198
тұтыну мен жинақтауға кетпейді. Олай болса,
ҰТ-тан жеке табыс
көрсеткіші алынады.
ЖТ
–
ел тұрғындары мен фирмалардың салықтық төлемдерді
төлегенге дейінгі тапқан табыстарының жиынтығы.
ЖТ-ты табу
үшін ҰТ-тан әлеуметтік сақтандыру жарналарын,
корпорацияның
бөлінбеген пайдасын, корпорациялық
табыс салығын алып тастап
трансферттік төлемдерді қосу керек.
ҚБТ
–
ел азаматтарының барлық салықтық төлемдерді төлегеннен
кейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ҚБТ көрсеткішін есептеу
үшін ЖТ-тан салықтық төлемдерді алып тастау қажет. ҚБТ
көрсеткішін соңында азаматтар екі мақсатпен жұмсайды, яғни оның
бір бөлігі тұтынуға кетеді, ал қалған бөлігі жинақталады.
Сонымен, ҰШЖ-гі аталған негізгі макроэкономикалық көрсеткіш-
тер жиынтық өнім мен жиынтық табыстың сандық нәтижелерін баға-
лап көрсетеді. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді
де атап өткен жөн. Мәселен,
жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза
экономикалық әл-ауқат
және
ұлттық байлық
деген көрсеткіштер
тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің
жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін
сипаттай алады.
10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
ЖІӨ және ҰТ сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер ақшалай
көрсеткіштер болғандықтан, олардың көлемі елдегі бағалар деңгейіне
тәуелді болып табылады. Өндіріс көлемінің шамасын анықтау үшін
индекс түрінде көрінетін бағалар деңгейінің
қандай екендігін білу
қажет.
Бағалар индексі
– бұл осы жылдағы (ағымдық) тауарлар мен
қызметтердің белгілі бір жиынының (тұтыну себеті) жиынтық бағасы
мен өткен жылғы (базистік) тауарлар
мен қызметтердің сондай
тобының жиынтық бағасы арасындағы арақатынас.
Достарыңызбен бөлісу: