ПОӘК 042-18-16 32/03-2013 Баспа №1 13. 09. 13


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет2/7
Дата04.11.2016
өлшемі1,32 Mb.
#181
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Заң психологиясының ғылым ретінде қалыптасып дамуы

2. Криминалистиканың негізін салушыны ата

3. Заң психологиясының қалыптасып дамуына үлес қосқан ғалымдар

4. Теориялық және практикалық негіздерінің қалыптасуы
3 Дәріс: Заң психологиясының ғылыми зерттеу әдістері.


  1. Заң психологиясының ғылыми зерттеу әдістері.

  2. Бақылау мен әңгімелесуге қойылатын талаптар.

  3. Тест әдісінің қолданылуы

Заң психологиясының ғылыми-зерттеу әдістері жалпы психология ғылымының ғылыми әдістерімен тығыз байланысты. Заң саласындағы әрекеттердің ерекшеліктеріне қарай ғылыми-зерттеу әдістері екі топқа бөлінеді: негізгі және қосалқы. Негізгі әдістеріне бақылау, әңгімелесу, эксперимент жатады. Сондай-ақ, заң психологиясы зерттеу жұмыстарының барысында мынандай әдістерді қолданады:

Құрылымдық талдау әдісі – зерттеленіп отырған құбылыстың құрлымдық-қызметтік тәуелділігін анықтауға бағытталған. Ол әр түрлі құқық субъектілірінің психикалық сапаларын зерттеуге, қылмыскердің жеке басын зерттеуде, заңгерлік іс-әрекеттің алуан түрлерінің психологиясы зерттегенде жетекші әдіс болып табылады.

Құрылымдық-генетикалық талдау әдісі – зерттеленуші объектінің пайда болуы мен дамуы және оны өміір сүруінің ерекшеліктерінің тәуелділігін анықтауда қолданылады.

Сандық және сапалық талдау әдісі – бұл зерттеленуші құбылыстың факторы мен сандыұ көрсеткіштері. Олардың жиынтығы зерттеленуші құбылыстың өмір сүру себептері мен жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.

Табиғи эксперимент әдісі – зерттенуші адамдар эксперимент жағдайын нақты оқиға ретінде қабылдайды.

Әңгімелесу әдісі – зерттеленуші адаммен сенімді қатынас. Бұл жағдайда жанама сұрақта қою бағыттаушы сұрақтарға тыйим салынады.

Азаматтық және қылмыстық істерді тергеу және соттық қателіктерін зерттеу әдісі - бұл заң психологиясының көмекші әдісі.

Өмірбаяндық әдіс - өмірбаян деректерін табу мен анықтауға бағытталған және генетикалық зерттеу әдісі болып табыоады. Мәліметтер зерттеленуші адамның өмірбаянынан алынады. Кейбір құжаттар ескірген де болуы да мүмкін. Алайда барлық өмірбачндық іс-қағаздар жеке адамның өмір жолы туралы деректер береді және оны психологиялық талдау мүмкіндігін жасайды. Психологиялық зерттеу барысында түрліше тест пен сұрауларды пайдаоануға болады.

Тәуелсіз мінездемелерді зерттеу әдісі – қызметтік немесе басқа да мінездемелерді ала отырып, солардың негізінде жеке бас туралы тұжырыдар қолдануға бағытталады.

Сот-психологиялық сараптамасы – қылмыстық іс бойынша өтіп отырған адамдардың ақыл-есінің дұрыстығын анықтайды. Ол жоғарға біліктілігі бар мамандардың қатысуымен жүзеге асады.

Заң психологиясына тән әдістің бірі – жеке жағдайды зерттеу әдісі әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың көрнекті бір өкілін алып, соның негізінде типтік ерекшеліктерді анықтау жүзеге асырылады. Көпшілікпен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде тесттерден өзге анкеталар, интервьюлер, балдық және ранжерлік әдістер қолданылады.

Заң психологиясының жеке адамды зерттеуде қалыптасқан психологиялық әдістер жүйесі бар. Құқықтық әрекет процесінде қалыптасатын әртүрлі психикалық шаралардан туындайтын заң психологиясының әдістері:


  • бақылау әдісі

  • әңгімелесу әдісі

  • анкета әдісі

  • биографиялық

  • интервью

  • мінездемеден тыс жалпылау

  • эксперимент

  • өнімді әрекетті талдау

  • құжаттарды психологиялық зерттеу

Бақылау әдісі: арнайы ұйымдастырылған, белгілі мақсатты көздеуде қолданылады: қылмыстық істі психологиялың талдау мен зерттеу барысында, әртүрлі жағдайларда адамдардың психикалық айқындалуы бақыланады. Бақылау барысында бірнеше әдістер қолданылады. Олар табиғи жағдайларға зиян келтірмеу керек. Адамның субъективті психикалық жағдайларына емес, тәртібі мен қылығына, сөзі мен әрекетіне көңіл аудару керек. Бақылауда нәтижеге жету үшін керекті шаралар:

  • зерттеуге арналған құбылыстар, нақты, қалыпты жағдайда бақыланады. Бақылау зерттелінетін құбылысты өзгертпеуі тиіс.

  • бақылау қалыптасқан құбылыстар мен жағдайларда жүргізіледі.

  • бақылау алдын-ала жоспарланған бағдарлама, зерттеу міндеттері негізінде жүргізіледі

  • бақылау үздіксіз, жүйелі түрде, әр-түрлі жағдайларда жүргізіледі.

  • бақылаудың нәтижесін тіркеуде техникалық құралдар қолданылады.

  • бақыланушы сөздерін магнитафонға жазу

  • фотосъемкалар мен киносъемкаларды қолдану.

Алдын-ала іздеу мен соттық талдау шраларында техникалық құралдар тек заңға сәйкес қолданылады. Бақылау: жанамалы, жанамалы емес, тіркелген, тіркелмеген болады. Жанамалы емес түрінде бақылауды жүргізуші мен сот қызметкерлері соттық шараларды жүзеге асырады. Жанамалы бақылау- бақылау жөніндегі мәліметтер алу үшін қолданылады. Ерекшелегі: нәтижесі әрқашан құжатта тіркеледі, протоколда, эксперттер қортындыларында және т.б. Тіркелмеген бақылау- зерттеушінің бақыланушыдан тысқары зерттелінуі. Тіркелген бақылау: алдын-ала дайындалған сұрақтар қолданылады.

Сондай-ақ, психологиялық зерттеуде интроспекция қолданылады, психикалық жағдайларын, процеccтерін, ішкі жан дүниесін бақылау. Зерттеуші зерттеу-соттық шараларда факторлардың ықпалын, деңгейін, нәтижесін бақылайды, қорытындылай алады.



Әңгімелесу әдісі: психологиялық зерттеудің мақсаты: жеке адамның таным тереңдігін, ішкі жан дүниесін, сенімін, талпынуын, қызығушылығын, әлеуметтік ортаға қарым-қатынасын терең білу; әңгімелесу әдісі бұл орайда ерекше орын алады. Әңгімелесудің тиімділігі мыналарға байланысты;

  • Зерттеуші бақыланушылардың сеніміне кіре білуі

  • Әңгімелесуді алдын-ала жоспарлау

  • Зерттеушінің жанама сұрақтарды қоя білуі

Әңгімелесуде магнитофон жазбасын қолданады. Әңгімелесу сұрауға ұқсайды.

Тест әдісі: эксперимент әдісінің бір түрі интеллект даму деңгейін дарындылық қасиеттерін, мамандық шеберлік деңгейін, біліктілігін, жеке басы ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Баға беру, прожектілеу, жеке сұрақ тесттері қолданылады. Кең таралғандары: Роршах тестісі (сия кляксаларын пайдалану), Мэррейдің тақырыптық апперцепция тестісі, Розенцвейгтің фрустрациялық тестісі суреттерді қолдану тестісі және басқалары. Құқықтық сананы зерттеуде әртүрлі фактілерді талдау ұсынылады. Мира мен Лопеца тестісі жұбайлардың сенімсіздігін, тұрақсыздығын анықтау үшін қолданылады. Адамдардың қобалжу деңгейін Тейлор сұрақтары мен тұйықтық. Эмоциялық. Салмақтылық деңгейін Айзенк сұрақтары бойынша анықтайды.

Өнімді әрекеттерді талдау- қылмысты зерттеу барысында, адамның психикалық ерекшеліктері жөнінде көптеген материалдар жинауға болады. Қылмыстық әрекет нәтижесіндегі қолданылған әдіс тәсілдерді ажыоатуға болады. Мысалы: қылмыскер почеркі, қолтаңбасы.

Құжаттарды психологиялық талдау. Графология- адамның жазуына қарап білім деңгейін сезімін көңіл күйін темперамент ерекшеліктерін анықтау.

Адамның жеке басын, психикасын реттеу.

  • Әлеуметтік демографиялық мәліметтер.

  • Құқықтық қылмыстық мәліметтер.

  • Медициналық мәліметтер.

  • Сырт пішіні сиапты: бет пішіні, бойы, салмағы мен дене бітімі, дауысы, әдеті, киімі, татуировкалар.

  • Өмірлік жолы: әке- шешесі, балалық шағы, мектеп шағы, оқу орындағы шағы, еңбек әрекеті, әскердегі қызметі, жанұялық өмірі.

  • Өмір сүру салты; жанұясы, мамандығы мен кәсібі, үй шаруасымен айналысуы, саяси және қоғамдық белсенділігі, бос уақытты қткізуі, материалдық жағдайы.

  • Тәртібі: құқықтық адамгершілік, стрестық жағдайлардағы тәртібі, фрустрациялық жағдайлардағы тәртібі, ішімдік ішкен кездегі еріктік

  • Бағыттылығы: доминантты талабы, бағыттылығы, материалдық құндылақтары, қөзқарасы, қызығушылығы.

  • Қабілетті- интеллект, психикалық процесиердің ерекшеліктері- есі, ойы-қиялы , арнаулы қабілеттері: ұйымдастырушылық музыкалық.

Темпераменті: - қарым- қатынасы; -жұмысқа қабілеті; -эмоцияналдылығы; көңіл- күйі; -үстемдік етуге ұмтылысы. Мінезі:-адамдармен қарым- қатынасы;-өзіне қарым- қатынасы; -еңбекке қарым- қатынасы; -заттарға қарым- қатынасы; -кез келген іс әрекетке бейімделуі. Қабілеті: туа біткен және жүре пайда болған.

Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар:

1. Заң психологиясының ғылыми зерттеу әдістері

2. Өнімді әрекеттерді талдау әдісі

3. Адамның жеке басын, психикасын реттеу әдісі

4 - Дәріс: Құқықтық психологияның феноменологиясы



  1. Құқықты әлеуметтендіру.

  2. Құқықты әлеуметтендірудегі кемістіктер.

  3. Сыртқы ықпалдардың әсерлері

Құқықтық психология құқықты мінез-құлықтың әлеуметтік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктерін, құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады

Құқықтық психология - заң психологиясының бөлімі “адам және заң” жүйесіндегі құқықтық қарым қатынасты зерттейді. Адам өмірі қоғамда қалыптасқан заңдарға тәуелді. Қоршаған орта мен қоғамдық өмірге араласа отырып әрбір адамның азаматтық қасиеттері қалыптасады:

  • Әртүрлі жағдайларға байланысты заң шараларды меңгереді.

  • Заңдар мен ережелерді танысып біледі.

  • Заңдар мен ережелерді өмірінде қолданады.

Адам өмір сүруге қажетті заңдар мен ережелерді білумен қатар өзіне қатысты заңдар мен ережелер шеңберінен шықпау керек: тәртіп пен құқық ереженлерін сақтау.

Құқықтық мәдениетті меңгерудің үш түрі бар:



  • Белгілі әрекет барысында басқа адамдармен іс-әрекетке түсе отырып іс-шаралар мен тәртіп ерекшеліктерін үйренеді.

  • Қалыптасқан жолы: әртүрлі жағдайлардағы шараларды бағдарлай отырып қажетті тәртіп ережелерін меңгереді.

  • Ұтымды жолы адам құқықтық құндылықтарды басқа адамдармен әңгімелесу барысында; кітаптар, информациялық құралдар арқылы біліп түсінеді.

Балалар мен жеткіншектердің моральдық дағдарысқа ұшырауы қылмыстық тәртіптің қалыптасып әкелуіне соғады. Бұл жолдың мынадай кезеңдері бар:

  • ата-аналарымен конфликті жағдайлардың туу

  • мектептегі сәтсіздіктер, қиыншылықтар.

  • Моральдық дағдарыстағы құрбыларымен қарым-қатынасы, олардың ықпалы.

Аталған факторлардың ішінде ерекше орны алатыны- жанұядағы қарым-қатынас, микроклимат. Адамгершілігі мен құқықтық тәртіптің бұзылуы семья жағдайларына байланысты төмендегідей жіктеледі.

  • Ата-аналары сөз түрінде және істері арқылы балаларына қоғамға қарсы аморальдық тәртіпке баулуы, үйретуі, үгіттеуі.

  • Ата-аналары сөз түрінде қоғамдық-моральдық тәртіпті қолданғанымен , өз істерінде қарама-қайшы қылықтарды істеу.

  • Ата-аналары сөздеріне және істері арқылы адамгершілік – құқықтық нормаларды толық жақтайды, бірақ балалармен эмоционалдық қарым-қатынасы селқос.

  • Бала тәрбиелеуде дұрыс тәлім тәрбие бермеу, тәрбие әдістерін дұрыс қолданбау.

Жағымсыз жанұялар бірнеше түрлері бар:

1. Криминогенді жанұя:

2. Алкогольдік және жыныстық тәртіпсіздік сипат алған- аморальдық жанұя.

3. Үнемі конфликтілі қарым-қатынастағы проблемалық жанұя.

4. Толымсыз жанұя.

5. Тәрбие әдістерін дұрыс пайдаланбайтын жалған жағымды жанұя, әке-шешесінің тым қатал болуы, баланы ұрып-соғу, жәбірлеу.

Құқықты қорғау ғылымның негізгі міндеті – құқықтық тәртіптің сататалуы мен орындалудың әлеуметтік механизмнің жүзеге асырылуына құқықтық және әлеуметтік көптеген факторлардың бір-біріне ықпалы зор.

Құқықтық нормалардың тиімді шарттары мынадай топтарға бөлінеді:



  • Микроәлеуметтің шарттар- қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық нақтылы мүмкіншіліктер, құқықтық- жүйе , әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, құқық дәрежесі және т.б.

  • Микро-әлеуметтік шарттар - әр-түрлі формальды және формальды емес топтар, еңбек ұжымдары.

  • Құқықты жүзеге асырудағы жеке адамның өзіндік шаралары.

Адамдардың құқықтық нормаларды сақтауға байланысты тәртіптерінде сай болады:

  • конформистік тәртіп- құқықтық нормаға бағынатын адам.

  • Нонконформистік тәртіп – құқықтық нормадан ауытқушылық жасайтын адам.

Конформистік тәртіптің түрлері:

  1. Легалистік тәртіп – сократтық позиция деп аталады. – құқықтық нормаларды құрметтеу.

  2. Оппортунистік немесе инструменталдық тәртіп- жеке адамның пайдасын құптайтын құқықтық нормаларлы жақтау.

  3. Құқықтық нормаларды сақтауға қысым жасау, бақылау: құқықтық тәртібін – мотивін қалыптастыруға ықпал ету.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, құқықты әлеуметтендірудегі кемістіктер мен тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады.

Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. бұл мінез көбіне мен–менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата- ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділіг туады. Мұндай «мен» бейнесі кез–келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Тәрбиесі қиын балалардың тудыратын себептердің бірі–үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата–аналардың жауапкершілік сезімінң жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа үйелемен мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Үйелмен тәрбиесінде ата – аналардың мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А.С.Макаренко. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпслепция) азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек.

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың күнделікті өмірімен, іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.

Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, білімнен құлықтың сенімге, сеніммен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез – құлық негізін қалайтын микро – ұжым.

Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес.

В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі.

Бірінші қатарға адамшершілік дамуында және мінез – құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілікті мынадай – қалыптасқан тәртіпті емес белгілері бөлініп қарастырылады, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылқтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы – бұл жеке бітімдегі аса күшейтілген мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі қатардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бұзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың психопатиялық даму, реактивті ұжымданып, ауру (психоз), мінез – құлықтың потолгиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады. Жеткішек жастағы балаларға жүргізілген жеке құрылымдағы зерттеулер бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін талдауы үшін негізгі қызмет атқарады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Құқықты әлеуметтендірудің негізі

2. Құқықтық мәдениетті меңгерудің жолдары

3. Қылмыстық тәртіптің қалыптасуына жанұяның ықпалы

4. Жағымсыз жанұялардың типтері

5. Құқықты әлеуметтендірудегі кемістіктерге сыртқы ықпалдардың әсері


5 Дәріс: Құқықтың сананың қалыптасуы

  1. Сана туралы түсінік.

  2. Сананың құрылымы мен функциялары.

  3. Құқықтық сана қалыптасуының мәдени тарихи алғы шарттары

Сана психиканың ең жоғарғы формасы және тек адамдарға ғана тән. Сана жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады.Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп тұрады. Әрбір адамның ішкі дүниесін құрайтын білімдердің, қатынастардың, уайымдардың көпшілігін адам саналы түрде түсіне бермейді.

Санадан тыс құбылыс әрбір адамның психикалық әрекетінің міндетті құрамдас бөлігі. Сананың айқын сана, астар сана, санасыздық сияқты түрлері бар. Айқын түсіну аумағынан, ағзаның ішкі және сыртқы орталарынан бір мезетте келіп түсетін сигналдардың барлағының аз бөлігі ғана өз көрінісін табады. Айқын сана аумағында пайда болған сигналдарды адам өз мінез құлқын саналы түрде басқаруға пайдаланады. Сана мен санадан тыс құбылыстар үйлесімді бірлікте жұмыс істейді. Психика мен сананың дамуы және пайда болуы –генезисі тығыз байланыста болады.

Сана – адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады. Психологиялық ғылым тарихында сана ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады, бұны материалдық және идеалды түрде әлі де шешілмеген. Ғалымдар қандай философиялық бағыт қолдағанына қарамастан, оны рефлекстік әрекетпен байланыстырады. Яғни басқа психологиялық әрекет және өзін-өзі тануға дайындық. Мұндай қабілеті бар адам ғылым психологиясының дамуы және бар болуы мен байланысты, онсыз берілген класс феномені жабық болар еді. Рефлекссіз адам өзінде психикасы бар екенін елестете алмас еді. Адамның сонымен қатар бірінші психологиялық мінездемесі өзін субьект ретінде тану, ойша елестету қабілеті, өзінің психологиялық және жағдайларын реттеу. Оларды басқару, айнала қоршаған шындықты бейне ретінде қабылдау және көру қабілеті. Өзін субьект ретінде сезінетін адам өзін әлемде тануға дайын жеке ерекшеленген тұлға ретінде сезінеді. Шындықты ойша елестету және қиялдау - сананың екінші басты психологиялық мінездемесі. Ол сана сияқты біртіндеп тығыз бейне ретінде ерікпен байланысты. Саналы басқарылған елес және қиял түрлері. Олар адам еркімен туған және өзгермеген жағдайда айтылады. Мұнда шындығында бір қиындық бар. Елестету және қиял үнемі саналы ерік реттеуімен болмайды. Осыған байланысты сұрақ туады.

Сана ағынын өзіне елестететін жағдайда біз онымен байланыста бола аламыз ба? Бұл жағдай сана жайлы емес, ал сана және санасыз психологиялық жағдайлар арасындағы сана алды жайлы айтқан дұрыс болар еді. Басқа сөзбен айтқанда, сана адам психологиялық әрекеті жағынан үнемі еркі реттеуімен байланысты. Нақты сәтте жоқ немесе мүлде жоқ (елестету, қиял, арман, фантазия) шындықты елестету сананың психологиялық мінез ретінде танылады. Бұл жағдай адам еркімен, саналы түрде елестетуден алшақтап, басқа ойда, өзінің бар ілтипатын қандай да бір бейнеге, өзінің елестетуінде дамытады. Бұл нақты жағдай ол мүлдем көрмейді немесе көретін жағдайы емес. Психологиялық процестермен немесе жағдайларды еркімен басқару санамен үнемі байланыста болады Психологиялық ескі кітаптарында «Сана» және « Ерік» туралы тақырыптар үнемі бір уақытта талқылануы кездейсоқ емес. Сана сөзбен байланысты. Сезіну және қабылдау елестету және жадыда сақтау саналы бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді.

Сана сипаты құрылысы санада барлық жағдай бейнеленбейді, ал оны басты, нақты, нәрсені мінездемесінен тұрады. Сана үнемі сөз түсінік қолдануымен үнемі байланыста, олар өзінде ортақ және ерекшеленген сананың бейнеленген сипатынан тұрады. Адам санасының үшінші мінездемесі - бұл оның коммуникацияға бейімділігі. Тіл және басқа деп аталатын жүйе көмегімен басқа тұлғаларға берілуі коммуникативті мүмкіндіктер көптеген жоғарғы жануарларда бар, бірақ олар адамдардікімен басты жағдаймен ерекшеленеді: тіл көмегімен адам өзінің ішкі жағдайын хабарлап қана қоймай, ол білгенін, көргенін, елестетуін нақты әлем жөнінде мәліметтерін жеткізе алады. Тағы бір адамның ең ерекшелігі интеллектуалды сызба. Нақты зерделі құрылым сәйкесіне адам қабылдайтын және қоршаған орта туралы және өзі жайлы информацияның сақталуы - сызба деп аталады. Сызба адамның информацияны белгілі бір жүйеге келтіретін түсінік, логикалық операция, ережеден турады. Елестету аймағында жұмыс істейтін сызба мысалдарымен біз кітаптың танымдық процесс жайлы қарастырғанда кездестіреміз. Тіл және сөйлеу екі әртүрлі бірақ бір-бірінен байланысты сананы қалыптастырады: түсінік жүйесі және сөздің түсінік мағынасы. Сөздің мағынасы деп - сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны. Мағына өзіне сөздің қолданылуындағы барлық түрін қосып алады және сөздік мағына жүйесі қоғамдық сана қабатынан тұрады, ол тілдің белгілер жүйесі әр адам санасынан тыс алынған. Психологияда сөздің мәні деп – сол белгіні немесе спецификалық белгіні айтады. Ол адам сөйлегенде мәнге ие болады. Сөз мәнімен көптеген сезім, ой, бейнелер байланысты.

Сана сөйлегенде ғана емес бейне формасы түрінде де бар болады. Бұл жағдайда ол сәйкестендірілген бейнелер тудыратын екі белгі жүйесі қолданылуы мен байланысты. Айқын мысал: Адамның сана бейнесінің айқын мысал ретінде әдебиет, ән, көркемөнер бола алады. Олар шындықты бейнелеу формасы ретінде көрінеді. Адам санасының пайда болуы және дамуының басты шарты адам шындығының өнімділігі болып табылады. Бұл адамдардың бір-бірімен арасындағы қатынасты талап ететін шындық. Тұлғаның сана тарихта топтық процесс кезінде құрылған, адамдар бір іспен айналысу үшін әрқайсысы өзіне бірлескен жұмыс мақсатын елестету керек. Бұл мақсат сөзде айқындалған және анықталған болу керек. Дәл осындай онтогенезде баланың жеке адамдық санасы дами бастады. Оның құрылуына үлкендердің баламен бірлескен іскерлік және активті қарым-қатынасы қажет. Ең басында фило-және онтогенездік адамның санасының дамуының субьективтілі құрылысы сөз болып табылады. Адам санасының дамуына өнімділік адам шығармашылығының мінезі басты мағына береді. Сана арқылы адам сыртқы әлем жайлы ғана емсе, сонымен қатар бейне, сезім, елестету, сезіну және өзін-өзі таниды. Басқа адам үшін сезіну жолдары жоқ. Адамның бейне, ой, елестету сезімі материалды түрде олардың шығармашылық еңбегінің құрамында айқындалады. Сондықтан шығармашылықта өзін-өзі тану әдістері және адамның санасының даму жолдары бар.

Құқықтық сана адамның жеке басының қалыптасуында ерекше орын алады және үш компоненттен тұрады:


  • интеллектуалдық (танымдық)

  • Бағалау (эмоционалдық)

  • Тәртіп мөлшері (еріктік эмоцианалдық)

Адамның құқықтық сана- сезімінің қалыптасуына көптеген факторлар әсер –етеді; әсіресе балалық және мектептегі шақтары. Баланың адамгершілік – құқықтық сезімдерінің қалыптасуында әке-шешесі ерекше орын алады. Сондай-ақ, микроортасы, мектеп жасына келгенде мектептегі оқу-тәрбие жұмысы, ережелер мен тәртіпті орындау маңызды. Құқықтық сананың қалытасуында ақаулардың пайда болуы көптеген фактроларға байланысты, әсіресе жеке басының қалыптасуында болған әр түрлі тежеулер. Жеткіншектік кезеңдегі балалардың өзіндік санасының қалыптасуы - өзіне-өзін дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік сапаларын бағалауы жүзеге асады. Өзін идеалмен байланыстыруы, өзін-өзі тәрбиелеу бағалауы жүзеге асады.

Жеткіншектер арасында құқық бұзушылар мен қылмыстық әрекеттер санының көбеюі көптеген себептерге байланысты. Психологтардың зерттеу мәліметтері бойынша қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға себепші девианттылық пен аддиктивті мінез-құлықтар. Ғалымдардың зерттеулері негізінде жеткіншектердің психологиялық мінез бітістерінің қалыптасуына объективті және субъективті факторлар ретінде көптеген себептер ықпал ететіндігі анықталды. Біріншіден, білім мен мәдени өрісі төмен ата-аналар баласының жан дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап етеді. Жеткіншектердің жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуден, балалар жанұя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен сезім талғамдары, логикалық ой-өрісі талабына сай жетіле алмайды. Екіншіден, үнемі ұрыс-жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын жанұяда өскен жеткіншектердің – дөрекілік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық жағымсыз мінезді «қиын» бала атануы.

Жеткіншектердің жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Жеткіншектердің «қиын» мінездері пайда болуының физиологиялық, психосоматикалық негіздері бар.

Адамның тұлғалық дербес ерекшеліктері қалыптасуы барысында, әсіресе, жеткіншектік кезеңдегі психофизиологиялық дамудағы өзгерістердің алатын орны ерекше. Жеткіншектер үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді рөл атқарады. Сондықтан жеткіншектердің агрессивті мінез-құлық себептері құрбылармен тұлғааралық қатынастарынан, сонымен қатар ел үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік талаптар мен шарттардың ықпалынан қалыптасатындығы зерттелген.

Жеткіншектік кезеңдегі мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялық жағымсыз жағдайлардың негізгі себептері психикалық әртүрлі зақымдануларға, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерге және дау-дамайларға да байланысты болады. Жеткіншектік кезеңдегі жаңа бағыттағы қалыптасулар мен қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты жеткіншектердегі өзіндік сананың өсуі, ата-анасымен, үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы күрделенеді. Жеткіншектік даму біршама тұрақты өзіндік саналы бағалауға және анықталған талаптардың деңгейіне әкеледі. Дегенмен жеткіншектік кезеңдегі іс-әрекеттеріне қатысты сипаты реттелмейді. «Қиын» жеткіншектерде жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады. Жеткіншек–бұл адамдардың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану барысындағы психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасау кезеңі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет