152
жағдайды оранжистер көсемдері шебер пайдалана білді. Бірнеше күннен
кейін құрылған уақытша үкімет Голландия тағына соңғы статхаудердің ұлы
Вильгельм Оранский отырғызылды.
Х
VІІІ
ғасырдың
-ХІХ
ғасырдың
басындағы
Швейцария
. ХVІІІ
ғасырдың
аяғында
Швейцария
тəуелсіз,
одақтық
келісімшартпен
байланысқан контондардың конгломераты еді. Ел 13 контондар мен бірнеше
одақтық жерлерден тұрды. Елде капиталистік өндірістің мануфактуралық
түрі тез қарқынмен дамыды. 1780 жылы Швейцария Еуропада мақта-мата
шығарудан І-ші орынды иеленіп, мануфактурада 150 мыңдай адам жұмыс
істеді. Елдегі капитализмнің дамуына көптеген феодалдық қалдықтар,
яғницех жүйесі мен қалаларда патрициат озбырлығы, католиктік кантондарда
сақталған шаруалардың феодалдық борыштылығы тежеді. Сонымен қатар
əрбір кантон өз шекарасында кедендік баж салығын жинады, өз ақшасын
құйды, жеке əскері мен ерекше əкімшілік құрылымды иеленді. Женева,
Цюрих, Берн, Базель сияқты сауда-өндірістік орталықтарының өзінде
аристократия мен патрициат буржуазияны билікке жақындатқызбады. Бұның
бəрі «үшінші сословиені» кантон олигархиясына қарсы күресті бастауға
итермеледі.
Елдің үстем табы Франциядағы революцияны жақтыртпаса да, оның
ықпалының
Швейцарияға
таралуын
тоқтата
алмады.
1792
жылыреволюциялық Рейн армиясы І-ші коалиция əскеріне тойтарыс бере
отырып, Базельді басып алғанда алдыңғы қатарлы буржуазия Раурак
республикасын жариялайды. Ол 1793 жылы Франция құрамына кірді. 1798
жылы наурызда бүкіл Швейцария Директория қолында болды. Оларға сүйене
отырып 1798 жылы сəуірде Швейцария республиканшылары «біріккен жəне
ажырамас Гельвет республикасын» жариялап, 1795 жылы француз
конституциясын негізге ала отырып, өзінің буржуазиялық конституциясын
қабылдайды. Гельвет республикасы француздар жасаған қуыршақ
мемлекеттердің бірі болды. Ол Директориямен тең құқылы емес одақ
жасасып, бірнеше кантондардың (Базель, Женева, т.б.) Францияға қосылуын
мойындады. ІІ-ші коалициямен соғысқа енген Швейцария əскери
қимылдардың театрына айналды. 1815 жылы Швейцарияның бұрынғы
шекарасын қалпына келтіріп (Вена конгресі арнайы актпен), оған
бейтараптық пен біртұтастық кепілдігін берді.
Достарыңызбен бөлісу: