10-тақырып.(2сағ) Шет елдердегі балабақша тәжірибелері. 1. Р.Штайнердің мектепке дейінгі тәрбие туралы ой- пікірлері
2. Вальдорф бала бақшасы. Балабақша жұмысының негізгі принциптері.
XIX гасырдың аяғында — XX ғасырдың басында шет- ел мектепКе дейінгі педагогикасында елеулі өзгерістер болды. Жаратылыстану ғылымдарының—биологияның, физиологияның және солардың негізінде психологияның табысқа жетуіне байланысты педагогика және оның жекелеген салалары, оның ішінде мектепке дейінгі педагогика онан әрі дами түседі. Капитализм дамудың жаңа империалистік кезеңіне енді. Буржуазияның қоғамдық емірді толық өз ықпал.ына бағындыруға тырысуы педагогиканы буржуа-зия идеологтарының ерекше зер салған объектісіне айналды. Педагогика-«ы партиясыз және таптан жоғары тұрады деп бар дауыспен жариялай отырып, капитализм идеологтары адамдардың табиғи айырмашылықтары арқылы, қоғамда таптық айырмашылықтар болады дегенді негіздеуге тырысты. Дәулеттілер өкіметі экономикалық себептердің күшімен осылай болып отырған жоқ, тек олардың басқалардан табиғи артықшылығы ар-касында болып отыр деп дәлелдей келіп, буржуазияның көптеген педагог-тары өзін-өзі еркін тәрбиелеу және өз бетімен оқу процесінде ішкі себеп-термен пайда болған баланың жеке басының даму идеясын таратты, тәр-биешінің басшылық рольден бас тартуы керектігін уағыздады, оның ролін балалардың өз бетінше өсуі үшін тиісті жағдайлар мен мүмкіндіктер жа-саумен ғана шектеді.
Бұл кезеңде балалар бакшалары біршама кең таралады, бұлар капи-талистік өндіріс процесіне барған сайын көбірек тартылған әйел-аналарды балаларды күтіп, бағудан босатты және балаларды буржуазия моралы-ның нормалары рухында жоспарлы түрде тәрбиелеп отырды.
Империализм дәуірінде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие саласында көрнекті итальян психиатор-дәрігері және педагог Мария Монтессори (1870—1952) ерекше дараланып көзге түсті. Мектепке дейінгі балаларды қамтыған, ол негізін құрған балалар үйлерінде өзіндік ерекшелігі бар тәрбие жүйесі жүзеге асырылып отырды. Тәрбиешіден баланың өсу проце-сіне қол сұқпастан тек оның езін-өзі тәрбиелеуіне себепкер болатын жағдайды ұйымдастыру талап етілді. Бірақ соның өзінде тәрбиешінің ық-палы сөзсіз де күмәнсыз сақталды. Ең алдымен балалар айқын бейнелен-ген діни рухта тәрбиеленді, адамгершілік жағынан қалыптасудың бәрі со-ған негізделіп құрылды. Тіл алғыштық дағдыға үйрету үшін арнайы жат-тығулар пайдаланылды. Бала іс-әрекеттерінің коллективтік формаларын жокка шығару, жеке баламен жұмыс жүргізу балалардың бойында оқыс жеке-дара сипаттардың пайда болуына апарып соқтырды.
Г Монтессори ақыл-ой тәрбиесін шын мәнінде сезім органдарын тәрбие-леумен ауыстырды, бұл үшін тиісті дидактикалық материалды талдады. Ақыл-ойы кеміс балалармен жұмыс істеу практикасынан алынған мате-риалдар мен жаттығулар оку негізін қалады. Жаттығулар жүйесі бала-лардың бойында белгілі бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға: заттарды формасы, салмағы және түсі бойынша айыра білуге, алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталды. Қызық және бағалы деген жекелеген бұл жаттығулар ете педанттық тұрғыда тым егжей -тегжейлі колданылды. Мұның өзі жеке адамның кең ауқымды дамуы орнына әр түрлі сезімдердің үйреніп кетуіне әкеліп соқтырды. Ойын мен фантазия элсментінен жұрдай бұл жаттығулар зеріктіргіш механикалык еңбекке айналды, балалардың акыл-ойы жағынан дамуына теріс әсерін тигізді
Осындай рухсыз, дінмен араласкан практикалық тәрбие буржуазияның қажеттеріне толық сай болып отырды. Буржуазиялық мектепке дейінгі тәрбиені талдай келіп, Н. К. Крупская былай деп атап көрсетті: «Фребельдік және монтессорилік балалар бақшалары да буржуазиялық патрио-тизмге белшесінен бата сіңген, өсіп келе жатқан ұрпақты помещиктер мен капиталистер елінің өкіметі мәжбүр етіп отырған бағытта тәрбиелеуге то-лык жағдай жасайды».
Монтессоридің емірден кол үзген жеке педагогикасын терең де мықтап катты сынға ала отырып, прогресшіл педагогика онын кейбір құнды тап-қырлыктарын кәдеге жаратуға алды. Бұл әсіресе алуан түрлі дидактика-лық материалдарға және оларды сенсорлық тәрбиеге пайдалану әдістеріне жатады.