Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет74/87
Дата06.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#35799
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87
Он төртінші дәріс.
Тақырып: Психикалық іс-әрекеттегі қиял рөлі.
Мақсаты: Қиял туралы түсінік беру, қиял бейнелерінің қалыптасу кезеңдерімен, ерекшеліктерімен таныстыру.
Мазмұны:
1. Қиял туралы түсінік.
2. Қиял түрлері.
3. Қиял бейнелерінің қалыптасуының негізгі этаптары.
Қиял туралы түсінік.
1.Адам бұрын жинаған образдарына сүйсіне отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. Қиял адамға ғана меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция. Жоғардағы психологиялық процестер секілді қиял да шындықты бейнеледі. Қиялдау үшін адамның басында белгілі білім қоры, нақты образдар, тұрақты елестер болады. Адам әрекетінің барлық түріне қиял қатынасады. Қиялды баланың ойынынан да, оқу процесінен қолы жетпей жүрген мақсатын ойымен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап шалдыққан жолаушы аулын қиялмен елестеткенде оған күш бітіп ширай түседі. Адамның еркі де қиялмен байланысты. Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина, үй) адам алдымен бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып, әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.
Психиканың көптеген басқа көріністері тәрізді қиял біртіндеп дамып, психофизиологиялық механизмі жағынан да, көрініс формалары жағфнан да өзгерістерге түсті. Қиялдың дамуы адамның қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланыста болып отырады. Материалдық және рухани қажеттіліктердің жаңаларының пайда болып және бұрыннан барының дамуы адамды белсендірек қызмет етуге итермеледі және оның шығармашылық күшін өмірге келтіреді, оған қойылатын таланты барған сайын ұлғайта түсті. Қоршаған дүние туралы білімнің топшылығы, көбіне табиғаттың объективтік заңдарын мүлдем білмеушілік қиялдың күшеюін, фантазияның шарықтауын туғызады. Археологиялық зерттеулер мен ең жаңа ашылымдар дәлелдеп отырғандай, адамзат дамуының ең ертедегі сатыларының өзінде-ақ адамдардың мифологиялық елестер болған. Көркем шығармашылықта өте ерте пайда болды. С.Л.Рубинштейннің ойынша, дүниені өзгертуге қандай да болса қатысы бар ой, әр сезім, кез келген еріктік әрекетте қиялдың элементтері бар. Қиял тіпті бейнелендірудің адамның қабылдауы түріндегі формасынада енеді. Ес әрекеті, есте қалдыру және қайта жаңғырту процестерінде де қиял бейнелері болады. Қиялдың физиологиялық негізі- оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың бір тұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді. Осыдан бейне мен ой ажыратылмас бірлікте екенін байқаймыз.
Қиял дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының субъективтiк образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрiнетiн, тек адамға ғана тән психикалық процесс: “...барлық жан қуаттарын (рухани күштердi) тек қиял ғана өзiндiк сақталатын сезiмдiк заттарды модельдендiре алады” (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлi комбинацияларға түседi де, жаңа нәрселердiң бейнесi туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесiнде екiншi сигнал жүйесi шешушi рөль атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбiр ерекшелiктердi төмендегiше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшелiктерi оның жеке қызығулары мен қасиеттерiне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келедi. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екi-үш күннен кейiн емтихан тапсыратын студенттiң машинасы-ның тетiгiн жетiлдiрудi ойлап жүрген инженердiң қиялын салыстырып көругс болады;
2) қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшелiктерiне де, бiлiм тәжiрибесiне де байланысты. Мәселен, көргенi де, түйгенi де көп, өмiр тәжiрибесi мол, әр тарапты бiлiмi бар ересек адамның қиялы мен ендi ғана өмiрге аяқ басайын деп тұрған жеткiншектiң қиялын бiр өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелiгiне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрiнiп отырады. “Жаратылыстың құшағында,— деп жазады М. Жұмабаев,-меруерт себiлген көк шатырдың астында, хош иiстi жасыл кiлем үстiнде, күнмен бiрге күлiп, түнмен бiрге түнеп, желмен бiрге жүгiрiп, алдындағы малымен бiрге өрiп, сары сайран далада тұрып өсетiн қазақ баласының қиялы жүйрiк, өткiр, терең болуға тиiстi”.
4) қиял — адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын iздестiру қиялсыз мүмкiн емес. Бұл—қиялдың ерiкпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесiнде алатын орны ерекше. Өйткенi ойлау белсендiлiгi адамды шығармашылық әрекетке жетелейдi. Ал ондай әрекет қиялдың өте күштi дамуын қажет етедi. Ойлау мен қиял бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуi де мәселенi шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бiрақ қиялда мәселенi шешудiң өзiндiк ерекшелiгi болады. Қиял-мәселенi суреттеу, жанды көрiнiс арқылы шешсе, ойлау оны тiрi суретсiз жалпылай, ұғым, пiкiр, тұжыры түрiнде шешедi;
5) адам қиялы еңбек процесiнде, iс-әрекет үстiнде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негiзгi шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, iстейтiн еңбектiң нәтижесiн күнi бұрын көре бiлу, яғни оны өңдеп, өзгертiп, елестете алу — адам қиялына тән негiзгi белгiлер. Қиялда адамның дүние жөнiндегi әр-түрлi таным-түсiнiгi әртүрлi формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. қиял бейнелерi адам қажеттiгiнен тәуелдi бола тұрып, оны белсендi кызметке итермелейдi, творчестволық iсiне күш-жiгер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткiл рухани өмiр жүйесiнде елеулi орын алады. Кiсiнiң өмiр жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттерi, iс-әрекетiнiң құрылымы, өмiр салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкiн емес. Адам саласы-ның жануар психикасынан басты айырмашылығы адам да ойлаумен қатар қиял әрекетiнiң болғандығында.
Айдаһардың бейнесiн Италияның атақты суретшiсi Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейдi: “Көкжал аңшы иттiң не жай иттiң басын аламыз, оған басқа мысықтың көзiн саламыз, қүлағы үкiнiкi болады, мұрыны тазынiкi секiлдi, қасы арыстандiкi, самайы - әтештiкi, мойны суда жүзетiн тасбақанiкi сияқты”. Осы бейненiң өзi шындықта бар нәрселердi топтастыру арқылы туып отыр. Бiрақ осы топтастыру нәтижесiнде келiп шыққан тұтас образдың өзiн көре бiлу үшiн адамға ең күштi, өрен жүйрiк қиял қажет.
Қиял процесiнiң адам әрекетiнiң қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзi осы әрекет арқылы өзгерiп, дамып отырады.
Тiптi бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзi де оның танымын кеңейтетiндiгi, қоғамдық тәжiрибенi меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзi баланың психологиясына қатты әсер ететiнi байқалады. А. П. Чехов “Үйде” деген әңгiмесiнде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегiп әдеттенген жетi жасар балаға еш-бiр сөз әсер етпей қойған. Бiрде әкесi оның қиялына әсер етудi ойлайды. Ол баласына мынадай әңгiме айтады: “кәрi патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзi дәл сен сияқты кiшкентай бала екен. Өзi жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейдi, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейдi екен... өзi ақылды болыпты... Оның бiр ғана кемшiлiгi - шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкiрек ауру болып жиырма жасында өлiптi. Қаусаған ауру шал ешбiр қолганатсыз қалыпты. Мемлекеттi басқарып, сарайды қорғайтын ешкiм болмапты. Жау келiп, шалды өлтiрiп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, ендi бақша да, шие де, қүстар да, цоқыраулар да қалмаған...”. Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттiң оған күштi әсер еткендiгi сонша, бала “қаранғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк еттi де, мүңайған дауыспен: — Мен ендi шылым тартпаймын...— дедi”...
Қиялдың адам қажетiне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуi адамға ерекше қанат бiтiрiп, оның iлгерi өрлеуiне себепшi болады. Халық “Қыран жетпеген жерге қиял жетедi” деп өте тауып айтқан. Бiр кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857— 1935) космосқа ұшуды армандап едi. Космос кораблiмен аспан әлемiне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкерi Тоқтар Әубәкiровтiң және басқаларының ерлiктерi осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың iске асуы болып табылады.
Пысықтау үшiн сұраулар:
1. Қиял процесiнiң жалпы сипаттамасы қандай?
2. К. Маркс пен В. И. Ленин қиял туралы қандай пiкiрлер айтқан?
3. Ырықсыз қиял деген не?
4. Қайта жасау қиялы қалай жасалады?



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет