Шыққан бөлшегін алымы мен бөлімінің ең үлкен ортақ бөлгішіне қысқартқан соң ол түріне келуі мүмкін, мұндағы х пен у - өзара жай сандар.
Сонымен, ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу екі бүтін санды бөлуге келтірілді. Егер бүтін сан бүтін санға қалдықсыз бөлінетін болса, онда бөлінді де бүтін сан болғаны.
Бұлай болмағанда қарастырып отырған бөлінді жай бөлшек болады.
Мысалдар.
.
Шыққан жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде кескіндеуге бола ма деген сұрақ туады.
Жай бөлшекті дәл ондық бөлшекке айналдыру әр уақытта орындала бермейінін төменде көреміз. Олай болса, ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлгенде шығатын дәл бөлінді де ондық бөлшек түрінде кескінделе бермейді.
Ондық бөлшекті бүтін санға бөлу бүтін санды бөлу сияқты орындалады, яғни бөлінгіш әрқайсысы бөлгішке бөлінетін қосылғыштарға жіктеледі және мұнымен қатар қалдықтар бірте-бірте ұсақ ондық үлестерге айналдырылады да, амал дәл бөлінді шыққанға дейін немесе керекті дәлдікпен алынған бөлінді шыққанға дейін жүргізіле береді.
М ы с а л.
54,9389 17
51 3,2317
39
34
53
51
28
17
119
119
0
53, 9389 :17 бөлуді орындағанда шығатын дәлдігі 0,1-ге дейінгі бөлінді 3,2 болады.
61,48 : 8 берілген болсын.
Бөлуді бүтін сандардағыдай орындаймыз, атап айтқанда: жоғарғы разрядтың бірліктерін аламыз; 61 бірлікті 56+5 қосылғыштарға жіктейміз, 8 ге бөлгенде бөліндіде 7 бірлік шығады, 5 бірлік қалдық қалады. 5 бірлік ондық үлестерге ұсақталатындықтан және бөліндінің келесі цифры да ондық үлестерді көрсететіндіктен, бөліндінің 7 бірлігін келесі ондық үлестерден үтірмен ажыратамыз. Бөлуді әрі қарай жүргіземіз. 5 бірлік 50 ондық үлеске тең, бұған бөлінгіштің 4 ондық үлесін қосамыз. 54 ондық үлесті қосылғыштарға жіктейміз: 48 ондық үлес + 6 ондық үлес. Бөліндіде 6 ондық үлес шығады. Қалдық 6 ондық үлесті жүздік үлестерге ұсақтаймыз; шыққан 60 жүздік үлеске бөлінгіштің 8 жүздік үлесін қосамыз. 68 жүздік үлесті 8-ге бөлеміз. Бөліндіде 8 жүздік үлес шығады да, қалдықта 4 жүздік үлес қалады. Қалдықты маңдық үлестерге ұсақтаймыз: 40 мыңдық үлес 8-ге қалдықсыз бөлінеді. Сонымен 61,48-ді 8-ге бөлгенде дәл бөлінді 7,685 шықты.
Сонымен,
61,48 : 8 = 7,685
-
Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыру.
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру дегеніміз – берілген жай бөлшекке тең ондық бөлшекті табу деген сөз.
Теорема.
Достарыңызбен бөлісу: |