«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
БЕКІТЕМІН
СДУ Бірінші проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры
ф-м.ғ.д., профессор
Әмірғалиева С.Н.
_______________________
«_____» тамыз, 2015 ж.
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
(5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ және 5В020500– «ФИЛОЛОГИЯ»
мамандықтары үшін)
ПӘНІНІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАСКЕЛЕҢ, 2015
«Білім берудегі жаңа технологиялар» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» және «5В020500-Филология» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.
Құрастырған – МА, ассис.оқытушы Дүйсебекова Ж.М.
«Қазақ филологиясы» кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев
Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов
«Білім берудегі жаңа технологиялар»
пәні оқу-әдістемелік кешенінің
мазмұны
1.
|
Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонентке кірсе)
|
2.
|
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
|
3.
|
Студентке арналған пәнді оқу бағдарламасы (Syllabus)
|
4.
|
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
|
5.
|
Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы
|
6.
|
Дәрістік кешен
|
7.
|
Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
|
8.
|
Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқаулар
|
9.
|
Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар
|
10.
|
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар
|
11.
|
Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пән мазмұнына байланысты)
|
12.
|
Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттержәнезертханалар тізімі
|
«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы, п.ғ.к., ассис.проф.
_______________ Д.Э.Гаипов
«_____» 2015 ж.
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
(5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ және 5В020500– «ФИЛОЛОГИЯ»
мамандықтары үшін)
пәні бойынша
ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Қаскелең, 2015
«Білім берудегі жаңа технологиялар» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» және «5В020500-Филология» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.
Құрастырған – МА, ассис.оқытушы Дүйсебекова Ж.М.
Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев
Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов
Модульдің атауы және шифры
|
«Тіл білімінің жаңа бағыттары және білім берудегі жаңа технологиялар» ТК/КВ
|
Модульдің пәндері және коды
|
KZP 325 «Когнитивті лингвистика»
KZP 327 «Әлеуметтік линвистикаға кіріспе»
KZL 313 «Қазақ этнолингвистикасы»
KZL 319 «Білім берудегі жаңа технологиялар»
|
Семестр
|
5
|
Кредит саны (ҚР, ECTS кредиті)
|
2 (90 сағат)
|
Модульге жауапты және пән оқытушысы
|
МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова
|
Оқыту тілі
|
Қазақ
|
Оқытуды ұйымдастыру үшін қажет сағат саны
|
Cеминар/практикалық – 30 сағат, СОӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 30 сағат
|
Модульдің пререквизиттері
|
Информатика
|
Модульдің постреквизиттері
|
Жалпы тіл білімі. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы.
|
Модульдің сипаттамасы
|
Инновация – ғылым жетістіктері мен тиімді тәжірибелерді пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару саласындағы жаңалықтарды енгізу болса, инновациялық технологиялар – жаңадан енгізілген идеяларды жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен құралдар болып табылады. Білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Бұл әсіресе болашақ педагогтар мен зерттеуші мамандар үшін өте маңызды. Яғни адамзаттың өркендеуінде жалпы ғылым сапасын арттыру ең басты талаптардың бірі болып отыр. Ал аталмыш сапаны арттыру филолог-зерттеушінің дәстүрлі білімді үйренумен қатар, оны жаңа инновациялық әдіс-тәсілдермен, заманауи технологиялармен ұштастыра білуіне тікелей байланысты. Осыған орай, бұл модульдің пәндері білім беру саласын ақпараттандырудың теориялық және практикалық негіздерін, түрлі инновациялық технология мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық алғышарттарын, білім беру үрдісінің автоматтандырылған моделі және білім ақпараттандыруды дамыту технологиясын қарастырады.
|
Модуль құзыреттілігі:
теориялық білім деңгейін арттырып, теориялық білімді қолдану дағдыларын бекітеді;
өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;
оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;
зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;
озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;
талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;
ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;
оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана алады;
білім берудің демократизациялануына үлес қосады;
өздігінен үздіксіз білім алу көздерін меңгерген;
білім беру процесін қажетті ақпараттық және техникалық құралдармен қамтамасыз ете алады;
ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы артады;
ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады;
тәжірибе алмасудың түрлі инновациялық жолдарын біледі;
оқу-әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына қолайлы техникалық база ұйымдастыра алады;
компьютерлік минимумдарда еркін жұмыс істей алады;
жаңа материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алады;
видео материалды түсіріп, оны қажетті формада өңдей алады;
аудио және видео материалдарды ғаламторға жүктей алады;
ғаламтордағы іздеу жүйелерімен жұмыс істей алып, оны тиімді пайдаланады;
зерттеуге қажетті компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады;
сайтқа ақпарат бере алады және зерттеуші блогын жүргізеді.
|
Модульдің атауы және шифры
|
«Мәтін теориясы мен практикалық оқыту моделі» ТК/КВ
|
Модульдің пәндері және коды
|
KZL 319 «Білім берудегі жаңа технологиялар»
|
Семестр
|
5
|
Кредит саны (ҚР, ECTS кредиті)
|
2 (90 сағат)
|
Модульге жауапты және пән оқытушысы
|
МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова
|
Оқыту тілі
|
Қазақ
|
Оқытуды ұйымдастыру үшін қажет сағат саны
|
Cеминар/практикалық – 30 сағат, СОӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 30 сағат
|
Модульдің пререквизиттері
|
Информатика
|
Модульдің постреквизиттері
|
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ тлі синтаксисі. Ғылыми зерттеу негіздері. Жалпы тіл білімі.
|
Модульдің сипаттамасы
|
Инновация – ғылым жетістіктері мен тиімді тәжірибелерді пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару саласындағы жаңалықтарды енгізу болса, инновациялық технологиялар – жаңадан енгізілген идеяларды жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен құралдар болып табылады. Білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Бұл әсіресе болашақ педагогтар мен зерттеуші мамандар үшін өте маңызды. Яғни адамзаттың өркендеуінде жалпы ғылым сапасын арттыру ең басты талаптардың бірі болып отыр. Ал аталмыш сапаны арттыру филолог-зерттеушінің дәстүрлі білімді үйренумен қатар, оны жаңа инновациялық әдіс-тәсілдермен, заманауи технологиялармен ұштастыра білуіне тікелей байланысты. Осыған орай, бұл модульдің пәндері білім беру саласын ақпараттандырудың теориялық және практикалық негіздерін, түрлі инновациялық технология мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық алғышарттарын, білім беру үрдісінің автоматтандырылған моделі және білім ақпараттандыруды дамыту технологиясын қарастырады.
|
Модуль құзыреттілігі:
теориялық білім деңгейін арттырып, теориялық білімді қолдану дағдыларын бекітеді;
өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;
оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;
зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;
озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;
талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;
ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;
оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана алады;
білім берудің демократизациялануына үлес қосады;
өздігінен үздіксіз білім алу көздерін меңгерген;
білім беру процесін қажетті ақпараттық және техникалық құралдармен қамтамасыз ете алады;
ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы артады;
ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады;
тәжірибе алмасудың түрлі инновациялық жолдарын біледі;
оқу-әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына қолайлы техникалық база ұйымдастыра алады;
компьютерлік минимумдарда еркін жұмыс істей алады;
жаңа материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алады;
видео материалды түсіріп, оны қажетті формада өңдей алады;
аудио және видео материалдарды ғаламторға жүктей алады;
ғаламтордағы іздеу жүйелерімен жұмыс істей алып, оны тиімді пайдаланады;
зерттеуге қажетті компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады;
|
АЛҒЫСӨЗ
Пәннің атауы: Білім берудегі жаңа технологиялар
Кредит саны: 2 (90 сағат)
Пәннің жалпы сипаттамасы: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемесіндегі ұжымның, әрбір білім саласындағы маманның күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып, қазіргідей жаһандану дәуірінде білім беру үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану басты бағыттардың біріне айналып отыр.
Пән негізінде болашақ зерттеушілер мен білім саласының мамандары оқытуды ұйымдастыруды және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалануды, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын озат техногиялармен ұштастыруды, жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруді, сондай-ақ оқу процесі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негізінде олардың озық тәжірибелерін таратуды үйренеді.
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – компьютерлік технология. Компьютерлік технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау білім беру саласының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда компьютерлік технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.Пәннің басты нысаны – білім беру мен жаңа тенологияларды бір арнаға тоғыстыру. Сондықтан, пән негізі компьютерлік технология құралдарын білім беру саласында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын, интеллектуалдық қабілетті дамытуды, өздігінен білім алып, түрлі ақпараттарды өңдеу сияқты әркеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін, сонымен қатар ақпараттық құзырлықты қалыптастыру жолдарын практикалық тұрғыдан қарастырады.
Пәннің мақсаты мен міндеті: Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан пәннің басты мақсаты – оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу ретінде анықталады. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдануды өз саласына бейімдеу;
- электронды оқу құралдары мен мультимедиялық бағдарламаларды қолдану;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау;
- ақпараттық оқу, эксперименттік зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету.
Жаңа технология бойынша білім саласындағы болашақ маманның зерттеу әрекетін ұйымдастыруда күтілетін нәтижелер:
теориялық білім деңгейін арттырып, теориялық білімді қолдану дағдыларын бекітеді;
өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;
оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;
зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;
озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;
талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;
ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;
оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана алады;
білім берудің демократизациялануына үлес қосады;
өздігінен үздіксіз білім алу көздерін меңгерген;
білім беру процесін қажетті ақпараттық және техникалық құралдармен қамтамасыз ете алады;
ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы артады;
ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады;
тәжірибе алмасудың түрлі инновациялық жолдарын біледі;
оқу-әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына қолайлы техникалық база ұйымдастыра алады;
компьютерлік минимумдарда еркін жұмыс істей алады;
жаңа материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алады;
видео материалды түсіріп, оны қажетті формада өңдей алады;
аудио және видео материалдарды ғаламторға жүктей алады;
ғаламтордағы іздеу жүйелерімен жұмыс істей алып, оны тиімді пайдаланады;
зерттеуге қажетті компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады;
сайтқа ақпарат бере алады және зерттеуші блогын жүргізеді.
Пәннің пререквизиттері: Информатика.
Пәннің постреквизиттері: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ тлі синтаксисі. Ғылыми зерттеу негіздері. Жалпы тіл білімі. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы.
КІРІСПЕ
Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүние жүзін жаулап келеді. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп, қолданысы кеңейе бастаған «инновация» термині ауыз екі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста кеңінен қанат жайып келеді. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы.
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады. Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте «новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады .
«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деп көрсетеді. Ал, К.Құдайбергенова «инновацияны» – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» – енген жаңалық, «новое» – жаңа, «новшество» – жаңалық, «инновационный процесс» – жаңарту үдерісі. Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Қазіргі заман педагогтары Б.Әбдікәрімов, М.С.Молдабекова, Т.С.Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Г.Ж.Меңлібекова, Е.Ө.Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А.Оспанова, К.М.Беркімбаев және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған. Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Н.Асанов, Ш.Т.Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К.Ангеловски, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б.педагог ғалымдар зерттеген.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, оқыту процесіне де технологияны ендіру қажеттілігі туды. Және оқытуды жаңа дәрежеге көтеруде маңызды рөл атқарады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША САҒАТ САНЫ
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Жалпы сағат көлемі
|
Академиялық сағаттың сабақ түрі мен семестр бойынша жіктемесі
|
Қорытынды бақылау
|
Дәріс
|
Семинар \Практикалық сабақтар
|
Лабораториялық сабақтар
|
КР
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
3
|
5
|
KZ
2
|
ECTS
2
|
90
|
-
|
30
|
-
|
-
|
30
|
30
|
Емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |