Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 
 


150 
 
12-ТАҚЫРЫПХҮІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС 
ЕУРОПАНЫҢ «КІШІ ЕЛДЕРІ» БЕЛЬГИЯНИДЕРЛАНДЫ
ЛЮКСЕМБУРГШВЕЙЦАРИЯ ЖƏНЕ СКАНДИНАВИЯ ЕЛДЕРІ 
 
Бельгия.  ХVІІІ  ғасырда  Бельгия  жеке  мемлекет  ретінде  болған  жоқ. 
Испан  мұрасы  үшін  соғыстан  кейін  бельгия  провинциялары  австриялық 
Габсбургтер иелігіне берілді. Австрия үстемдігі жылдарында (1714-1789 жж.) 
капитализмнің  дамуын  цех  корпорацияларының,  көптеген  ішкі  кедендердің 
кедергі  жасауы,  провинцияларға  жасалған  ортақ  салмақ,  ақша  жүйесінің 
болмауы  тежеді.  Австрия  монархы  Иосиф  ІІ  «жоғарыдан»  реформалар 
арқылы  Бельгия  провинциясында  өз  позициясын  нығайтқысы  келді.  Ол 
протекционизм  саясатын  жүргізді,  мануфактураларды  қолдау,  шаруалардың 
кейбір феодалдық борыштылығын жою, шіркеудің жер иеліктері мемлекеттің 
бақылауына  өтті,  цехтардың  жеңілдіктерін  шектеу  саясатын  жүргізді. 
Сонымен  қатар  Бельгия  өнеркəсіпшілерінің  пайдасына  бақылау  күшейтілді. 
Мұндай  австриялықтардың  үстемдігі  жергілікті  тұрғындардың  барлық 
таптарының наразылығын туғызды.  
 1787  жылы  Бельгия  провинцияларында  кең  австриялықтарға  қарсы 
майдан  пайда  болды.  Оны  буржуазия  басқарды,  саяси  билікке  талпынған 
буржуазия 
халық 
бұқарасының 
талаптарын 
толық 
орындауды 
қанағаттандырғысы  келмеді.  Шаруалар  мен  қала  кедейлері  негізін  қалаған 
бұл  майданның  орталығы  Брабант  болды.  Австриялықтарға  қарсы 
қозғалыстың  дамуына  Ұлы  Француз  революциясы  үлкен  ықпалын  тигізді. 
Бастилияның алынуы туралы хабар Бельгия халқының Габсбургтер билігіне 
қарсы  шығуына  түрткі  болды.  Қазанның  23-нен  24-не  қараған  түні 
Голландияда  эмигранттар  құрған  бельгия  армиясы  шекарадан  өтіп,  Брабант 
провинциясын азат етуді бастады.  
Австриялық  қанауға  қарсы  Намюр,  Брюссель,  Гент  жəне  тағы  басқа 
қалалардың  тұрғындары  көтеріліске  шықты.  Сөйтіп,  Брабант  революциясы 
болып,  оның  нəтижесінде  1789  жылы  желтоқсанда  Антверпен  жəне 
Люксембург провинцияларынан басқа бүкіл Бельгия провинциялары Австрия 
əскерінен азат етілді. Брюссельде жиналған 9 азат етілген провинциялардың 
Ұлттық  конгресі  1790  жылы  11  қаңтарында  тəуелсіз  мемлекет  –  Бельгия 
Құрама  Штаттарының  құрылғандығын  жариялады.  Бірақ  ішкі  саяси  күрес 
жас  бельгиялық  мемлекетті  əлсіздендірді.  Бұндай  жағдайды  Австрия  тез 
арада  тиімді  пайдалана  алды.  1790  жылы  желтоқсанда  30-мыңдық 
австриялық  əскер  Бельгия  провинцияларының  аумағына  еніп,  Габсбургтер 
билігін қайта орнатты. Брабант революциясы жеңіліспен аяқталды. 
Еуропалық  мемлекеттердің  коалициясына  қарсы  революциялық 
соғыстар  барысында  Франция  контршабуылға  көшіп,  1794  жылы  Бельгия 
провинцияларын  Австрия  үстемдігінен  босатып,  өз  құрамына  қосты. 
Салыстырмалы  түрде  ұзаққа  созылмаған  (1814  жылға  дейін)  француз 
үстемдігінің  терең  салдарлары  болды.  Негізгі  жасалынған  шаралар 
төмендегідей:  феодалдық-сословиелік  тəртіптің  жойылуы,  француз  сауда-
өндірістік  заңдарының  енгізілуі,  сонымен  қатар  əкімшілік  жəне  сот 


151 
 
құрылымдарының  енгізілуі  болды.  Бұл  жаңа  енгізулер  капитализмнің 
дамуына,  буржуазиялық  құрылымның  орнығуына  жол  ашты.  Бірақ 
Бельгияның  Наполеон  соғыстарына  еріксіз  қатысуы,  оған  қатысты 
салықтардың  өсуі,  экономика  үшін  континенталды  блокаданың  теріс 
нəтижелері  халықтың  наразылығы  мен  ұлттық  тəуелсіздікке  деген 
талпынысын  туғызды.  Дегенмен  Наполеон  империясы  құлағаннан  кейін 
Бельгия Нидерланды Корольдігіне қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет