Ғылыми білімнің әдіснамалық негізі функциясы және ғылыми тәжірибе құрлымы


-дәріс. Педагогика әдіснамасы генезисінің дамуы



бет4/4
Дата14.02.2022
өлшемі78,8 Kb.
#131680
1   2   3   4
Байланысты:
педагагогика әдістеме

2-дәріс. Педагогика әдіснамасы генезисінің дамуы.


Дәріс мақсаты: Тарихи даму генезисін толық қарастыру.


Жоспар:
1. Ғылымның дамуы кезеңдері және әдіснама түрлері

    1. Педагогика әдіснмасының даму генезисі.



Ғылымның дамуы кезеңдері және әдіснама түрлері





Ғылымның даму кезеңдері

Әдіснама түрлері, ғылыми білімнің әр кезеңінің даму сипаттамасы.

1.

Классикалық ғылымның даму кезеңдері (XVII ғ XX ғ.басы)

Таным қандай құралдар көмегімен меңгеріледі және оларды кім жүзеге асыратынына қарамастан таным нысаны мүмкіндіктерін осы кезең ғалымдары сенімділікпен меңгере бастады.

2.

Неоклассикалық кезең (ХХ ғ. Басы және ХХ ғ. 60 жылдарға дейін)

Бұл кезең ғалымдары, нысанды меңгеруде алынған таным құралдарын түсінеді.

3.

Неоклассикалық және постклассикалық (ХХ ғ. 60 жылдарынан бастап)

Ғалымдар ғылыми білімнің дамуының пәндік‑практикалық іс‑әрекеті нәтижесінде нысанды зерттеуге бағытталған, тек танымдық құралдарға ғана байланысты емес, дүниетанымдық құндылықтарды басшылыққа алатын субъект әрекетіне айналуына сипатталады)

Тарихи даму тенденцияларын талдау – педагогика ғылымындағы маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені білім беру жүйесін дамытуда және қордаланған мәселелерді шешуде өткеннің тәжірибесін пайдалану ғылыми негіздеу үшін аса қажет.


Педагогика тарихы педагогикалық ғылыми-зерттеулердің ішіндегі дәстүрлі бағыты болып табылады және міндетті пәндер қатарына кіреді. Сондықтан тарихи педагогикалық зерттеулердің педагогика ғылымы үшін маңызы жоғары және соңғы уақытта тарихи-педагогикалық мәселелерге деген қызығушылық та артуда.
Педагогика тарихы әлемдегі педагогикалық ойлардың дамуы, оның тәжірибедегі мәні жайлы іргелі білім қалыптастыруға және өткен тарихи дәуірдегі жетістіктерді қазіргі заман талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогика тарихын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгерген маман, алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана алатын, ой өрісі кең, жаңа қоғамдық ахуалдарға жылдам бейімделгіш, ауқымды педагогикалық көзқарасқа ие, жоғары сапалы маман ретінде қалыптасады.
Педагогика тарихы болашақ педагог мамандарды педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасу жолымен таныстыра отырып, өткендегі озық тәжірибелерді меңгеру, оны бүгінгі күн жағдайларында пайдалана білуге үйретеді және теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыра алады.
Болашақ педагог мамандар педагогика тарихын оқу арқылы төмендегідей біліктерді меңгеруге мүмкіндік береді:

  • қоғам мен тәрбие арасындағы байланысты ашып көрсету;

  • тарихи кезеңдердегі тәлімдік ойлардың қазіргі кездегі мәні мен маңызын талдау;

  • тарихи-педагогикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу;

  • алған білімі негізінде ой жүргізу, пікірлесуге үйрену;

Мынадай дағдылар қалыптасады:

  • тарихи-педагогикалық материалдарды іздестіріп, жинақтау;

  • белгілі бір кезеңдерге байланысты материалдарды талдап, пікір жүргізу;

  • әлеуметтік-педагогикалық бейімделу;

  • тесттер, конспект, білім көздері, құжаттар т.б. жұмыс істеу.

Жалпы әдіснама дегеніміз барлық ғылымдарды зерттеу, танып-білуге мүмкіндік беретін жалпы және жекелеген әдістер жиынтығы, оны ұйымдастыру тәсілдері. Кез келген ғылымның әдіснамасы диалектиканың заңдылықтарына негізделеді. Олар мыналар:
1.Санның сапаға және сапаның санға өтуі;
2.Қарам қайшылықтар арасындағы күрес;
3.Терістеуді, терістеу.
Сонымен қатар бұл заңдылықтар диалектиканың манадай ұстанымдарына негізделеді:
1.Жалпы және өзара байланыс;
2.Қайшылық арқылы дамуы.
Осыдан келіп диалектикалық санаттардың тарихи даму ықпалының төмендегідей сипаты айықындалады:
1.Маңыз бен құбылыс арасындағы байланыс;
2.Бірыңғайлық, ерекшелік, жалпылық;
3.Форма мен мазмұн арасындаы байланыс;
4.Себеп пен салдар арасындағы байланыс;
5.Қажеттік пен кездейсоқтық;
6.Мүмкіндік пен нақты жағдай немесе шынайылық
Педагогика тарихы тәлім-тәрбие пәнін ғылыми танудың бір түрі дейтін болсақ ол жалпы педагогикалық теорияның шығуын хронологиялық ретімен, кезеңдермен дамуын, бір күйден екінші бір күйге өтуін қарастырады.
Педагогика тарихы қазіргі кезде қалыптасып орныққан негізгі ұғымдар, түсініктер, ұстанымдар, ережелер, қағидалары т.б. тарихи дамуын қарастырады. Мысалы, оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері қалай болып еді, қазір қандай, болашақта қандай болмақ – деген сұрақтарға жауап беруде тарихи тәжірибелерді ескереді. Сол тұрғыда зерделейді.
Педагогика тарихы жалпы тарих, философия, әдебиет, психология, әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста.
Педагогика тарихын зерттеуде тарихи деректердің маңызы зор. Осыған орай қазіргі кезде мұрағат құжаттарымен танысу, ғылыми, тарихи әдебиеттерді зерттеу, білім мен тәрбиеге байланысты құжаттарды зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастыру, талдау, салыстырмалау т.б. болып табылады.
Ресей ғалымы З.И Равкиннің пікірінше дұрыс құрылған проблемалық зерттеу педагогика тарихындағы түйінді мәселелерді анықтауға, тарих пәні мен теориясының арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер негізгі педагогикалық ұғымдар мен заңдылықтарды және өткеннің тәжірибесін тарихи тұрғыдан терең түсінуге жағдай туғызады.
Жоғары теориялық деңгейде жүргізілетін проблемалық зерттеулер, ғалымдардан проблемалы-генетикалық әдіс сынды кешенді танымдық құралдарды пайдалануды талап етеді. Аталған әдісті қолданудың мәні тарихи кезеңнің белгілі бір бөлігінде пайда болған мәселені ретроспективті түрде қарастыруында.
Аталған әдісті қолдану арқылы зерттеушілер проблеманың пайда болу негізін, себеп-салдарын, қарама-қайшылықтарын анықтайды, яғни проблемалы-генетикалық талдау педагогикалық процесті немесе ққұбылысты көп қырынан зерттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Проблемалы-генетикалық талдау тарихи-педагогикалық зерттеу әдісі бірнеше принциптерге сүйенеді, мәселен:
Тарихилық принцип – зерттеу нысанының бүгінгі жағдайын объективті түрде зерттеуге, оның шығу генезисін, тарихи кезеңдерін қарастырады.
Объективтілік принципі – талдауға алынған мәселені жан-жақты, барлық факторлар мен жағдайларды есепке ала отырып мәнін түсінуді талап етеді.
Белсенділік принціпі – зерттеушінің процеске деген жеке тұлғалық қатынасын есепке алу.
Жүйелілік принціпі – зерттеу мәселесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Проблемалы – генетикалық талдау әдісінің ерекшеліктері туралы ойымызды түйіндейтін болсақ, бұл әдісті педагогикалық білім жүйесінде, тарихи-педагогикалық зерттеулерде дұрыс қолдана білсек, зерттеу пәнін терең тануға сол арқылы педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесін дамытуға ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер

    1. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. –А., 2008

    2. История педагогики. Под. ред. Пискунова А.И. – М., 1997.

    3. Шбырев B.C., Юдин Э. Г. Методологический анализ науки. Его сущность, основные типы и формы -М.,1980.

    4. Валеев Г. Х. Постановка проблемы педагогического исследования // Педагогика. 2001.

    5. Равкин З.И. Современные проблемы историко-педагогических исследований // Педагогика. 1994. N 1.

    6. Степин В.С., Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. Учебное пособие.-М.: Гарарика, 1996.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет