№
|
05.05.2014 ж
|
География
|
7-сынып «В»
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қытай. Үндістан
|
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар топтық ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, Қытай мен Үндістанның табиғат жағдайы мен табиғи ресурстарының жіктелуі, халқының құрамы, шаруашылығы туралы білімдерді меңгерту.
|
|
Оқу нәтижесі
|
Қытай мен Үндістанның географиялық орнын анықтай отырып, олардың табиғат жағдайларының әр түрлілігін;
Табиғат ресурстарының жіктелуін;
Екі елдің халық санының көбею себептерін;
Елдердің шаруашылығының дамуын;
Жоғарыда аталғандарды өзбетімен меңгеріп, түсініктерін қалыптастырып, географиялық мазмұндағы таным-түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыра алады.
|
|
Сілтеме
|
7-сыныпқа арналған оқулық «Материктер мен мұхиттар географиясы» Алматы «Атамұра» 2012 ж; қосымша ақпараттар; интернет
|
|
Тапсырмалар
|
Топтық тапсырмалар: «Бедерлер», флипчартпен жұмыс, адасқан объектілер, топтастыру
Жеке жұмыс: Тест, геодиктант, картамен жұмыс.
|
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Топтық тапсырмалар, дүние жүзінің саяси картасы, компьютер, интер.тақта, қағаздар, маркерлер, стикерлер, т. б.
|
|
Қамтылатын модульдер
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Оқытуды басқару және көшбасшылық
|
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
Оқушылардың іс әрекеті
|
І
|
Ұйымдастыру
2+1=3 мин
|
Оқушылармен ынтымақтастықты қалыптастыру, миға шабуыл жасау сұрақтары және соған сәйкес суреттер арқылы топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.
|
Оқушылар Қытай, Үндістан және Қазақстан елі деп, 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топ басшысын сайлайды.
|
Сәлемдесу
Сәлемдесу жаттығуы.
Біз сіздермен әлем халықатрының әртүрлі амандасу тәсілдерімен амандасатын боламыз. Ол үшін 4 топқа бөлініп шеңбер құрайық. 1-топ, «замбезилік», 2-топ «солтүстік африкалықтар», 3-топ «үндістандықтар», 4-топ «қытайлықтар» болып амандасады.
Замбези-қол шапалақтап, отырып тұрады.
Солт.Африка-қолын маңдайына, ерініне, төсіне қояды.
Қытай-иіледі.
Үндістан-екі алақанын бір-біріне тигізіп, маңдайының тұсына қояды.
|
Оқушылар берілген жаттығуды орындау арқылы көңілдерін көтеріп, сабаққа белсенділігі артады.
|
ІІ
|
Үй тапсырмасы
1+(4*1) =5 мин
|
«Гүл сыйлаймын»
Бұл кезеңде гүл ұстаған оқушы басқа топтың оқушысына гүлді беріп сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді де, ары қарай жалғастырады.
1 топ 2 топ
2 топ 3 топ
3 топ 4 топ
4 топ 1 топ
|
Оқушылар мәлімет беріп, топ арасында сұрақ беріліп, жауап алады.
|
|
Сергіту сәті
3 мин
|
«Массаж» тренингі
Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып, «Диқаншы ата» әңгімесінің сюжетімен бір-бірінің арқасына массаж жасайды.
|
Тренинг арқылы оқушылар сергіп, жаңа тақырыпқа дайындалады.
|
ІІІ
|
Жаңа сабақ
3 мин
5+(3*2)=11 мин
3 мин
4 мин
3 мин
|
Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «Бедерлер» ойыны ойналады.
Ойын шарты бойынша ұяшықтардың артына суреттер жасырылады. Соны топтар саудаласу арқылы ашады. Бастапқы ұяшық 7-ден басталады.
|
Оқушылар ұяшықтарды ашу арқылы суреттерді көріп, жаңа тақырыпты ашады.
|
Постер қорғау
Жаңа тақырып бойынша 3 топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер қорғалады.
1-топ: Қытай мен Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстары.
2-топ: Қытай мен Үндістанның халқы.
3-топ: Қытай мен Үндістанның шаруашылығы.
|
Оқушылар топпен бірігіп берілген тапсырма бойынша постермен жұмыс жасайды. Тақтаға шығып, топ мүшелері бірігіп тапсырмасын қорғайды.
|
Жұбыңды тексер
Бұл кезеңде оқушыларға тест сұрақтары таратылады.
|
Тест сұрақтарына жауап белгілейді.
|
Адасқан объектілер
Тақтада географиялық оьъектілер мен атаулары орындары шатастырылып беріледі. Дұрыстарын сәйкестендіру керек.
|
Оқушылар тақтада берілген тапсырмаға мұқият зер салып, адасқан объектілерді біріктіреді.
|
Геодиктант
Оқушылардың барлығына геодиктант таратылады. Бүгінгі тақырып бойынша мәтін беріледі. Мәтіннің кейбір сөздері қалып қойған, оқушылар қалып қойған сөздерді жазады.
|
Геодиктантпен жұмыс жасай отырып, керекті мәліметтерді естеріне түсіреді.
|
ІV
|
Бекіту
7 мин
|
Топтастыру
Тақтада тақырып жазылады. Оқушылар тақырып бойынша не білгендерін тақтаға жазады.
|
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін тақтаға жазады.
|
V
|
Бағалау, Кері байланыс
2 мин
|
Бағалау бетшесі арқылы өздерін бағалайды.
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
|
Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
Сабақ туралы пікірлерін айтып стикерге жазып жапсырады.
|
VI
|
Үйге тапсырма
1 мин
|
«Ұлы Қытай қорғаны» мен «Тәж-Махал» туралы мәлімет әкелу.
Қытай мен Үндістанды кескін картаға түсіріп келу.
|
Дәптерлеріне жазып алады.
|