Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары



бет4/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan
ссылка Айналайын, 09.10 матем, 260538
Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары


1 тақырып Дәнді дақылдардың морфологиясы
Мақсаты: Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу,
сыртқы түр-түсі арқылы ажырата білу.
Жоспар:
1 Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Морфологиялық ерекшеліктері. Өсіп-даму ерекшеліктері.
2 Егістік дақыл өсімдіктерінің өндірістік және ботаникалық-биологиялық топталуы.
Жалпы түсінік
Дәнді дақылдардың тамыр жүйесі – шашақты. Тамыр жүйесінің құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты өзгереді. Тамыр жүйесінің дамуы ұрықтық (алғашқы) тамыршалардың пайда болуынан басталады (олардың саны бидайда – 3-5, қара бидайда - 4, арпада - 5-8, сұлыда - 3, тары тәрізді астықтарда - 1). Соңынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлары түзіледі, олар топыраққа тез бойлайды (ылғалды және борпылдақ топырақта). Олар егін көгі шыққаннан кейін сұлыда 2-3 тәулікте (1-2 жапырақ кезеңі), бидай мен арпада – 12-14 тәуліктен кейін (3-4 жапырақ кезеңі), қара бидайда – 7-9, жүгеріде – 3-4, тарыда – 5-6 тәулікте (4 жапырақ кезеңі) пайда болады.
Кәдімгі астықтың ұрықтық тамырлары бүкіл өсіп-жетілуі кезеңінде өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Түйін тамырлардан бұрын түзіліп, оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіп-жетілу кезеңінің соңына қарай 150 см және одан да ұзын шамаға жетеді.ү алайда жоғары өнімді түйін тамырлары жақсы дамығанда ғана алуға болады. Қуаңшылықты жылдары, әдетте, түйін (екінші, қосалқы) тамырлар түзілмейді, ал бидай мен арпаның астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады және 5-8 ц/га мөлшермен шектеледі.
Сабағы сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырақтар санына сәйкес келеді. Сабаны қуыс, жүгері мен шай жүгері де ғана паренхимамен толтырылған. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғары бөлігі жіңішке келеді.
Жапырақтары дәнді дақылдардың көпшілігінде 2 түрде – ұрықтық (3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан және жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орнын да тілше (ligula) деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішінде судың өтуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде (басында) ұзынша құлақшалар немесе мүйізшелер (auriculae) түзіледі, олар сабақты орай өседі.
Гүл шоғыры – масақ (бидай, қара бидай, арпа) сіпсебас немесе шашақ (сұлы, шай жүгері, тары, күріш), жүгері де – шашақ және собық (1-сурет).

1 – сурет. Бидайдың масақшасы: I — Масақша; II — Масақша кұрылысының кескіні; III – аналық пен лодикуле;1 — масақша қауыздары; 2 — сыртқы гүл қауызы; 3-ішкі гүл қауызы; 4 — аталықтар; 5 — аналық аузы; 6 — жатын; 7 лодикуле; 8- гүл сабағы.

Масақ – мүшелі біліктен және масақшалардан тұрады. Білік өзара әртүрлі күйде орналасқан мүшеліктерден тұрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті (қара бидайда) болуы мүмкін. Әдетте, мүшеліктер қысыңқы келеді де екі кең жақтары мен екі қабырғасы болады. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жағы деп атайды. Білік бойынша масақтың бет және бүйір жақтарын жеңіл ажыратады.


Әрбір мүшеліктің төбесі жуанданып бітеді де тұғыр (кемер) деп аталады, онда масақшалар орналасады. әдетте бидай мен қара бидайда біліктің әрбір мүшелігінде бір-бір масақша бекиді, ал арпада үш масақша орналасқан. әрбір масақша екі жағынан қапталдасып орналасқан екі масақша қауызынан (қабығынан) тұрады. Масақша қабықшалары әртүрлі деңгейде дамыған, кейбіреулерінде (арпада) масақ сыртында орналасқан екі жіңішке қабықшаға айналады.
Сіпсебас, немесе шашақ түйіндері мен түйінаралықтары бар орталық біліктен тұрады, одан бірінші, екінші, және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтары өсіп шығады. Бұтақтардың ұшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақша қабықшасы мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады.
Масақша қабықшасы біркелкі дамыған, бидайда қайықша құрылысын еске түсіреді, кең және көпжүйкелі, әрі ұзынша келген килі бар, қара бидайда бір жүйкелі бар (3,4,5сурет).



3 – сурет. Масақты астық дақылдарының гүл шоғырлары:
1- қылтықты жұмсақ бидай; 2- қылтықсыз жұмсақ бидай; 3 - қатты бидай; 4 — қара бидай; 5 — көпқатарлы арпа; 6 — қосқатарлы арпа.

4 – сурет. Жүгерi мен шашақты астық дақылдарының гүл шоғырлары:
1 — жүгерінің собығы; 2 — жүгерінің шашағы; 3 — тарының шашағы;
4 —күріштің шашағы; 5 сұлының шашағы.



5 – сурет. Кәдімгі тары түр тармақтарының шашақтары:1- қомақты тары; 2 — тармақты тары; 3 — қысылған (тығыз) тары; 4 —сопақ тары; 5 — тұтас тары

Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқан қалыңдау болады да ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік келеді және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық ауызы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.


Жемісі – дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшаларымен қапталған. Жалаңаш дәнді бидайлар мен қара бидай дәндері қабықшадан жеңіл ажырайды, тары мен күріште гүл қабықшалары дәнді тығыз қабыстырады, ал қабықты арпада олар дәнмен бірігіп кеткен (2 сурет).

2 – сурет. Астық дақылдарының дәндері:1 - қатты бидай; 2-жұмсақ бидай; 3 - қара бидай; 4 — жүгері; 5 - тары; 6 күріш; 7 - арпа; 8- сұлы; 9- шәй жүгері

Дәннің анатомиялық құрылысы. Астық дақылдарының жемісі ұрық пен эндоспермнен және олармен бірігіп өскен тұқымдық және жемістік қабықтан құралған. Ұрық дәннің төменгі бөлігінде орналасқан, оның төменгі жағында ұрықтық тамыршалар, ал жоғарысында ұрықтық жапырақтары бар тамыршалар, ал жоғарысында ұрықтық жапырақтары бар алғашқы сабақ болады. Ұрықтың маңында кішкене қалқан – дәннің жалғыз тұқым жарнағы – орналасқан.


Эндоспермде дән қабығына қабыса біткен сыртқы алейрон қабаты мен ішкі ұнды бөлігі ажыратылады. Алейрон қабаты белокқа бай бір қатарлы клеткалардан тұрады (арпада 3-5 қатарлы келеді). Эндоспермнің ұнды бөлігінде клеткалар крахмал дәндерімен толтырылған, ал олардың аралықтарында белокты заттар орналасқан. Жемістік және тұқымдық қабықтар сыртқы орта мен әртүрлі саңырауқұлақ аурулары қоздырғыштарынан қорғаныш қызметін атқарады (6 сурет).



6 – сурет. Бидай дәнінің бойтілігі:1- ұрық 2 — ұрық тамыршалары; 3 -бүршікше; 4 — щиток (гүл табақшасы); 5-6 -жеміс кабықшалары; 7-8 — тұқым қабықшалары; 9 — эндоспермнің алейрон қабаты; 10 — эндо­сперм; 11 — айдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет