Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 12
енгізді. Квазигеоид беті геоид бетімен теңіздер мен мұхиттарда толығымен
сәйкес келеді, ал құрлықтарда аз ғана ауытқулар байқалады. Квазигеоидтың
геоидтан ең үлкен айрмашылығы 2 м шамасында және ол таулы аймақтарда
байқалады.
Жоғарғы геодезия мәселелерін шешудің дұрыс қойылуы мен әдістемесі
үнемі дамуда және жетілдірілуде. Жоғарғы геодезия ӛзінің даму жолында
геодезиялық астрономия, гравиметрия, Жер фигурасының теориясымен,
ғарыштық геодезия және тағы басқа да ғылым салаларымен тығыз
байланысады. Жоғарғы геодезияда математика және физика сияқты іргелі
ғылымдар да кеңінен қолданылуда. Жерді планета ретінде зерттеу
мәселелерінде Жер туралы ғылымдар геология, геофизика, тектоника,
география және т.б. байланыста болады.
Жоғарғы геодезияның ғылыми-техникалық мәселелерін шешудің де
маңызы ӛте зор. Геодезиялық тірек тораптары барлық топографиялық-
геодезиялық, жобалық-ізденістік, инженерлік, құрылыс және кадастрлық
жұмыстарды жүргізудің бастапқы негіздемесі болып есептеледі. Бірыңғай
координаттық кеңістік құратын геодезиялық тірек тораптарының сақталуына,
дамуына және дәлдігіне жоғарыда айтылған барлық геодезиялық
жұмыстардың сапасы тікелей байланысты. Жоғарғы геодезия ГАЖ
нысандардың кеңістіктегі орындарын жоғарғы дәлдікпен анықтауды
қамтамасыз етеді, мұнда координаттарды анықтаудың Жер серіктік ғаламдық
жүйесі (GPS және ГЛОНАСС) қолданылады. Жер қыртысының
қозғалыстарын геодезиялық бақылау жер сілкінісі сияқты қауіпті
құбылыстардың болуын білдіретін алғашқы деформациялық қозғалыстарды
байқауға мүмкіндік тудырды. Жоғарғы геодезиядағы негізгі зерттеу
нысанына Жердің сыртқы динамикасы жатады.
Жергілікті
және
жерсеріктік
астрономиялық-геодезиялық,
гравиметриялық бақылаулар арқылы полюстердің жылжуын, Жердің
бірқалыпсыз айналуының параметрлерін, Жер қыртысы мен литосфералық
плиталардың деформациялануын, теңіз және мұхиттардың жағалау
сызықтары мен топографиясының ӛзгерістерін Жер пішінінің және оның
гравитациялық ӛрісінің уақыт ӛте келе ӛзгеруі анықталады.
Қазіргі кезде астрономиялық-геодезиялық торап (АГТ) пункттерін
қайтадан қалпына келтіру, жиілету және олардың дәлдігін арттыру
мәселелерін шешуде геодинамикалық процестерді ескеруді қажет етеді.
Мұнда іргелі пункттердің атқаратын ролі ӛте зор және олар жер бетінде
біркелкі орналастыралады. Бұл пункттерде жерсеріктік астрономиялық
бақылаулар; ұзын базисті радиоинтерферометрлік ӛлшеулер, ауырлық күші
мен оның градиенттерін анықтау жүргізіледі.