Тұманбай Молдағалиев (20 наурыз 1935 жыл, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозы - 10 қазан 2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны.
Қызмет жолы
1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
1970-1973 жылдары "Пионер" журналында жұмыс іетеді.
1970-1973 жылдары "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды.
1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар жөне жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманағының бас редакторы.
Шығармашылығы
Тұңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды.
Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді.
Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды.
"Кәмила" (1960)
"Көктем таңы" (1961)
"Алатау қызы" (1963)
"Ферюза туралы жыр" (1964)
"Зулайды күндер" (1965)
"Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты.
1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968).
"Ескерткіш" (1969)
"Шақырады жаз мені" (1970)
"Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.
"Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971)
"Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді.
Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я — сын Семиречья" (1962)
"Первая встреча" (1968)
"Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.
Музыка
Тұманбай Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы.
"Құстар қайтып барады" (музыкасы Н.Тілендиевтікі)
"Бақыт құшағында"
"Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі)
"Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі)
"Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты өнге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған.
Аудармалары
Ол Байрон, М. Ю. Лермонтов, Т.Г.Шевченко, О. Туманян, С. Капутикян, К. Ғұлам, X. Ғұлям, Р. Гамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.[1]
Абай поэзиясы
Молдағалиевтің Абай поэзиясының идеялық - көркемдік мазмұнын, сөзім шынайылығын, тіл шұрайын сөз ететін «Ұрпаққа тілек» («Қазақстан пионері», 1971, 21мамыр) атты мақаласы жарияланды. Абай рухына арнап «Қайда барсам алдымнан» («Семей таңы», 1983, 13 шілде), «Абай ағам бастаған» (Жалын, 1985, N95) және «Абай аға аулында» (топтама, Тынық мұхит дәптері, А., 1985) т. б. өлеңдер жазды.
Марапаттары
«Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекттік сыйлығы
Халықаралық Физули сыйлығының лауреаты.[2]\
Отбасы
Өмірлік серігі, жары - Қасымова Күлтай.
Ұлы - Дәурен (1966 жылы туған); қыздары - Зәуреш (1959 жылы туған), Жазира (1962 жылы туған), Жанна (1964 жылы туған).[3]
Дереккөздер
↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Санат:
Алфавит бойынша тұлғалар
20 наурызда туғандар
1935 жылы туғандар
Еңбекшіқазақ ауданында туғандар
10 қазанда қайтыс болғандар
2011 жылы қайтыс болғандар
Алматыда қайтыс болғандар
КСРО ақындары
Қазақстан ақындары
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
Достық орденінің иегерлері
Парасат орденінің иегерлері
Достарыңызбен бөлісу: |