керсеткіштері ұсынылады: Алмания 180-250; Франция 230-400; Италия 600-700; АҚШ 400-600 басқаша айтқанда Алманияда пісу мерзіміне қарай 2-ші, 3-ші топ будандары пісіп үлгереді, алайда 180 көрсеткіші 3-топқа жақын, қажетті белсенді температура жиынтығы 250 бірлікте шамамен 2500°С.

Сабақтық жапырақтар онтогенезде ұрықтық будандар мен буынаралықтардың дифференциясы кезеңінде салынады, соңынан жапырақтар саны өзгермейді.

Жүгерінің барлық жапырақтарын 4 негізгі топқа бөлуге болады: ұрықтық, нағыз сабақтық, төбе жөне орауыш. Жүгеріде ұрықтық жапырақтар саны 4-7, кейде одан да көп, собықтардың пісу қарсаңында бұл жапырақтардың тақталары солып, түсіп қалады. Нағыз еабақтық жапырақтарға қолтығында бүршіктер түзілетін жапырақтар жатады.



Төбе жапырақтары-бүршіктер қолтығынан шыққандар, осыған сәйкес бүйір өркендер түзілмейді.

Орауыш жапырақтар жапырақ қынабын қүрайтын бөлігі, жапырақ тақтасы өте кішкентай, екінші дөрежелі қысқа өркендерде орналасқан, онда собық қалыптасады (47-сурет).

Жапырақ тақтасының эпидермис қабатында өте көп мөлшерде устьицелер болады-бір өсімдікте 100-200 млн, мүның езі өсімдіктерде ауа алмасуын жақсартады. Бір өсімдіктің жапырақ беті ауданы буданның пісу тобы мен өсіру жағдайларына байланысты 0,3-тан 1,2 шаршы м-ге дейін өзгереді.



47-сурет. Жүгері: 1,2-егін көгі және гүлдену кезевдеріндегі өсімдіктер; 3,4-аталық гүл шоғыры және масақша; 5,6-аналық гүл шоғыры және масақша.



Гүл шогыры мен гүлдің қүрылысы. Жүгері бір үшіі, дербес жынысты өсімдік, үш типтегі гүдцер қалыптастырады-аталықтар, аналықтар, кейде қосжыныстылар.

Аталық гүддерде негізінен аталық генеративті органдар-аталықтар дамиды жөне олар аталық гүл шоғырында-сіпсебаста (шашақта) жинақталған. Мұнда аналық ұрықтар ерте солып қалады (редукцияланады).

Аналық гүддерде аналық генеративтік органдар дамиды, ал аталық үрық қаптары ерте солып қалады. Аналықтар қысқарған бүйір өркендеріңде қалыптасады, аналық гүл шоғырын — собық түзеді.Қосжынысты гүлдер жиі түрде өте ерте пісетін сорттарда және бүйір бүршіктерде (қысқарған) қалыптасады.

Жүгерінің сіпсебасы басқа шашақты астықтан бүйір бұтақтарының әлсіз бұтақтануымен ерекшеленеді, жиі түрде 2-3-5 бүйір бұтақты сіпсебас кездеседі. Сіпсебаста масақшалар жұптасып орналасқан, біреуінің масақша білігі ұзын болады, екіншісінде екі гүлді қысқа масақшалар. Олардың өрқайсысы екі гүл қабықшалары мен үш аталықтан тұрады (48-сурет).

48-сурст. 1-Гүлдеп тұрғандағы жүгерінің гүл шоғыры (шашақ); 2-шашақтың жеке масақшасы; 3-аналық гүл шоғыры (собық); 4-төбесінде екіге айырылған аналық аузымен аяқталган бағаналары мен үш жатын.



Собықта масақшалар, сіпсебастағы сияқты, жүптасып орналасады да тығыз етті собық білігінің ұзына бойына бойлай қатарлар қалыптастырады. Собық масақшаларының құрылысы сіпсебастағыға ұқсас-екі гүлді. Алайда біреуі ерте сеніп қалады да, екіншісі ғана бір дән түзеді, осыған сәйкес собықта көбінесе жұп қатарлы дөндер қалыптасады-4-812-16-20 және 32-ге дейін кейде дөндер қатарының саны 6-10-15-19 түрінде болады.

Собықтардың үұындығы әртүрлі және масақшалар саны 20-дан 50-ге дейін және одан да көп болуы мүмкін. Собық білігінің жуандығы мен тығыздығы әртүрлі жөне піскен кездегі оның массасы бүкіл собықтың 18-25%-не тең.

Жүгерінің жемісі-дөн, көпқабатты перикарпий қабығынан тұрады. Жеміс қабығының түсі пигментке байланысты сары, қызыл, қызғылт, қоңыр-шие түсті, күлгін болып келеді, пигменттері болмағандағы негізгі түсі-ақ. эодоспермнің түсі - қоңыр-сары, сары, ашық-сары және ақ. Эндосперм үнды, мүйіз тәрізді, шынылы және балауызды болып бөлінеді. дөннің төменгі жақ бүйірінде қалқанымен үрық орналасқан. Ұрықта 5-7 ұрық жапырақшалары бар алғашқы бүршікті, ұрықтық тамыршаны және эпикатилді ажыратуға болады (49-сурет).

1000 дәннің массасы будандар мен сорттарына қарай өртүрлі: ұсақ тұқымдыларда 100-150 г, ірі тұқымдыларда 300-400 г. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылғандарында 200-300 г. Бұдан түрі мен өсіру жағдайларына қарай бір собықта 200-ден 1000-ға дейін (орта есеппен 500-600) дән қалыптасады.



Түр тармақтарын анықтау. Жүгерінің 2еа тау турі мынадай белгілері бойынша 9 түр тармақтарына бөлінеді: дән ірілігі мен беті, дәннің бет құрылысы, дәңде мүйіз тәрізді эндоспермнің дамуы, дөннің қабықтылығы 50,51-суретте жөне 75-кестеде түр тармақтарының айырмашылықтары келтірілген.

Каталог: Книги -> 269
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
269 -> Назар аударыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет