Суханберлиева жансая амангельдиевна



бет4/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#26779
түріДиссертация
1   2   3   4

, (1)

мұндағы Р1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;



Р2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;

Э – сынақ бағасының пайыздық көрсеткіші.

Сандық баламадағы қорытынды баға Иқ кестеге сәйкес, балдық көрсеткіш И%-ке аударылады. Алынған бағаның сапалық деңгейі 2 кестеде көрсетілген.


4 кесте – Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау әрекетін бағалаудың сапалық деңгейі

Белгіленген баға







Жетілу деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Балдық сандық эквиваленті

3

4

5

Пайыздық көрсеткіш

50-74

75-89

90-100

Ақпаратты-қатынастық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстары компоненттерінің өзгеру динамикасының көрсеткіштері 3 кесте берілген.



Кестеде көрсетілгендей, бақылау тобымен салыстырғанда эксперименттік топта оқу деңгейі жоғары болды, дұрыс мотивация қалыптастыруға әсер ететін ақпаратты технологиялар негізінде оқытудың факторлары: жаңалық әсері, жалпы жұмыс қарқынына тәуелсіздігі, күрделілік деңгейін таңдап алу мүмкіндігі, барлық тапсырманы орындау міндеттілігі және т.б. және бақылау мен эсперименттік топтардың орындаған оқу тапсырмаларының дербес шығармашылық деңгейі эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдерінің көрсекіштерінен көрінетіні анықталды. Эксперимент тобының студенттері өз беттерімен шешім қабылдауды қалыптасқан білім, іскерлік, дағды жүйелерін шығармашылыққа алмастыруды меңгергендіктерін, олардың жетілу көрсеткіштерінің жоғары, ал бақылау тобындағылардың төмен болғандығын көрсетті.

5 кесте –Ақпаратты технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстары компоненттерінің өзгеру динамикасының көрсеткіштері



Пайызбен көрсетілген

Компоненттері

Жұмыс кезеңдері

Жоғары

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Ұйымдастырушылық-педагогикалық

Басы

8,00

8,2

59,5

60,0

32,5

37,8

Соңы

45,2

8,8

54,8

59,6

-

31,6

Ақпаратты- мазмұндық

Басы

9,0

9,44

41,3

43,8

40,26

46,76

Соңы

56,8

10,0

49,7

44,0

-

46,0

Процессуалдық

Басы

8,17

9,2

50,7

52,6

41,13

38,2

Соңы

46,6

9,6

52,0

53,2

1,4

37,2

Рефлексивтік

Басы

5,8

7,3

61,4

52,7

32,8

40,0

Соңы

49,8

7,5

49,0

53,0

1,2

39,5

Біздің тәжірибе жұмысымыз, студенттер еңбек нарығына тап келген кезде өздігінен жетілуге, жаңаны өз бетімен игеруге қабілетті болатынын көрсетті. Осы орайда өткізілген тәжірибе жұмысы мынадай ерекшеліктерге ие болды: студенттердің оқуға деген мотивациялары жоғарылады; түлектердің кәсіби біліктіліктері артты, технологиялық, өндірістік, диплом алдындағы практикалар ерекше маңыздылыққа ие болды.

Тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында, біз, электротехника пәнінен оқу-әдістемелік кешен дайындадық. ОӘК (оқу-әдістемелік кешен) жобалау және құрастыру барысында дидактикалық мақсаты мен оның жеке құрамдас бөліктерін анықтайтын көрсеткіштерін ескере отырып, Соловов А.В. және Беспалько В.П. ұсынған дидактикалық көрсеткіштер жүйесін негізге алдық. Мақсаттық көрсеткіштерді сандық (білімді меңгеру деңгейі, ұсыныстар деңгейі, автоматтандыру дәрежесі, сезіну дәрежесі) және сапалық (күрделілік және қиындық) түрлерге бөлдік.

Сол сияқты, «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс арқылы ұйымдастырудың электрондық интерактивті оқыту кешені бағдарламалық жобасын толықтыру мен жетілдіру мақсатында студенттер өзіндік жұмыс әрекетінде презентациялық құжаттар даярлайды. Презентация дайындау – мәселені тиімді шешу мақсатында өздерінің ойлау, тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс-әрекеттік қабілеттері мен білімдерін қолдана отырып дербес орындалатын жұмыс. Барлығына ортақ тақырыпты Power Point бағдарламасын пайдалана отырып дәріс материалдарын толықтыру, курстық және диплом жобалау жұмыстары, реферат, баяндама жұмыстарын даярлау, практикалық және зертханалық жұмыстардан есеп беру мәселелері компьютерді қолдану арқылы орындалды, бұл студенттердің өзіндік жұмыстарының мәнін маңызды етті. Осы жағдай электрондық интерактивті оқыту кешенін ақпаратпен толықтыру мақсатында жүргізілгенмен, ақпаратты мәдениеттілік негізін қалыптстыруға септігін тигізді (4 кесте).

6 кесте – «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс бағдарламалық жобасының деңгейлік көрсеткіштері


Көрсеткіш

Көрсеткіш мәні

Жетістік нәтижесі

бастапқы

соңғы

Меңгеру деңгейі (0-4)

1

4

Жоғарылады

Материалды ұғыну (1-4)

1

4

Жеңілдеді

Білімді қолдану деңгейі

Төмен

Жоғары

Тиімді

Ұғыну (1-4) деңгейі

1

4

Жоғары

Күрделілік деңгейі

Орташа

Жоғары

Ұғынымды

Қиындық деңгейі

Орташа

Жоғары

Шешімді

Интерактивті оқыту кешенін ақпаратпен толықтыру мақсатында жүргізілген эксперимент нәтижелерінің қорытынды динамикасын диаграмма түрінде 1 суреттен көреміз.


1 сурет– Бақылау және эксперименттік топ студенттерінің ақпаратты –қатынастық технологиялар жағдайында ұйымдастырылған студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау барысындағы білім деңгейінің қорытынды динамикасы


Оны дәлелдеу мақсатында тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында бағдарламалық жобасы негізінде кешенді бақылау және бағалау жүйелері дайындалды (меңгеру деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін, тестік тапсырмалар; меңгеру сапасын тексеру тапсырмалары).

Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының талдауы, біздің болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар ақпаратты қоғам жағдайындағы дербес тұлғаны қалыптастыру барысында педагогикалық шарттардың әрқайсысын жетілдіре ашып, нақтылап, сапалылық тұрғыдан қарастыруға себеп болды. Сол сияқты қазіргі білім беру технологиялары негізінде өз бетімен оқу қабілеттілігін жетілдірудің жоғары деңгейіне жетуге, білім алудың үздіксіздігі мен біртұтастығын қалыптастыруға, білім берудің озық тәсілдерімен қамтамасыз ете отырып, мамандардың дайындық сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Оның дәлелі осы эксперименттен өткен (2011-2012 оқу жылының) студенттер тобынан мынадай мәліметтер алынды:



  • әртүрлі оқу тобының студентерінің 92% тәжірибеден өтетін өндіріс орындарын өздері іздеп тапты;

  • өндіріс орындарынан берілген сұраныстарға сәйкес диплом алдындағы практикаға 65% дипломдық жұмыс енгізілді;

  • қалалық және аймақтық байқаулар мен кусртық жұмыстарының көрмелерінде мақтау қағаздар мен дипломдарға ие болған студенттер бар;

  • 92% студенттер өз кәсіби шеберліктерін дамытты.

Сонымен, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысымыз материалдарына талдау жасау АКТ жағдайында СӨЖ ұйымдастыру кемшіліктерін анықтауға өзара біртұтастық байланыс жолдарын ғылыми теориялық және экспериментті түрде дәйектеуге мүмкіндік берді.

Ұсынылып отырған педагогикалық пәндерді оқыту әдісінің нәтижелілігі жақсы оқитын студенттер санының артуынан көрінеді. Пәнаралық байланысқа келетін болсақ, педагогика, тәрбие теориясы, дидактика, педагогикалық технология, акмеология, кәсіби білім беру педагогикасы пәндерінің арасындағы байланыстар айқындалды. Оларды жүзеге асыру үшін, біз оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалардың құрамына: компьютерлік оқулықтар, оқу және жобалауға арналған электронды оқу құралдары, үлгілендіру бағдарламалары, схема техникалық үлгілендіру жүйелері, зертханалық практикумдар, бақылауға арналған бағдарламалар, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу ісіне байланысты мәліметтер базаларын біртұтастықта пайдалануды көздедік.


ҚОРЫТЫНДЫ
Ақпаратты-қатынастық технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жүргізілген зерттеу барысында жинақталған теориялық қағидалар және тәжірибелік-эксперимент жұмысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар арқылы «студенттердің өзіндік жұмысын қазіргі ақпараттық-қатынастық технология негізінде ұйымдастыру» ұғымының педагогикалық мәні мен теориялық негіздері айқындалып, «студенттің өзіндік жұмысы - ол тұлғаның бүкіл өмір бойына үздіксіз және өз бетімен білім алу барысындағы икемдік, дағды, белсенділік және құзыреттілік қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін, өмір ағынына сай өзгерістерге бейімділігін қалыптастыратын іс-әрекет» деген анықтама ұсынылды.

  2. Зерттеу барысында анықталған теориялық ұғымдар негізінде жаңа ақпараттық-қатынастық технология жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды.

  3. ақпараттық-қатынастық технология арқылы ұйымдастырылған студенттердің өзіндік жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделі, оның педагогикалық шарттары анықталып, оның жүйесі құрастырылды.

  4. Зерттеу барысында анықталған педагогикалық жүйе АҚТ жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарына кешенді түрде бір тұтастықта даярлығын, белсенділігін, құзіреттілік қабілеттерін дамытады.

  5. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың және оқу ісіне енгізудің әртүрлі бағыттағы дидактикалық мүмкіндіктері анықталды (педагогикалық ұстаным, пәнаралық байланыс, проблемалық тапсырмалар мен жағдаяттарды және т.б.).

  6. Білім беру процесін жетілдіретін оқу және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, бақылау процесін автоматтандыру, оқу әрекетінің нәтижесіне өзгерістер енгізу, компьютерлік педагогикалық тестілеу мен психологиялық диагностика жүргізу, зертханалық сабақтар жүргізу және зерттеу нәтижелерін өңдеу құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырға үлкен септігін тигізеді.

Зерттеу мәселесіне орай дайындалған

  1. «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасы бүгінгі әлемдік және отандық тәжірибеде қолданыс тапқан жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін кеңінен қолдуға мүмкіндік тудырады.

  2. Зерттеу проблемасына байланысты даярланып ұсынылған арнайы бағдарламалық жоба АҚТ жағдайындағы СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік құралдар болашақ мамандардың өздігінен орындайтын жұмыстарының ғылыми-мазмұндық, сапалық деңгейлерін, қазіргі қоғам талабына сай студенттердің өздігінен жұмыс жасау құзіреттіліктерін жетілдіреді.

  3. Компьютерлік үлгілендіру және жобалау Electronics Workbench жүйесін педагогикалық пәндердің оқу курсына икемдеу студенттердің алған білімдерінің сапасын жоғарылатып, олардың дербестік, белсенділік және құзіреттілік қуаттарын арттыруға себеп болады.


Суханберлиева Жансая Амангельдиевна
Использование информационно-коммуникативных технологии в процессе обучения педагогических дисциплин
6М010300 – педагогика и психология
Актуальность исследования. Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев в 7 главе своего Послания к народу от 27 января 2012 года – «Социально-экономическая модернизация – главное направления Казахстанского развития» отметил: «надо внедрить в учебный процесс современную методику и технологию обучения, повысить качество педагогического состава, создать независимую систему подтверждающую квалификацию, расширить рамки доступного образования для молодежи. Знание должно преподаваться не только ради передачи знания, но и для пользования полученных знаний в процессе социальной адаптаций. Другим важным направлением повышения уровня человеческого потенциала является доступное и качественное медицинское обслуживание, продвижение дела здорового образа жизни».

Целью исследования является обучения педагогических дисциплин на основе информационно-коммуникационных технологии, обоснование преимущества новой технологии с теоретических, научно-методологических позиции, и выработать предложения по дальнейшему совершенствованию использование новейшей технологии.

Объект исследования – использования информационно-коммуникационной технологии в процессе подготовки будущих учителей.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования. Определены научно-педагогические основы информационно-коммуникативного обучения педагогических дисциплин в высших учебных заведениях, конкретизированы и проверены на практике педагогические условия использования студентами информационно-коммуникативных технологии в процессе обучения.

В ходе исследования информационно-коммуникационных технологии сконструктированы структурно-содержательная модель самостоятельных работ студентов высших учебных заведений.

Были выработаны, внедрены в учебный процесс, и прошли эксперимент программа спецкурса «информационно-коммуникативная технология в образовании».

Практическая значимость исследования. Результаты исследования могут быть использованы в процессе освоения педагогических дисциплин студентами высших учебных заведений, а также при разработке систем информационно-коммуникационных технологии обучения в целях:

- проведение семинара «Использование информационно-коммуникативной технологии в обучении педагогических дисциплин»;

- подготовка программы спецкурса «Информационно-коммуникативная технология в образовании»;

- определены пути и методы организации самостоятельных работ студентов в условиях информационной технологии.



Suhanberlieva Zhansaya Amangeldievna
Information and communication technology in teaching pedagogical disciplines

6M010300 - Pedagogy and Psychology



The actuality of the research.
 President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev in chapter 7 of the Epistle to the people on January 27, 2012 - "Social-economic modernization - the main directions of development of Kazakhstan," said: "The need to introduce into the educational process is a modern technique and technology education, to improve the quality of teaching staff , an independent system supporting skills, broaden access to education for young people. The knowledge should be taught not only to transmit knowledge, but also to use the knowledge gained in the process of social adaptation. Another important area of ​​improving the human potential is an affordable and quality health care, advance the cause of a healthy lifestyle.
The aim of the research is teaching pedagogical subjects, based on information and communication technologies, the rationale for the benefits of new technology with the theoretical, scientific and methodological position, and to develop proposals to further improvement of using modern technology.
The object of study - the using of information and communication technology in the preparation of future teachers.

Scientific novelty and theoretical significance of the study. The scientific and pedagogical foundations of information and communication training pedagogical subjects in universities are determined, pedagogical conditions of using are specified and tested in practice by the students of information and communication technologies in studying process.

The structural and content model of independent work of students in higher education are constructured in using of information and communication technology.


The program of special course "Information and communication technology in education" has been developed, implemented in the educational process, and the experiment has been taken place.

The practical significance of the study. The results can be used in the development of pedagogical sciences students of higher educational institutions, as well as the development of information and communication technology training in order to:

- A seminar "Information and communication technology in teaching pedagogical disciplines";



- Preparation of programs of special course "Information and communication technology in education";

- The ways and methods of organizing independent work of students in the condition of information technology.
Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет