Фс 06. 32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет5/5
Дата04.08.2017
өлшемі2,56 Mb.
#22685
1   2   3   4   5


Пәннің аталуы

Анатомиялық сурет

Қысқартылған атауы

Ан. сурет

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7-семестр

Оқытушының Т.А.Ж.:

Кунжигитова Г.Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция , практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитері: Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, ой-елес арқылы, еске түсіру арқылы сурет салу. Аудиториялық және өзіндік жұмыстар окытушының қадағалауымен жүргізіледі.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Анатомиялық суреттің түпкі мақсаты - студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті - студенттерге эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту композициялық-шығармашылық шеберлігін арттырады.

Мазмұны

Тақырып 1. Адам және жануар денелерінің анатомиялық кескінін (атласын) бейнелеу.

Тапсырма 1: адам және жануар денелерінің статикалық және динамикалық өзгерістерде анатомиялық ерекшеліктерін бейнелеу; бөлшектерге көңіл бөлу.

Тақырып 2. Адам бас қаңқасын бейнелеу. Адам бас қаңқасын (череп) түрлі қалыптарда бейнелеу:

Тапсырма 2: Адамның бас қаңқасының сүйек жүйесіне толық талдау жасап бейнелеу.

Тақырып 3. Гипсті модельдерді анатомиялық бейнелеу. Гипсті басты анатомиялық бейнелеу (Экорше).

Тапсырма 3:Натурадан гипсті бастың толық сүйек-бұлшықеттер жүйесін талдап бейнелеу

Тақырып 4. Гипсті торсты бейнелеу(Экорше)

Тапсырма 4: Натурадан гипсті торстың толық сүйек-бұлшықеттер жүйесін талдап бейнелеу

Тақырып 5. Адам торсын анатомиялық бейнелеу.

Тапсырма 5:Жалаңаш торсты толық анатомиялық талдап талдап бейнелеу.

Тақырып 6. Фигураның аяқ-қолдарын бейнелеу.

Тапсырма 6: Натурадан адамның аяқ-қолдарын толық сүйек-бұлшықеттер жүйесін талдап бейнелеу

Тақырып 7. Адам денесін анатомиялық бейнелеу.Адам қаңқасын бейнелеу.

Тапсырма 7: Адам қаңқасын толық сүйек жүйесін талдап бейнелеу.

Тақырып 8. Адам денесін анатомиялық бейнелеу.

Тапсырма 8. Адам денесін толық сүйек-бұлшықеттер жүйесін талдап бейнелеу

Жұмыстың нәтижесі-қортынды тексеру формасы

Бағдарламалық тапсырмаларға сай студент орындалған жұмыстарының соңғы нұсқаларын және оларға қосымша барлық ізденіс материалдарын соңғы көріністе (просмотр) көрсетеді.


Пәннің аталуы

Мүсін

Қысқартылған атауы

М

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7-семестр

Оқытушының Т.А.Ж.:



Доцент/ оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция , практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитері: Мүсін сабағында скульптуралы интерьерлер, фасадтар мен экстерьерлерді жасаудың техникасы мен заңдылықтарын меңгеру.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Скульптуралы интерьерлер, фасадтар мен экстерьерлерді жасаудың техникасы мен заңдылықтары. Скульптураның түрлері. Тарихи талдау мен осы заманғы көзқарас.

Мазмұны

Мүсін. Мүсін өнерінің спецификалық ерекшелігі. Мүсін түрлері, монументалды, сәнді, көлемді, барельеф, горельеф. Классикалық модельді өсімдік өрнегінің бедері. Балшықты тақтай бетіне жапсыру. Плита бетін тегістеу. Плитаның нақты өлшемін табу. Өрнектің біртұтастығын бұзбай жеке бөліктерінің орналасуын, үйлесімділігін табу. Өрнектің үш-көлемді жалпы көлемін жапсыру. Жұмысты аяқтау. Геометриялық денелердің барельефі /куб, квадрат үстіндегі призма, шар/ 40+40 өлшемдегі тақтай үстіне ретімен плитаны жапсыру, сурет түсіру; балшықты көлемнің қатынасын тауып барельеф тәсілінде жұмысты орындау. Портрет. Барельеф. Студенттер 4 адамнан бөлініп бір-бірінің барельеф портретін орындауы тиіс; плитаны жасау, оған профильдік суретті салу 40*30 см. өлшемде бас және мойынды енгізіп, көлемді жапсыру, адамның мінездемесін, пішінін аудармай орындау. Бір фигуралы композиция. 20-25 см. өлшемінде пластиллиннен денесінің композициялық шешімін табу. Түргеліп тұрған ер кісінің мүсіндік этюді. Дененің өзінің өзіндік ерешелігін табу. Портрет /көлемді жапсыру.

Жұмыстың нәтижесі-қортынды тексеру формасы

Бағдарламалық тапсырмаларға сай студент орындалған жұмыстарының соңғы нұсқаларын және оларға қосымша барлық ізденіс материалдарын соңғы көріністе (просмотр) көрсетеді.




Пәннің аталуы

Сәндік қолданбалы өнер

Қысқартылған атауы

СҚӨ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7-семестр

Оқытушының Т.А.Ж.:



Доцент/ оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция , практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитері: сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша терминдерге түсінік беру және таныстыру, сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша композициялардың түрлері мен типтеріне түсінік беру.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты студенттерді сәндік қолданбалы өнердің теориялық және практикалық дағдыларымен қамтамасыз ету. Қазақ қол өнерінің даму тарихынан және өзіндік ерекшеліктерінен мағлұмат беру. Болашақ мұғалімдер қазақтың сәндік қолданбалы өнер ағаш өңдеу өнерін, метал өңдеу өнерін, кесте тігу, кілем тоқу, ши гобелен тоқу, өнерлерінің өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен, тағылымдық мүмкіндіктерін меңгеру. Сурет салу, құрастыру қабілеттерін арттыру және шеберлікті кәсіптік іскерлікке жеткізу.

Мазмұны

Практикалық сабақтар:

Кіріспе. «Сәндік композиция негіздері» оқу пәні ретінде. Композицияның негізгі заңдары. Композиция заңдылықтарын ұғыну. Функционалдылық қалыптастыру мен құрылысынын негізі ретінде. Функционалдылықты түсіну. Функционалдылық тұрғыда бұйым жасауды қүрастырудағы әдіс-тәсілдерді қабылдау. Көзбен қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері. СҚӨ композициясындағы құралдары, әдістері және ережелері. Композиция құралдарын, әдістерін және ережелерін орындауда тәжірибелік біліктілікті арттыру. Жемістіліктің қозғаушы күшін зерттеу және өзіне-өзі баға беру. СҚӨ композициясының түрлері.



Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы өнері мектептердің іс-әрекеттерінде оқушыларға көркемдік тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдалана білуге дағдыландыру. Қазақ қол өнері бұйымдары саласы бойынша студенттерді көркем шығармашылықпен айналысуға бейімдеу.



Пәннің аталуы

Сурет

Қысқартылған атауы

Сур.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7-семестр

Оқытушының Т.А.Ж.:

Кунжигитова Г.Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Міндетті компонент (МК)

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Дәріс-0, Практикалық-30 сағат, ОСӨЖ -30 сағат,СӨЖ -30 сағат

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитері: Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, ой-елес арқылы, еске түсіру арқылы сурет салу. Аудиториялық және өзіндік жұмыстар окытушының қадағалауымен жүргізіледі.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Суреттің мақсаты - студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті - студенттерге эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту композициялық-шығармашылық шеберлігін арттырады.

Мазмұны

Сурет студенттердің көркемдік таным, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Суреті меңгермей живопистен графикадан, қол өнерден және мүсіннен мықты маман дайындау мүмкін емес. Сондықтан сурет өнері жеке суретшінің шығармашылығында, оның әлемді, қоршаған ортаны білуінде арнайы пән болып қала бермек. Суретті меңгеру студентке екі жолдың көмегімен келеді: теориялық және практикалық білімдердің негізінде, яғни перспективалық композициялық заңдылықтарды меңгеруімен қатар жарық-көлеңке, пластикалық анатомия, материалдық технологиялық жасалуы жолдарын терең білу т.с.с. осы білімдерді практика жүзінде қолдана білгенде ғана, студенттің түсінігі мен кабілеті дамып, ақыл ойын арттыру арқылы сурет салу мүмкіншілігі артады. Киімдегі қыртыстарды құралу заңдылыктары тақырыбын меңгерудегі мақсаты: Қыртыстардың түрлерімен танысу. Киімді адамдардың ерекшелігі. Қыртыстардың түрлері. Матаның фактурасын беру. Түрегеп тұрған киімдегі адам бейнесі. Мақсаты: композициялы - шығармашылық ойларды жетілдіру. Интерьердегі киіммен отырған адамның суреттемесі. Мақсаты: Киімді адам бейнелеуде білімдерін, қабілеттерін тексеру. Интерьердегі адам бейнесі. Жалаңаш дене киімді адамнан нобай.

Жұмыстың нәтижелері-қортынды бақылау формасы

Бағдарламалық тапсырмаларға сай студент орындалған жұмыстарының соңғы нұсқаларын және оларға қосымша барлық ізденіс материалдарын соңғы көріністе (просмотр) көрсетеді.



Пәннің аталуы

Кескіндеме

Қысқартылған атауы

Кеск.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ж.:

Тайшиков С.Б.

Доцент/ оқытушы:

оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Міндетті компонент (МК)

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 - кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитері: әдебиетпен жұмыс істеуге дағдылану, ақпаратты талдау, бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын сауатты білу, көркемдік суреттің бейнелеу материалдарын пайдаланудағы дағдылар.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты Кескіндеме сабақтары студенттерде практикалық сабақтар жүзінде өткізіледі. Студенттер кескіндемелік тәсілдермен натурадан орындайды және олар дағды мен іскерлікті меңгереді. Студенттердің өзіндік сабақтарының мақсаты алынған білім, дағды мен әскерліктің бекітілуі мен жетілдірілуінде. Студенттің үй жұмысы ой-елес, еске түсіру қабілеттері арқылы натурадан нобайлар, эскиздер жасау арқылы орындалады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Киімді адам бейнесін жазу. Орта фондағы киімді адам бейнесі, орналастыру заңдылықтары, пропорциялық қатынас, конструкциялық қатынас, түстік қатынас. Күрделі қозғалыста тұрған киімді адам. Интерьердегі адам бейнесі. Тақырыптық бір фигуралы композиция.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Суреттің бейнелік тәсілдерін білу. Сызықтық перспектива негізі мен заңдылықтары реңдік компоненттер. Кеңістіктегі ритм мен пластика. Стилизация заңдылықтары.



Пәннің аталуы

Материалды көркемдеп өңдеу

Қысқартылған атауы

МКӨ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ж.:

Бибатыров Е.К.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Таңдау бойынша компонент (ТК)

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 60, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

4 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: материалдарды көркемдеп өңдеу өнерінің негізгі ұғымдарын сауатты білу, композицияны дұрыс құрастыра білу, композицияны дұрыс шеше білу, оның техникалық және технологиялық талғамдарын оқып үйрену.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты Студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Реалистік суреттің теориялық және практикалық дағдыларымен қамтамасыз ету. Сурет туралы терең білім мен практикалық іскерлік болашақ мұғалімге оқушыларды бейнелеу өнерінің сауаттылығына үйретуде, шығармаларды түсінуде әсерлі қабылдауда және осы арқылы тәрбиелеуге көмектеседі.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Заманауи материалдардан (мата-тері) бұйымдары (қоржын,аяққап, сүмке) жасау.

1. Ою-өрнек түрлері және өрнек құрастыру.

2. Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен негізі

3. Шығармашылық жұмысын көркемдеп безендіру.

Материал, көлемі: Студенттің қалауы бойынша

Коллаж.


1. Коллажды орындауға сюжеттік мағыналы композиция жасау.

2. Мотивтерді кесу жапсыру, құю, бояу.

3. Шығармашылық жұмысты безендіру.

Материал, көлемі: Студенттің қалауы бойынша



Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Студенттерге шығармашылық мән және оның процесстері туралы мәліметтерді білу, материалдарды көркемдеп өңдеу өнерінің теориялық негізін білу, кескіндемелік тәсілдермен көлемдік формаларды берудегі негізгі заңдылықтарды білу.



Пәннің аталуы

Арнайы сурет

Қысқартылған аталуы

АС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.



Доцент / оқытушы




Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Таңдау бойынша компонент (ТК)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 60, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитер: Академиялық сурет, Сурет, Кескіндеме, Перспектива, Композиция, Бейнелеу өнер тарихы.

Білім беру мақсатты / құзіреттілігі

Пәннің мақсатына негізделіп әр түрлі графикалық материалдармен жұмыс орындау барысында көлем, кеңістік, жарық – көлеңке берілу жолдары мен композиция заңдылықтарын білім қана қоймай оны өз шығармаларында дұрыс қолдануы тиіс.

Мазмұны

Тапсырма 1. Нұсқаға қарап адам қаңқасы құрылысын анатомиялық талдауы (материал, карындаш)

Тапсырма 2. Экорше Гудон гипстік мүсін суреті. /қағаз, калам/

Тапсырма 3. Белге дейінгі жалаңаш адамның анатомиялық құрылымының суреті /қағаз, қалам/

Тапсырма 4. Кіріспе: Әр түрлі жасты және жыныстық адамдардың анатомиялық және пластикалық ерекшеліктері, адам денесінің пропорциясы. Жалаңаштанған денені салудың әдістемелік принциптері. Статистика және динамика.

Тапсырма 5. Композицияға қолы енгізген жалаңаштанған жартылай фигураның суреті /қағаз, калам/.

Тапсырма 6. Қолы қозғалыста берілген ер кісінің жалаңашталған жартылай фигурасының суреті

Тапсырма 7. Қарапайым тұрыста берілген және бір аяққа сүйенген жалаңашталған фигураның суреті. Жасанды жарықтандырылған.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Емтихан


Пәннің аталуы

Кескіндеме технологиясы

Қысқартылған аталуы

КТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.



Доцент / оқытушы




Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Таңдау бойынша компонент (ТК)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 60, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитер: сурет; кескіндем; түстану.

Білім беру мақсатты / құзіреттілігі

Кескіндеме әр-түрлі техника негіздерін үйрену. Фактуралық кескіндемені үйрену. Қаттама жолымен жазу.

Мазмұны

Практикалық,

Тапсырма 1. Адам портреті (Белге дейін портрет). Портреттің композициялық шешімін табу (нобайлар, фор-эскиздер және эскиздер)

Тапсырма 2. Портрет салудың жолдары (Бейнелеу материалы студенттер таңдау бойынша)

Тапсырма 3. Ресми портрет (Белгі дейінгі портрет) Портрет салу барысында композициялық ізденістер.

Тапсырма 4. Ресми және мейрамдық портрет

(Белге дейін портрет) (Бейнелеу материалы студенттер таңдау бойынша)



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Профессионалды даму.


Пәннің аталуы

Шрифт

Қысқартылған атауы

Шр.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ж.:

Көпжасарұлы Е.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Таңдау бойынша компонент (ТК)

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 - кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Пәнді оқытудың мақсатының себебі шрифті өнердің керекті нақты түрлері мен құралдарын және оның психологиялықға әсерін, хабар таратуы өте қысқаша және қызықты үлгіде.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты Студенттердің әлемдік көзқкрксын көркем тілі қалыптастыру творчествалық қиялын көркемдік аңғартушылар көргенде есте сақтау және көзбен өлшеу. Пәнді оқытудың нәтижесінде студент шрифттік жұмыстың түрлерін аажфрата білу керек: печатные, түсті живописті және т.б. шрифті класификациялауды оларды сызып шрифттік композициясының жұмысына пайдалана білу керек.

Мазмұны

«Шрифт» пәнінің мақсаты мен міндеті. «Шрифт» тарихы. Кең сапты қауырсын қылқаламмен жұмыс. Гректік капиталды әріптер. Готикалық жазбаның негізгі түрлері. Каролиндік минускул. Гуманистік жазба. Антиква түрлері. Жарғы жазбалары. Жартылай жазба жарғылары. Орыстың өріліп жазылған қолжазбалары. ХVIIғ. Шапшаң жазу. Орыс азаматтық шрифт. ХХ ғ. басындағы Қазақ шрифтері. Типографиялық шрифтердің жаңа топтамасы. Кесінді шрифтер тобы. Қырлы шрифтер тобы. Кәдімгі шрифтер тобы. Медиевалды шрифтер тобы. Әрең байқалатын керткен таңба шрифтер тобы. Жаңа аз контрасты шрифтер тобы. Ұлттық-тарихи суретпен шрифтерді жетілдіру. Қосымша шрифтер топтары. Еркін шрифтер. Акцидентті шрифтер. Каллиграфиялық шрифтерді орындау.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Қазіргі уақытта шрифті жұмысты түсіну бұлай қаралады өзінде суреттік структуралық бірлік, және ұлттық тематикалық нұсқа тағы бір-бірінен тәуелді және маңызды заңдылық шрифтті қатарлы композиция бұл маңызды түсінік «композиция» маңызды бағыт-бағдар композицияны түсінікті әрі өзгешей тез түсіндіру.


Пәннің аталуы

Плакат

Қысқартылған атауы

Пл.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ж.

Көпжасарұлы Е.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Таңдау бойынша компонент (ТК)

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 - кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: пәнді оқытудың мақсаты заманауи жарнамалық тіршілікке жақын жаттығулар, нобайлар мен жобалар жасау.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты студент шрифттік жұмыстың түрлерін ажырата білу керек, печатные, түсті живописті және т.б. шрифті классификациялауды оларды сызып шрифттік композициясының жұмысына пайдалана білу керек.

Мазмұны

Плакат пәнінің мақсаты мен міндеті. Плакаттың тарихы. Кең сапты қауырсын қылқаламмен жұмыс. Гректік капиталды әріптер. Готикалық жазбаның негізгі түрлері. Каролиндік минускул. Гуманистік жазба. Антиква түрлері. Жарғы жазбалары. Жартылай жазба жарғылары. Жаңа аз контрасты шрифтер тобы. Ұлттық-тарихи суретпен шрифтерді жетілдіру. Қосымша шрифтер топтары. Еркін шрифтер. Акцидентті шрифтер. Каллиграфиялық шрифтерді орындау.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Заманауи жарнамалық тіршілікке жақын жаттығулар, нобайлар мен плакаттар салу.


Пәннің аталуы

Сәндік композиция

Қысқартылған аталуы

СК

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Көпжасарұлы Е.

Доцент / оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіп бойынша пәндер. Таңдау бойынша компонент (ТК)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитер: «Композиция», «Дизайн негіздері», «Дизайн элементтері мен үрдістері», «Түстану».

Білім беру мақсатты / құзіреттілігі

Сәндік композиция пәні студенттің шығармашылық қабілетін синтездеуді, нақты заттық пішіндегі біртұстастық қабілетін дамытуға бағытталған. Курс кеңістік пен пішінді қабылдаудың теориялық білімін тәжірибеде жетілдіруге, меңгеруге және кеңістіктегі ойлау мен конструктивті қабілетті дамытуға бағытталған.

Мазмұны

Практикалық сабақ. Құрылымдық анализ. Нүктелік матрица негізінде берілген пішінді пластикалық нұсқалау, түрлендіру. Пішін құрудың тектоникасы. Архитектоника. Пішіннің тектоникалық қасиеті. Пішіннің информациялық қызметі, сапасы мен өлшемі. Пішін морфологиясы. Архитектуралық пішін құрудың құрылымдық мәселелері. Пішін және материал. Текстура мен фактура.

Пішінді талдау. Модуль туралы түсінік. Типтік элементтердің пішін құрушы қасиеттері. Пішін құрудың комбинаторикасы.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Макеттеу, Архитектуралық обьектілерді жобалау. Қорытынды бақылау түрі – көрме.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет