Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, тұжырымдамасы және жетекші идеясы
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, тұжырымдамасы және жетекші идеясы Ғалымдардың пікірінше, педагогиканың әдіснамасы тек қана практиканың әдісі мен тәсілін зерттеу ғана емес, сонымен бірге педагогика аймағындағы зерттеушінің әрекетін де зерделейді. Педагогика аймағында зерттеушінің профессиограммасы жасалуда: педагогика аймағында зерттеушілік жұмыста ғалым-педагог нақты нормативтік білім мен дағдыларды игеруі қажет (әдіснамалық рефлексия, өзінің зерттеушілік әрекетін белгілібір көрсеткіштер, сипаттамалар арқылы бағалау және ойластыру дағдысы).
Зерттеушінің рефлексиясының мазмұнындағы ғылыми жұмысқа қатысты бөлікте педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір сипаттамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейкестілігі, зерттеу объектісі (нысаны), оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы және қорғауға ұсынылатын қағидалары, жаңалығы, ғылым үшін маңызы, практика үшін маңызы. зерттейтін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымды дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі (Мочалов И.И.). Зерттеу мәселесін таңдау және негіздеу: кез келген зерттеудің нәтижелі аяқталуы, проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білуге байланысты. Көптеген зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеуде тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Өкінішке орай, сондай жұмыстар көп кездеседі. Зерттеудегі қойылған проблеманың шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді.
Зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді, екеуінің де өзіндік мәні бар. Кейбір теориялардың жүзеге асуына белгілі бір уақыт, жағдай керек. Сонымен қатар, педагогикадағы кейбір теориялардың практика жүзінде толықтай іске аспайтындары да болады.
Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе. Дж.Бернал стратегиялық бағыттағы теорияны анықтау, оны іске асырудан күрделі дейді.