29.Х. 2016жыл
|
Дүниетану
|
2-сынып
|
Сабақ тақырыбы
|
Су. Судың қасиеті
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру. Судың қасиеттерін білу. Оқушыларды сыни ойлату арқылы өзіндік пікір қалыптастыру. Судың қандай күйде болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау талдау салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
|
Сілтеме
|
1.Дүниетану оқыту әдістемесі 2. Дүниетану. Алматы «Атамұра» 2002 жыл, интернет жүйесі
3. Жоспар
|
Күтілетін нәтиже
|
Судың әр түрлі қасиеттерін білу.
Тәжірибе арқылы дәлелдей алу.
Табиғатты қорғау.
|
Негізгі идеялар
|
Табиғатты, өзен-суларды қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Интербелсенді тақта, слайд, плакат, маркер, стикер, Қазақстанның физикалық картасы, бор
|
Дерек көздері
|
Ғаламтордан алынған мәліметтер, тәжірибеге қажетті заттар.
|
Тапсырмалар
|
«Су. Судың қасиеті» тақырыбын оқу, тірек сөздер.
«Ойлан-жұптас-талқыла» әр топ постер қорғайды.
«Ой толғаныс» тәжірибелік жұмыс . Әр топ басшысы өзге топ алдында тәжірибені түсіндіреді
.
|
Үй тапсырмасы
|
Су. Судың қасиеті түсінік айту
|
Сабақтың кезеңдері
|
Уа-қы-ты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Негізгі деректер, ресурстар
|
Ұйымдас-тыру кезеңі
|
3 мин
|
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік жарық мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн, мұғалімдер
Тыныш болып түніміз
Ашық болып күніміз
Сәттілікке толсын – ай.
Сабаққа қатыспаған оқушыны белгілеу.
Бағалау критерийлері.
|
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Бір-біріне алақандарын қоя отырып, өлең жолдарын қайталай-ды. Оқушылар шеңбер бойында тұрған бойда стикер-лер таратылып, сол стикердің артындағы «жер», «ауа», «су» сөздері бойынша өз тобын табады.
Оқушылар бағалау
критерийлерін еске-ре отырып,жақсы ба-ғалануға ұмтылады.
Белсенді қатысады.
|
Интербел-сенді тақта
Стикерлер
Бағалау парақшалары
|
Үй тапсырма-сын тексеру
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
«Ақылды доп» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады. 1. Ауаның негізгі қасиеттерін айтыңдар?
2. Ауаның тіршіліктегі пайдасын айтыңдар?
3. Ауаның шаруашылықтағы маңызы жайында не білдіңдер?
«Иә-жоқ» тапсырмасы арқылы қорытындыланады.
|
Тақтада шеңбер құрып тұрады, допты бір-біріне лақтыру арқылы сұрақтар қояды, әр бала өз ойларын ортаға салады.
Сұрақтарға жауап береді. Ауа туралы алған білімдерін пысықтайды
|
Доп
|
Ой қозғау
Миға шабуыл
|
2 мин
7 мин
2 мин
|
Ребус шешу:
Су туралы не білесің?
(Топтық жұмыс)
ББҮ кестесін толтыру
(Жеке жұмыс)
|
Ребусты шешеді.
Интербелсенді тақтада берілген тапсырма бойынша, әр топ өз постерін қорғайды.
«Білемін», « Білгім келеді» графасын толтырады.
|
Интербел-сенді тақта, плакат, маркер
|
Мағынаны тану
|
7
мин
2 мин
|
Оқулықпен жұмыс.
Үш топқа үш тәжірибе беріледі, топ ішінде оқып, топтан 2-оқушы тәжірибені жасап, дәлелдеу
1-топ 1 – тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсақ, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Оның себебін кейін білеміз.
2-топ 2 – тәжірибе. Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?
- Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар? Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.
3-топ 3 – тәжірибе. Кесеге, шыныға, сатаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. – Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. Суды кез – келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан – жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.
Сергіту сәті:
«Көңілді күн» биіне қимылдар жасау
|
Оқушылар оқулықтағы тәжірибемен танысады, өз ойларын айтады
«Аквариум» әдісі бойынша жауап береді және тәжірибені жасап көрсетеді..
Би қимылдарын жасайды.
|
Табиғат, өзен суреттері
Интербелсенді тақта
Оқулық, слайд
|
Ой толғау
|
5 мин
3 мин
|
Судың үш күйі Топтық жұмыс «Көрнекілік әдісі» Интербелсенді тақта арқылы суға байланысты бірнеше суреттер көрсетіледі.
Әр оқушы суреттер бойынша не түсінгендігін әңгімелейді.
Дәптермен жұмыс
Судың үш күйі
Жаңбыр мұз
бу
|
әр топтың оқушысы өзіне берілген тапсырма бойынша кезектесіп айтып шығады.
Дәптерге судың үш күйін жазады.
|
Интербелсенді тақта
слайд
|
Бекіту
|
2 мин
2 мин
|
Жеке жұмыс
Жұмбақ шешу арқылы
Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс (қар)
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
ББҮ кестесі
|
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады, қыста судың мұз күйінде болатынын айтады.
ББҮ кестесінің «Үйрендім» бөлігін толтырады
|
|
Қорытын
ды
|
2 мин
|
Елбасымыздың Арал өңіріне жасаған сапары туралы айту
«Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс» Н.Назарбаев
|
Өз ойларын айтады.
|
|
Ой толғаныс
|
2 мин
|
«Бағалай білейік» (топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды және оқушылар таратылған стикерлерге екі жұлдыз, бір ұсыныс жазады
|
1.Топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды.
2.Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы кері байланыс жазады.
|
Бағдаршам көздері
Стикерлер, плакат
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Су.Судың қасиеті түсініп оқу, мазмұндау
|
|
|