202
7. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер қандай?
8. Жалпы ішкі өнімді есептеудің қандай әдістері бар?
9. Елдегі бағалар деңгейі жалпы ішкі өнімнің қарқынына қалай әсер
етеді?
10. Бағалар индексі дегеніміз не?
Тәжірибе сабағының жоспары:
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру,
дискуссия, сұрақ-жауап, т.б.
ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.
Мақсаты:
экономикалық теорияның макроэкономикалық
бөліміне, ондағы
қаралатын негізгі мәселелерге, сондай-ақ,
негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерді қарастыру. Ол үшін тәжірибе
сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
10.1. Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсат-
тары,
құралдары, талдау ерекшеліктері;
10.2. Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың
шеңберлі
айналымы;
10.3. Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер
және оларды есептеу әдістері;
10.4. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты:
тақырыптың негізгі талқылау
сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
Достарыңызбен бөлісу: