3. Анықтама. Төбелері пирамида табанының төбелері және оның табанына параллель жазықтықпен қимасының төбелері болатын көпжақ қиық пирамида деп аталады (185-сурет).
Қиық пирамиданың ұқсас көпбұрыштар болып табылатын екі табаны бар (185-суреттегі және )
185-сурет 186-сурет
Табан жазықтықтарына перпендикуляр және ұштары сол жазықтықтарға тиісті болатын перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігі деп аталады. Қиық пирамиданың бүйір жақтары – трапециялар.
Егер қиық пирамида дұрыс пирамиданың бөлігі болса, онда ол дұрыс қиық пирамида деп аталады. Дұрыс қиық пирамиданың бүйір жақтары - бірдей тең бүйірлі трапециялар (186-сурет). Осы трапециялардың әрқайсысының биіктігі дұрыс қиық пирамиданың апофемасы деп аталады. (186-сурет ).
Дұрыс қиық пирамиданың бүйір жақтарының бірінің ауданын осы жақтардың санына көбейтіп, мынандай формула аламыз:
Дұрыс қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы табандары периметрлерінің жарты қосындысын апосфемаға көбейткенге тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |