«Ересек тобы» Жылдық: 36 сағат Апталық сағат: 1 сағат



бет7/10
Дата15.09.2017
өлшемі2,08 Mb.
#32505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күтілетін нәтиже

Жасайды: жаңа лексикалық бірліктерді.

Түсінеді: қарапайым сөздердің қолдану тәртібін.

Қолданады: What is your name? сұрағын қойып, жай болымды сөйлемді пайдалану арқылы оған жауап беру.

7

Тақырыбы: Colors (Түстер)

Білім беру саласы Қатынас

Бөлімі : Ағылшын тілі

а) білімділік Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрету, 
ажырату, қазақ тілімен салыстыру.
ә)дамытушылық ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс шығару,
сөздерді дұрыс, нақты айту, сөз қорын байыту.

б)тәрбиелік Шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс- тәсіл: мультимедия, сұрақ-жауап, әңгімелеу, қимыл іс әрекет,

суретпен жұмыс

Билингвилды сыңары: red-қызыл, blue-көк,yellow- сары, green-жасыл,

orange- қызғылт сары, white- ақ,black- қара, brown –

қоңыр,grey – сұр

Заттың даму ортасы: мультимедиялық тақта, әр-түрлі түстердің суреттері,

қағаздан жасалған әр-түрлі түсті жапырақтар,

тақта, үнтаспа мен музыкалық центр, доп,

компьютер,теледидар, қағаздан жасалған

гүл,қарандаштар, әр түрлі

суреттер, тақта, үнтаспа мен музыкалық центр, доп,

ноутбук

Инновациялық технологиялар: ақпараттық технологиялар,тіл-қол

жаттығулары, сергіту сәті.



Шаттық шеңбер: Good morning, good morning

Good morning to you!



Good morning, good morning

I am glad to see you!



Фонетикалық жаттығу Фонетикалық жаттығулардан бастайды.

Тыңдайды. Дыбыстарды қайталайды.

Дәлелді-түрткі болатын

Балалар, бізге қонаққа бақа келді. 




Ол бізбен танысқысы келеді. Қане бәріміз шеңберге тұрайық. Доппен

ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік (балалар шеңберге тұрып,

мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:

Ұйымдастырушылық- ізденістік

«What's your name?» Сенің атың кім?

Балалар жауап береді: My name is...»Менің атым...)
1-тапсырма

- Балалар, бақа өте қуанышты. Ол бізге бір хат әкелді. Қане көрейік, бұл хатта не деп жазған екен. Онда бір өлең бар екен.

What color is the sky?
It’s blue, it’s blue, it’s blue.
The sky is blue. The sky is blue.
What color is the sun?
It’s yellow, it’s yellow, it’s yellow..
The sun is yellow. The sky is blue.
What color is the grass?
It’s green, it’s green, it’s green.
The grass is green. The sun is yellow. The sky is blue.
What color is an apple?
It’s red, it’s red, it’s red.
An apple is red. The grass is green. The sun is yellow. The sky is blue.
The sky is blue!.

2-тапсырма



Мұғалім балаларға қағаздан қиылған жануарларды көрсетіп, қандай

жануар екенін балалардан сұрайды. 
What is it? Мынау не?

It's a lion, fox, cat, frog, rabit, dolphin. 

Бұл арыстан, мысық, бақа, қоян. 

Мұғалім балалардан жануарлар қандай түсті екенін сұрайды. Балалар қазақ тілінде жауап береді де, мұғалім сабақтың тақырыбын, балалармен түстер туралы әңгімелейді.

3-тапсырма


Мұғалім жеті түстердің суреттерін көрсетіп, түстерді атап береді. Балалар мұғалімнің артынан бірнеше рет қайталайды.
red – қызыл

green – жасыл

blue- көк

black – қара

yellow – сары

brown – қоңыр

orange – қызғылт сары

grey – сұр



white – ақ


4 -тапсырма

Балаларға слайдтар көрсетеді. Слайдтарда түстер көрсетілген. Мұғалім баларға түстердің суреттерін көрсетіп, сұрайды: 

What color is it? – Бұл қандай түс?



Балалар өздері жауап беруі керек, егер балалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).
 5-тапсырма

Балаларға гүлдің суреті таратылады. Бұл суретті балалар әр түрлі түстерге бояу керек. Мұғалім түстерді ағылшын тілде атап беріп, балалар сол уақытта өздері керек түсті тауып, бояу керек.

Сергіт у сәті
Үнтаспаны қойып, сергіту сәтін өлеңмен өткізеді:
It's a dog! Wow! Wow!

It’s a cat! Myau!

It’s a rabit! Hop!

It’s a snake! Sss!

It’s a bird! Chrr!

It’s a fish! Swim!



6-тапсырма
Мұғалім ағылшын тілде іс-әрекеттерін атап береді. Балалар тек қана қимылдарын көрсетеді.
– Hands up! Clap! Clap!
- hands down! Shake! Shake! Shake! 
- Hands on hips! Jump! Jump! Jump!
- Hop! Hop! Hop! Stop!
Sit down, please!
7-тапсырма

Ойынды ойнау. (Let’s play!) Гүлді жинау.
Балаларға әр-түрлі түсті қағаздан қиылған жапырақтарды көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекпен бір-бірден тақтаға шығады. Мұғалім жапырақтарды үстелге қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген жапырақты тауып алып, тақтаға жабыстырады. Мұғалім қалған балаларды бағалайды. Сол кезде барлық балалар бірнеше гүл тақтаға жабыстырады. 

(Бұл ойында есту қабілеттері дамиды.)

 
Рефлексиялық-түзетушілік:



- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?
- Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
Балалар, бақа өте қуанышты, біздің сабағымыз оған өте ұнады!
Good -bye, children!
Күтілетін нәтиже

Жасайды: жаңа лексикалық бірліктерді, thеsе are colors, red,yellow,blue.

Түсінеді: қарапайым сөздердің қолдану тәртібін.

Қолданады: заттың түсін дұрыс айту.


6

Тақырыбы: My family. (Менің жанұям)

Білім беру саласы Қатынас

Бөлімі : Ағылшын тілі

а) білімділік жаңа лексикалық біліктерін беру.
ә)дамытушылық балалардың логикалық-ойлау қабілетін дамыту,

дүниетанымын кеңейту.



б)тәрбиелік Жанұяға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Әдіс- тәсіл: мультимедиялық тақта, сұрақ-жауап, әңгімелеу, қимыл

әрекет, суретпен жұмыс

Билингвилды сыңары: mother-ана, father-әке,sister-әпке,brоther-аға (іні),

grandfather -ата, grandmother –апа.



Заттың даму ортасы: мультимедиялық тақта, әр-түрлі суреттер, тақта,

үнтаспа мен музыкалық центр,доп, ноутбук.

Инновациялық технологиялар: ақпараттық технологиялар, тіл-қол

жаттығулары, сергіту сәті



Шаттық шеңбер: Good morning, good morning

Good morning to you!



Good morning, good morning

I am glad to see you!



Фонетикалық жаттығу Фонетикалық жаттығулардан бастайды.

Тыңдайды. Дыбыстарды қайталайды.

Дәлелді-түрткі болатын

Балалар біз бүгін «Отбасы» туралы әңгімелесеміз. Бүгін қонаққа Бибінұр үйіне шақырған. Ол өзінің жанұясымен сендерді таныстырмақшы.



Ұйымдастырушылық- ізденістік



-  Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар.
-    Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (Балалар жауабы)
-    Балалар отбасымыздағы басшы кім? (әке)
-    Ал, ана сендерді өмірге әкелген адам.
-    Ал ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер? (немере). Ал, аға-апа, іні-қарындас ол, сендердің туған бауырларың.
-    Отбасындағы адамдар бір- бірімен қандай болуы керек?
-    Адал, мейірімді, қайырымды болуы керек.
-    Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз? (әке мен анадан)
Қазақта: «Әке көрген -оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер»- деген нақыл сөз бар.

1-тапсырма

Балаларға «Sing the song» сәті ұсынылады.

“My family”


I have got a father
I have got a mother.
I have got a brother.
I have got a sister.
How old them all.

2-тапсырма

Педагог балаларға үнтаспаны тыңдауды ұсынады.Сөздердің арасындағы айырмашылықтарын назар аудартады.

Father-dad, mother-mum, grandfather -grandad, grandmother – granny .



3-тапсырма

   - Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, ойын ойнап жіберейік!


Ойын: «Сен отбасыңда кімдермен тұрасың?»
Шарты: Балалар шеңбер бойынша тұрады. Тәрбиешімен отбасында кіммен тұратынын айтып,допты жағалатып келесі балаға береді. Балалар отбасында кіммен тұратынын айтып шығады.

Сергіту сәті



Қолдың моторикасын дамытуға арналған тапсырма.



I have a father.

I have a mother.

I have a sister.

I have a brother.

Father, Mother, Sister, Brother – 

Hand in hand with one another.

 

4-тапсырма



Балалар ал енді әр кім өз жанұясы туралы айтып берсін. Балалар өздерінің жанұясындағы адамдарды атайды.

I have a father.I have a mother.I have a sister. have a brother

5-тапсырма

«Meet my family» ойыны 3-4 балаларды (жанұя) қасына шақырып, олардың біреуінен жанұясынын таныстыруын сұрайды Мынадай монолог айтылады: Hello, I’m Saltanat.

This is my family.

My mother

my father

my grandfather

my grandmother.


6-тапсырма

Балалар мына жұмбақтың шешуін үш тілде табамыз . Балалар жұмбақтарға үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын)тілінде жауап береді.


1. Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? Барлығы: атам- grandfather-дедушка.

2. Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? Барлығы: әкем-папа- father.
3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Барлығы : ана-мама- mother.

7-тапсырма



«My family» саусақ ойыны.Саусақ театырын қолданады

This is mother

This is father

This is brother Paul

This is my sister

This is my grandmother

And I love them all.


Рефлексиялық-түзетушілік:

Балалар ортаға келіп тұрайық,


Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!
-    Балалар, енді қазақша қоштасайық.
-   Сау болыңыз!
-    Балалар, енді ағылшынша қоштасайық.
-    Good-bye, children!
Good-bye, teacher!
Good-bye, teacher!
Good-bye, teacher!
Good-bye, Good-bye!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет