Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, Қ. С. Жайлаубаева



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата29.03.2020
өлшемі12,62 Mb.
#61006
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
қазақ тілі кітап 8 сынып


Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

93
АЙТЫЛЫМ
7
-тапсырма. 
Мәтіндегі сөйлемдерге бірнеше нұсқада сұрақ қой. Осы 
сұрақтарды пайдаланып, көршіңмен сұхбат құр.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихы үш негізден тұрады. Оның біріншісі — 
көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік ел» идеясы. Тоныкөк 
ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған 
қаған мен ақылгөй дананың ауызбіршілігі, елдің бірлігі үшін ынтымақ 
болу қажеттігі айтылады. Екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қала 
тұрғындары» шығармасы. Үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» 
дастаны. Жүсіп Баласағұн дастандағы басты кейіпкер — Күлтегінді түркі 
мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы ретін-
де көрсетеді (Д. Қауменнен).
ОҚЫЛЫМ.
 
АЙТЫЛЫМ
8
-тапсырма. 
Н.Ә. Назарбаевтың 
2014 жылы 17 қаңтарда 
жариялаған «Қазақстан жолы 
2050: бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» атты жолдауын 
оқыңдар. Жолдау бойынша 
әңгімелесіңдер. 
ЖАЗЫЛЫМ
9
-тапсырма. 
Төменде берілген 
тұжырымды эпиграф ретінде 
алып, шығарма жаз.
Біз үшін ортақ тағдыр — 
біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі 
ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел — 
жалпықазақстандық ортақ ша-
ң ы рағымыздың  ұлттық  идеясы 
(Н.Ә.Назарбаев).
ЕСТЕ САТА!
«Мәңгілік ел» идеясы Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылы 17 қаңтарда 
жариялаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
атты жолдауында айтылды. Жолдауда дамыған 30 елдің қатарына кірудің 
жоспары көрсетілді. 
МӘТІНСОҢЫ ЖҰМЫС
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

11-тақырып
94
МӘТІНАЛДЫ ЖҰМЫС
ЖАА СЗДЕР
ым, тадыр
ОҚЫЛЫМ.
 
АЙТЫЛЫМ
1
-тапсырма. 
Етістіктерді 
тауып, бұйрық райдың 
жұрнағын жалға. Сөйлем 
құрап айт.
Өткен  тарихымызға  тағ-
зым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, гүлденген 
келешекке сенім де 
«Мәңгілік ел» деген 
құдіретті ұғымға сыйып тұр. 
«Отанды сүю — бабалардан 
мирас болған ұлы мұраны 
қадірлеу, оны көздің 
қарашығындай сақтау, өз 
үлесіңді қосып, дамыту, 
кейінгі ұрпаққа аманат етіп, 
табыстау» деген сөз. Бар-
ша қазақстандықтардың 
жұмысының түпкі мәні — 
осы!
Жалпыұлттық идеяны 
өміршең ететін — елдің 
бір лігі (Н.Ә. Назарбаевтың 
«Нұрлы жол — болашаққа 
жол» атты жолдауынан).
ЖАЗЫЛЫМ
2
-тапсырма. 
Сурет бойынша сөйлем 
құра. Дереккөздерден Әл-Фара-
би атындағы Қазақ Ұлттық уни-
верситетінде ашылған «Мәңгілік 
ел» қақпасы туралы мәлімет 
жина. 
Мені… тілім — 
мә…гілік тіл
5-6- 
cабатар
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

95
ОҚЫЛЫМ
3
-тапсырма. 
Мәтінді оқы. Мәтін бойынша жоспар құр.
Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. 
Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Еліміз 
бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан 
мыңдаған азамат қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға 
қарағанда, биыл «қазақ тілін білемін» деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 
пайызға өскен. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз 
Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, 
ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн (Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 
жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауынан).
ЖАЗЫЛЫМ
4
-тапсырма. 
«Оңай және қиын сұрақтар» кестесін толтыр. Кестенің сол 
жағына оңай, оң жағына қиын сұрақтарды жаз. Көршіңе дайындаған 
сұрақтарыңды қой. Оңай сұрақтар мәтін мазмұны бойынша, қиын 
сұрақтар көршіңнің өзі ойланып жауап беретін сұрақтардан тұруы тиіс.
оңай сұрақтар
қиын сұрақтар
— Қазақ тілі қазіргі уақытта 
қандай тілге айналды?
— Қазақ тілі ғылым, білім және 
интернеттің тіліне айналды.
— Мәңгілік ел болу үшін не істеу ке-
рек?
— Менің ойымша, мәңгілік ел болу 
үшін экономикамызды дамытып, 
тілімізді, әдебиетіміз бен тарихымы-
зды жақсы білу, жерімізді сақтауымыз 
қажет. Өйткені біздің тағдырымыз 
ортақ.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
ТЫІДАЛЫМ
5
-тапсырма. 
Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып бер.
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

11-тақырып
96
ЖАЗЫЛЫМ
6
-тапсырма. 
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, мақал-мәтелдерді 
жаз.
• Егемен ... еңсесі биік.
• Елу — ... ел жаңа.
• Туған жердің ... де тәтті.
• Ел ... — ел қазынасы.
• Бүлінгеннен ... алма.
• Тоқсан ауыз сөздің ... түйіні бар.
• Тіл ... де озады.
ажетті сздер: блдіргі, ттіні, жйріктен, жылда, тобытай, 
ариясы, елді.
ЖАЗЫЛЫМ.
 
АЙТЫЛЫМ
7
-тапсырма. 
Мәтіннен өзің маңызды санайтын сөйлемдерді теріп жазып, 
себебін түсіндір.
ЖАЗЫЛЫМ
8
-тапсырма. 
«Менің тілім — мәңгілік тіл» деген тақырыпта шығарма 
жаздым. Шығармамда қазақ тілінің тарихы, қоғамдағы орны, қазақ 
тілін қандай деңгейде білетінім туралы жаздым. Шығармамда 20 
сөйлем жаздым. 
• Ол қандай сөйлемдер жазуы мүмкін. Жазып көр. 
АЙТЫЛЫМ
9
-тапсырма. 
Екі 
оқушыдан 
жұптасып, мек-
тептегі 
2-3 мұғалімнен 
«Мәңгілік 
ел» идеясы  
тақырыбында 
сұхбат алың-
дар. Алған 
сұхбаттарыңды 
топта талқы-
лаңдар.
ЕСТЕ САТА!
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 
жолдауында қазақ тілінің дамуына тоқталды. 
Қазақ тілін білетін басқа ұлт өкілдерінің 
көбейіп келе жатқанын айтты. Мен де қазір 
қазақ тілін жақсы білемін. 
МӘТІНСОҢЫ ЖҰМЫС
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

97
ЖАА СЗДЕР
атаоныс, жылнама, салт-
сана, адам, ашаршылы, 
азат, жарын
МӘТІНАЛДЫ ЖҰМЫС
АЙТЫЛЫМ
1
-тапсырма. 
Сұрақтарға жауап бер.
1. Қазақстан өзін қай уақыттан бастап тәуелсіз мемлекет ретінде жарияла-
ды?
2. Қазақстанның тәуелсіздігін қай мемлекет бірінші болып мойындады?
3. Қазақстан халқының осы уақытқа дейін қандай жолдардан өткенін 
білесің бе?
4. Қазір Қазақстан қанша мемлекетпен байланыс орнатқан?
5. Қазақстанда соңғы уақытта қандай ірі шаралар іске асырылды? 
ЖАЗЫЛЫМ.
 АЙТЫЛЫМ
2
-тапсырма. 
Қанатты сөздерді жаз. Осы сөздердің бірін тақырып ретінде 
алып, ой бөлісіңдер. 
• Инемен құдық қазғандай қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат 
пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл.
• Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек.
• Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тәуелсіз Қазақстан.
• Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Ойбөліске қойылатын талаптар:
— тақырыптан ауытқымау;
— регламент сақтау;
— сөз әдебін сақтау;
тіл сауаттылығы;
— Н.Ә. Назарбаевтың қанатты сөздерін қолдану;
— өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу.
Н. . Назарбаев 
«азастан жолы» 
(зінді)
7-8- 
cабатар
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

11-тақырып
98
ОҚЫЛЫМ
3
-тапсырма. 
Мәтінді оқы. Түсінгеніңді баянда.
Әрбір отбасы өзінікі деген 
меншікті мекенжай салып алуды 
арман етеді. Бәрі де кәдімгі қа-
рапайым тілектен басталады. Ең 
әуелі отағасы болашақ үйінің но-
байын ой жүзінде жобалап, көз 
алдына елестетеді. Әрбір бөлшегін 
ой елегінен өткізеді. Үйдің са-
лынатын орны анықталғаннан 
кейін оның жобасы қағаз бетіне 
тү 
сі 
ріледі. Үй іргетасынан баста-
лып, қабырғалары мен шатыры-
на қарай бірте-бірте салына бас-
тайды. Көптеген жанұялар «үйіміз 
сәнді де сапалы болсын» деп, оны 
жылдар бойы салады. Отағасы 
үйді «өзімнің балалары мен неме-
релеріне, шөберелеріне қалсын!» 
деп тұрғызады. Адамға өзінің 
қолымен салынған үйден қымбат 
еш нәрсе жоқ. Бірақ «үй» дегеннің 
мән-мағынасы — оның жай ғана 
қабырғалары, терезелері мен ішкі 
бөлмелері сияқты ұғымдардан 
әлдеқайда ауқымды. «Үй» деген — 
сенің баспанаң, құтханаң, тіршілік 
мекенің.
Мен сіздерге қазіргі тәуел 
сіз 
Қа зақ станды  құрудың  қанша лық-
ты күш 
ке түскенін айтқым келеді 
(Н. ­.  Назарбаевты 
« азастан 
жолы» кітабынан).
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
ЖАЗЫЛЫМ
4
-тапсырма. 
Жақша ішіндегі тиісті етістіктерді дұрыс тұлғада қойып, 
сөйлемдерді жаз.
Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекенжай салып алу-
ды (көргісі кел, арман ет, алғысы кел). 2. Әрбір бөлшегін ой елегі-
нен (өткіз, көр, айт). 3. Көптеген жанұялар «үйіміз сәнді де сапалы 
болсын!» деп, оны жылдар бойы (көрсет, сал, отырғыз). 4. Адамға 
өзінің қолымен салынған үйден қымбат еш нәрсе (мүмкін, бар, жоқ). 
5. Сонымен бірге адамның табиғаты сондай — өткендегі оқиғалар, 
әсі 
ресе олардың жағымсыздары тез (ұмытыл, жеткіз, айтқыз). 
6. Ас танадағы биік ғимараттардың үстінен күнде ертемен баяу көтеріліп 
келе жатқан күн шапақтарын (тыңдама, байқама, көрсетпе). 
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

99
АЙТЫЛЫМ
5
-тапсырма. 
Диалогті толықтырыңдар.
Әр отбасы не салуды армандайды?
__________________________________ .
Ол қандай тілектен басталады?
__________________________________ .
Ең бірінші не анықталады?
__________________________________ .
Отағасы үйді кім үшін тұрғызады?
__________________________________ .
Үй — сенің нең?
__________________________________ .
«Қазақстан жолы» кітабында қандай үй туралы айтылады?
__________________________________ .
Кіріспе 
бөлім
Негізгі 
бөлім
Қорытынды 
бөлім
ЖАЗЫЛЫМ
6
-тапсырма. 
Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырып 
қой. Әр бөлік бойынша екі сұрақтан дайында.
ЖАЗЫЛЫМ
7
-тапсырма. 
Төмендегі сөздерді пай-
даланып, салалас құрмалас сөйлем 
құра. 
Атақоныс, жылнама, салт-сана, 
қадам, ашаршылық, ахат, жарқын.
лгі:  Мен болашата ел экономика-
сын дамыту а лес осамын, не болмаса 
ылыммен айналасамын.
ТЫҢДАЛЫМ
8
-тапсырма. 
Диалогті тыңда. 
Түсінгеніңді айт. Сен 
«Қазақстан жолы» кіта-
бында айтылған қандай 
мәселені жоба ретінде 
таңдап алар едің?
МӘТІНСОҢЫ ЖҰМЫС
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

11-тақырып
100
ЖАЗЫЛЫМ
9
-тапсырма. 
«Қазақстан жолы» кітабы туралы аннотация жаз. Төмендегі 
үлгіні пайдалан.
Кітапты атауы:
Кітапты авторы:
Шыан жылы, баспасы, кітапты
клемі:
Кітапты рылымы (неше тараудан тратыны):
амтылан мәселелер:
Кімге арналаны:
ОҚЫЛЫМ.
 
ЖАЗЫЛЫМ
10
-тапсырма. 
«Желаяқ» ойыны. Топқа бөлініңдер. Топ санына қарай 
тақтаға «Қазақстан жолы» кітабынан үзінді ілінеді. Топ мүшелері ке-
зекпен тақтадағы мәтіннің бір сөйлемін ішінен оқиды. Оқыған сөйлемін 
тобына келіп жаздырады. Ойын осы ретпен мәтін аяқталғанша 
жалғасады. Ойынның соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен 
тақтадағы түпнұсқа мәтін салыстырылады. Жылдам әрі мәтінді дұрыс 
құраған топ «жеңімпаз» атанады. 
ЕСТЕ САТА!
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабын 
оқыдым. Кітапта Қазақстан Республикасының 
тәуелсіздік жылдарындағы жолы баяндалады. 
Елбасы өзінің кімнің еңбектері мен пікірлерін 
оқығаны туралы айтады. 
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

101
ЖАА СЗДЕР
естелік, мыым, мәлім, 
осымша, салиалы, 
кемелдену, тбегейлі, тпелі
МӘТІНАЛДЫ ЖҰМЫС
АЙТЫЛЫМ
1
-тапсырма. 
Суреттерді пайдала-
нып, мәтін құра.
ЖАЗЫЛЫМ.
 
АЙТЫЛЫМ
2
-тапсырма. 
Қою қаріппен берілген сөздерге сұрақ қой. Олардың қай 
сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын айт.
Ғарышкер болуға үміткерлерді іздеу сияқты едәуір 
қиын жұмыс бас-
талды. Оларды әскери ұшқыштар арасынан іздедік. Бірде мен біздің 
газеттерді оқып отырсам, «Шымбұлақта 
біздің жерлесіміз — әскери 
ұшақтарды сынаушы-ұшқышы — Тоқтар Әубәкіров демалып жатыр» де-
генді жазыпты. Мен 
қолма-қол оны өзіме шақырып алдым. «Содан кейін-
ақ қандай 
қиындықтар болды?» — десеңізші: біресе: «Оның жасы 45-те, 
жарамайды!» — деді, біресе 
денсаулығынан кінәрат тауып алды. Бірақ 
мен де 
тұрып алдым. Ақыры ол ғарышқа көтерілді (Н.Ә. Назарбаевтың 
«Қазақстан жолы» кітабынан).
Жлдыздар а жол 
сал ан азастан
9-10- 
cабатар
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

11-тақырып
102
ОҚЫЛЫМ
3
-тапсырма. 
Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
Байқоңыр жерінің ғарыштық 
бо 
лашағы туралы өз заманында 
Қор қыт ата көріпкелдікпен айтып 
кеткен. Сақталып қалған аңыз-
дарда, бірен-саран жазбаларда 
Қор 
қыт атаның қасиетті жерді, 
мәң гілік өмірді іздегені айтылады. 
Жер-дүниені кезген оның соңы-
нан өзі қатты қорқатын өлім еріп 
жүреді. Ақырында ол ғайыптан 
«Егер жердің кіндігін тапсаң, аман 
қа ла сың» деген сөзді естиді.
Қорқыт ата еш уақытта соғыс, 
та 
биғат апаттары болмайтын, 
«өлім» дегенді білмейтін жер-
ді іздеген. Ақырында Қорқыт ата 
туған жеріне, Сырдария ның жа ға-
сына қайтып оралады. Ойлана келе, 
ол «мәңгілік өмір — өнерде» деген 
тоқтамға келеді. Сөйтіп, жан дү-
ние нің тебіренісін сыртқа шығара 
алатын аспапты — қобызды ойлап 
табады. Аңыз бойынша, Қорқыт ата 
дарияның ортасына, судың беті не 
кілемін төсеп, қобызын тартатын 
көрінеді. Сонда күйдің құдіреті оны 
судың бетінде қалқытып, батып 
кетуге жібермепті. Бірде оны кіш-
кентай жылан шағып алыпты, абыз 
содан көз жұмыпты.
Өлерінің алдында ол өзінің қа
-
сиетті жерді тапқанын айтады. Бұл 
жер — Сырдарияның бойы екен. 
Ол өзі көз жұмған жерін «Жер дің 
кіндігі» деп атаған көрінеді. 
Талай ғасыр өткеннен ке 
йін 
Сергей Королев бастаған кеңес 
ға лымдары ғарыш айлағын салу 
үшін қазіргі Байқоңырды таң дап 
алды. Бұл — Қорқыт ата жерлен-
ген өңірге таяу тұрған жер. Қа те-
лес пепті. Күн жылдың 300 кү нінде 
жарқырап тұрады. Шынында, 
Бай қоңыр  дүниежүзі  ға рыш кер-
лі гі нің  бесігіне,  ға рыш  ор та лығы-
на, адамдар ға 
рыш 
қа аттанатын 
Жер 
дің айлағына айналды. Дәл 
осы жерде, қа
 
зақ жерін де, олар 
«ға рыш кер»  атанды  (Н. ­. На зар-
баев ты « азастан жолы» кі-
та бынан).
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
ЖАЗЫЛЫМ. 
АЙТЫЛЫМ
4
-тапсырма. 
Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып жаз. Жоспардағы 
тақырыпшалардың аясындағы тірек сөздерді анықта. Жоспарың 
бойынша мазмұнды баянда.
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

103
ЖАЗЫЛЫМ
5
-тапсырма. 
«Оңай және қиын 
сұрақтар» кестесін толтыр. 
Кестенің сол жағына оңай, 
оң жағына қиын сұрақтарды 
жаз. Көршіңе дайындаған 
сұрақтарыңды қой. Оңай 
сұрақтар мәтін мазмұны 
бойынша, қиын сұрақтар 
көршіңнің өзі ойланып жауап 
беретін сұрақтардан тұруы 
тиіс.
Оңай сұрақтар Қиын сұрақтар
— Байқоңыр ту-
ралы кім айтып 
кеткен?
— Байқоңыр 
туралы Қорқыт 
ата айтып кет-
кен. 
— «Жердің 
кіндігі» дегенді 
қалай түсінесің?
— Менің ойым-
ша, «Жердің 
кіндігі» деп 
ғалымдар есеп-
теп шығарған 
Жердің ортасын 
айтады. 
АЙТЫЛЫМ
6
-тапсырма. 
Диалог. «Ғарыш-
кермен сұхбат». Рөлдік ойын. 
Мәтін мазмұны бойынша 
тележурналист пен ғарышкер 
Тоқтар Әубәкіровтің шағын 
сұхбатын көрсетіңдер. Сөйлеу 
этикетіне қатысты сөздерді 
(амандасу, танысу, мадақ сөз, 
қоштасу) алдын ала жазып 
алып, диалогте қолданыңдар. 
ТЫҢДАЛЫМ
7
-тапсырма. 
Диалогті тыңда. 
Мазмұнын монолог түрінде айт.
МӘТІНСОҢЫ ЖҰМЫС
АЙТЫЛЫМ
8
-тапсырма. 
Өзің оқитын мектептің 
8-9-сынып оқушылары ара-
сында «Қазақстан жолы» 
кітабы туралы не білетін-
дерін анықтау үшін шағын 
сауалнама жүргізіңдер. 
Оның нәтижелерін сыныпта 
талқылаңдар.
АЙТЫЛЫМ
9
-тапсырма. 
Дереккөздерден 
«Қазақстан жолы» кітабы ту-
ралы айтылған пікірлерді жи-
нап, тұсаукесер дайындаңдар. 
ЕСТЕ САТА!
«Қазақстан жолы» кітабында 
Байқоңыр айлағын Қазақстан 
Республикасының меншігіне 
қалай алғаны туралы айтылады. 
Елбасының қазақ ғарышкерін 
космосқа ұшыру үшін жасаған 
жұмыстары баяндалады. 
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

11-тақырып
104
ЖАЗЫЛЫМ
1
-тапсырма. 
Сөйлемдерді талғаулы немесе себеп-салдар  салалас 
сөйлемнің бір сыңары ретінде алып, сөйлем құра.
лгі:  азастанны жер ойнауы 
әлі де к п игерілмеген табии бай-
лытара толы не болмаса олар 
жартылай ана игерілген. 
Қазақстанның жер қойнауы әлі 
де көп бөлігі игерілмеген табиғи 
бай 
лықтарға толы. Кеңес уақы-
тын дағы «Қазақстанның жер қой-
науынан Менделеев таблица 
сы-
ның барлық элемент табылады» 
деген сөз тегін айтыл маса керек. 
Біз жер қойнауында жасырынған 
осы мол байлықтың жүзден бір бө-
лі гін де игергеніміз жоқ. Қазіргі 
кезде біздің еліміз табылған мұнай 
қорының көлемі жөнінен (Каспий 
шель 
фіндегі энергия ресурсын 
есепке алмағанда) дүниежүзін 
де 
12 орында, газ бен газ конденсаты 
жө нін де 15 орында тұр. Қазақ стан 
үле 
 
сіне әлемдегі табылған және 
бар 
ланған мұнай қорының (Кас-
пий шельфіндегі энергия ресурсын 
есепке алмағанда) 3-4%-ы тие ді. 
Ал Қазақстанның құрлықтағы бөлі-
гін дегі көмір сутек ресурсы  қазіргі 
мез 
гілде 2,8 млрд тонна мұнай 
мен 1,8 трлн текшеметр газға тең 
(Н. ­. Назарбаевты « а за стан 
жолы» кітабынан).
АЙТЫЛЫМ
2
-тапсырма. 
«Бұл заман — білекке емес, білімге сенетін заман» деген 
Н. Ә. Назарбаевтың қанатты сөзін тақырып ретінде алып, пікірталас 
ұйымдастырыңдар. 
ЖАЗЫЛЫМ
3
-тапсырма. 
«Үшбу хат». 
Н. Ә. Назарбаевқа еліміздегі 
өзіңді толғандырып жүрген 
мәселе туралы хат жаз. Хаттағы 
ойыңды осы тақырып аясын-
да өткен материалдармен 
сабақтастыр.
БІЛГЕНГЕ МАРЖАН
Біз ұлттық рухы берік, саяси 
жүйесі тұрақты, экономикалық 
әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, 
халықаралық беделі зор қуатты 
мемлекет құрдық (Н.Ә. Назарбаев).
Нәтиже саба. 
Мен не йрендім?
10-12- 
cабатар
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

105
АЙТЫЛЫМ
4
-тапсырма. 
Кестені толықтыр. Елбасының қай жолдаулары кестеде беріл-
мегенін анықта. Соңғы жолдау туралы көршіңмен сұхбат құраңдар.
жолдау 
жарияланған 
мерзім
жолдаудың атауы
18.01.2014
Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ 
14.12.2012
«Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты
28.01.2011
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
1999 жыл, қыргүйек Жаңа жүзжылдықтағы елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
ТЫҢДАЛЫМ. 
ОҚЫЛЫМ
5
-тапсырма. 
Мәтінді оқы. Мәтін бойынша жоспар құр.
... «Дүниені өзгерткің келсе — өзіңнен баста» деген қанатты сөзді 
басшылыққа ала отырып, әрқайсымыз бәсекеге түсуге және жеңіп 
шығуға үйренуіміз керек. Ал біздің жалпы бәсекеге қа білет тілігіміз, түпкі 
нәтижеде, халық тың жақсы тұрмысына жеткізуі тиіс. Мен бұл арада 
жаңағы  айтылған дар дың  ма ғынасына  неғұрлым  тере ңі рек  тоқ талғым  ке-
леді. Қазақ стан ның бәсекеге қабілеттілігі ұлттың тек ма териалдық қана 
емес, рухани баюы на да әкелуі тиіс. Эко но ми каның өркендеуімен бірге со-
ның ізінше мәдениет пен өнер дің, қазақ тілінің, хал қы мыз дың дәс  түр лері 
мен өмірлік филосо фия сы ның гүлденуі жүруге тиіс (Н. Ә. Назарбаевтың 
«Қазақстан жолы» кітабынан).
АЙТЫЛЫМ
6
-тапсырма. 
Дереккөздерден «Мәңгілік ел» идеясы аясында жасалған бір 
мәдени шара туралы ақпарат дайында.
АЙТЫЛЫМ
7
-тапсырма. 
Шығу парағын пайдаланып, сұраққа жазбаша жауап бе ріңдер.
1. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы» тақырыбы бойынша не үйрендіңдер?
2. Сен үшін тақырыптың құнды жақтары қандай болды?
3. Өзіңнің, жолдастарыңның білімін бағала (өз жұмысыңа, жолдас тарыңның 
топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола ма?)
4. Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?
5. Осы тақырып бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың?
Кө
кж
ие
к-
Го
ри
зо
нт

12-тақырып
106
12
Қазақстанның айтыс өнері мен сөз 
мәдениеті
Ринат Зайытов пен Аманғазы Кәріпжанов айтысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет