139
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Италиядағы жібек шаруашылығы жетістіктері?
2. «Жас Италия» ұйымының құрылу себептері, мақсаты?
3. Итальян революциясының бастамасы бірінші кезеңі?
4. Жалпыитальяндық Құрылтай жиналысын шақыру идеясын себептері?
5. Виллафранк бейбіт келісімінің мəні?
Өзіндік жұмыс тақырыбы:
1. Неаполитан шаруаларының көтерілісін жан жақты қарастыру.
140
11-ТАҚЫРЫП. ХҮІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИСПАНИЯ ЖƏНЕ
ПОРТУГАЛИЯ
ХVІ ғасырдың соңы-ХVІІ ғасырда испан экономикасының құлдырауы
оның Еуропадағы саяси үстемдігінің құлауына əкелді. Құрлықта да, теңізде
де талқандалып, түгелдей флотынан айырылған Испания ұлы Еуропалық
державалар қатарынан шығарылды. Алайда жаңа кезеңнің басына қарай
Испания əлі де Еуропадағы кең шекаралық иеліктері мен үлкен отарларын
сақтап қалған еді. Оның иелігінде Милан герцогтығы, Неаполь, Сардиния,
Сицилия, Оңтүстік Нидерланды болған еді. Сонымен қатар оның құрамында
Канар, Филиппин, Каралин аралдары жəне Оңтүстік Америкадағы маңызды
аумақтар да болған болатын.
ХVІІ ғасырдың ортасында испан тағы Габсбургтер қолында болды.
ХVІІ ғасырдың басында бұрынғы құдыретті державаның сыртқы беделі əлі
сақталған болса, ал Карл ІІ патшалық құрған кездері (1665-1700 жж.) испан
мемлекетінің барлық саласы ыдырау мен құлдырау жағдайында болды.
ХVІІ ғасырдың ІІ жартысында Испания Франция мен Австрия
тəуелділігіне түсіп, халықаралық саясатта дербестігін жоғалтқан болатын.
Бұған испан сарайының династиялық байланыстары себеп болды. Карл ІІ
қарындастарының бірі Людовик ХІV-ке тұрмысқа, ал екіншісі австриялық
тақтың мұрагері Леопольд І-ге тұрмысқа шыққан еді. Осының нəтижесінде
испан ауласында австриялық жəне француздық топтардың қатал күресі
болды. Əсіресе Карл ІІ баласы болмағандықтан қатаң түрде тақтың болашақ
мұрагері мəселесі тұрды. Нəтижесінде француздар жеңіске жетіп Карл ІІ
1700 жылы француз жағынан немере інісі Филипп V (1700-1746 жж.) тақты
мұра етіп қалдырады.
Испан тағының бурбондарға өтуі Австрия империясы мен Франция
арасындағы қайшылықтардың кенет шиеленісуіне əкелді. Кейін ол жалпы
еуропалық испан мұрасы үшін соғысқа (1701-1714 жж.) айналды. Испания
аумағы бақталас державалардың əскери қимылдарының майданына айналды.
Соғыс испан мемлекетінің ішкі дағдарысын одан əрі шиеленістірді.
Катология, Арагон жəне Валенсия австриялық эрцгерцог жағына шықты,
өйткені олар соның көмегімен өздерінің ежелгі жеңілдіктерін сақтап қалуға
үміттенді. Утрехт бейбіт бітімі (1713 ж.) бойынша Филипп V француз
тағынан бас тартып, осы шартпен испан королі болып мойындалды. Испания
Еуропадағы маңызды иеліктерінен айрылды; Солтүстік Италия Австрияға
берілді, Менорка, Гибралтар Англияға, Сицилия Савойға берілді.
ХVІІІ ғасырдағы Испанияның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси
дамуы. Утрех бейбіт бітімінен кейін Испания көпке дейін француз
саясатының арнасында болды. ХҮІІІ ғасырдың өн бойы ол бірнеше рет
Франция жағынан Үлкен еуропалық соғыстарға (Австрия мұрасы үшін соғыс,
Польша мұрасы үшін, Жеті жылдық соғыс) қатысты. Алайда бурбондар
Испанияға оның Еуропадағы бұрынғы жағдайын қайтарып бере алмады.
ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдарында елдің экономикасы біртіндеп
көтеріледі. Оған Испанияның 1713-1818 жылдарға дейін территориясында
141
соғыс жүргізбеуі аз да болса əсер етті. Халық саны айтарлықтай өсті; 1700-
7,5 млн болса, 1787-10,4 млн-ға, 1808 ж-12 млн-ға дейін көтерілді.
ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап испан өнеркəсібін біртіндеп қалпына
келтіру жүргізілді. Қала халқының саны өсті (бірақ толығымен ол 10 пайызға
да жетпеді): ХІХ ғасырдың басына қарай Мадрид тұрғындарының саны 160
мыңға жетті, Барселона, Валенция жəне Севилья тұрғындарының саны 100
мыңға жетті. Өнеркəсіптің көтерілуі мануфактуралық өндірістің қалпына
келуінен көрінді. Əсіресе экономикасы жақсы дамыған Каталонияда мақта –
мата өндірісі тез дамыды. 1759-1789 жылдар ішінде Барселон халқының саны
3 есеге өсті. Астурияда металлургия өнеркəсібі жақсы дамыды, ал ондағы
жұмысшылар саны 2 есеге өсті. Алайда көптеген қалаларда цехтық қолөнер
көбейді. Оның ең дамыған орталықтары Галиция, Валенсия жəне Кастилия
болды. Ішкі нарықтың құрылуы өте жəй жүрді.
ХVІІІ ғасырда Испания əлі артта қалған аграрлы ел болды. Ауылды
жерлерде феодалдық қатынастар сақталды. Барлық жердің жартысы
феодалдар мен шіркеудің иелігінде болды. Əртүрлі облыстағы аграрлық
қатынастар өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Галицияның солтүстігінде,
Бискайеде, Баскте ұсақ шаруашылық көбейді. Кастилияда аграрлы
қатынастардың осы формасымен қатар помещик шаруашылықтың жұмыс
істеуі негізінде аренда да кең тарады. Андалусидің оңтүстігінде мезгілді
батрактарды пайдаланатын плантациялық шаруашылық көп кездесті. ХҮІІІ
ғасырда көптеген аудандарда натуралды жəне жұмыспен атқару міндеттерін
өтеуді енді ақша рентасымен айырбасталды . Шаруа ақшалай цензді сеньорға
төледі, мемлекетке салық жəне баналитет төледі.
Дворяндық иеліктердің көпшілік бөліктері ажыратылмайтын (мемлекет
қарауына алынбайтын) майорат жерлері болды. Майораттар тұңғыш балаға
мұра ретінде беріліп отырды, оларды сатуға болмады. Майораттар жүйесінің
сақталуы елдің экономикасының дамуына кері əсер етті, капитализмнің
дамуына жол бермеді.
Елдің əлеуметтік құрылымы бұрынғыдай болып қалды. Бұрынғы
көптеген артықшылықтарды сақтап қалған дворяндар жетекші жағдайларды
иеленді. Еуропаның басқа елдерінен айырмашылығы Испанияда ХVІІ-ХVІІІ
ғасырларда лауазымды ақсүйектердің саны өсті жəне де өздерінің
экономикалық позицияларын нығайтты. Бұл отарларды қанаудың нəтижесі
болды, олардан түскен кірістер жоғары дворяндардың қолына түсіп,
қазынаға жиналды. Жоғары дворяндықтарға майорат иелері жатты, олардың
көпшілігі ешқандай шаруашылық қызметтерімен айналыспады. Тек
Андалусии мен Эстремадуренің оңтүстігіндегі ірі жер иеленуші-дворяндар
кəсіпкерлік шаруашылықтар жүргізіп, онда жалдамалы еңбекті пайдаланды.
Басқа полюсте дворяндық лауазымы мен «жан тазалығынан» басқа
ештеңесі болмаған жартылай кедей идальго (испан дворяны) орналасты.
Олардың көпшілігі өздері үшін пайда табудың жалғыз қайнар көзі болған
муниципальды міндеттері сақталған қалаларда тұрды.
Испанияда шіркеудің ықпалы күшті болды. Оның экономикалық
позициясы да мықты болды, ол жердің 1/3 бөлігін иеленді, халықтың
142
көпшілік бөлігін монахтар мен шіркеу қызметкерлері құрады. Үшінші
сословиеге (95 пайыз) əртүрлі топтың өкілдері - кедей шаруалардан бастап
көпестер мен қаржыгерлерге дейін жатты. Үшінші сословиеден байып
шыққандар идальгоны (дворяндық атақ) сатып алуға тырысты, себебі олар
салық төлемейтін.
ХVІІІ ғасырдың І-жартысында Испанияда абсолюттік монархия даму
шегіне жетті. Утрех бейбіт бітімінен кейін Арагон, Каталония, Валенсияда
өзін-өзі басқару жəне ортағасырлық еркіндігі жойылды. Осы кездің ең басты
үрдісі мемлекетті орталықтандыру болды. Атқару билігі мен жергілікті
басқару органдарында реформалар жүргізілді. Карл ІІ-нің билік құрған
жылдары (1759-1788 жж.) Испания тарихында “Ағартушы абсолютизмнің”
реформалары кезеңі ретінде қалды, оның мақсаты абсолюттік монархияны
орнатып, оның əлеуметтік негізін кеңейту болды.
Испан ағартушылары Бенито Фейхоо (1676-1764 жж.), Гаспар Мельчор
де Ховельянос-и-Рамирес (1744-1811 жж. ), Ховельянос болды.
Испания жəне Франциядағы революция. Наполеон əскерлерінің
кіруі. Француз революциясы өзінің оң ықпалын Испанияға əсер етпей
қоймады. Испанияның көптеген территорияларында феодалдарға жəне
салықтарға қарсы шыққан шаруа көтерілістері де кең етек алды.
Көтерілісшілердің ішінде француздық үлгіні ұсынғандар да болды.
Басқарушы тап көрші елдегі революциядан қорықты да. Белгіленбекші
болған реформалар кейінге қалдырылды, француз шекарасы жабылды.
Француз аристократ-эмигранттары Испанияны паналады.
Жасық жəне шектелген Карл V-нің билігі (1788-1808 жж.) Испания
тарихында қараңғы кезең болды. Елді басқару толығымен королеваның
фавориті (сүйіктісі) гвардия офицері Мануэль Годойға берілді. Буржуазия
тарихнамасында “ағартушылық абсолютизмі” деген атқа ие бола тұра, іс
жүзінде ағартушылық ұрандарын бетке ұстай отырып, бірінші министр
Испанияға революциялық идеялардың кіруіне қарсы болды. 1793 жылы
Испания Францияға қарсы еуропалық державалардың коалициясына кірді.
Бірақ испан əскері талқандалып, француз əскері испан территориясына енді.
1795 жылы Базиль бейбіт бітімі ұлттық қорлау болды десек те болады,
Испания толығымен Францияның ықпалына түсіп, онымен əскери одақты
бекітті, оның шарты бойынша ол Англияға қарсы жəне Франциядағы
Директория мен Консулдық кезеңдегі соғыстарға қатысатын болды. Испания
осы соғыстарда барлық флотынан айырылды.
Испан аристократтары, тіпті өзінің мұрагері принц Фердинанд VІІ өзінің
əкесінің жүргізген билігін қолдамады. ХІХ ғасырдың басында экономикалық
қиыншылықтар одан бетер арта түсті. Наполеон Испанияның қаржы
қиыншылығына қарамастан, одан жылсайынғы субсидия төлеуді талап етті.
1807 жылы Испанияға француз əскерлері кіргізілді. Наполеон Англия
қолдаған Португалияға қарсы біріккен əскери қимыл жөніндегі пактіні
бекітуді талап етті. Француз əскерлері бірнеше аптаның ішінде португалдық
əскерлерді талқандады. Бұдан қорыққан жоғары тап Наполеонмен келісімге
келуге дайын еді, ал бұл бұқара халықтың қарсылығына себеп болды.
143
Тəуелсіздік жолындағы соғыс . Испаниядағы бірінші буржуазиялық
революцияның басталуы . 1808 жылы халық бұқарасы Годой сарайына
тарпа бас салды, фаворит қашуға мəжбүр болды, Карл ІҮ тақтан түсірілді,
таққа Фердинанд ҮІІ отырмақшы болды, бірақ Наполеон бұны пайдаланып,
таққа өзінің бауыры Жозеф Бонапартты отырғызбақшы болды. Билік Жозеф
Бонапартқа берілді. Мадридта, Галисияда, Каталонияда, Астуриида бірінен
кейін бірі халық көтерілістері жүріп жатты.
Басқыншыларға қарсы кеңінен жайылған соғыстың салдарынан
жергілікті билік органдары-провинциялық хунттар құрылды. 1808 жылдың
қыркүйегінде революция нəтижесінде елде жаңа үкімет 35 адамнан тұратын -
Орталық хунта құрылды. Оған қоғамның жоғары табының өкілдері-
аристократтар, дін басылары, шенеуніктер, офицерлер кірді. Орталық хунта
өзінің революциялық миссиясын орындай алмады, елді француз
басқыншылығын қорғай да алмады. Наполеон армиясы Испанияның едəуір
бөлігін басып алды, тіпті Орталық хунта орналасқан Севильяны да басып
алды.
Достарыңызбен бөлісу: |