Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет15/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Үйге тапсырма беру: А(5; 6; 8), В(0; 2; 3) жөне С(2; 0; 5) нүктелерінің сызбасын сал. Олардың фронталь және горизонталь проекцияларын көрсет. Берілген нүктелердің қайсысы π1 жазықтығында жатыр?
Сабақ: №28

Сабақтың тақырыбы:

Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Сызбаны сызуда негізгі және көмекші сызықтарды түсіруге,

қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өздігінен білім алып,

ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, жұмыс істей

алу дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге,

ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:


Нүктенің горизонталь және фронталь проекцияларынан тұратын сызбасы қайтымды болатындығын көрдік. Бірақ нәрсенің өзара перпендикуляр екі жазықтықтағы тікбұрышты проекцияларынан тұратын кескін, оның кеңістік бейнесін әрқашан дәл анықтай бермейді. Оның үстіне, іс жүзінде өте күрделі нәрселердің сызбасын сызуда олардың тек екі проекциясы жеткіліксіз болатын жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан өзара перпендикуляр үш жазықтық алып, нәрсені оларға тік бұрыштап проекциялайық (58, а-сурет).

Бұл жазықтықтардың екеуімен таныспыз: олар 1 - фронталь проекциялар жазықтығы да, ал 2 — горизонталь проекциялар жазықтығы. Үшінші жазықтық 3 профиль проекциялар жазықтығы деп, ал онда алынған проекция нәрсенің профиль проекциясы деп аталады. Профиль - француз сөзі — қазақша "бүйірінен қарағандағы түрі" дегенді білдіреді. А3 нүктесі — А нүктесінің профиль проекциясы.



3  1; 3  2; 3 х. Горизонталь және профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын ординаталар осі, фронталь және профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын аппликаталар осі ретінде қарастыратын боламыз. 2 3 = y; 13 = z; y  1; z  2; Сызба салғанда 1 жазықтығын қағаз бетімен беттескен деп қарастырады, ал 2 және 3 жазықтықтарын оларға сәйкес абсцисса және аппликата осьтерінен айналдырып, оларды 1 жазықтығымен беттестіреді. Сонда алынған жазық фигураны (58, ә-сурет) с ы з б а деп атайды. Сызбада х осін горизонталь, z осін вертикаль орналастырады, ал у осі екіге бөлінеді. Ординаталар осінің бір жартысы z осінің, ал екінші жартысы х осінің жалғасы болады. Бір нүктенің фронталь жөне горизонталь проекциялары х осіне перпендикуляр түзудің бойында орналасады. Бұл түзуді вертикаль байланыс сызығы деп атайтын боламыз. Бір нүктенің фронталь және профиль проекциялары горизонталь байланыс сызығы деп аталатын, z осіне перпендикуляр түзудің бойында орналасулары керек. (А1А2) - вертикаль байланыс сызығы;1А3) — горизонталь байланыс сызығы. Нүктенің горизонталь проекциясынан абсциссалар осіне дейінгі қашықтық оның профиль проекциясынан аппликаталар осіне дейінгі қашықтыққа тең: |А2Аx| = |А3Аz|. Сондықтан сызбада нүктенің екі проекциясы берілсе, оның үшінші проекциясын табуға болады. Мысалы, А нүктесінің фронталь және горизонталь проекциялары берілсе, оның профиль проекциясын оңай тұрғызуға болады. Ол үшін нүктенің фронталь проекциясы арқылы горизонталь байланыс сызығы жүргізіледі. Осы сызықтың бойына z осінен бастап оның горизонталь проекциясынан х осіне дейінгі қашықтыққа тең кесіндіні салса болғаны. Егер А1 және А3 нүктелері беріліп, А2-ні тұрғызу керек болса жоғарыда айтылғанға керісінше орындаймыз. Нүктенің фронталь проекциясы арқылы вертикаль байланыс сызығын жүргіземіз. Осы сызықтың бойына х осінен бастап төмен қарай А3 нүктесінен z осіне дейінгі қашықтықты өлшеп саламыз. Енді А2 және А3 нүктелері беріліп, А1 нүктесін салу керек болса, А2 нүктесі арқылы жүргізілген вертикаль байланыс сызығы мен А3 нүктесі арқылы жүргізілген горизонталь байланыс сызығының қиылысу нүктесін табу жеткілікті.

Каталог: uploads -> doc -> 0ba1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ba1 -> Сабақ жоспары Күні: 12. 2015 Сынып: 2 «Б» Пән: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Шана. Мақсаты: Білімділік
0ba1 -> 12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінен диалогтық ОҚыту
0ba1 -> Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет