Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


тақырып Тұқымның өну энергиясын анықтау



бет5/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan
ссылка Айналайын, 09.10 матем, 260538
2 тақырып Тұқымның өну энергиясын анықтау
Жұмыстың барысы
Өну энергиясы – белгілі бір уақыт аралығында қалыпты өсіп шыққан тұқым проценті, екінші сөзбен айтқанда, бұл тұқымның жаппай өнуінің көрсеткіші болып табылады. Өну энергиясы жоғары тұқымдар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді: мұндай тұқымдардың өскіні тезірек өседі, дамиды және аурулармен аз залалданады. Өну энергиясы, мемлекеттік стандарттармен мөлшерленбейді, алайда әлсін-әлсін ғылыми баспаларда бұл көрсеткішті стандарттау мәселесі көтерілуде.
- төсеніш түрін анықтау және оны тұқым себуге дайындау;
- әрқайсысында 100 данадан (ірі тұқымды дақылдарда 50 дана) 4 тұқым үлгісі санап алынады;
- төсенішке тұқым үлгілерін орналастыру және үлгілер мен жүздік тұқымдардың нөмірлері, сонымен бірге өну энергиясы мен өнгіштікті анықтайтын күн көрсетілген этикетканы салу;
- растилняларды термостатқа орналастыру;
- термостаттың температурасына күнделікті бақылау жасау және онда таза ауа алмасуын қамтамасыз ету;
- белгіленген мерзімде қалыпты өнген, шіріген, қатты және бөрткен тұқымдарды санау;
- өну энергиясы мен өнгіштікті есептеу және сандық деректерді жұмыс банкісіне жазу.
3 тақырып Тұқымның өнгіштігін анықтау
Жұмыстың барысы
Лабораториялық өнгіштік – талдауға алынған үлгіден қалыпты өсіп шыққан тұқымның процент мөлшері. Өнгіштік – үлкен өндірістік мәні бар тұқымдық материалдардың барынша маңызды көрсеткіштерінің бірі. Осы көрсеткіш бойынша тұқымның себуге жарамдылығы және себу мөлшері анықталады. Өнгіштігі жоғары тұқымдар өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда жаппай, біркелкі, әрі қуатты егін көгін береді. Стандарт талаптарына өнгіштігі сай келмейтін тұқымдар себуге рұқсат етілмейді. Тұқым көктетілген кезеңде термостаттың температурасына бақылау жасап отырған жөн, сонымен қатар термостаттың есігін үздік-үздік ашып тұқымға таз ауаның келуін қамтамасыз ету қажет.
Өнгіштікті анықтағанда өнген тұқымды есептеу әрбір дақылға белгіленген техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі. Өнген тұқымды екі мерзімде есептейді: алғашқысында өну энергиясын, ал екіншісінде - өнгіштікті анықтайды. Оның үстіне, өнгіштікке салынған күн және өну энергиясын, немесе өнгіштікті есептеген күн бір тәулік деп саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет