Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия
13
1.3 Жоғарғы геодезияда қолданылатын координаталар мен биіктік
жҥйелері
Осы күнгі жерсеріктік және дағдылы геодезиялық ӛлшеулерді жүргізу
әртүрлі координаталар жүйесін қолдануды талап етеді.
Геодезиялық және астрономиялық ӛлшеулерде қолданылатын негізгі
координаталар жүйесі болып белгілі территориядағы
референц-эллипсоид
арқылы анықталатын геодезиялық жүйе есептеледі. Бұл жүйедегі
координаталық сызықтар болып меридиандар мен параллельдер алынады.
Жер беті нүктелерінің координаталары болып геодезиялық ендік – В,
геодезиялық бойлық-
L
, геодезилық биіктік
Г
H
алынады (2-ші сурет).
Геодезиялық ендік
В
дегеніміз -ол белгілі нүктеден жер эллипсоидының
бетіне түскен нормаль мен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш.
2- сурет. Геодезиялық координат жүйесі
Геодезиялық бойлық
L
дегеніміз - ол белгілі нүктенің
геодезиялық
меридианы мен бастапқы (Гринвич) меридианы жазықтықтары арасындағы
екіжақты бұрыш.
Геодезиялық биіктік
Н
дегеніміз - жер эллипсоидының бетінен нормаль
бойынша есептелген нүктенің биіктігі.
Геодезиялық координаттар тікелей ӛлшенбейді, олар абстрактты
геометриялық
фигура - эллипсоидқа жатады, сондықтан оларды бастапқы
Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия
14
координаталары
0
0
0
,
,
H
L
B
белгілі
пункттен
бастап
координаталар
ӛсімшелерінің қосындылары арқылы есептейді.
Жер бетінен тұрып жұлдыздарды бақылау
барысында астрономиялық
ендік
, бойлық
және азимуттарды
анықтайды.
Геодезиялық
координаттар
B
,
L
және
H
кеңістіктік
эллипсоидтық
координаттары деп аталады, олар
G
(
B,L,H
) жүйесін құрайды.
Координаталарының басы Жер массасының центріне дәл келетін жүйені
геоцентрлік координаттық жүйе деп атайды. Геоцентрлік экваторлық жүйеде
координата осьтері жер бетіндегі немесе аспан сферасындағы ерекше
нүктелерге бағытталады (3-сурет).
3 -сурет. Геоцентрлік экваториалдық координат жүйесі
3-суретте
Z (z)
осі Жердің солтүстік полюсіне бағытталған. Егер мұнда
X
осі Гринвич меридианның
G
мен қиылысқан нүктесіне
бағытталса, онда тік
бұрышты кеңістік координатары
X,Y,Z
жүйесі алынады, ол Жердің тәуліктік
айналуына байланысты болады. Мұндай жүйе, негізінен,
жерсеріктік
ӛлшеулерде қолданылады. Егер Х осін кӛктемгі күн теңесуінің нүктесіне
бағыттасақ, онда Жердің жылдық айналуымен байланысы жоқ х
yz
координаттар жүйесі алынады. Бұл координаттық жүйені
xyz
жұлдыздық
геоцентрлік координаттық жүйе деп атайды.
Эллипсоид бетінде геодезиялық есептерді шешкенде геодезиялық
координаттар формулаларының күрделілігі қолайсыз жағдайлар туғызады.
Белгілі бір территорияда геодезиялық ӛлшеулерді ӛңдеу үшін жазықтықтағы
эллипсиод проекциясын
қолданған тиімді болады, онда координаттар
сызықтық ӛлшемдермен беріледі.