«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»


Баспасөздегі экономикалық медиамәтіннің рөлі



бет87/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128
Баспасөздегі экономикалық медиамәтіннің рөлі

Экономикалық проблематиканың баспасөздегі өзектілігі ешқашан кемімейді, нарықтық қатынастардың дамуымен мазмұны бойынша да, бейнесі бойынша да жаңа, зерттелмеген қырларына ие болады. Әсіресе бұл халықаралық қауымдастыққа қарқынды интеграция барысын бастан кешіп отырған Қазақстанға маңызды. Еліміздің экономикасына енгізіліп жатқан инновациялық нарықтық механизм бұқараның санасы мұндай қатынастарды қабылдауға дайын болғанда ғана жүзеге асырылады. Аталмыш жағдайда экономикалық реформалар барысын, жалпы экономиканы тұрақтандыру процесін жан-жақты және кәсіби түрде жариялау мәселесінің өзектілігі көрініс беруде, өйткені бұл процестер халықтың ең маңызды деген мүдделерін, оның саяси және экономикалық қауіпсіздігін де қамтиды. Осыған байланысты халықты экономика, нарық жаңалықтарынан хабардар етіп отыру арқылы жаңа экономикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы да айқын.


Жалпы медиамәтін – баспасөз мақаласы, радио бағдарлама, телевизиялық жаңалықтар, ғаламтор-жарнамасы сияқты көпсатылы баспасөз құралдары өнімдерінің барлық түрлерін біріктіретін , медиа ағымның бірден-бір бөлігі. Әртүрлі БАҚ-та медиа-мәтіннің өзіндік ерекшеліктері болатыны мәлім, дегенмен, оның әмбебаптық сипаты негізінен өзгеріссіз қалады. Ал біздің жұмысымызда оқырманға біршама қол жеткіліктілігімен ерекшеленетін мерзімді баспасөздегі, яғни жазбаша формадағы медиа-мәтін – оның адресанттың мақсатты түрде жүзеге асырған әрекетінің жемісі, нәтижесі және прагматикалық стратегиясын жүзеге асырушы, сәйкес формаға түсірілген, арнаулы өңдеуден өткізілетін нысан ретінде жан-жақты қарастырылды. Медиа-мәтін – әлеуметтік-сөзжұмсамдық құбылыс, жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлік, ол социум өмірінің барлық саласындағы ақпаратты қамтитын ауқымды дүние . Я.Н.Засурский медиамәтінді «жаңа коммуникациялық өнім» ретінде түсіндіреді. Оның негізгі ерекшелігі жанжақтылығында, яғни, медиақұрылымның вербалды, визуалды, дыбыстық, мультимедиялық жоспар түрінде көріне алуында. Сондай ақ түрлі медиа жағдайларында: газет, журнал, радио және теледидар, ғаламтор, мобильді байланыс т.б біріктіруінде.
Баспасөз, экономикалық ақпараттың қайнар көзі мен басты тасымалдаушысы ретінде, қоғам өмірінің экономикалық саласына, оның ауқымы мен бағытына елеулі әсер етеді. Экономикалық ақпарат нарықтың барлық салаларының қалыпты қызмет етіп, дамуына қажет міндетті факторлардың бірі екенін ұмытпаған жөн.
Қазірігі таңда отандық телеарналарда экономика тақырыбы кеңінен қамтылуда. Әдеттегі «Жаңалықтар» бағдарламаларындағы міндетті «Экономика» айдарынан басқа арнайы жобалар да жүзеге асырылуда. Мысалы, «Қазақстан» телеарнасында «Ұлттық өнім», «Агробизнес», «Хабар» арнасында «Асарқау» («Продвопрос»), «24.kz» арнасында «Жасыл экономика», «Халықтық экономика» жобалары халыққа кеңінен таныс.
Қазіргі таңда қазақстандық баспасөз Интернет желісін қарқынды да тиімді түрде пайдалануда. Республикалық деңгейдегі телеарналардың өнімдерімен де таралымы кең газеттердің PDF-нұсқаларымен де жаһандық желі арқылы танысуға болады. Тіпті аймақтық телеарналар мен газеттердің де өз веб-сайттары бар. Бұл үрдіс экономикалық ақпаратты қолжетімді ете түсті. Мысалы, «Бизнес и власть» басылымының сайтында газет бетінде жарық көрген мақалалармен ғана танысып қоймай, арнайы пікірталастарға қатысуға, мамандарға сауал қоюға болады, бизнес пен нарық мәселелеріне қатысты арнайы шаралардың аңдатпасы да іскер адамдарға пайдасын тигізеді. Редакция ұжымы, сондай ақ, он-лайн жазушылардың электрондық пошталарына газеттің жаңа санын PDF – форматында жіберіп отырады. Ал «profinance.kz» порталы форматын өзгерткелі қарапайым адамның өміріне қолданбалы тұрғыдан қажетті экономикалық, қаржылық ақпаратты қысқа да ұғынықты түрде жеткізеді.
Шетелде халық төлеуге әзірше дайын болмағанымен, сапалы он-лайн ақпарат арқылы таратылады. Әсіресе, іскерлік, қаржылық, жалпы экономикалық ақпараттың құны жоғары, дегенмен халық оған төлеуге дайын. Мысалы, әйгілі, Wall Street Journal басылымының ақылы он-лайн жазылу қызметі үлкен сұранысқы ие, өйткені бұл басылым «адамадарға жұмысы мен табыс табуына қажетті ақпарат көздерінің категориясына жатады» [1]. Яғни, баспагерлер мен редакторлар жаһандық желіні тиімді түрде пайдалана білуі қажет, өйткені қай уақытта болмасын оқырманның сұранысы бойынша қажетті әрі сапалы ақпартты бере білу-қазіргі дереккөздердің көптігі мен саналуандығы заманында оқырманды сақтап қалудың жалғыз амалы. Оған қоса он-лайн жазылу жалақысы жоғары емес журналистер қауымының қосымша табыс көзіне де айналуына мүмкіндік бар.
Бұрынғы газеттер мен телебағдарламалар нарыққа ерекше әсер етсе, қазіргі таңда жаңа медианың бұл бағытта алар орны ерекше. Әдетте дәстүрлі газеттерде берілетін маңызды ақпарат оқырманға тек таңертең ғана жетеді, оған қоса оқырман оның қаншалықты маңызды екенін бірден түсіне қалмауы мүмкін, өйткені ол ақпаратты сол газет бетіндегі басқа ақпараттармен қатар оқып, қабылдап отыр. Ал он-лайн форматында берілген ақпарат оқырманға, сәйкесінше нарыққа бірден әрі елеулі түрде әсер етеді.
Қазіргі кезде іскерлік журналистика көптеген қиындықтар мен мақсаттарға тап болып отыр. «Олардың қатарында: 24 саған бойы жаңалы қтар айналымына қажет жылдамдықтың талап етілуі, жаңалықтардың үздіксіздігі, қамтылатын тақырыптар мен мәселелердің қиындауы, компаниялардың PR стратегиялары, жаһандану әдістері» [2]. Журналистер барынша бұл қиындықтарға төтеп беруге тырысуда, дегенмен атқарылатын жұмыс әлі де жетерлік. Бұқаралық коммуникациядағы саяси дискурсты құрайтын негізгі концептілер тізбесін: Билік – Президент – Заң – Оппозиция – Халық түрінде көрсетуге болатындығы анықталды. Осы тізбек прагматикалық аясы аса кең «өзім/өзге» бинарлы концептісі шеңберінде қарастырылды. Себебі аталмыш терминдер қазіргі қазақ басылымдарында жиі қолданылатын, әртүрлі мән-мазмұнда танылатын өзекті базалық ұғымдарға айналып отыр. Сондай-ақ олардың мазмұндық ерекшелігі ұлттық, мәдени, ғылыми, тарихи, жалпы энциклопедиялық білімдер негізінде танылады.
Жалпы журналистика, оның ішінде іскерлік журналистика мәселелеріне Қазақстан Үкіметі ерекше көңіл бөлуде. Бұған дәлел – «Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасы оның ішінде, «Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту» бөлімі [3]. Бұл бағдарлама аясында отандық бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық қорын жаңғырту, отандық ақпараттық контентті өндіруді ынталандыру, т.б., бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда. Журналистер қызметіне барынша өолайлы жағдай жасалуда, соның арқасында журналистік өнім сапасы, оның ішінде экономикалық медиамәтіннің сапасы күннен-күнге жақсарып келуде.
Іскерлік баспасөз адамдарға табыс табуға бағытталған салмақты шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратты береді, бірақ экономикалық, бизнес басылымдарды тек қана іскер адамдар оқиды деп тұжырым жасауға болмайды. Біз нарық заманында өмір сүріп жатырмыз, қоғам өмірінде орын алып жатқан экономикалық процестердің бірі болмаса екіншісі әр адамның өміріне әсер етеді. Мысалы, зейнетақы жинақтарына немесе азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселелер. Яғни, «қаржылық жағынан бизнес-баспасөз ұсынатын ақпаратты қабылдауға мүдделі емес, бірақ істің барысымен, әлемде болып жатқан жайыттармен таныс болуға ьырысатын адамдардың категориясы бар» [4].
Іскерлік журналистиканың Интернет желісінде көрініс табу үрдісі жалғаса береді. Бұл үрдіске тез әрі жедел ақпаратқа деген мұқтаждық, жаһандық виртуалды желінің тұтынушылар санының өсуі септігін тигізері анық.
Іскерлік журналистика саласында қызмет ету оңай емес, өйткені сапалық журналистиканың қоғам үшін маңыздылығы оның журналистер мен редакторлар алдында қоятын талаптары аса жоғары. Белгілі бір жетістіктерге жету үшін өз әріптестеріңізден екі есе жұмыс істеуіңізге тура келеді, ойыңызда көптеген ақпаратты сақтап, жаңартып отыруға мәжбүр боласыз. Бұл реттегі ең басты қағида- бизнесте журналист, ал журналистикада бизнесмен бола білу.



Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
KazNU-MTIJ-2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет