Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет3/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 

ескерсек, Жердің гравитациялық ӛрісін зерттеу геодезияның басты ғылыми 
мәселесінің бірі болып табылады. 
Жоғары геодезия мен оған қатысты ғылымдардың негізгі ғылыми-
техникалық мәселесіне жоғары дәлдікті ғаламдық (жалпы Жер шары) және 
ұлттық (мемлекет аумағында) геодезиялық тірек тораптарын құру жатады. 
Ұлттық тірек тораптарына мемлекеттік геодезиялық тораптар (негізгі торап, 
жиі жоспарлы деп аталады), мемлекеттік нивелирлік (биіктіктік) және 
мемлекеттік гравиметриялық тораптар кіреді. Бұл тораптар ӛзара тығыз 
байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Сонымен қатар, 
астрономиялық-геодезиялық және гравиметриялық ӛлшеулерді қатар 
орындағанда пункт координаттары мен биіктіктерін мемлекет аумағында 
бірыңғай жүйеде және Жердің пішіні мен гравитациялық ӛрісін сипаттайтын 
параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді. Осы тораптарда ӛлшеулерді 
қайта жүргізген кезде пункт координаттары мен биіктіктерін нақтылап 
отыруға, сонымен қатар геодинамикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік 
туады. 
Уақыт ӛте келе геодезиялық тірек тораптарын тұрғызу дәлдігіне деген 
талап үздіксіз артуда. Олар қазірдің ӛзінде жоғары деңгейде және де жақын 
арада арта түспек. Себебі, қазіргі кезде астрономиялық-геодезиялық, 
гравиметриялық, гравиинерциалдық және басқа да ӛлшеулерді Жердің 
жасанды серіктерінің, ғарыштық ұшу аппараттарының, Галактика шегіндегі 
радиосәулелену негіздерінің бақылауларын қолдана отырып прецизионды 
геодезиялық тірек тораптарын құрудың кәзіргі заманға сай жаңа әдістері мен 
теориясы ӛмірге еңгізіле бастады. 
Жоғары геодезия үздіксіз жаңартылуда және жақсартылуда. Ол Жер 
пішіні теориясы, гравиметрия, геодезиялық астрономия, ғарыштық геодезия 
сияқты ғылыми пәндермен тығыз байланыста (1- сурет).
1- сурет. Жоғарғы геодезияның басқа пәндермен байланысы. 
Жоғарғы 
геодезия
Ғарыштық 
геодезия 
Гравиметрия 
Геодинамика 
Математика
Геодезиялық 
аспаптар 
Геодезиялық 
астрономия 
Физика 
Геодезия 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет