Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


 Жер эллипсоидының негізгі тҥсініктемелер мен анықтамалар



Pdf көрінісі
бет5/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

1.2 Жер эллипсоидының негізгі тҥсініктемелер мен анықтамалар 
Жердің пішінін зерттеген кезде, ең алдымен, геодезия мен 
картографияның кӛптеген есептерін шешуге ыңғайлы және Жердің шынайы 


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
10 
пішінін жан-жақты аса толық сипаттайтын Жер моделінің пішіні мен 
ӛлшемдерін анықталады. Жоғарғы геодезияда Жердің ондай моделі ретінде 
жалпы жер эллипсоиды алынады. Ол эллипсоид мынандай шарттарға сай 
болуы керек: 
-
эллипсоидтың центрі Жердің ауырлық центрімен, ал ондағы экватор 
жазықтығы жер экваторының жазықтығымен қабысуы қажет; 
-
квазигеоидтың биіктік ауытқулары квадраттарының қосындысы 
эллипсоид бетіндегі барлық нүктелерде ең кіші мәнде болуы керек; 
-
эллипсоидтың кӛлемі геоид кӛлеміне тең болуы керек. 
Центрі Жер массасының центріне, айналу осі Жердің айналу осіне, 
полярлық қысымы, массасы және бұрыштық жылдамдығы Жердің дәл 
осындай параметрлеріне сәйкес келетін жалпы жер эллипсоидын 
нормальды 
жер 
деп атайды. Нормальды жердің іргелі геодезиялық тұрақтылары деп 
аталатын параметрлерін халықаралық келісім бойынша стандартталады. 
Астрономиялық-геодезиялық 
ӛлшеулерді 
математикалық 
ӛндеу, 
геодезиялық торларды шығару және жеке мемлекеттер территорияларын 
картографиялау үшін сол территорияда ӛлшемдері және бағытталуы жағынан 
геоидқа жақын жер эллипсоиды алынады. Мұндай эллипсоидты референц-
эллипсоид деп атайды. Сӛйтіп, референц-эллипсоид деп жартылай осьтерінің 
ӛлшемдері анықталған, Жер бетінде белгілі түрде бағытталған және белгілі 
мемлекет үшін геодезиялық жұмыстар жүргізуге қабылданған айналу 
эллипсоидын атайды. 
Алғашқы эллипсоид болып градустық ӛлшеулер арқылы параметрлері 
анықталған Деламбр эллипсоиды алынды. Оның ӛзіндік тарихи маңызы бар. 
Ол эллипсоидтың 1 метрі Париж меридианының тӛрттен бір доғасының он 
миллиондық бӛлігіне тең деп қабылданған. 
Әртүрлі 
территориядағы 
референц-эллипсоидтардың 
бір-бірінен 
айырмашылығы бар. Алғашында Германияда (1841ж) Бессель эллипсиоды, 
АҚШ-та, Латын және Орталық Америка елдерінде, Кубада Кларк 
эллипсоиды (1866 ж), Европаның кейбір елдерінде Хейфорд эллипсоиды 
(1910ж), бұрынғы КСРО-да Красовский эллипсоиды қолданылды. Қазір 
жиырмадан астам референц-эллиспоидтар бар, олардың әрқайсысы Жер 
бетінің бір белгілі бӛлігіне ғана оңтайлы. Қазақстан Республикасының 
территориясы үшін 1940 ж. есептелген Красовский эллипсоиды қабылданған. 
Жерсеріктік геодезиялық жүйелер эллипсоидтың параметрлерін дәлірек 
анықтауға және оның центрін Жер массасының центрімен қабыстыруға 
мүмкіндік туғызады. Мұның нәтижесінде жалпы жер эллипсоиды алынады. 
АҚШ-тың WGS-84 (World Geodetic System 1984) жүйесі 1988жылы 
халықаралық болып қабылданды. 1995 жылы ПЗ-90 геодезиялық жүйесі 
ГЛОНАСС жүйесінің геодезиялық негізі деп жарияланды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет