Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет6/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
11 
Геодезиялық ӛлшеулер Жердің күрделі физикалық бетінде жүргізіледі. 
Ӛлшеу 
нәтижелері 
ретінде 
сызықтардың 
ұзындықтары, бағыттар 
аралығындағы 
бұрыштар, 
жер 
бетіндегі 
нүктелер 
биіктіктерінің 
айырмашылықтары алынады. Бірақ бұл тікелей ӛлшенген нәтижелерді 
геодезиялық жұмыстардың ақырғы нәтижелері деп айту қиын. 
Геодезиялық жұмыстардың ақырғы нәтижелеріне мыналар жатады: 
-
геодезиялық торап пункттерінің координаттары; 
-
пункттердің бастапқы деңгей беттен басталатын биіктіктері, 
-
жер бетіндегі пункттер арасындағы геодезиялық сызықтардың 
ұзындықтары мен азимуттары. 
Бұл нәтижелерді тікелей ӛлшеулердің мәліметтерін пайдалана отырып 
есептейді. Осыған байланысты геодезиялық элементтердің физикалық бетте 
жүргізілген тікелей ӛлшеулерінен геодезиялық пункттердің белгілі бір 
координаталық жүйеде математикалық жолмен есептелген, бірақ Жер бетінің 
нақтылы пішіні мен ӛлшемдерін кӛрсететін координаталары мен 
биіктіктеріне кӛшуді егжей-тегжейлі қарастыру керек. 
Шын мәніндегі Жер бетінің тегіс еместігі және уақытқа байланысты 
үздіксіз ӛзгерісі ӛте күрделі. Оны әр уақытқа сай анықтап отыру іс жүзінде 
мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Жердің физикалық бетінде тікелей 
жүргізілетін ӛлшеулер тіктеуіш сызықтың бағытымен байланысты, бұл 
жағдайда Жоғарғы геодезияда деңгейлік бет қолданылады.
Деңгейлік бет 
әрқашанда жазық болып келеді, оның кез келген 
нүктесінен жүргізілген нормаль тіктеуіш сызықпен (яғни ауырлық күшінің 
бағытымен) қабысып жатады. Біздің планетамыздың нақтылы бетін 
әжептәуір дәл бейнелейтін 
геоид
болып есептеледі және де ол Жерді іс 
жүзінде зерттеуге ӛте қолайлы.
Геоид
– дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайына 
сәйкес келетін, құрлықтар астынан ойша жүргізілген және де кез келген 
нүктесінде Жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызығы тік 
бұрыш жасап қиып ӛтетін тұйық бет. Әлбетте, бұл түйық деңгейлік беттің, 
барлық жақтары дӛңес, ешқандай қатпары немесе ой-қыры жоқ екендігін 
дәлелдеуге болады және де ол Жердің ауырлық пен айналу күшіне, сонымен 
қатар ауырлық күшінің кез келген ауытқуларына сезімтал болып келеді. 
Геоид пішінін зерттеу мәселесі екі сатыдан тұрады: геоидқа ең жақын 
келетін 
эллипсоид 
параметрлерін 
және 
геоидтың 
эллипсоидпен 
салыстырғандағы кейбір нүктелерінің орындарын анықтау. Бұл мәселелерді 
шешуде гравиметриялық ӛлшеулер жүргізіледі. 
1945 ж. ғалым М.С.Молоденский Жердің пішіні мен гравитациялық 
ӛрісін геоидтық бетке байланыстырмай-ақ анықтауға болатындығын 
дәлелдеді. Ол үшін М.С.Молоденский есептеулерге дәл формула арқылы 
анықталатын нормальдық биіктіктерді және қосымша квазигеоид бетін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет