Жұмысты шектен шығып ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың. Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсан, досыңның сенімін жоғалтасын.
Конфуций
Оптимизм жетістікке әкелетін сенім. Сенім және үмітсіз ештеңі болуы мүмкін емес.
Хелен Адамс Келлер
Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.
Махатма Ганди
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы
Назым Хикмет Ран
Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді.
Пауло Коэльо
Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов
Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.
Ғабит Мүсірепов
Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау - үлкен қылмыс. Этика, эстетика дегендердің тым нәзік сырларын әр халық өз тілінде ғана еркін түсінсе керек.
Ғабит Мүсірепов
Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, Со ақылды айта алар тіл жоқ.
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе.
Сәбит Мұқанов
Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етем
Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ
Расул Ғамзатов
Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Ыбырай Алтынсарин
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .
Жүсіпбек Аймауытов
Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл
Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді
Нельсон Мандела
Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл. «Мен – түрік ұлтынанмын» дейтін адам бәрінен бұрын және міндетті түрде түрік тілінде сөйлеуге тиіс. Түрік тілінде сөйлемейтін адам өзінің түрік қауымына және түрік мәдениетіне жататынын қаншама қайталаса да, бұған сену дұрыс болмайды…
Мұстафа Кәмәл Ататүрік
Қорғанудың ең жақсы тәсілі – шабуыл. Олай болса, тіл саласында пайда болған жат нәрселерге шабуыл жасайық, ағашты бір рет сілкіп байқайық. Қандай шіріктердің түсетінін, қалған бүтіндердің қаншалықты екенін көрейік. Нағыз керектілері және тазалары табылғанша сол түспегендерді біраз іске жаратайық. Уақытша…
Мұстафа Кәмәл Ататүрік
Ақылсыз ердің тілі — өз басының дұшпаны.
Иүгінеки Ахмед
Ақымақ адам өз тілін тыя алмайды
Саиф Сараи
Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз
Ыбырай Алтынсарин
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін — ұлы.